http://im3.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/KdEtjtQBURXS3l0x9LfCnaud9xuOpI.jpg

Жазушылар үшін алдыңғы толқынның еңбектері — заманауи тарих десек те болады, ал сүйікті автор көп ретте замандасы немесе жақын досы ретінде қабылданады. Бүгінгі материалда XX ғасыр қазақ әдебиетінің ең сүлей суреткерінің бірі Оралхан Бөкей, Нобель сыйлығының лауреаты, ақын, эссеист, көрнекті аудармашы Иосиф Бродский сияқты тұлғалардың сүйікті авторлары мен кітаптарының тізімін оқырмандар назарына ұсынбақпыз.

http://im1.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/IgPfj6Q99iaI48R4Rfd9AGX4wtp87q.jpg

Эрнест Хемингуэй (1899–1961) «өз қабілетіңді толықтай түсінудің жалғыз жолы — бұрынғы заман жазушыларымен жарысу» деп білген. Дүниежүзілік соғыстар кезінде Парижде ағылшын тіліне аударылған барлық орыс классиктерінің туындыларын оқып шыққан Хэмингуэй американдық жазушылардың ең мықтысы деп Марк Твенді санаған.
«Сен өзің тауып алған жаңа әлемде өмір сүрдің... Ғажап әлем, оны саған орыс жазушылары сыйлайтын. Басында орыс еді, одан кейін өзге жазушылар. Бірақ ұзақ уақытқа дейін тек орыс жазушылары болатын».

http://im4.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/YXVX7Yq2hem3mU7G1CRUnAhhHQ8eNg.jpghttp://im4.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/Dnxq2wMKBfZ3INq5DBqIz4zo914Cho.jpghttp://im9.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/oa2p7eX2AB6qzB2U9H2xjamdLu0jb1.jpg

Марк Твен, «Гекльберри Финның басынан кешкендері»
Лев Толстой, «Соғыс және бейбітшілік»
Иван Тургенев, «Аңшының жазбалары»

http://im6.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/at3NEBR5huiaxru9zHB3xtVnJc9s9i.jpg

Сергей Довлатовқа (1941–1990) орыс әдебиетінің тәрбиелік және сәуегейлік міндеті ешқашан жанына жақын болмаған. Өйткені ол әдебиетті және өзінің әдебиеттегі орнына басқа көзқараспен қараған. Яғни, ол өзін қарабайыр дүниелерді әңгімелеуші ретінде ғана көрген. Қарабайыр дүниені шебер жеткізу — оқырманның күнделікті зымырап өтіп жатқан мағынасыз өміріне бір жарық сәуле түсірумен бірдей деп білген. Ал орыс әдебиетінен ең жақын, әрі оқырманға бір нәрсені үйрету емес, суреттеуге деген құштарлығы үшін Чеховты ерекше бағалаған.

«Толстойдың ақылгөйліне құрмет көрсетуге болады. Пушкиннің көркемділігіне таңқалуға болады. Достоевскидің адамгершілік ізденістерін бағалауға болады. Гогольді юморы үшін... Тағы басқа нәрселер көп. Алайда, тек қана Чеховқа ұқсағым келеді».

http://im5.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/4cAF3pMiPCy9uBUV2gM1pIDD61uvVa.jpghttp://im6.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/9gFjSOvc9nm1shglmKzng71u2YyIgR.jpghttp://im3.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/e5FKG0B8qZt58kI4vKZPx41fZWB55S.jpg

Антон Чехов, повестер мен әңгімелер
Александр Пушкин, «Капитан қызы»
Уильям Фолкнер, «Ұрлықшылар»

http://im9.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/iklB3aztUBkcdm2Sn7d6771Td6QDVE.jpg

Оралхан Бөкей (1943-1993) бір естеліктерінде «Неге екені белгісіз, көркем шығарма оқуға бала жастан бері зауқым жоқ. Әлемдегі мақтаулы әдебиеттің айдарынан жел ескен шоқ туындыларын жұтынып-ақ қолға аламын, амал қайсы, қызықтырмайды. Бәрі баяғыдан белгілі дүние сияқты таңқалдырған емес. Содан соң өзінше ой айтқан тұстарын шолып, аттап-бұттап, парақтай бастаймын. Ал, керісінше, танымдық әдебиеттер көп тартады» деп жазған екен.
Десе де, оның да сүйікті жазушысы болған екен. Ол — Бейімбет Майлин. Тіпті «Шұғаның белгісін» сахна үстінде жатқа айтқан кезі Сәкен Иманасовтың естеліктерінде кездеседі: «Оралхан сахнада тіпті шоқтығы биіктеп, кесек адымдап, кемеліне келе түседі екен. Жақтауға таяп барды да:
— Бейімбет Майлин, "Шұғаның белгісі" деп хабарлады.
Сөйтті де, мен бұрын естіп көрмеген бөлек бір діріл, басқаша бір мейірлі мәнермен Бейімбет шығармасын зуылдатып жатқа айта жөнелді.
Зал іші сілтідей тынып қалған. Кейде бір орында тұрып, кейде жүре түсіп, тоқтай бере дауысын баяулатып келіп: "Әй, өзі де Шұға десе, Шұға еді-ау!" — деп үзілдіре аяқтағанда, шын мәніндегі сүйсініспен ду қол шапалақтау басталды.
Кейін оңашада мен де мақтай қошемет білдіргенде, Оралхан: "О, біз деген әртістің де оқуын оқып, бола алмай қалдық қой, әйтпесе!"- деп бітірген сөзін».

http://im3.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/sOJR25MvVIDr99NegUxdIQtiPnHB9y.jpg

Бейімбет Майлин, «Шұғаның белгісі»

http://im7.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/9IQQ6Hl0tmT8f0y0TGvo8cslvDIX8p.jpg

Иосиф Бродский (1940–1996) өмірінің ең басты авторымен бетпе-бет таныс болған. Ол КСРО-дан депортацияланғаннан кейін бірінші кезекте сүйікті авторы Уистен Оденмен кездескен. Бірақ, шыны керек, ол кезде Оден қартайып, әрі ішімдікке салынып кеткен болатын, ал Бродский болса оның ағылшын тілінде айтқандарының бірін түсінсе, бірін түсінбейтін де. Бірақ не дегенімен бұл кездесу ақынның өміріне әсер етпей қоймады, өйткені Оден ол туралы бірнеше мақтау мақалаларын жазып, өзінің Англиядағы достарымен байланыстырған. Оден Бродский үшін замандасынан да өзге еді, ол оның табынушысы болған.
«Кітап дәл осы Оденнің "У.Б.Йейтс туралы естелік" атты шығармасы жазылған бетте ашылып қалғандығы, шындығында да, кездейсоқтық еді». Кішкентай үйшіктің иллюминатордай ғана төртбұрышты терезесінен балшыққа, кедір-бұдыр жолда жүрген тауықтарға қарап, өзімнің жаңа ғана оқып шыққан туындыма жартылай сеніп, жартылай күмәнданып, тіл білімім менімен қалжындасып отырған жоқ па деп те ойландым... Мүмкін, жай 1939 жылы ақынның «Уақыт...тілге сыйынады» дегеніне сенгім келмеген шығар. Бірақ әлем әлі күнге дейін сол қалпы".

http://im3.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/D94Do7J5aLJ7w8h64QL7CKWklSufR4.jpghttp://im6.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/Fv9qaqQHX6ePi7KD98gtMKIQ38Tshw.jpghttp://im9.asset.yvimg.kz/userimages/arsik/18576WDJUNkM0DcwLCTesr403JfhAZ.jpg

Уистен Оден, өлеңдер
Константинос Кавафис, өлеңдер
Чеслав Милош, өлеңдер