1801 ж.  Дальтон заңы газ қоспасының қысымын және  жеке компоненттердің  жалпы қысымға  беретін  нақты «үлесін» анықтады.
Өмірде біз таза газды емес, газ қоспасын кездестіреміз.  Мысалы, ауа азоттан, оттектен,  көмірқышқыл газынан  және басқа да көптеген газ қоспасынан тұрады. 
Дальтон осындай газ қоспасының қысымын анықтауды мақсат етті.
Бұл үшін парциал  (үлестік) қысым  деген жаңа  ұғымды енгізді.
Парциал  қысым деп газ қоспасының әрбір газы осы көлемді жалғыз өзі алатын кездегі қысымды атайды.