Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Табиғат – менің өз үйім


Табиғат – менің өз үйім

Сообщений 1 страница 3 из 3

1

Егер сізге осы материал көмек берсе оң жақтағы рекламаны басуға өтінеміз

Табиғатты аялау - халық даналығы
Па, шіркін, табиғаттай бар ма дана!
Перзентке бар жемісін арнады ана ,
Қажыған шөбін шауып, егін орып ...
Қар ете түскелі тұр шаруа дала
Қадыр Мырза Әли
Табиғат дегеніміз - бұл біздің санамыздан тыс, бізге бағынбайтын, біздің өмірімізге тірек болып, тұрған болмыс , адамның бойына қуат, көңіліне шабыт, сезіміне ләззат шапағатын ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі. Табиғат адам баласын дүниеге келтіріп бойындағы махаббат мейіріммен, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан - Аяулы Ана.
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге де болады. Ата - бабамыз " Жер - қазына, су - алтын, мал - байлық ", - деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүкіләлемдік тіршіліктің төрт құдіретті негізі бар. Олар: күн - ана, жер - ана, ауа мен су. Адамзат күнделікті тіршілігінде осы төрт құдіретке сүйенеді. Егер осы төрт негіздің біреуі болмаса, тірішілік тоқтайды. Сондықтан адамзат Күнді, Жерді анадай ардақтайды. Күн -барлық тіршіліктің құдіретті тіргегі. Оның нұры - сәулесі, құдіретті күші - от.
Әлемдегі барлық тіршілік оттың күшімен қозғалысқа түсіп, адам өмірін өркендетіп тұр. Отты дана халқымыз қастерлеп, отты баспа , отпен ойнама , отқа түкірме деп ырым, тиым жасап, кесір-қырсықты отпен аластатып, отқа табынған. Отбасы, отағасы, отау деген сөзден отты қастерлеуден шыққан.
Ал жер-ана тіршілікке нәр беріп, анамыздай асырап жатыр. Қазақ халқы жер-ананы әулие тұтады. "Баптағанға - жер жомарт " , "Жері байдың - елі бай ", "Туған жер - алтын бесік " деп жер-ананы аялайды.
Жер - жаһамадағы тіршіліктің нәрін сіңіріп, өмір сүрудің тірегі болып тұрған құдірет - су. Өмірге ең қымбат, ең қажетті болғандықтан, халық судың шығып жатқан жерін "әулие бұлақ " дейді. Халқымыздың суға байланысты қаншама даналық нақыл сөздері бар десеңізше: "Су бар жерде өмір бар " , " Сусыз өмір тұзсыз аспен тең ", "Өзің ішетін суға өлген ит тастама ".
Жан дүниенің өмір ырғағын жасап тұрған келесі құдіретті нәрсе - ауа. "Ауа - өмір тынысы " дейді халық. Ең қымбатты, қажетті нәрсені "ауадай қажет " деп халық ауаны қымбаттың қымбаты деп бағалайды.
Халқымыз ежелден - ақ көптеген жануарларды аялап, қамқорлыққа алған. Оларды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы деп дәріптеген. Олар: далаға ажар берген ақбөкен, ән мен сәннің иесі - бұлбұл, су аруы немесе махаббат рәмізі - аққу.
Қазақ халқы - табиғатты аялаған халық. Ата - бабаларымыз арттарына табиғатты қорғау туралы туралы әр түрлі өсиет сөздер қалдырып кеткен. Айта кетсек:
"Көкті жұлса" көктей соласың" деп жамандыққа жориды", "Суға түкірме, өйткені бұл суды қайта ішуге тура келеді", "Бақаны өлтіруге болмайды, жаңбыр жауады" деген көптеген өсиет сөздер мәңгі мұра болып қалды.
Табиғатты аялау, көркейту жұмыстарында ата-бабаларымыздың ежелгі экологиялық қағидаларына арқа сүйгеніміз жөн.
Табиғатты аялау - әрбір адамның абыройлы да азаматтық парызы. Табиғат сүйе білген, оны аялы алақанымен аялы білген адамның ары да жаны да таза болады.
"Бабалар еккен шынарды балалары саялайды", "Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын" деген ұлағатты мол ұғымдарды ұмытпайық.
Жасыл бақтың бағалап қасиетін,
Наурыз келсе оң ағаш өсіретін,
Бабалардың жыл сайын жалғастырып
Ұмытпайық өнеге - өсиетін

0

2

рахмет саған осындау мәліметке сен болмасан мен 2 аламын деп ойладым рахмет

0

3

дариға написал(а):

рахмет саған осындау мәліметке сен болмасан мен 2 аламын деп ойладым рахмет

Окасы жок

0

Быстрый ответ

Напишите ваше сообщение и нажмите «Отправить»


заказать баннерную рекламу


Вы здесь » Кладовка » Учеба/Сабақ » Табиғат – менің өз үйім


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio