Көздеген  мұрат - мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге  сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді  бағындыра бер.
Жалғанда жамандық көрмей, өмірің  уайым қайғысыз өтсін.
***
Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына  түсіп, биік белестерден көрін. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.
Кеудеңе күн  орнасын. Ата – ананың  қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.
***
Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.
***
Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тілейміз.
   Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын  болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.