Температура тұрақты болғанда мак-роскопиялық, денелердің термодинамикалық, жуйесі күйінің өзгеру процесін изотермиялық, деп атайды. Газ температурасын тұрақты етіп ұстау ушін ол температурасы тұрақты болып тұратын үлкен жүйемен — термостатпен — жылу алмасатындай болуы қажет. Өйткені сығылғанда немесе ұлғайғанда газдың, температурасы өзгеретін болады, Егер атмосфералық ауаның, температурасы бүкіл процесс барысында елеулі өзгермесе, онда ол термостат қызыметін атқара алады.
Идеал газ күйінің теңдеуіне pV= сәйкес тұрақты температурадағы кез келген күйде газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты болады, яғни Т=const болғанда.
pV=const.
Егер газдың температурасы өзгермесе, онда оның берілген массасы ушін газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады.
Бұл заңды тәжірибе жүзінде ағылшын ғалымы Р. Бойль (1627—1691), одан біраз кейінірек француз ғалымы Э. Мариотт (1620—1684) ашты. Сондықтан ол Бойль — Мариотт заңы деп аталады.
Бойль — Мариотт заңы кез келген газ ушін, сондай-ақ олардың қоспасы үшін де, мысалы, ауа ушін де дұрыс. Тек атмосфералық қысымнан бірнеше жүз есе жоғары қысымдарда ғана бұл заңнан ауытқу елеулі түрде байқалады.
Атмосфералыққа жақын қысымдарда Бойль — Мариотт заңының дұрыстығына алдыңғы параграфта сипатталған қондырғының көмегімен көз жеткізуге болады.
Тұрақты температурада газ қысымының көлемге тәуелділігі график түрінде изотерма деп аталатын қисық сызық арқылы кескінделеді. Газдың изотермасы қысым мен көлемнің арасындағы кері пропорционал тәуелділкті өернектейді. Қйсык сызықтың мұндай түрін математикада гипербола деп атайды
Бойль — Мариотт заңы
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12013-04-28 21:35:07
Страница: 1