Табиғаттың тамаша жазы қандай,
                         Айналама көк кілем жазылғандай.
                         Сымбатыңнан айналдым, туған жерім,
                         Сылдырлаған бұлағы,суы балдай,-
деп бала жүрек жырлағандай, мен өз өлкемді жан-жүрегіммен сүйемін. Өйткені Қазақстан  - менің атамекенім. Атамекен деген - туған тіл, ата салт- дәстүр, еліңнің тарихы, байлығы, мектебің, үйің, бәрі-бәрі сонда. Ал бұларсыз өмір сүру мүмкін емес. Біздің Қазақстан өте бай, табиғаты әр түрлі болса да әдемі. Мысалы, бізде көл, өзен, биік таулар, орман-тоғай, аң-құс  өте көп.
        Тәуелсіз ел болдық. Біз тәуелсіз елдің балаларымыз. Алдағы жылдарда еліміз ең мықты елу елдің қатарына қосылмақ. Ол кезде біз де ержетіп, үлкейеміз. Сонда біздер де ағалар мен аталардың жақсы істерін жалғастырамыз.