Қиын екен өмірде жалғыз болу,
Бауырсыз, туған жансыз өмір сүру,
Тағдырдың тәлкегіне ұшырасып
Жап-жалғыз жазғанына мойынсұну.
Қиын екен, әкесіз қиын екен,
Әкенің қамқорлығын көрмей өскен,
Жүр әне әкеміз тек алыс жақта
Ел-халық сені тірі жетім деген.
Сол қиын өз үйіңе бара алмаған,
Әркімнің үйін жүріп паналаған,
Сол қиын өмір бақи әрбіреудің
Қас қабағын түн тосып, жата алмаған.
Қиын екен шын қиын алдану да,
Алдану, сену, куту, арбану да,
Ен қиын сені алдаған адамды сол
Қимайтының ұруға, соғуға да.
Қиын маған еш қолдаусыз бұл өмірде,
Жалғызбын, еш қараусыз журмін міне,
Не ақыл айтар туған тәтем де жоқ
Жоқ ағам жаға болар, мен – қу пенде.
Қиын сол қиналамын жасқанамын,
Жоқ менің бұл өмірде басқа амалым,
Сол қиын тағдырыма тағзым етіп
Мен әркез жанарыма жас аламын
Қиын екен өмірде жалғыз болу
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12013-04-02 21:36:20
Страница: 1