Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » "Бақытсыз Жамал" романы


"Бақытсыз Жамал" романы

Сообщений 1 страница 24 из 24

1

"Бақытсыз Жамал" романының оқиғасына арқау болған мәселе де осы, ескі әдет- ғұрыптың қыспағына түскен қазақ қызының тағдыры. Сүйгеніне қосылып, бақытты өмір сүруді армандаған бойжеткеннің трагедиялық жолы. Шығарма сол кезеңдегі қазақ даласының шынайы тыныс-тіршілігін көрсететін эпизодтан басталады. ... Жайлауға жаңа көшіп қонған ауыл. Саумалкөл маңына жағалай тігілген киіз үйлер. Бие байлап, қымыз сапырған жайма-шуақ ауыл адамдары. Қыстай араласа алмай, сағынысқан жұрт енді бірін-бірі қонаққа шақырып мәз. Үй жағалап қымыз ішкен жастар... Осылайша жайбарақат жатқан ауылға патша ұлықтары келе жатқаны туралы хабар тарайды. Абыр-сабыр басталады. Ауыл сыртына үй тігіледі. Арнайы үйге келіп түскен екі ұлықты "ләббай, тақсыр" деп күткен ауылнайдың сөзінде де ерекше бір мақтаныш сезіледі. Міржақып Дулатов осы шағын көріністі суреттеу арқылы өз заманының тұрмыс-жағдайын, адамдардың психологиясын дәлме-дел береді. Ауыл адамдарының өзара әңгімелерінен, ауылнай бастаған белсенділердің іс-әрекет, мінез-құлықтарынан жазушы мол сыр ұқтырады. ...Дәл осындай абыр-сабыр сәтте ауыл қазағы Сәрсенбайдын әйелі босанып, дүниеге қыз бала келгені туралы қуанышты хабар жетеді. Дүниеге келген бұл сәби романның бас кейіпкері Жамал болатын. Табиғатынан зерек жаратылған Жамал молдадан ескіше, жаңаша оқып, хат таниды. Түрлі хисса-дастандарды көп оқиды. Бірқатарын жатқа да айтатын болады. Сөйтіп елдің көзіне түсіп, қыз айттырам деушілердің назарына ілігеді. Жамал он бес жасқа келді. Сұлулық, ақыл, салтанат үшеуі бір-біріне муафиқ келіп, Жамал сол елдің қызының алды болды. Бұл айтылмыш артықшылығының үстіне сөзге бек ұста болып, өз ойынан шығарып өлең де жазатын болды. Олай-бұлай қалжыңмен сөйлескен бозбаланы сөйлетпейтін еді. Ел ішінде тілді бозбалалардың көзі түсе бастап, шет елдерге де "Сәрсенбайда бек көркем бір ақын қыз бар" деген лақап жайыла бастады. Көркіне ақылы сай болып бойжеткен Жамалды Байжан деген бай баласы Жұманға айттырады. Қыз шешесінің қарсылығына қарамастан, Сәрсенбай болашақ құдасының байлығына қызығып, құдалыққа келіседі. Бірақ бай баласы топас, нашар болады. Жамал оны менсінбейді. Сөйтіп жүргенде бір тойда оқыған, мәдениетті, жаңаша киінген, сыпайы, әдепті Ғали деген жігітпен танысын, көңілдері жарасады. Арада біраз уақыт өтіп, қыздың Жұманға ұзатылар шағы туғанда, Жамал Ғалимен қол ұстасып қашып кетеді. Жастарды қудалау басталады. Сөйтіп жүргенде аяқ астынан Ғали ауырып қайтыс болады. Қайғыға батқан Жамал көп ұзамай Жұманға ұзатылады. Көрмеген қорлықты көреді. Ақыр аяғында бір боранды күні Ғалидың қабірінің басына барып, жылап жатып қайтыс болады. Романда оқиға желісі—суреттелетін ауыл өмірі, әр түрлі әлеуметтік топтар өкілдері арасындағы қарым-қатынастар мен жекелеген адамдар түсінігіндегі қайшылықтар шырмауына түскен Жамал мен Ғалидың мөлдір махаббаты, өз еркіндіктеріне жету жолындағы үмтылысы осы арнада өрбиді. Ақыр аяғында трагедиямен аяқталады. М. Дулатов бұл оқиғаны кездейсоқ болған бірді-екілі жай ретінде қарамайды. Ғашықтар трагедиясын ол қазақ даласындағы әлеуметтік мәселе дәрежесіне көтереді. Сол арқылы қазақ қыздарының бас еркі, жастардың өз қалауымен өмір сүру қажеттігі туралы ой ұсынады. Жазушы үшін әйелдің бас бостандығы, өзінің сүйгеніне қосылып, өмір сүруге мүмкіндік алуы ең бір түйінді мәселе болды. Ол әйелдің арын аяққа басатын ескі әдет-ғұрыпқа үзілді-кесілді қарсы шығады. Міржақып Дулатовтың романдағы Жамал бейнесін сомдаудағы жаңалығы да өзінің осы идеясына негізделеді. Романдағы Ғали — сол замандағы оқыған, мәдениетті жастарының жиынтық бейнесі. Сырт келбетіне ақылы сай жігіт Ғалидың әрбір іс-әрекетінен, сөйлеген , жазған хаттарынан бұл қасиет айқын аңғарылады. Ал шығармадағы Байжан бай, оның баласы Жұман, сондай-ақ Жамалдың әкесі Сәрсенбай, үлкен шешесі Қалампыр — ескі психологияның адамдары. Оларға адамгершіліктен гөрі байлық, шен мақтанышы қымбатырақ. Тұтастай алғанда, "Бақытсыз Жамал" романы сол кездегі тарихи-әлеуметтік шындықты шынайы да көркем бейнелеуімен, авторлық идеяның айқындығымен өзінен кейінгі қазақ прозасының өркендеуіне дәстүрлі жол көрсетті, үлгі болды.

Если вам мы помогли нажмите справа на рекламу

0

2

оте кызыкты роман маган унадыыыыыыыы

0

3

Надандықтың құрбаны болған Жамал бейнесі сол кездегі бүкіл қазақ қыздарының басындағы қасірет еді. Қызықты дегеннен гөрі қайғылы деген жөн болар...

0

4

Салеметсиздер ме?Сиздерге унаган "Бакытсыз Жамал" романы маган да катты унады,

0

5

Адамнын сезимин толгандырар роман

0

6

Бул роман адамдардин козкарасин о3гертеди.асиресе ескi козкарасты.ТАМАША РОМАН.МАГАН УНАДЫ

0

7

Қайғылы да, мұңды да!ешкімнің басына осындайды тілемес едім)өмір бар жерде ,өлім бар дегендей

0

8

" Бақытсыз Жамал " өте жақсы роман. Дұрыс айтады қайғылы да, мұңды да. Ең бастысы бұл М. Дулатовтың тамаша еңбегі.

0

9

''Бакытсыз Жамал''романы  ески сана мен жана козкарастар кайшылыгы,еки жастын махаббат жолындагы куреси,олиммен аякталган заманнын бейнеси... Миржакып Дулатовтын бул романы казак халкынын тырнак алды туындысы болып кала береди...

0

10

Аянышты адамнын журегин тербеп толгандырады достар бул романды окындар оте кызыкты!

0

11

Өте қайғылы роман,жан тербетерлік роман екен,бұл романды оқыған адамның өмірге деген көз қарасы өзгерер деген үміттемін,менің айтарым осы романды оқыңдар!!!

0

12

netken kizik roman ai netken omirai bul jagdaidu senderge bastarina jazbasin

0

13

Маганда унады оте кызык адамды толгандырып жибереди

0

14

zzzzzzzzzzzzzzzzzz

0

15

Ерте кезеңде өмір сүрген әйелдердің өз еріктерімен шешім қабылдай алмай өмірлерінің тозаққа айналғаны жан түршіктіреді. 21ғасыр азаматшасы болғаныма мың алғыс

0

16

оте керемет ,шынаиы махаббаттын шексиз екенин,оте далдикпен аита билген

0

17

Өте жақсы роман әрбір адамға ойсалар. Маған ұнады

0

18

Oky oky jane tagy okynyzdar

0

19

Жалғасын қалай алу

0

20

Қазіргі күндеріне жастар рахмет айтсын

0

21

жаксы роман маган унады бирак неге толык емес

0

22

салем! менің де есімім Жамал бала кезімде осы роман жайлы көп естіп едім. өзімнен жоғары оқитын оқушылар "Бақытсыз Жамал" романын оқиппедін деп көп айтатын.содан қателеспесем 8 сынып оқып жұргенде оқығаным бар. али күйге дейін есімде бар тамаша жазылған роман керемет

0

23

Барлық романда әйтеуір ғашықтар қосыла алмай өле береді екен да: Ұлпан. Қамар сұлу т.б

0

24

маган романнын кыска нускасы унады
енді коптеген такырыптагы роман поэмалардын кыска мазмунын шыгарп отырыныздар
РАХМЕТ

0

Быстрый ответ

Напишите ваше сообщение и нажмите «Отправить»


заказать баннерную рекламу


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » "Бақытсыз Жамал" романы


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio