Құрам тұрақтылық заңы - алынған жолына қарамастан химиялық қосылыстың құрамы тұрақты болатындығын тұжырымдайтын заң. Оны 19 ғасырдың басында француз ғалымы Ж.Л. Пруст (1754 — 1826) ашты. Мысалы, мұнда су тікелей сутек пен оттектің әрекеттесуі арқылы алынады; суды кез келген қышқыл мен негізді немесе кез келген органикалық қышқыл мен спиртті әрекеттестіру арқылы да алуға болады.
Алынған жолына қарамастан судың құрамы тұрақты, яғни судың әр молекуласы 2 сутек атомы мен бір оттек атомынан тұрады. Ондағы элементтердің массалық үлесі: сутек 11,11%, оттек 88,89%. құрама тұрақтылық заңы тек газ тәрізді және сұйық қосылыстарға тән
• дальтонид – құрамы тұрақты химиялық қосылыстар, (заттар) ол құрамы анықталған заттар немесе стехиометриялық деп аталады;
• бертоллид - құрамы ауыспалы химиялық қосылыстар (заттар), ол құрамы анықталмаған стехиометриялық емес заттар деп аталады;
•1912-14 жылы дальтонид және бертоллид терминін ғылымға Н. С. Курнаков енгізді.