Изохоралық процесс. Көлем тұрақты болғанда термодинамикалық жүйе күйінің өзгеру процесін   изохоралық  деп атайды.
     Күй теңдеуінен  pV=  газдьң көлемі өзгермеген кездегі кез келген күйінде газ қысымының температураға қатысы тұрақ­ты болатыны шығады:
pV=const болғанда,
      Егер газ көлемі өзгермесе массасы берілген газ ушін қысымның температураға қатысы тұрақты болады.
      Бұл газ заңын 1787 жылы француз физигі Ж. Шарль (1746-1823)ашқан және сондықтан ол Шарль заңы деп аталады. pV=const болғанда,теңдеуіне сәйкес көлем тұрақты болғанда газ қысымы
температураға   сызықтық тәуелді болады, яғни:
p=const T.
Бұл тәуелділік графикте түзумен кескінделеді де, ол изохора деп аталады (3-сурет). Түрлі көлемге түрліше изохора сәй­кес келеды. Температура тұрақты болғанда, Бойль — Мариотт заңына сәйкес, газ көлемі ұлғайғанда оның қысымы азаяды. Сондықтан ұлкен V2 көлемге сәйкес келетін изохора, кіші V1 көлемге сәйкес келетін изохорадан төмен жатады. p=const T  тендеуге сәйкес барлық изохоралар Т = 0 нүктесінен басталады. Демек, абсолют нөлде идеал газдың қысымы нөлге тең.
     Кез келген жабық ыдыстағы немесе электр шамындағы газ­ды қыздырғандағы газ қысымының ұлғаюы изохоралық процесс болып табылады. Изохоралық процесс көлемі тұрақты газ термометрлерінде пайдаланылады.

http://portal.vkgu.kz:1010/5810/1.5.1.files/image010.jpg