Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Студенту » Атомдық масса


Атомдық масса

Сообщений 1 страница 3 из 3

1

Атомдық масса - атомдық салмақ—химикалық элемент атомы массасының салыстырмалы бірлікпен көрсетілген орташа мәні. Ол осы элемент атом массасының көміртек атом массасының 1/12 бөлігінен неше есе артық екенін көрсетеді.

Атомдық масса — мөлшерсіз шама. Ол Ar белгісімен таңбаланады (“r” — индексі ағылш. relatіve — салыстырмалы). Атомдық массаның көміртектік шкаласын 1961 жылы Монреалда химиктердің халықаралық одағы қабылдаған. Оған дейін атомдық өлшем бірлігі болып оттегі атомы массасының 1/16 бөлігі алынып келді, бірақ оның үш изотопы болғандықтан қолайсыз деп табылды

0

2

Молярлық масса – заттың формулалық бірлігі молінің массасы. Ол заттың массасы мен мөлшері арқылы есептеледі: М = m / n

Молярлық масса г/мольмен өлшенеді. Кез – келген заттың бір молінде құрылымдық бірлігі бірдей саны болса, онда молярлық масса заттың салыстырмалы молекулалық (немесе атомдық) массасына пропорционал:
М = К . Мr
Мұндағы К – 1 г/ мольге тең пропорционалдық коэффициент. 126С көміртегі изотопының Аr = 12, ал атомның молярлық массасы 12 г/ мольге тең.
Демек, екі массаның сан мәні сәйкес келеді де, К=1 тең болады. Олай болса, г/мольмен берілген заттың молярлық массасы сан мәні жағынан салыстырмалы молекулалық( атомдық) массаға тең. Атомарлық сутектің молярлық массасы – 1,008 г / моль, молекулалық сутектікі – 2,016 г/ моль, оттектікі – 31,999 г /мольге тең.

0

3

Массаның атомдық бірлігі арқылы өрнектелген молекуланың массасы берілген заттың молекулалық массасы деп аталады.

0


Вы здесь » Кладовка » Студенту » Атомдық масса


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio