Отырар Қазақстанның орта ғасырлық үлкен қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан.
Отырар қаласы Фараб деп те аталған. Әл-Фарабидің осы қаладан шығуы кейдесоқ емес. Нағыз Шығысқа тән қала әкімнің сарайы, көпестер мен қолөнершілердің үйлері, мешіт, бірнеше моншалар болған.Шет аймақтарында кірпіш құюшылар, ұсталар, зергерлер тұрды.
Отырарда  қазіргі күнде ұлы ғұлама , әулие Арыстан Баб кесенесі орналасқан. Арыстан баб А.Иассауидің ұстазы болған. Сол себепті әулие аралаған мұсылмандар ең алдымен Арыстан баб басына тәу етіп, сосын ғана Түркістанға жол алады.  Мұсылманшылық салт бойынша әулие аттаған күнә саналады.  Еліміздің түкпір-түкпірінен Түркістанға барып жатқан кісі қаншама.  «Өлі байымай, тірі байымас» деп дана халқымыз тегін айтпаған.