Тарих (гр. Ιστορία, «зерттеу») — гуманитарлық білім саласы, адамның өткенін зерттеумен (оның қызметі, жағдайы, өмірге деген көзқарасы, әлеуметтік байланыстары мен ұйымдасуы және т.б.)айналысады. Осы салада жұмыс істейтін ғалымдарды - тарихшылар дейді. Жазба және археологиялық деректерді зерттей отыра, болған тарихи оқиғалардың реттілігін анықтап, объективті болған фактылар мен оқиғалардың пайда болу себептерін анықтайды. Мектептерде тарих пәнінің оқытылуы өте маңызды. Тарих - өте қызық пән.
Алғашқыда "тарих" сөзінің мәні Ежелгі Грек термині - "тергеу, білу,анықтау" деген мағынаға саяды. Оқиға немесе фактілердің шындығын, нақтылығын анықтау тарихтын міндеті деп қарастырылады. Ежелгі Рим тарихнамасы — тарих ғылымының саласы. Тарихты білудің әдісі емес, ол жайында жалпы әңгіме айту. Уақыт өте келе "тарих" деп, жалпы оқиғалар жайлы айтыла бастады.