1-Жүргізуші: Армысыздар, жиналған ата-ана, ұстаздар!
Ержан Той-жиынсыз өмірдің мәні болмас.
Арамыздан талпынып қақты қанат,
Тоғыз жылда оң-солын таныған жас.
2-Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға
Мархаба Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Мектеппенен қоштасу тойымызға.
Әлібек: Думанды дүбір, ән жырлы
Жайқалған өмір жас бағы
Мінекей, тағы бір жылды
Сырғытып кейін тастады.
Ұстаздардың жаны нұр.
Шаттық күйін бөліскен
Аяқталды тағы бір оқу жылы жеміспен.
Жеңісгүл: Жастарды жиды маңына
Мейірге толы мектебім.
Айқара ашқан құшағын
Балапаның боп сенің,
Өзіңнен түлеп ұшамын.
Білімнің нұрын шашылған
Теруге оқып жүр екем.
Бақытқа бізді шақырған
Қоңырау даусы- жыр екен.
Ержан: Өтті бізден балалық,
Өтті бізден шашалық,
Тезге салды ұстаздар,
Текті мінез даналық
Ұсынғаны –адалдық,
Үйреткені-адамдық
Бар ұстазға тілейміз-
Бақыт, табыс, амандық.
Хормен: Білім берген біздерге,
Рахмет, ұстаз, сіздерге.
Мархаба: Мектеп деген білім кені, жыр кені
Мектеп деген ғылымның ең үлкені.
Мектеп деген тәрбиеші адамға,
Мектеп деген даналардың мекені
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім,
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім.
Ержан: Мектепке арналған сыйлықты тапсырады.
Жеңісгул: Арналады ұстаздарға
Құрмет деген, төр деген
Біздің елде адам бар ма,
Ұстаз алдын көрмеген?
Әлібек: Алғыс сізге, алғашқы ұстаз.
Бізге үйреткен әріпті
Алдыңызда иеміз бас
Атыңызды дәріптеп
Ержан: Зульфия Төкенқызына арналған тілек.
Әлібек: Білім беріп көзді ашқан
Ақылшы, досым, ұстазым.
Мейіріңмен сен асқан
Ақылдың жолын нұсқадың
Тәрбиелеп, мәпелеп
Өрлеткен өмір шыңына
Жөн сілтер өзің жетелеп
Ғылымның жаңа тыңына.
Ержан: Ән «Ұстазым»
Алғашқы әліппені үйреткен ұстазымыз Жанар Валиқызына арнаймыз.
Мархаба: Жанар Валиқызына арналған тілек.
Жеңісгүл: Мен бала едім бұғанасы қатпаған
Енді өзімді-бала деуге жасқанам,
Есейсем де өнеге алам ұстаздан.
Соның бірі- мына бұрыл шашты адам.
Оның көңілі кеңдігіндей даланың.
Мен жансам да ұстазымша жанамын
-Үлкен, -дейді кейде мені басқалар.
Ұстазыма бәз-баяғы баламын
Әлібек: Анар Исаханқызына арналған тілек.
Ержан: Көктем келді шешек атып
Жаз ғой оның аржағында
Түсінеміз барлығында
Емтихан бар алдарыңда
Осы ордада алған білім
Мәңгі есіңде кетпес пе
Емтиханды тапсырыңдар
Барлығың да тек 5-ке
Мархаба:
Талай сыннан өттіңіз
Кәмелетке жеттіңіз
Қыран болып ұшыңыз
ВУЗ-ға барып түсіңіз
Әрқашан сәтті жол болсын
Сапарларыңыз оң болсын!
Ержан: «Студентердің қоштасу әні»
Мархаба: Гүлдерге толы омырау,
Әр түрлі әркім ойлайды
Қағылар соңғы қоңырау
Қаққызбай өмір қоймайды
Әркімді әр сұрақ жетектеп
Жолдарға салады әр тарау
Құлақта мәңгігі қалар тек
Күмістей сыңғырлап қоңырау.
Соңғы қоңырау-елеулі мереке
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12012-04-03 21:36:23
Страница: 1