Өзіңнен өнген ұрпағың бастан баталы,
"Жер жарған" әр кез қазақта - адай атағы.
Қасиет қонған - машайық, пір де, әулие,
Қастерлеп үш жүз алпыстан астам атаны.
Аталса атың - жүрекке найза түк біткен,
Ұлыңды елің байрақты батыр деп күткен.
Ескендір, Кирге тойтарыс берген тұқымың,
Мындаған жылдар тұғырдан ерлік жоқ түскен.
Бір ұлың Бекет - демеген елін қолтықтан,
Ер Қармыс деген ерлігі асқан зор шыққан.
Кешірші, Ата, даңғойлау кейбір ұлыңды,
"Құдайдың өзі мен едім" деп те қорқытқан.
"Кім болдың екен?" деген бір ойға қаламын,
Атыңнан тұтап жалын боп кейде жанамын.
Дай деген батыр халықты мақтан етемін,
Жазуын оқып Геродот деген дананың.
Күймісің, Ата, Құрманғазыны шалқытқан?
Отпысың, Ата, жігерін жаудың балқытқан?
Басы ма едің, қасиет қонған әуелде,
Әулиелердің, асатын үш жүз алпыстан!?.
Алматы. 20.06.1994ж.
Адай-ата
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12013-05-02 21:38:49
Страница: 1
Быстрый ответ
Похожие темы
Менің атам | Учеба/Сабақ | 2013-03-03 |
Адам және көлеңке. Бірінші бөлім | Учеба/Сабақ | 2013-05-02 |
Адам деген қызық | Учеба/Сабақ | 2013-05-02 |
Қорқыт ата | Учеба/Сабақ | 2012-11-27 |
Атам туралы шығарма | Учеба/Сабақ | 2014-10-21 |