Изобаралық процесс. Қысым тұрақты болғанда термодинамикалық, жүйе күйінің өзгеру процессі изобаралық деп аталады.
pV= теңдеуіне сәйкес, қысымы өзгермесе газдың кез келген күйінде көлемнің температурараға қатысы тұрақты болып қалады.
P=const болғанда,
Егер газ қысымы өзгермесе, берілген массалы газ ушін көлемнің температураға қатысы тұрақты болады.
Бұл заңды 1802 жылы француз ғалымы Гей-Люссак (1778—1850) тәжірибе жүзінде тағайындаған және сондықтан ол Гей-Люссак заңы деп аталады.
P=const болғанда, қатысқа сәйкес тұрақты қысымда газдың көлемі температураға сызықтық тәуелді болады, яғни:
V=const. T
Бұл тәуелділік график түрінде изобара деп аталатын түзумен кескінделеді (2-сурет).
Әр түрлі қысымға әр түрлі изобара сәйкес келеді. Қысым артқан сайын, тұрақты температурада Бойль — Мариотт заңы бойынша газдың көлемі кішірейеді. Сондықтан жоғарырақ Р2 қысымға сәйкес келетін изобара төменірек Р1 қысымға сәйкес келетін изобарадан төменірек жатады.
Төменгі температуралар аймағында идеал газдың барлық изобаралары Т=0 нүктесінде түйіседі. Бірақ, бұл реал (нақты) газдың көлемі шынында да нөлге айналады деуге болмайды. Барлық газдар қатты суынғанда сұйыққа айналады, ал күй тендеуі pV= сұйықтарға қолданылмайды.
Жылжымалы поршеньді цилиндрдегі газды қыздырғанда оның, ұлғаюын изобаралық процесс деуге болады. Онда цилиндрдегі қсымның тұрақтылығы поршеньнің үстіңгі бетіне атмосфералық ауа қысымының әсері арқылы жүзеге асады.
Гей-Люссак заңы
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12013-04-28 23:10:09
Страница: 1