Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Сыпыра жырау


Сыпыра жырау

Сообщений 1 страница 2 из 2

1

Сыпыра жырау (туған - өлген жылдары белгісіз) – Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі, ноғай, қарақалпақ, башқұрт, барабы, құрдақ, қырым татарларына ортақ тұлға. Оның жырлары бізде өз атымен жетпеген, толғаулары «Құбығұл», «Едіге би», «Тоқтамыс ханның хикаяты» аңыз-әңгімелер мен «Ер Тарғын», «Едіге батыр» эпикалық жырларында сақталған. Қазақ зерттеушілері Сыпыра жырауды ноғайлы дәуірінен жеткен көптеген эпикалық жырлардың бірден-бір авторы санайды. Қазақ аңыздары мен батырлар жырында жырау ел бірлігін көздеген дана ретінде суреттеледі, бірде 120, бірде 180 жасаған, көпті көрген тәжірибелі қарт кейпінде көрінеді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. «Ер Тарғын» жырында Сыпыра жырау туралы «өз өмірінде толғау айтып, тоғыз ханды түзеткен кісі» делінген, ал «Телағыс» жырында ол ноғайлы ішіндегі өзара қырқысты өршітпей, ел арасындағы беделімен тегеуірінді жырымен жауласушы жақтарды бітістіріп отырған тұлға ретінде көрінеді. Ноғай халқында кездесетін «Тоқтамыс ханның хикаяты» атты аңызда Сыпыра жыраудың атынан қара сөзбен аралас айтылатын жырлар өзінің табиғи сипаты жағынан жыраудың «Мен қартыңмын, қартыңмын» атты толғауына ұқсас келеді. «Қырымның қырық батырын» жырлаған әйгілі Мұрын жырау өзін Сыпыра жыраудың ұрпағы санаған. Сыпыра жырау шығармашылығы көптеген түркі халықтары әдебиетінде көркем үлгі ретінде орын алды. Мысалы, ол ноғайлықтарға ? Сыбыра йырау, башқұрттарға ? Сыбрй йырысы, татар барабиндіктерге ? Сафардау, қырымдарға ? Сыпара жырау ретінде белгілі. Ал қарақалпақтар Сыпыраны өздерінің ең үлкен эпосшы жыраулар мектебінің негізін салушы санайды. Дереккөзі: Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том «Тарихи тұлғалар» кітабы XІІІ-XІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың әйгілі жыршыларының бірі - Сыпыра жырау Сұрғантайұлы өмір сүрді. Ауыз әдебиеті дәстүрі біздің заманымызға Сыпыра жыраудың қиын кезеңде өзінен ақыл-кеңес сұраған Алтын Орданың сол кездегі билеушілеріне арнаған бірнеше толғау-монологын жеткізді. Бұл толғау-монологтарда жырау билеушінің өзін, оның ата-бабалары мен төңірегіндегілерді сипаттап, қалыптасқан жағдайға баға берген, болашақты болжап, содан кейін ақыл-кеңесін айтқан. Оның қиын жағдайда өзінен көмек сұрап, хандармен жауласқан батырларды бітістіру мақсатында жырлаған толғаулары белгілі. Бұл толғаулар Сыпыра жыраудың негізінен мәңгілік жыршы және бітістіруші болғандығын дәлелдейді. Сыпыраның Едіге туралы эпоста бейнеленген Тоқтамыс ханға арнаған өлеңі оның толғауының классикалық үлгісі болып табылады. Арнау жырда Сыпыра жырау алдымен өзін таныстырған соң өзінің Тоқтамыстың сегіз атасын, соның ішінде Шыңғыс ханды да көріп-білгенін айтады, олардың әрқайсысына тиісінше мінездеме береді. Содан кейін Едігенің Тоқтамыстан қашуы кездейсоқ емес екендігін, оның Темірмен одақ құрып, қайта келіп соғыс ашуы мүмкін екендігін жырлайды. Сонымен бірге жырау Тоқтамыстың күйзеліске ұшыраған ұлысы мен тұтқынға түскен қыздары мен әйелдерінің тағдырын әдемі суреттейді. Бұған жол бермеу үшін Сыпыра жырау Тоқтамысқа Едігеге елші жіберіп, онымен татуласуға, ал сонан соң оны алдап өлтіруге кеңес береді. Сыпыра жыраудың толғауы нақты ақындық сипаттамалар мен бейнелі сөздерге толы. Жырау Едіге жүріп өтуге тиісті жерлерді айшықты суреттеп, тарихи тұлғаларға бейнелі анықтамалар береді. Тоқтамыстың алдында айтылған бұл толғау Сыпыра жырау өміріндегі соңғы толғау болды және шамамен 1390 жылы айтылған. Шоқан Уәлиханов Ноғайлы дәуірін “қазақтың алтын ғасыры” деп бағалаған. Ескілікті ақын-жыраулардың ноғайлыға соқпай өткені жоқ. Оны барынша ұлықтап, көтере дәріптеп жырлаған. Алайда, қазақ ұлысының бір бөлігі Ноғайлы Ордасы туралы түсінігіміз шектеулі боп келді. Осы ақтаңдақты игеру ниетімен “Ноғайлы” атты көлемді еңбек жазып бітірдім. Бұрында да шамалаушы едім, тақырыпты нақты зерттеу үстінде Мұрын жырау аузынан жазылып алынған “Қырымның қырық батыры” ноғайлының саяси-әлеуметтік тарихының эпостық нұсқасы екеніне әбден көзім жетті. Міне, мұрағаттық-құжаттық, бұрын-соңды аталмыш тақырыпқа жасалған барлаулар мен зерттеулерді далалық тарихнама, шежіре, эпос-жыр деректерімен байытқанда өте бір қызғылықты да мағыналы еңбек боп шықты. Сүйікті бас газетіміз “Егемен Қазақстанға” осы еңбегімнің “Ноғайлының рухани өмірі” тарауын ризашылықпен ұсынып отырмын. Ноғайлы Алтын Орда ыдыраған кезде оның өзекті жұрты, ұйытқы тобы, орта¬лық астанасы төңірегінде ірге көтерген жаңа мемлекеттік құрылым ретіне оның саяси мұрагері болмағанмен, рухани мұрагері болғанының басы ашық. Алтын Орда империясында тәңірлік, шамандық, будда, мани, христиан, мұ¬сылман діндері бірге қатар тұтылып, ми¬дай араласты. Қазіргі көкжиек кеңейген өркениетті заманда осынау діни үрдіс¬тердің айдай әлемде басын біріктіре алмай жүргенде, оның бір ғана мемлекет көле¬мінде қайшылыққа келмей, төзімділікпен ауызбіршілікте қоян-қолтық өмір сүру феноменін терең зерттеген ешкім жоқ. Алтын Орда бір адамның ғана аузына қараған деспоттық мемлекет болғанымен, онда ұлтына, дініне қарай бөлу болмады, жекебастық қабілет, тұлғалық қасиет басты өлшемдердің бірі болды. Алтын Орданың мұсылмандыққа бет бұруы елеулі уақиға еді. Бұл қадамды алғаш жүзеге асырған Берке (1257-1266). Ол 1263 жылы исламды қабылдап, туыс¬қаны ирандық Хулагуге қарсы Мысыр сұл¬таны Бейбарыспен бітім жасады. Алтын Орда исламды мемлекеттің ресми діні деп жариялағанмен, ол бірден бел алып, біржола орныға қоймаған сияқты. Өзбек хан кезінде (1312-1340) мұсылман діні әлі де әрі-сәрі халде еді. Осы жағдайды Өтеміс қажы жазбалары айқын суреттейді. “Аңыз былай дейді: дінсіз құшынаш¬тар мен абыздар төменгідей ғажайыптар көрсеткен. Мәжіліске бір сұбжақы (жбан) бал әкеліп, оған түтік жалғайды. Сұбжа¬қыдағы бал тостағанға өзі құйылып, кісі¬лер¬дің алдына өзі жылжып барады екен. Хан осы құшынаштарды өзінің шайхы¬лары санап, жанына отырғызып, үлкен құрмет көрсетер еді. Бірде Ордаға төрт мұсылман келді. Олар құдайға құлшылық етіп жатқанда¬рын¬да Өзбек хан мәжіліс шақырды. Сүйік¬¬ті шайхылары да бірге ілесе келді. Әдет¬терінше қалайы ыдыстағы балдарын да ала келіп, түтікке жалғап, тостағандар¬ды да қойды. Арада біршама уақыт өтті, балдан балшарап бөлініп шықпады. “Неге бал ақ¬пай жатыр?” деп сұрады Өзбек хан. “Орда¬ға мұсылмандар келген шығар. Мынау солардың әлегі”, дейді шайқылар. “Іздең¬дер, алып келіңдер”, деп әмір етті хан. Таса, қалқаларды тіміскіленіп жүріп, хан күрені сыртында бастарын жерге сал¬быра¬тып дұға қып отырған төрт бейта¬нысқа кезігеді. “Кімсіңдер?” – деп сұра¬ды мула¬зимдер. “Бізді ханға апа¬рыңыз” – болды әлгілердің талабы. Міне, келді. “Кім¬сіңдер, неғып жүрген жан¬сыңдар?” – деп сұрады хан. “Мұсыл¬манбыз. Алла¬ның әмірімен сізді мұсыл¬манға енгізуге келдік” – болды әлгілердің жауабы. “Бұ¬лар қаскөйлер, сөй¬лет¬пеңіз, тезірек өлтірі¬ңіз”, – деп шулап қоя берді шайхылар. Өзбек сонда тұрып былай деді: “Не үшін өл¬тірем? Мен падишахпын. Сендердің еш¬қай¬сыңда алашақ-берешегім жоқ. Қай¬сыңның дінің хақ болса, сонымен бірге бола¬мын. Егер бұлардың діні хақ болмаса, бүгін бал неге ақпай қалды? Тез бәсеке ұйымдас¬тырыңдар, қайсыңның дінің хақ болса, соған бағынармын”, – деді Өзбек хан (Чингиз-наме. Алматы, 1992. 105-106-б б.). Әжептәуір ұзақ әңгімені қысқартып баяндағанда тоқетері былай: екі тандыр қазып, өртеп жақты. Біріне мұсылман түсті, екіншісіне шайхылардың бірі түсті. Шайхы елдің көз алдында лап етіп жанып кетті де, мұсылманның міні қурай аман шықты. Нәтижесінде, мұсылман дінінің артықшылығына көзі жеткен Өзбек хан ислам дінін қабылдады. Тандырға түскен мұсылманның есімі БабаТуклас еді (Сонда, 106- б.). Тілге тиек еткен әңгіме Берке қабыл¬даған мұсылман діні Алтын Ордада өркен жая алмай, 60 жылдан кейін Өзбек хан¬ның мұсылмандықты қайта қабылдаға¬нына көз жеткізеді. Тарихи деректер Өзбектің де, оның ізбасары Жәнібектің де мұсылмандықты қатты тұтынғанын айғақтайды. Алтын Ордада мешіттердің көп салынып, мұсылмандықтың іргесі нығайғаны осы шама болса керек. Екінші бір маңызды мәселе қазақ жырлары мен әңгіме, аңыздарында жиі кездесетін, орыс ғылыми әдебиетінде бір бөлек, қазақ тарихи жадында бір басқа әліп¬телетін Баба Туклас – Баба түкті Шаш¬ты Әзиз дерегіне бетпе-бет жолы¬ғуымыз. Бұл тарихи тұлға төңірегінде арнайы әңгіме болатындықтан, қазір тоқталып жатпаймыз. Сонымен, Алтын Орданың рухани мұрагері Ноғайлы жеке, дербес өз шаңыр¬ағын тіккенге дейін бұл ұлыста мұсылман жол-жоралғысы орныққан-ды. Алайда, Дешті Қыпшақтың өзге де мұсылмандары сияқты Құран қағидаларына сай таза мұсыл¬мандықты емес, тәңірлік, шаман¬дық¬пен мидай араласып, біте қайнасқан мұсылмандықты тұтынды. Қыпшақ нәсілді жұрт – өмірге фетешизмді (тасқа, аңға, ағашқа табыну), сосын табуды, ең соңы ата-баба аруағын бәрінен жоғары қою нанымын әкелген халық. Қыпшақ¬тың ол діни нанымын тәңірлік, шамдық үрдістер де, ең соңы мұсылмандық та түп орнымен жойып, халық санасынан алас¬тай алмады. Мұхаммед (с.ғ.с.): “Маған табынған халық сорлы” деп айтып, жан иесі адамға емес, жалғыз Аллаға табынуды өз үмметіне қатаң уағыз еткенмен, Дешті Қыпшақта ол талап орындалмады. Ноғайлы негізінен қыпшақ жұрты еді, сондықтан олардың рухани жағынан моңғолға дейінгі қыпшақтармен етене жалғасып жатқанының да басы ашық. Ал қыпшақтардан қалған жазба мұра “Коди¬кус куманикусты” беттен қалқып ұққа¬нымызбен, терең түсініп, байыбына барғанымыз шамалы. Осы мұраны ұзақ жылдар аударып-төңкерген орыс ғалым¬да¬ры да, өзіміздің оқымыстылар да “Кодикус куманикустың” Ватиканда сақтаулы басылымының соңында екі музыкалық шығарманың нотасы барын білмеген. Бұл шындықты қазақтарға жет¬кізген Иштван Қоңыр. Ұлт мерейі десе ұшарға қанаты жоқ, ізденімпаз ғалымы¬мыз А.Сейдімбеков сол нотаны алдырып, Еуропаның өзі ұмытып қалған байырғы нота әліппесін үлкен машақаттармен біреуге оқытып, тыңдап көрсе, “Кодикус куманикус” нотасынан “Ақсақ Құлан-Жошы хан”, “Елім-ай” сарындарын есітіп, таңғалғанын әңгімелейді. Қысқа да шағын мәліметте үлкен мән бар: Ноғайлы-қыпшақ мәдениетінің әрі мұрагері, әрі ілгері дамытушысы. “Ақсақ Құлан” сарынының “Елайрылған”, “Көро¬ғ¬лыда”, “Елім-ай” сарынының Ноғайлы дәуіріне иек артатын “Япыр-ай”, “Қара¬ғым-ай” әндерінде қайталануы тегін емес. Күйдегі толғау сарыны, әндегі жоқтау үрдісіндегі мұңды сағыныштар – Ноғайлы арқылы дамыған қыпшақ ән-күй өнерінің басты лейтмотиві. Ол Қорқыт күйлерінің де алтын тін, үзілмес арқауы. XІІІ ғасырда моңғол ләшкерінен жеңіліс¬ке ұшырап, Мажарстанға қашып барып, Бела патша төңірегіндегілердің ұйымдас¬тырған бүлігінде суға ағып өлген Қотан ханның тағдырынан хабар беретін “Суға кетті Ер Қотан”, бәл¬кім, одан да бұрынғы заманның аужайын аңғартатын “Сай¬мақтың Сарыөзенін” Жанақ ақынның қо¬бызда шерлейтінін Ш. Уәлиханов жазып қалдырған. Сондай-ақ “Шоқан “Ер Шегедейді” Қанқожа, Досжан, Жанақ, Өтеболаттан жазып алған” (Ә. Марғұлан. Ежелгі жыр, аңыздар. Алматы, 1985. 219-б.). Қыпшақтың музыкалық өнерінің қайнар бастауында осы атаулы күйлер болғаны күмәнсіз. Ноғайлы дәуірінде шырқау шыңға жеткен жыршылық мектеп түркі-қыпшақ нәсілінің бұған дейін де мыңдаған жыл¬дық тарихы бар төл өнері болса керек. Қазақ ертегілеріне көз салсақ, қанатты, жеті басты айдаһарлар, жалғыз көзді дәу, жылан адамдар кезеңін сөз ететін, динозавр дәуіріне меңзейтін туындылар көп. Мысалға Ертөстікті алалық, “Жылан Бапы патшалығы” дегеніміз – б.д.д. VІІІ-VІІ ғасырлардағы Қара теңіз скифтерінің сенім-наным, тарихи аңыздарының жыр жолдарына көшірілген жаңғырығы емес пе? Ал “Керқұла атты Кендебайдағы” жеті басты аждаһа қай, ұранқай, кердері тайпалары, болмаса аждаһаны кие тұтқан қытайлармен шайқастың сәулеленуі емес пе? Ежелгі эпостарымыздың бірі – “Оғыз-наме”. Жыл санауымызға дейінгі XІІ-ІX ғасыр аралығында Қанғайдан Арапат тауы аралығында бұқаны тотем тұтқан қауым жасады. Тотем қағидасы бойынша кие есімі құпия сақталып, қо¬сал¬қы атпен аталады. Өгіз, Оғыз атауы осы¬лай пайда болса керек. Ал бізге жеткен “Оғыз-наме” X ғасырлар шамасында хатқа түскен. М.Қашқари сөздігінде үзінділері ұшы¬расатын Афрасиаб – “Алып Ер Тоңа” жыры да б.д.д. VІІ ғасырға жататын эпос¬тың бізге жеткен жұқаналары. Демек, эпос Еуразия көшпелілерінің төл өнері болған. Ал ІX ғасырда бұл жанрды шыр¬қау биікке көтерген Қорқыт жырау. Оның сөздері бізде сақталмағанмен, түріктерде сақталған. Осы шамада “Қобыланды батырға” енген “Қараман батыр”, “Ақ Көбек” жырлары, “Манастың” алғашқы нұсқалары, “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай” жырлана бастаса керек. Осы желі Дешті Қыпшақта үзілмеді. Моңғол дәуірі – XІІІ-XІV ғасырларда да бұл дәстүр жал¬ғасын тапты. Осы кезеңде Шез-Баян Балашықұлы, Кете-Бұға Найманлы, Қотан Арғынлы, Сыпыра Шөпбаслы, Парыздық Шабан¬ұлы, Құба Қыпшақ, Қара-Байыс Қаңлы, Ұзын-Айдар Қоңырат, Сұлу-Мәмбет Шы¬рын, Маңқы Маңғыт сияқты жырау¬лардың есімдері кезігеді. Аттары сақтал¬ғанмен, көбісінің мұрасы белгісіз. Бұл орайда Сыпыра жыраудың орны бөлек. Ол шындығында Ноғайлы жырауы емес, Алтын Орда жырауы. Ноғайлы 1391 жылғы Ақсақ Темірдің бірінші жорығы¬нан кейін Едіге ұлысы ретінде пайда болса, сол жылы Сыпыра Тоқтамыс ал¬дын¬да жырлап отырып, өліп кетеді. Ноғайдың “Едіге” жыры осындай дерек ұсынады. Демек, ол Ноғайлы ұлысы тарих есігін ашардан бұрын дүниеден озған. Ендеше, оны ноғайлыға неге телиді? Жоғарыда Ноғайлының Алтын Орданың рухани мұрагері екенін айтқан¬быз. Сыпы¬ра жырау өмірі соның бір дәлелі. Әр кезде, әр елде Ноғайлы жырларын, әсіре¬се “Едіге” дастанын шығарған Сыпыра деген әңгіменің айтылуы тегін емес сияқты. Сыпыра көрген-білген, араласып-қатысқан оқиғасы екенін айғақтағысы келгендей өзі шығарған дастандарға өзін қосалқы кейіпкер ретінде қатыстырып, берген ақыл-кеңестерін жасырмай айтып, жырға енгізіп отырған. Мұны Сыпыра¬ның шығармашы¬лық қолтаңбасы десе де болады. Жалғыз “Едіге” емес, “Айса”, “Ай¬са ұлы Ахмет”, “Алау батыр” “Әмет ба¬тыр” жырларында да осы аужай анық аңғарылады. Өзбек хан, Жәнібек хан заманының мемлекеттік тұлғалары – аталмыш батырларды Сыпыра етене жақсы танып, біліп жырына арқау еткен. Сондай-ақ “Құттықия”, “Құбығұл” жырларына жыраудың кейіпкер ретінде қатысуы – Сыпыраның өзіндік тұты¬нымы мен қолтаңба ерекшелігін айғақтап тұр. Тақырыпты алғашқы зерттеушілердің бірі Ханғали Сүйіншәлиев “Ер Сайын”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай” жырларын эпос қып жырлаған Сыпыра деп біледі (Х. Сүйіншәлиев. Қазақ әдебиетінің тарихы. Алматы, 2006. 222-б.). Тоқтамыс, Едіге қандай тарихи тұлға болса, Сыпыра да – сондай тарихи тұлға. Оны болды-болмады деп бұлдыратуға негіз жоқ. Иә, он¬ы ұзақ жасатып, бірде 120, екіншіде 180 жасқа жеткізіп, жырау бей¬несін шындықтан гөрі елеске айналдырып жіберушілер бар. Түз жұрты қалаулы¬ларын өлдіге қимай, сырлас сұқбаттасына айналдырып, ұзақ жасатуға тырысқан. Оған қоса Дешті Қыпшақ жылды күнтізбе қа¬ғидасына орай есептегенмен, адам жа¬сын 9 ай, 9 күннен қайырған. Яки, биоло¬г¬иялық жасты есептеген. Ендеше, Сы¬пы¬раның 120-ға келуі мүлде таңғалдыр¬майды. Едіге Тоқтамыстан 1387 жылы қашып еді. Міне, осы жай Мұрын жырлауындағы “Едіге” жырына өзек болады. Жырдың әлқиссасында “Тоқтамыстың Сыпыра жырау деген жыршысы” бары айтылады. Кейінгі қосынды, жамау, ауытқушылық¬тарды ескермегенде, ол Едігеге оппози¬ция¬лық бағытта болады. Оның елді бүлді¬ре¬тінін айтып, басын алуға кеңес береді (Дала даналығы. Алматы, 2001. 163-165-б б.). Сыпыраның сойы (фамилиясы) зерт¬теулерде Сұрғалтайұлы деп қате жазылған. Қарақалпақтар Сопбаслы, ноғайлар Шөп¬бас¬лы деп әліптейді. Ал Шоқан оны бірде Сыпыра десе, бірде “Сұп жырау” деп атай¬ды. Ал жыраудың сырт сұлбасын сурет¬теуде “сұм аяқ, сұпа бөрікті” тіркесі жиі қолданылады. Бұл жерде “сұпа бөрік¬тіні” – “сұпы бөрікті” деп оқыған жөн. XІV ғасырдың аяғы Орта Азияда сұпылық қозғалыстың жанданған кезі еді. Хорезмде қоңыраттардың сұпы¬лық ордені құрылып, Хорезмді дербес мемлекет деп жария¬ла¬ған-ды. Оларды пар¬сы тілді әдебиеттер “чуфи” деп жаз¬ған. Яки, сұпы сөзі қалып¬тасу кезеңін бастан кешірген. Демек, Соп¬баслы, Шөп¬баслы сөздерін Сопы¬баслы деп оқу¬ға негіз бар. Ендеше, Сы¬пыра орта ға¬сыр¬да Маң¬ғыстауда сопылық мектептің негізін қалаған адам боп табылады. Осы рет¬тен келгенде 1334 жылы ибн Баттута Са¬ра鬬¬шық¬та болғанда: “Осы қалада түрік нәсілінен шыққан егдерген, сыйлы адамның ғибадатханасы бар. Оны Ата деп атайды. Ол бізге дастархан жайып, батасын берді” деуінде мән бар. (История Казахстана в араб¬ских источниках. Ал¬маты, 2005. Том І. 232-б.). Әлкей Мар¬ғұлан Баттута кездестірген діндар Атаны – Сыпыра деп біледі (Ә. Марғұлан. Ежел¬гі жыр, аңыздар. Алматы, 1985. 147-б.). Сыпыра жұрты Жемді жайлап, Са¬рай¬шықты қыстап отырған әсер қалды¬рады. Әлкей Марғұлан: “Тоқтамыс пен Едіге айты¬сып жүргенде жүзге келген Сыпыра жырауды Тоқтамыс күймелі арба жіберіп, Маңғыс¬таудан Сарайға алдырып, оның кеңесін тыңдайды”, деп қорытады (Сонда, 147-б.). Сыпыра жырау шығармашылығына ал¬ғаш назар аударған ғалым Ш.Уәлиха¬нов. Оның аманқарағайлық қыпшақ Жұма¬ғазыдан жазып алған шумақтарын Мелиоранский “Тоқтамыс жыры” жина¬ғы¬на енгізді. Ал Қ. Сәтбаев 1927 жылы бая¬¬науылдық қаржас елінің ақыны Қо¬па¬байдан екінші рет жазып алып, Орын¬бордан бастырып шығарады. Аталмыш толғаудың мәтіні төменгі¬дей: Мен қартыңмын, қартыңмын, Не көрмеген қартыңмын. Бастыққа бастық, Бастық хан Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Кедей хан, Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Ала хан, Оны көрген кәріңмін. Одан соңғы Қара хан, Оны көрген кәріңмін. Құлағы шұнақ Хазар хан Оны көрген кәріңмін. Он екі тұтам оқ атқан, Одан соңғы ер Шыңғыс Оны көрген кәріңмін. Мұнарасы қырық құлаш Өзден сұлтан Жәнібек Оны көрген кәріңмін. Ұлы бабам Домбауыл Соны көрген кәріңмін. Жүз сексенге келгенде, Сонша хандар өткенде Жас та болсаң, Тоқым хан, Сені көрген кәріңмін. (Сонда, 218-б.). Бұл жолдар 180 жас жасаған кәрілігін куәға тарта отырып, көшпелі елдің өткен-кеткеніне барлау жасауымен құнды. С.Сейфуллин де “Қазақтың ескі әдебиеті” кітабында Сыпыра өлеңдеріне орын берген (Алматы, 1933 ж. 139-б.). Ей, жігіттер, шоралар, Он сан ноғай бүлгенде, Саназар батыр жауынан Жаралы болып келгенде, Алаш, алаш болғанда, Алаша хан болғанда, Аязды қыста айырылдық Арасат оты жанғанда, Хан қашып, би қуғанда, Хан Тоқтамыс қорланып, Байтағым деп зарланып, Айтып жылай жөнелді. Сап-сап жүре, сап жүре, Сай азамат қосылып, Жауды жайпай ала алмас, Қара қыпшақ Қобыландым, Сен секілді ерден соң. Есім Байболов Сыпыраның Кавказ жұрты арасында сақталған біраз өлеңін жиып-теріп жария етті. Сыпыра Қобы¬лан¬дыны біліп қана қоймай, өлгенін де көрген. Ел бүлініп, ат тұяғынан шаң бораған жаугершілікте Қобыландының жоғынан “жауды жайпай алмайтынына” өкініш білдіреді. Ал бұл толғау 1391 жылы Дешті Қыпшақ арқылы Ақсақ Темір жорыққа шыққанда, Тоқтамыс Сарайды тастап, Дон даласына қашпақ болған, сонда ел жақсылары Сыпыраны алып келіп, тоқтау айтқызып, Тоқтамысты сабасына түсіріп, Ақсақ Темірге қарсы шығуға көндірген. Өлең жолдарында Саназар батырдың жаудан жаралы боп келгені ауызға алынады. Кетіктен 35 шақырым жерде Саназар әулиенің моласы жатыр. Ыбырай ахун Құлбайұлы да білімімен Сырымды тоқтатқан атақты бай Саназарды еске алады (142-б.). Өлкетанушылар бұл есім иелерін XVІІІ ғ. тумалары деп біледі. Ал Сы¬пыраның Саназары болса XІV ғасыр¬дың ел қорғаны болған атақты батыр. Ол басқа емес, төртқара Айтұлы Саназар батыр болса керек. 2004 жылы “Жа¬зушы” баспасынан Есенбай Дүйсен¬байұлының құрастыруымен жарық көрген “Жеті ғасыр жырлайды” жасағанда “Тағай бидің аты аталады (9-б.).Орыс хан Маңғыстау өлкесінің қожасы Тойқожаны өлтіріп, Тоқ¬тамысты қуған соң, бұл иелікті Көге¬дай (Наравчатов билеушісі) тоқа-темір Та¬ғайға сыйлаған еді. Орыс жылнамасынан кейін Тағай есімі Сыпыра шығармасында ұшырасады. Өзгелерге беймәлім Маңғыс¬тау билеушісі Тағайды ауызға алуынан Сыпыраның өзі де Маңғыстау түлегі екенін аңдау қиын емес. Енді “Қырық батыр” немесе “Ноғай¬лы жырларының” сақталып, бүгінге жету сырларына тоқталық. Ғажабы сол – “Қырық батыр” топтамасына енген Ноғайлы жырларын сақтаған негізінен адай жыршылары. Мұрын “Алатайлы Аңшыбай ұрпақтары”, “Қарадөң ұрпақ¬тары” және “Құлыншақ”, “Ақжонасұлы Ер Кеңес”, “Жаңбыршы”, “Телағыс”, “Оғыз батырлар¬ды” Нұрым Шыршық¬ұлынан, “Қыдырбай ұрпағы Қобыланды”, “Шынтасұлы Төрехан”, “Әмет батыр”, “Алау батыр”, “Ер Көкше”, “Ер Қосай”, “Асан Қайғы”, “Абат батыр”, “Тоған батыр”, “Манашы батыр”, “Тұяқбай батыр”, “Айсаұлы Ахмет”, “Қарғабойлы Қазтуған”, “Көрұғлыны” Қашағаннан үйрендім деген. Бұлар Сыпыра жырау мектебін жалғастырушылар еді. Ал Қобдадағы Қобыланды қонысы Байтақ қаласына бір табан жақын Кете жырау¬лар мектебі Үкі жыраудан басталып, Жаскілең, Бітегенмен жалғасып, Нұрпейіс Байғанинге жетеді. “Қобыланды батыр” жырының Нұрпейіс жырлаған ғажап нұс¬қасын тудырушылар осылар. Орал айма¬ғын¬дағы Жиенбай жырау мектебінің өкіл¬дері Сүгір, Қубала, Марабай, Көше¬лектер де “Ер Тарғын”, “Қыз Жібек”, Ноғайлы жырауларының мұраларын жеткізді. Мұ¬ның сыртында Есет Қараұлы, Махамбет, Шынияз, Мұрат, Ығылман жыраулардың ноғайлы жырларының таралуына қосқан үлестері ұшан-теңіз. 1625 жылы қыс қатты болып, Ноғайлы мырзалары Астрахан төңірегіндегі қалың қамысты алқапқа қыстап шығуға Астра¬хан воеводасынан рұқсат сұрады. Сонда Мамай Тінмәметұлы мен Орақ мырза (бұлар Орақ, Мамай батырлар емес, аттас кейінгі ұрпақ), Ақмәмбет мырзалар Байұлынан Үзей, Тіней, Тоқ¬мәм¬бет, Өтей батырларды уақытша ке¬пілдікке бермек болды (История Казахс¬тана в русских источниках XV-XX веков. Ал¬ма¬ты, 2005. Том І, док. №194, 292-293-б б.). Жоғарыда аты аталған батырлар адайдың Құдайке тақтасының ұрпақтары. Демек, олар XVІІ ғасырдың алғашқы ширегінде Астрахан төңірегінде қоныста¬нып отырған. Тіпті ұлыстары мен билеуші мырзаларының аты да хатталған. Демек, адайдың Қосай, Тәзіке аталары ыдырау сатысына енгенмен, әлі де ірге бермей отырған Ноғайлының ұйытқы тобында болғанының басы ашық. Біз әңгіме етіп отырған батырлар адай емес, байұлы руының өкілдері болып саналған. Ал ежелгі байауыт, кейінгі байұылының әу бастан ұйытқысы құнанорыстар болды. Сыпыраны да осы тайпаның түлегі деп санауға болатын сияқты.

0

2

бірлік бар жерде тірлік бар

0

Быстрый ответ

Напишите ваше сообщение и нажмите «Отправить»


заказать баннерную рекламу


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Сыпыра жырау


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio