Маңғыстауда туып-өскен. Суырыпсалма ақындығымен бүкіл Маңғыстау аймағына танылады. Ата қонысы - Бозашы түбегі. Бейіті қаратөбе зиратында. Жыр сапарымен Хиуа хандығындағы қарақалпақ, түрікмен ауылдарын да көп аралайды. Абыл тілеуұлы «Ноғайлының қырық батыры» жырын сақтап, келер ұрпаққа жеткізушілердің бірі болды.
Өлеңдер
Арғымақ атта сын болмас,
Қиған қамыс құлақсыз.
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Айдын көлде сын болмас,
Жағасы болса құрақсыз.
Асқар тауда сын болмас,
Бауыры болса бұлақсыз.
Ақ киікте сын болмас,
Арты болса лақсыз.
Жеті арнада сын болмас,
Аяғы болса тұрақсыз.
Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл,
Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Қамшылап Әбу жылан мінсең дүлдүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Алтайы беріктен қашқан итке алдырмас.
Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Алғаның жаман болса, басың күтпес,
Кей пенде, Тәңір салса, тастап кетпес.
Жігіттер, болсаң тату, жақсымен бол
Дүниенің асылындай баға жетпес.
Ел болмас мақтаса да кісі еліндей,
Жіп тұсау - жаман жолдас - кісеніңдей.
Қанша жақсы десең де соңғы жолдас,
Бола алмайды әуелгінің мүшеліндей.
Ханымды сен айтасың келіншек деп,
Ханды ханым айтпағай еріншек деп.
Тіліңді халқың алса да, қатының алмас,
Бұзаудай ноқта тартқан шегіншектеп.
Мырзатай өлерінде налып өлді,
Қылышын қия жауға салып өлді.
Өлсе де Мырзатайдың арманы жоқ,
Жастығын өлерінде алып өлді.
Мырзатай өлерінде өрлеп өлді.
Қылышын ит дұшпанға сермеп өлді.
Мырзатай кім-кімнен де батыр еді,
Тіріде жауға намыс бермеп еді.
Бұл жаудан жақсы да өлді, жаман да өлді,
Мырзатай, Дулатұлы Қабан да өлді.
Тигесін ажал оғы, амал бар ма,
Маңдайын еш аудармай, табанда өлді.
Жау шаптыкөрген жан көп көзіменен,
Ер өлді Бүркітәлі, Кежіменен.
Бір пенде алай-былай десек дағы,
Алладан ажал жетті кезіменен...
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың басына
Балапан ұшып шыға алмас.
Сұңқардан қыран құс болмас,
Соқтасы қатпай аң алмас.
Айдын, айдын, айдын көл,
Асарлап төксең, суалмас.
Қабырғасы қатқан кәрі боз
Қаржалған күні жүгіре алмас.
Алғыншы алсаң, аруды ал,
Артыңда жылап қалса, кім алмас.
Желбезекке жебе дарыса,
Өрге балық жүзе алмас.
Әркімдер жеткіншектен айрылса,
Жер таянбай тұра алмас.
Асқар, асқар, асқар тау,
Асқар таудың басына
Балапан ұшып шыға алмас.
Сұңқардан қыран құс болмас,
Соқтасы қатпай аң алмас.
Айдын, айдын, айдын көл,
Асарлап төксең, суалмас.
Қабырғасы қатқан кәрі боз
Қаржалған күні жүгіре алмас.
Алғыншы алсаң, аруды ал,
Артыңда жылап қалса, кім алмас.
Желбезекке жебе дарыса,
Өрге балық жүзе алмас.
Әркімдер жеткіншектен айрылса,
Жер таянбай тұра алмас.
Жез қанаты қайрылса,
Лашын тырна іле алмас.
Ер жолынан адасса,
Не боларын біле алмас,
Тең құрбының ішінде
Қасқая күліп тұра алмас.
Таудағы тарлан қарта марал
Таямын деп қайғы етсе,
Табандап басар қиядан.
Екі даугер келгенде,
Төресін әділ береді
Ақылға кәміл би адам.
Әспенттен биік қарағай,
Қарағай басын жел соқса,
Қаршыға құс қайғы етер
Балапаным өлер деп
Мамығын төккен ұядан.
Қалыңда жүрген қасқалдақ
Қақақұсқа жем болар,
Өртенсе көлдің қоғасы.
Қайраңда жатқан нән балық
Шағала құсқа жем болар,
Суалса көлдің сағасы.
Арғымаққа тартқан ығыршық
Арқасына бекімес,
Үзілсе айыл тоғасы.
Атадан қалған ақ сауыт,
Шығыршығы шірісе,
Жегдедей болмас панасы.
Аруана түйе күңіренер,
Бауырынан өлсе баласы.
Ай тұтылды ұлысыңан,
Күн тұтылды шығысынан.
Емен сапты болат найза
Сынды дейді ұңғысынан.
Тау құлады шынарынан,
Айырылып, шықты көзің, шырағыңнан,
Айрылдың Жиреншедей ділмарыңнан.
Көрсең, көзіңнің раушаны,
Көңіліңнің күш-қуаты,
Жүрегіңнің ол дидары,
Көзіңнен ол жанары,
Айрылдың әспеттеген перзентіңнен.
Басында миуа ағаштың сайрар бұлбұл,
Жігіттік - өтер, кетер бір қызыл гүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Қамшылап Әбу жылан мінсең дүлдүл.
Қусаң да қос ат алып бір шалдырмас,
Алтайы беріктен қашқан итке алдырмас.
Ау, тақсыр, алған жарың жақсы болса,
Көңіліңді дүниеде бір қалдырмас.
Алғаның жаман болса, басың күтпес,
Кей пенде, Тәңір салса, тастап кетпес.
Жігіттер, болсаң тату, жақсымен бол
Дүниенің асылындай баға жетпес.
Ел болмас мақтаса да кісі еліндей,
Жіп тұсау - жаман жолдас - кісеніңдей.
Қанша жақсы десең де соңғы жолдас,
Бола алмайды әуелгінің мүшеліндей.
Ханымды сен айтасың келіншек деп,
Ханды ханым айтпағай еріншек деп.
Тіліңді халқың алса да, қатының алмас,
Бұзаудай ноқта тартқан шегіншектеп.
Қар жауар күн-түн оның қабағынан,
Жалбырар байбатасы балағынан.
Қөқ шұнақ лағы өлсе көгенінен,
Ойлайды азаяр деп жегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Шықпайды қатынының дегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Отырып от басында болар мазар.
Сөйлесіп азаматпен ақыл қоспас,
Сөйлесіп қатынымен дертін жазар.
Арғымақ атта сын болмас,
Қиғане қамыс құлақсыз.
Азаматта сын болмас,
Арты болса тұяқсыз.
Айдын көлде сын болмас,
Жағасы болса құрақсыз.
Асқар тауда сын болмас,
Бауыры болса бұлақсыз.
Ақ киікте сын болмас,
Арты болса лақсыз.
Жеті арнада сын болмас,
Аяғы болса тұрақсыз.
Сексеннің бізде келдік жетеуіне,
Жаманның ергенім жоқ жетегіне.
Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік,
Біздей шал жатып қалды төсегінде.
Сексеннің біз де келдік жетеуіне,
Жаманның ергенім жоқ жетегіне.
Біз байғұс қалтақ-құлтақ етіп келдік,
Біздей шал жатып қалды төсегінде.
Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай.
Аузына байтақ жұрты анталаған,
Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
Сен барда сүйеулі еді арқам жарға-ай,
Қатепті қайыспайтын қара нардай.
Аузына байтақ жұрты анталаған,
Сүйекем сөйлер еді-ау қарқуардай.
Сүйекем сапар шекті сексен бесте,
Сисемде қалды жатып - аю төсте.
Қорлыққа көнбен деген бір пенде еді,
Ажалға - о да көнді салған іске.
Қар жауар күн-түн оның қабағынан,
Жалбырар байтабасы балағынан.
Көк шұнақ лағы өлсе көгенінен,
Ойлайды азаяр деп жегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Шықпайды қатынының дегенінен.
Ол жігіт отын алар, ошақ қазар,
Отырып от басында болар мазар.
Сөйлесіп азаматпен ақыл қоспас,
Сөйлесіп қатынымен дертін жазар.
Ар жағың Ер Есболай, Итемгеннен.
Келеді айқын жүйрік ит өлгеннен.
Қайтпады қайран елдер қауымына
Ажалға өзі барып сүйкенгеннен.
Ар жағың Ер Есболай, Итемгеннен.
Келеді айқын жүйрік ит өлгеннен.
Қайтпады қайран елдер қауымына
Ажалға өзі барып сүйкенгеннен.
Құлбарақ туып еді Табылдыдан,
Жау көрсе, жаман қашар шабындыдан.
Барды да, батыр жаудан қапыда өлді.
Тиді де ажал оғы қағындыдан.[/size]