«Жазушы - заманның көзі мен құлағы...»
Қызметке араласқалы бері естігені де, көңілге түйгені де осы. Сосын да ақын-жазушы десе ішкен асын жерге қоятыны, олар келсе көп күттірмей, дереу қабылдайтыны, сөзіне құлақ асатыны рас. Сөзі салмақты, айтары алымды, білдірері тиянақты қаншама ұлт жазушысы бар.
Ал, енді мынау... ылғи да «сізге кіріп шығайын, ел тағдырына қатысты айтарым бар еді» дейді де тұрады қиылып. Өзі анау айтқан белгілі де емес. Аты - жазушы. Көмекшісі әлденеше рет қағазға атын жазып әкелді. «Пәленше деген жазушы сізге кіргісі келеді».
Бір емес, екі емес... Ақыры қабылдауды жөн көрді. Айтарын айтсын деді. Тыңдап көрмек болды.
Ертеңіне кабинетіне бас сұққан жазушы бес-он минутта шаруа бітірмеді. Әңгімені әріден бастады.. Өзінің өмір жолын, жетім өскенін, қиналып жетілгенін... айтты. Жазушы болу үшін де әбден арып, кітап шығару үшін «жарым жасын» бергенін тағы айтты. Сосын барып «мына кітабымды сізге әдейі ала келдім, өзі сіз секілді ел қамын жеген азаматтарды марапаттау, солардың ішкі сырына үңілу, жан сезімін көркем тілмен кестелеу» деді.
Кітапты қабыл алды. Келгеніне, тілек айтқанына ризалық білдірді. Өтінішін де тыңдады. «Орындайын» деді. Сосын...
Бір күні қолы қалт еткенде әлгі кітапты парақтап көрсе ішінде түк те жоқ. «Сіз секілді ел қамын жегендер» туралы деп еді, ал мынаусы... түсініксіз бірнеңе. Тіпті оның ана жолы айтқаны басқа, ал кітаптың ішіндегі жазғандары тіпті басқа. Ойлады: «Бұл жазушы мені кітап оқиды дейсің бе, оқыса да түсінер ме, айта салайын деген ғой, бәрібір ұғып жатқан жоқ-қ... Қай сөзім есімде қалады дейсің... Есегім көпірден өткенше...»
Кей жазушылар шындықты бұрмалап, өз қиялындағы бірнемелерді шатпақтап, өтірік жазады деп еститін. Жазушылар өтірік жазып қана қоймайды екен, өтірік те сөйлейді екен...
Ол өз-өзімен қарқылдап тұрып күлді.
Сол сәтте тілінің ұшында мынадай сөздер тұрды «Өмір дегеніміз - шындық, ал өтірік шындықты туғызатын мына өзіміз, адамдар-р...»
Мұндайда қазақ айтқан: «Мата даңқымен бөз өтпейді».
Ал, Елес айтады: «Есектің к...тін жусаң да, мал тап».
Өтірік шындық
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12013-03-30 16:50:16
Страница: 1