(Барлық оқушы сапқа тұрған)
Фанфары.
1-жүргізуші: Тындаңыздар! Тындаңыздар!
2-жүргізуші:
Армысыздар жиналған ата-ана, ұстаз
Той жиынсыз өмірдің мәні болмас
Арамыздан талпынып қақты қанат
11 жылда оң солын таныған жас
1-жүргізуші:
Бастайтын жолға сан тарап
Басталсын көне всалтанат
Дәл осы сәтті біздермен
Тойлайды бар ел шартарап
2-жүргізуші:
Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Қиындығы мен қызығы мол тағы бір оқу жылы артта қалды. Алда жайдары, жарқын жаз, көңілді демалыс, танымсыз еңбек тоқсаны. Баршаңызды оқу жылының аяқталуымен “Соңғы қоңырау” түлектермен қоштасу мерекесімен құттықтаймыз.
2-жүргізуші: Салтанатты мерекеміздің құрметті қонақтарымен таныстырайық
1.
2.
....
2-жүргізуші:
Алдарында сан тарау жолдары тұр
Бәрі ертеңгі азамат болғалы тұр
Үлкен өмір есігін ашпақ,міне
КЕЛГЕН ҚАУЫМ, ҚОЛ СОҒЫП,ҚОЛДА БҮКІЛ
1-жүргізуші:
Ұрпағың мақтануға болса лайық
Біз бүгін мақтанайық жар салайық
Биылғы 11-ші жыл түлектерін
Құрметпенен қол соғып қарсы алайық
(Айнала әні әуенімен түлектер келеді)2-жүргізуші: 11 сынып жетекшісі ...............
2- жүргізуші:2007-2008 оқу жылының “Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау” атты салтанатты мерекемізді ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер (шапалақ)
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар! Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкелінсін!
(әнұран орындалады, оқушылар қосылады)
2-жүргізуші:
Жолдайды мектеп мүдірі
Түлектерге ақ тілек
Өмір деген үлкен жолда
Ақ жол тілеп, бақ тілеп
Өмірде өшпейтін іс-балаға берген білімін, мейірімін, қамқор пейілің. Ол-болашақ. Болашақтың бүр жарған сабағына құйған білім нәрін мәңгілік деп алғашқы сөзді мектеп директоры ...................... беріледі.
( құттықтау , жетістіктер, ҰБТ–тілек, 1 сынып)
(Мақтау қағазы, марапаттау кезінде фанфары ойнау керек)
1-жүргізуші:
Ажырамай халықтан бір елі сіз,
Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.
Сөз берелік құрметпенен өзіңізге,
Түлектерге арналсын тілегіңіз.1-жүргізуші: Тілек сөз ...................... беріледі.
2-жүргізуші:
Ата-ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар
Ойлауменен алдағы бала қамын деп
Ата-аналар атынан тілек сөз ................... ағайға беріледі.
1-жүргізуші.
Әлі есімде әліппені ашқаным
Есімінді есте мәнгі сақтадым
Жүрегіме нұрын құйған жылылық
Көрген емес ешқашанда суынып деп
Түлектердің алғашқы ұстазы ................... сөз беріледі2-жүргізуші:
Сыныпты келдің басқарып,
Көрмедің ойлап бас қамын.
Шәкірттер жатыр ұшқалы,
Өмір дегенін қас-қағым.
Бірге өткізген күндерін, қыс-жазында,
Жазып шықты қаншама іс-қазына.
Балапанын ұшырған ұясынан,
Сөз берейік жетекші ұстазына депКелесі сөз кезегін ұлағатты ұстаз, түлектердің сынып жетекшісі ...................... беріледі
1-жүргізуші: Түлектер! Сендерді бүгінгі мерекемен құттықтауға келген 1 сынып оқушыларына сөз кезегін береміз.
(1 сынып сөз сөйлейді)1 сыныптың 11 сыныпқа арнауы.
Абзал жандар, биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып төл мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп,
Құттықтайды бірінші сынып баршаңды.11 жыл бойы оқыған,
Ойға білім тоқыған.
Ағалар мен апалар,
Орындалды ойыңыз,
Құтты болсын тойыңыз............. аға, мен сіздей, (Әсет)
Спортшы боламын.
Барлық сайысқа қатысып,
Облыстан орын аламын.Еш уақытта сенбіліктен қалмайсыз,
Еңбек десе құлшынып жайнайсыз.
Білемін мен, ................ аға өмірде,
Адалдықты, жақсылықты қолдайсыз.............. аға , мен сізді сыйлаймын,
Өзіңізді қоштасуға қимаймын.
Оқуға түс, білім алып, еңбек қыл,
Тек жақсы сөз ертеңіне арнаймын.............. аға, өзі қандай сымбатты,
Ұлы ғой анасының қымбатты.
Оқуға түсіп қуантыңыз бізді де,
Өміріңіз болсын ұзақ, айбатты............... аға,
Қаржыгер болуды армандайсыз,
Ер жігіт боп бүгін сіз қалғандайсыз.
Мектеп берген білімнің арқасында,
Асқақтап болашаққа қол бұлғайсыз.Білім, өнер, еңбек бәрі егіз,
Жана берсін әрқашан еңбегіңіз.
Еңбекқор деп атайды бәрі сізді,
Тек биіктен ................. аға көрініңіз.Тәртіпті де, тіл алғыш,
............ ападай боламын.
Сабақтан себепсіз қалмаймын,
Салт – дәстүрлі сақтаймын.Өзімнен кішкентайларға,
Мейіріммен қараймын.
................ апа мен сіздей,
Әдепті қыз боламын.Бір мінезің бар сіздің аңқылдаған,
Орыс мектебінің қыздарына жарқылдаған.
Қанат қағып барасыз .................. аға,
Мақсатыңа жете біл армандаған.Өзі қандай ұқыпты қарашы,
Ақтөбенің ол сүйкімді баласы.
Барлық іске тиянақты қарайды,
Мақтан етем мен ................. ағайды.1 бала – Сіздерге жалын жүректен,
Айталық достық тілекпен.
Бәрі - Әрқашан сәтті жол болсын,
Сапарларыңыз оң болсын !(Балауса әнін орындайды ......................... )
(1 –ші сынып оқушылары сыйлық береді)
1-жүргізуші:
Жүректері лүпіл қаққан,қимастық пен қуаныш,аңсау мен арман сезімдері араласқан,осынау сәтте шәкірттік сәттің соңғы,өмір жолының алғашқы қадамында тұрған жас түлек,ендігі сөзді сендерге береміз.
(11 сынып орындарынан бастайды )
(Айнала - әуені 1-3 секунд ойнау)
Түлектер: Енді сіздердің назарлаңызға «Сыңғырла соңғы қоңырау» атты әуендік сәлемімізді ұсынамыз.
*********
Алда қиын жол әлі
Алда мақсат,тілектер
Әр кеудеде соғады
Қоңырау үні сыңғырлап
Естілді жылы жаныма
Күлкідей әсем сыңғырлап
Бөбекті жиды маңына.********
Әр жыл сайын қарулантын біліммен
Алға дәйім мені бастап өсірдің
Нәр аламын,аяулы ұстаз, үніңнен
Ардақтысың мектеп-алтын бесігім
********
Мектепке алғаш келгенде,
Мейірлі жандарды көргенде
Шарықтап биік қиялым,
Шаттанып шексіз сый алдым
Анадай ұстаз мектебім
Алғысым айтар көп менің.
********
Балапандай бауыр басқан ұяда,
Бірге өскен мектебіе жан қия ма?
Жолдама алып, болашаққа өзіңнен
********
Бірге жүрдік,11 жыл, бірге ойнадық,
Бірге оқыдық 11 жыл, бірге ойладық
Келді бүгін қоштасатын кезіміз,
Ақтық рет мектеп тойын тойладық.
************
Мектеп, мектеп, менің жарқын көңілім
Мектеп, мектеп, шаттық толы өмірім
Мектеп, мектеп, әнім болып төгілдің
Мектеп, мектеп,ана болып та көріндің
********
Мектеппен бүгін қоштаспақ,
Қоштаспақ мәңгі сан түлек
Айтылып жатыр сан тілек
Егіле-берді сан жүрек
Барлығы отыр есіне а,н
Мектепте өткен жылдарды
Мініп алып бір-бірден
Білім деген тұлпарды
*******
Өтті бізден бабалық
Өтті бізден шалалық
Тезге салды ұстаздар
Текті мінез-даналық
Ұсынғалы адалдық
Үйреткені адамдық
Бар ұстазға тілейміз
Бақыт, табыс,амандық.
**********
Мейірге толы мектебі
Майқара ашқан құшағын
Балапаның боп мен сенің
Өзіңнен түлеп ұшамын*******
Сенен ыстық алтын ұя таппадым
Зінде өтті балғын бала шақтарым
Қоштасамын қимастықпен мен енді
Бетке алған соң балалақтың бақтарын
*******
Мектебімнің басшысы да тірегі
Барлығы оны мейірбан деп біледі
Әрқашан да басшы демей ол өзін
Ортамызда күліп, ойнап жүреді
Құтты болсын, мейрамыңыз бүгінгі
Көріп жүрсін ауыл-елің нұрынды
Өзінізге бақыт тілеп өмірде
Сыйлаймыз, сізге осы гүлімізді.............. “Ен ақылшы директор” номинациясымен марапатталды.
(фанфары ойнайды)
********
Орыс тілі, ағалшын тілі ортақ тіл деп білеміз
Бар ұстазға арналатын жыр егіз
Шәкірттердің сүйіктісі болсын деп
Ұстаздарым, сізге , айтамыз біз лебіз..................... “Ең қамқоршы оқу меңгерушісі” номинациясымен марапатталады.
.......... “Ең парасатты мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнайды)
Түлектер:
Үйретесіз қартадан
Дала,қала жер шарынбарлық бала білсін деп
Бізде қанша ел барын
Еңбегіңіз еленіп
Жүрсін аға,апалар
Қуанышқа кенелтіп
Жүрсін сізді балалар.
......................... “Ең білімді сынып жетекшісі” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
************
Селт етпейтін нық тұлғаң
Шындық мәнін ұқтырған
Түйілгенде қос қабақ
Кімді болсын ықтырған
Түлектерге біздердей
Жол сілтеңіз қашан да
Қалпыңызда тік тұрған.
...................... “Ең байсалды мұғалім” номинациясымен марапатталады
........................ “Ең инабатты мұғалім” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)**********
Сырттан құр не десек те
Төселдірген есепке
Мына ән-сыйды түлектің
Алғысы деп есепте............... “Ең жан-жақты мұғалім” номинациясымен марапатталады
.................... “Ең сымбатты мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)
*********
Білсін деп ана тілінде
Құштар боп өссін білімге
Деп әркез бірге жүресіз
Шәкіртпен бірге күлесіз
Еңбегің жансын әрқашан
Білсінші сізді жер үсті.
................... “Ең әділетті мұғалім” номинациясымен марапатталады.
(фанфары ойнау)**********
Бізге сіздей ұстаз беріп
Сізге біздей шәкірт берген
Еңбегіңіз біздер үшін
Көрінеді биіктен
Тілейміз ашық аспан, жарық ай
Ұстазым менің ............ ағай
...................... “Ең көңілді мұғалім” номинациясымен марапатталады
(фанфары ойнау)Ән “Достарым” орындайтын ............................
(Мектеп аманатын тапсыру рәсімі оқиды)
Түлектер: Мектеп аманатын тапсыру рәсімі .............. пен аманат қабылдап алу құрметі 10-сыныптың оқушысы ............... беріледі
Түлектер:
Сіздерге бірінші аманат
Жан азығы адамның –ана тілі,
Тек сонымен ашылған дала гүлі.
Өнер алды –қызыл тіл дейді қазақ,
Бұл мәтелдің теренде мәңгі сыры.
Жас ұрпаққа жалынды,
Сөз маржанын дарытқан.
Абай, Пушкин жырымен,
Тіл арқылы табысқан.
Тілдің сырын меңгерген,
Тіл білуді жөн көрген.
Көсегесін көгертіп,
Ғажайып бір өң берген
Ел азаматы болыңдар.
10-сынып оқушысы:
Оқуды терең меңгеріп
Аманатты ақтаймыз
Мектепті үздік бітіріп
әдеп –салтты сақтаймыз- деп уәдемді беремін.
(ФАНФАРЫ )
БІЛІМ КІЛТІН ТАПСЫРУ САЛТАНАТЫ ............. МЕН БІЛІМ КІЛТІН ҚАБЫЛДАП АЛУ ҚҰРМЕТІ 1 СЫНЫПТЫҢ ОҚЫШЫСЫНА БЕРІЛЕДІ:
Түлектер:
Білімнің мына өмірде жеңгені көп
Білім қалар халқымның сенгені боп
Сондықтанда білім кілтін сендерге
Тапсырамыз ақ ниетпен сенеміз деп
(........... кілтті .............. береді) фанфары 1-2 секунд1-сынып оқушысы:
Ұрпаққа кезенімен білім берген,
Алтын ұя мектеп қой елім сенген.
10 жыл бойы білімменен қанаттанып,
Аттанамыз бізде білім керуенімен
Түлектер:
Мерекеде басты қостық бәріміз
Жарасады әнімізбен сәніміз
Әуенімен тербелейік вальспен
Бірге толқып, әсем сазбен жанымыз.
(Қоштасу әнін қосу,.............. орындайды)
(ТҮЛЕКТЕР МЕКТЕП ВАЛЬСІНЕ ШАҚЫРАДЫ)
(вальстен кейін, 11 сынып оқушылары шар, жазу парағын, көгершін ұшыру)
2-жүргізуші: Құрметті түлектер! Көгершіндей қанаттарың талмай, биікке самғап ұша беріңдер!
2-жүргізуші:
Нағыз жүрек тебірентерлік сәт те келіп жетті. 11 жыл бойы әр сабақ арасында естіп, біліп достасқан әдемі қоңырау үні бітірушілер үшін соңғы рет соғылмақ
1-жүргізуші:
Қоңырау соғу рәсімі 11 сыныптың оқушысы ...............
мен 1 сыныптың оқушысы .............. беріледі
2-жүргізуші:
Күмбірле, қоңырау күмбірле
Аттансын түлектер жаңа өмірге.
1-жүргізуші:
Ұшырады мектебің өз қолыңнан
Көріне біл ғылымның сан қырынан
«Қайран, мынау қазақтың ұлы ғой»-деп
Көріне біл тұғырдан, биік шыңнан.
2-жүргізуші:
Қоштасады алтын ұя мектебің
Маңдайыңнан сипап өтер көктемің
«Сәт -сапар» деп қол бұлғаймыз бәріміз тілейміз біз армандарға жеткенін
Ұлттық біріңғай тестті табысты тапсыруларыңызға тілектеспіз. Жаңа өмірлеріңізге ақ жол, сәт сапар тілейміз!1-жүргізуші: Ал енді түлектерді құрметпенен шығарып салайық
(қол шапалақ, фон “Той” әні)
1-жүрг,2-жүрг. Бірге: Үлкен өмірге аттаған қадамдарынна нұр жаусын, талаптарын оң болсын!
2-жүргізуші:
Осымен түлектеріміздің алтын ұя мектебімен қоштасуына арналған «Сыңғырла тағы да соңғы қоңырау» атты салтанатты мерекемізді жабуға рұқсат етіңіздер.
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туына тік тұрыңдар!
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы әкетілсін!
2-жүргізуші: Оқушылар! Сіздерді көңілді демалыс, жайдары, жарқын жаз қарсы алуда. Жазғы демалысты көңілді өткізіп, денсаулықтарынды жақсартып, жаңа оқу жылында жаңа күш- жігермен алтын ұя мектептеріне оралуларына тілектеспіз
1-жүргізуші: Мектепке қарай қадамды 1 сынып оқушылары бастайды.
( Қазақстан әнін қосу
Соңғы қоңырау сценарийі
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12012-04-03 21:27:55
Страница: 1