География (грек. ge — Жер және graphо — жазу) — Жердің географиялық қабығындағы табиғи-аумақтық және аумақтық-өндірістік кешендерін және олардың құраушыларын зерттейтін жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар жүйесі. Г-лық зертеулердің басты міндеті — табиғат ресурстары мен жағдайларын жан-жақты зерттеу, оларды тиімді пайдаланудың, өндіргіш күштерді орналастыру мен дамытудың, табиғатты қорғаудың және қалпына келтірудің ғыл. негіздерін жасау.
География өте ежелгі ілім. Сонау тас дәуірінің адамдары өздерін қоршаған орта элементтерінің екінші бір жермен ұқсамайтындығын, ондағы табиғи құбылыстардың әр түрлі екендігін байқап отырған. Көрген-білген жерлерін, көкжиектің өзі басып көрмеген арғы жағын ой өрісімен жалғастыра білген. Өз ортасын зерттеп, танып-біліп, салыстырып, тасқа, ағаштың қабығына, жерге сызып белгі салып отырған. Геогр. алғашқы мағлұматтар Шығыстың жазба деректерінде кездеседі. Теңізде жүзу мен сауданың дамуы құрлық беті мен теңіз жағалауын сипаттап жазуды керек етті. Б.з.б. 6 ғ-да Г-да екі бағыт — жалпы жер тану (негізін Аристотель қалады) және ел тану (Геродот) айқындала бастады. Содан бері География өзінің дамуында бірнеше сатыдан өтті.Эллиндік дә-уірде Эратосфен өзінің “География” атты еңбегінде табиғатты зерттеулердің барлық бағыттарын біріктірмек болды. Б.з.б. 1—2 ғ-дағы күрделі Г-лық еңбектерге Страбонның “Географиясы” (ел тануы), Птолемейдің “География жөніндегі нұсқауы” (геогр. координаттары көрсетілген елді мекендер тізімі) жатады.
16 ғ-дан бастап География аса маңызды ғы-лымға айналып, жеке салаларға бөліне бастады. Осы кезеңдерге Г-ның ерекше ғыл. тілі картография қалыптасты. Ұлы геогр. ашылулардың ғыл. қорытындылары голланд ғалымы Б. Варениустың“Жалпы география” атты еңбегінде (1650 ж.) жинақталды. 17 — 18 ғ-ларда түрлі елдердің табиғат жағдайларын зерттеуге және оларда өтіп жатқан табиғи процестерді түсіндіруге көңіл күшейе түсті (Г. Лейбниц, Ж. Бюффон, М. В. Ломоносов). 19 ғ-да неміс саяхатшысы А. Гумбольдт өзінің “Космос” (1845—1862) атты еңбегінде физ. географияның міндеті — табиғат құбылыстарының жалпы заңдарын және олардың ішкі өзара байланыстарын зерттеу десе, неміс географы К. Риттер өзінің “[[Dіe Erdkunde іm Verhalt-nіs zur Natus und zur Geoschhіchte des Menschen[[” (1822 — 1859) еңбегінде Г-ның басты міндеті — табиғаттың адамға тигізер әсерін зерттеу ғана деп түсіндірді. География өзінің одан әрі даму сатысында (18 ғ.) геологияға, 19 ғ-дың 1-жартысында экон. (алғашында “статистикалық”) және физ. геогр-ларға жіктелді. Г-ның зерттеу объектілері мен тәсілдері күрделене түсіп, 20 ғ-дың басында География ғылымдарының жүйесін қалыптастырды. Г-лық ғылымдар негізінен 2 топқа бөлінеді. Физикалық географиялық ғылымдарға: физикалық география (өз кезегінде жертану, ландшафттану, палеогеография, елтану, т.б. салаларынан тұрады), геоморфология, климатология, құрлық гидрологиясы, мұхиттар гидрологиясы, гляциология, геокриология, топырақ географиясы, биогеография; қоғамдық географиялық ғылымдарға: экономикалық география, әлеуметтік география, өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылық географиясы, транспорт географиясы, халықтар географиясы,мәдениет географиясы, саяси география, т.б. кіреді. Бүкіл География ғылымдары картографиямен тығыз байланысты. География табиғатты зерттеуде физика, химия, геология және биология, т.б. ғылымдармен ұласып отырады. Қоғамдық-аймақтық зерттеулерде экономикаға, социологияға, демографияға арқа сүйейді. Олармен түйіскен бағыттарда жаңа ғыл. салалар — аймақтық экономика, геодемография, т.б. бөлінеді.
Қазақстан аумағында табиғатты құраушы объектілер 20 ғ-дың басына дейін жеке-жеке зерттеліп келді. Тек 1920 жылдардан бастап Қазақстанда физ. география бойынша деректер жүйелі түрде жинала бастады. Осы жылдары (1930) табиғи құбылыстар мен процестерді зерттеу бойынша жеке салалар (климатология, гидрология, гляциология, геоморфология, топырақ географиясы, биогеография, т.б.) қалыптаса бастады. Кейіннен оларға ландшафттану, топонимика қосылды. Қоғамдық геогр. ғылымдар Қазақстанда табиғи қорларды, шикізат ресурстарын, халықтың өсуін, әл-ахуалын, шаруашылық жағдайын, ірі аумақтық-өндірістік кешендерді тиімді орналастыруға, т.б. байланысты дами бастады.
География
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12012-10-22 17:40:53
Страница: 1
Быстрый ответ
Похожие темы
География бойынша шпаргалкалары | Учеба/Сабақ | 2015-11-27 |
География бойынша шпаргалкалары | ЕНТ | 2013-02-08 |
Мобильная шпаргалка по географии для казахских школ | ЕНТ | 2013-01-23 |
2000 вопросов по географии на казахском языке. | ЕНТ | 2015-02-22 |
Сотовая шпаргалка по географий | ЕНТ | 2013-05-24 |