Кіріспе – бастауы
Салтанатты жиынға сай етіп безендірілген мектеп фойесінде , Төлеген Мұхамеджановтың «Махаббат бекеті» әуені ойналып тұрады.
Экраннан түлектердің мектеп өмірінен слайдтар көрсетіліп жатады.
Түлектерді шығарып салуға ата-аналар, мұғалімдер, 1 сынып пен
10 сынып оқушылары және арнайы шақырумен келген қонақтар қатысады.Бастау сөз
Жүргізуші:
(оқу ісінің меңгерушісі: Иманбаева Алма Тукеновна)
Құрметті ата-аналар, аяулы ұстаздар,қонақтар, қымбатты оқушылар!
Міне ,бүгін қызығы мен қиыншылығы мол, әр жылы қайталанбас тарихқа толы , оқушылардың сыныптан-сыныпқа көшіп асыға күткен жазғы демалысқа шығарып салатын мектептің мерекесі - соңғы қоңырау салтанаты! Жылдағы дәстүр бойынша білімнің ордасы, ұлылықтың мекенінде тойланатын «Сыңғырла, соңғы қоңырау» атты соңғы қоңырау салтанатына қош келдіңіздер!
Жүргізуші:
Алдарында сан тару жолдары тұр,
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр,
Үлкен өмір есігін ашпақ, міне
Келген, қауым қол соғып, қолда бүгін
- Алтын ұя мектебіміздің табалдырығынан үлкен өмірге ұшқалы отырған мектеп бітіруші түлектерді құрметтеп ортаға шақырайық. Қарсы алыңыздар!
(Музыка жетелеуімен мектеп түлектері ортаға шығады,баспалдақтан төмен түседі)
(Оқушылар, ұстаздар ,мектеп бірушілер туралы слайд көрсетіледі)
Жүргізуші :
Назар аударыңыздар ,салтанатты жиынға ҚР Мемлекеттік туы енгізілсін!
ҚР рәміздеріне құрмет көрсету рәсімі көрсетіледі.
Сап түзіледі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік ту енгізіледі, ҚР гимні орындалады.Жүргізуші:
- Кеше ғана тұлымдары желбіреген, жүректері лүпілдеп, мектеп қабырғасын имене аттаған ұл-қыздарымыз ойы толып, бойы өсіп, алтын ұя мектебімен қоштасқалы отыр. Бұл күн - мектеп бітіруші түлектер есімінде мәңгі өшпесі анық.
Құрметті ата-аналар, мектеп бітіруші түлектер! Бүгінгі өздеріңізге арналған салтанатты жиынға келіп отырған қонақтарымызбен таныстырып кетейік.
(Арнайы келген Білім басқармасы, Алматы ауданының өкілдері т.б.таныстырылады )
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің бас сарапшысы Баттал Роза Мухамеджанқызы Алматы ауданының білім бөлімінің маманы Қаспакова Аиа Абланқызы, «Жас Отан» Жастар Қанаты өкілдері: Жаминов Қанағат және Әселбекова Қарлығаш, Астана қаласы НұрОтан халық демократиялық партиясының дербес бөлімшесінің бақылау комиссиясының төрағасы Дәулеткерей Рахметұлы, Астана қаласы Сауда экономикасын дамыту Министрлігінің маманы Айтжанова Жанар Сейдахметқызы.Жүргізуші:
Білімді шәкірттерін аялаған,
Жақсылығын ешкімнен аямаған,
Саялы бақ жанашыры жас ұрпақтың,
Ұстаз-деген – аяулы, ардақты адам.Алғашқы құттықтау сөз Райымбек батыр атындағы № 50 «Қазғарыш» мектеп-лицейі директоры Сексенова Алия Серғазықызына беріледі.
(Экранда түлектердің слайд арқылы жетістіктері көрсетіліп жатады.)Жүргізуші:
Аттанарда ұрпағым бақ жолына,
Түссін деп тура жүрер нақ жолына ,
Арнайы ақ матадан жол төседік,
Ырым қып түлектердің ақ жолына!
Оқу жылы аяқталуы туралы бұйрықты оқу директордың оқу-тәрбие жөніндегі орынбасары: Тұржанова Гүлнар Тынысқызына беріледі.Жүргізуші:
Құттықтау сөз (лауазымы айтылып, қонақтарға) .беріледі.
Жүргізуші:
Сәт сапар тілеп түлектерге,
Мейірімге толы болып жүректері,
Құттықтау сөзбен келіп қалды,
Балғын шақтың балалары.
(Бастауыш сынып оқушыларының әдеби- композициялық құттықтауы)Жүргізуші:
Келесі құттықтау сөз түлектеріміздің ізбасарлары 10 сынып оқушыларына беріледі.
(10 сынып оқушыларының әдеби-музыкалы композициясы, мектеп өмірінің естеліктері тапсырылады.)
Жүргізуші:
Сөз Ыбырай Алтынсарин медалінің иегері,11 «а» сынып жетекшісі Тлебалдина Гаухар Жаңғарақызына беріледі.
Жүргізуші:
Аманқұл Абаттың арнауы оқылады.
Мектеп бітіруші түлектері атынан құттықтау сөз «Алтын белгі» үміткерлері Уалиева Айгерім мен Болатбекова Салтанатқа беріледі.
(11 сынып оқушыларының ән тартуы)
Мектептің Білім туын табыс ету үшін «Үздік» аттестат үміткері Утеулов Қанат шақырылады..
Утеулов Қанаттың сөзі:
11 жыл бойы білімізбен, өнерімізбен үнемі биіктен желбіреуіне күш жігеріміздін жұмсаған «Білім туын» келесі ізбасарларымызға табыс етеміз.
Білім Туын 10 «а» сынып үздігі Кокушева Мадина қабылдайды.
(мектеп вальсі әуені ойналып тұрады.)Жүргізуші:
Түлектердің қанаттары талмасын,
Көк аспанда қыран болып самғасын.
Ақ жол тілеп, барша мына ұл қызға,
Ата-ана ақ батасын арнасын (2 минут)
Экранға назар аударыңыздар.Ата – аналар атынан құттықтау сөз Қыдырбаева Әсем мен Болатбек Салтанаттың аналарына беріледі.
(Ата-аналар тілегі слайдта көрсетіледі.)
Жүргізуші:
Болашағы бейне қызыл қыр гүлі,
Бүлдіршінді аяласын күн нұры.
Жаңа табыс жақсы күнге бастасын,
Бүгінгі соңғы қоңырау сыңғыры.
Соңғы қоңырау соғу құрметі 11 сынып оқушысы, Республикалық және Халықаралық ғылыми жоба сайыстарының жеңімпазы Масенов Искандер мен 1 «г» сынып оқу озаты Аукенова Мариямға тапсырылады.
(Соңғы қоңырау соғу сәті)
Жүргізуші:
Назар аударыңыздар! Салтанатты жиыннан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы шығарылсын!Жүргізуші:
Ортаға мектеп бітірушілерді қоштасу вальсіне шақырамыз!.Жүргізуші:
Жылдағы рәсім бойынша түлектер мектеп алаңына көшеттер отырғызуға шығады.
Салтанатты жиынымыздың 2 бөлімі «Отан қорғаушылар» алаңында қалалық іс шарамен жалғасады.
Түлектердің жолы ақ болсын!
соңғы қоңырау сценарий
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12012-05-14 20:42:09
Страница: 1