Физика (көне грекше: φύσις — табиғат) — зат әлемді, және оның қозғалысын зерттейтін ғылым. Бұл жөнінде физика күш, энергия, масса, оқтама т.б. сияқты тұжырымдамалармен шұғылданады.

Жалпы мағынасы бойынша физика — табиғаттың негізгі (іргелі) қарым-қатынастарын, заңдылықтарын зерттейді. Физика ғылымы ең жалпы және негізгі болатын, затты әлемнің күйін, өзгеруін және құрылымын анықтайтын жаратылыстану бөлімі болып келеді.

Физика (грек. physike, physis – табиғат) деген мағына береді Ғылым тарихы XVI-XVII ғасырлардағы ғылыми революциялар арқылы пайда болған жаратылыстану - физика ғылымының дамуымен тығыз байланысты екендігін дәлелдейді. Физика ғана бүгінгі күнде ең дамыған, жүйелі түрде дамып келе жатқан жаратылыс ғылымы болып есептеледі.
Әлемнің физикалық картинасы бір жағынан, табиғат туралы бұрынғы алынған білімді қорытындыласа, екінші жағынан физика ғылымына жаңа философиялық идеялар мен жаңа түсініктерді, жаңа принциптер мен гипотезаларды енгізеді, бұның өзі әлемнің картинасы-ның өзгеріп отыратындығын көрсетеді.
Физика ғылымының дамуы — әлемнің физикалық картинасымен тығыз байланысты. Оның өзгерісімен физика дамуында басқа жаңа түсініктер, принциптер, болжамдар мен ойлау стилінің жүйесі қалыптасқан жаңа кезеңге байланысты. Ал бір кезеңнен келесі кезеңге ауысу — физика ғылымындағы жаңа революцияларға, әлемнің ескі картинасының біртіндеп күйреуіне әкеліп соғады.
Физика дамуының әрбір кезеңдерінің барысында әлемнің физика-лық картинасы эволюциялық жолмен біртіндеп дамып отырады. Әлемнің физикалық картинасындағы негізгі ортақ ғылыми ұғым ол -«материя», буған физика ғылымының көптеген мәселелері келіп тіреледі. Сондықтан, материя туралы түсініктің ауысуы — әлемнің физикалық картинасының ауысуына әкеледі. Физика тарихында бұндай жағдай екі рет қайталанды. Алғашында материя құралы атомистикалық, корпускулярлық теория өрістік-континуальдық теориямен алмасты. Одан соң XX ғасырда континуальдық теория қазіргі кванттық тео-риямен ауысты. Соған байланысты әлемнің физикалық картинасының бірін-бірі алмастырған үш түрін қарастыруға болады.
Кейбір қасиеттер барлық материялдық жүйелер үшін бірдей болады, мысалы, энергияның сақталуы — оларды физикалық заңдылық деп атайды. Кейде физиканы іргелі ғылым деп те атайды, себебі басқа жаратылыстану ғылымдары (биология, геология, химия және т.б.) тек қана заттық жүйелердің, физикалық заңдылықтарға бағынатын, кейбір таптарын ғана сипаттайды. Мысалы, химия молекулалар мен олардан құралған заттегілерді зерттейді. Ал заттегілердің физикалық-химиялық қасиеттері, термодинамика, электромагнетизм және кванттық физика сияқты физика бөлімдері сипаттайтын, атомдар мен молекулалардың физикалық қасиеттерімен анықталады.
Физика математикамен тығыз байланыста — математика физикалық заңдылықтарды дәл өрнектеуге болатын құрал болып табылады. Физикалық теориялар әрқашан дерлік математикалық өрнектермен сипатталады, оның үстіне физика басқа ғылымдарға қарағанда математиканың әлдеқайда күрделі бөлімдерін пайдаланады. Және керісінше, физикалық теория мұқтаждықтары математиканың көп салаларының дамуына әкеп соқты.

шамалар

өлшем бірліктері

анықтамасы

S

м

м

v

м/с

жылдамдық

t

с

уақыт

x

м

координата

a

м/с2

үдеу

ω

рад/с

бұрыштық жылдамдық

T

с

период

ν

Гц

жиілік

м/с2

центрге тартқыш үдеу

R

м

радиус

Физика негізінде тәжірибелік және теоретикалық физика болып екіге бөлінеді. Физиктердің көпшілігі таза теоретик немесе таза тәжірибеші болғанымен, ал екі физика екі бөлек боп көрінгенімен шын мәнінде ол олай емес. Тәжірибелік және теоретикалық физика бірге хабарласа отырып дамиды. Бір мәселемен теоретиктер де, тәжірибешілер де шұғылдануы мүмкін. Алғашқылары қолда бар тәжірибелік хабарларды сипаттай отырып болашақ нәтижелерді теориялармен болжам жасайды, екіншілері бар теорияларды тәжірибелер қояйып тексере отырып жаңа нәтижелер табады.