Сұхбатымыздың тізгінін, рэп жолында бастау алған «Жас Қыран» ұйымынан бастасақ. Ұйым қалай құрылып еді?
- Жалпы «Жас Қыран» ұйымы 2009 жылы құрылған болатын. Өздеріңе белгілі Тайфун, Миф бауырымның ұйымдастыруымен құрылып, артынан мені шақырған болатын.
- «Жас Қыран» ұйымының мақсаты неде?
- Біздің басты мақсатымыз, қазақша рэпке үлес қосып, қазақи тілде, қазақи мәнерде, қазақи деңгейде жоғары көтеру, халыққа көрсету, естірту, жәнеде қазақша рэптке ерекше дүние енгізу бұл тек әзірге.
- Осы мақсаттарыңыз қазір ретімен орындалып жатырма?
- Мақсаттарымыз қазіргі таңда баяу, ретімен орындалуда Иншаллах.
- Ендеше мақсаттарыңыз орындала берсін деген тілеумен келесі сұрағыма көшейін. Өтіп кеткен ескі жыл, 2011 жылы сіге қандай табысты жыл болды?
- Аумин. Мен үшін табыстар мол, көңіл толарлықтай десем артық етпес. Осы жылы біршама жоспарым орындалды, атап-атап бастысын айтсам, рэп жағынан, халық құлағына және қоржыныма көптеген лирикалық әуендер, және осы жылда сүйгенімді таптым, тағы бір атап өтетеін қуанышым осы жылдың соңғы айында 18-ге толып кеттім.
- Біздің ұжым сіздің туған күніңізбен құттықтайды. Осы жылы қоржыныңызға көптеген лирикалық әуендер кірді дедіңіз, халыққа көп таралымға шыққан әуендеріңіз бар болса атап өтсеңіз?
- Менімше көп таралымға шыққан, Шымкент қаласындағы BRJ бауырыммен айтылған «Люблю тебя» атты әні, «YC Pro» Akooo-мен айтылған «Happy Birthday» атты әні, Бако Жанмен бірге айтылған «Қиялымсың» атты әні, және көбінесе Ержан бауырыммен айтқан «Жалынба» атты әніміз көп жүктеліп тыңдалды.
- Ал, 2012 жылға қандай қуанышты жоспарларыңыз бар?
- 2012 жылғы жоспарымыз әзірге аз, айдың басы болғасын мүмкін, жалпы бүгін «Жексенбі» атты микстейппім шығып қалады, Тайфун мен Миф бауырымның «Война война» атты микстейпі шығады, және жақын арада «Алаш» өнерлі жастар» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Бако Жанмен үлкен жоспарым бар, қазіргі таңда жайменен кірісіп жатырмыз, ИншАллах осы жылдың жақсы жаңалығы болад дегенге сеніміміз бар.
- Бұрындары сіз жеке орындаушы емес, топ болып шығып жүрдіңіз. Сол топ қалай құрылды және сол топ әлі күнге дейін барма?
- Иә, бұрын қасымдығы баурыларыммен топ құрғанбыз, Нұрсұлтан, Ержан атты бауырыммен. Бұл 2008 жылдары болатын. Бұл топ 2009-ға дейін ғана болды, 2010 жылы, аздап қана тек концерттік кешке ғана шығып жүрдік, қазір бірге жұмыстанбаймыз, бірақ қазір бұл топтың мүшелері бәрі «Жас Қыран» ұйымында, яғни қасымда.
- Біздің сайттың оқырмандарына өзіңіз жайлы қысқаша айта кетсеңіз?
- Өзім жайлы ақпарат бергенді ұната бермеймін. Мақтағымда, жамандағымда келмейді. Жай ғана өзіме ұнайтынын жасайтын пендемін. Толық есімім Рысбаев Мейрамбек, 1993 жылы, Желтоқсан айының, 30 жұлдызында дүниеге келдім. Ақшұқыр поселкасында тұрып жатырмын, қазір Есенов колледжінде оқимын.
- Рэп жолына қалай келдіңіз? Себепші кім болды?
- Рэп жолына 2007 жылдан бастап, «ДМХ», «West ARS», «Смерч», сияқты ағаларымыздың рэптерін тыңдап қызығушылықпен келдім. Себепші солар
- Рэп жолында еңбек етіп келе жатқаныңызға қанша жыл болды?
- 5 жылдай болып қалды.
- Мейрамбек, сіздің лирикалық жақсы әндеріңізді тыңдаудамыз, ең бастысы олар жүрекке жақын. Бұның сыры неде?
- Мүмкін көптеген өлеңім, өмірден алынатын болғасын болар.
- Өзіңізді жұлдызбын деп есептейсіз бе?
- Жоқ.
- Балағат сөздермен рэп айтуды сіз дұрыс деп ойлайсызба?
- Қарсылығым жоқ.
- Қай рэпперге құрметіңіз бар? Есімдерімен жеке-жеке айта аласызба?
- «Жас Қыран» ұйымына, Ақтаулық Бауырлардан Akooo, Erkin Eagle, Crambo, Solakai, Tagan, Merei, «RG» группасына, Rusik, Reeko, Атыраулық Neron, Kadem, Madiman, B.Mc, Niko, Sultan, Оралдық Nakeee, Алматыдан Beat G бауырым, жанеде Loony Laoo, BrJ, тағыда басқалары.
- Қазақша рэп саласында кімдерді ең жақын достарым деп айта аласыз?
- «Жас Қыран» ұйымы, «Алаш» өнерлі жастар», және жоғарыда айтқан бауырлар.
- Сіз, 2010 жылы «Алаш» production ұйымдастырған, «Жас Жалын» атты жас рэпперлер фестиваліне қатысқан едіңіз, сізге алғаш өткізілген фестиваль ұнадыма?
- Иә, өтте қатты ұнады. Қызықты фестиваль болды.
- Сол фистивальда болған, қызықты оқиғалар жайында қысқаша айта өтсеңіз?
- Қатты ұнағаны залдан 10 сөз алып, сол сөздерді қосып 16 жол рэп шығару, 15 минут ішінде.
- Ал, осы 16 жол рэп шығару 15 минутта сізге қиын тидіме?
- Жоқ, қиын болмады! Қызықты болды.
- «Алаш» production ұйымдастырып жатқан іс шараларына, сіздің көз қарасыңыз қандай?
- Ұйымдастырып жатқан шараларға көз қарасым жақсы, көңілім толады.
- Қазақша рэппен азықтанатын жастарға, рэп жолымен тәрбие беру немесе сондай-ақ қазақша тілді насихаттау дұрыс деп ойлайсызба?
- Қазақша рэппен азықтанатын жастарға ризамын, тәрбие алғаны жақсы, бірақ оң жағынан, және насихаттау дұрыс, әрі қарай рэп деңгейін жаңа сатыларға көтерсе деген ниеттемін, және мол сенемін.
- Алдағы уақыттарда қандай жоспарларыңыз бар?
- Алдағы уақытта хабардар бола жатарсыз, жылдың басы болғасын жоспарлар аз әзірге.
- Сіз «Батыс дәрігері» деген альбом шығарған едіңіз, сол өзіңізге ұнадыма? Және тыңдармандарыңызға қалай жетті?
- Өте қатты ұнаған жок, алғашқы микстейппім болғасын болар. Мүмкін жақсы, мүмкін басқаша, ешкімнен нашар деген шағым естігем жок (күлді.
- Не себепті «Батыс дәрігері» деп қойдыңыз? Әлде мамандығыңыз дәрігерме?
- Батыс дәрігері деп қойған себебім, Лирикалық әуендерім арқылы тыңдарманның құлағын, басқа бағыттардағы, сапасыз ауендерден тазалау, емдеу.
- Өз ойыңызша қаншалықты емдей алдым деп ойлайсыз?
- Толықтай емес, аз ғана аумағын десем болады, мүмкін бірінші мисктейпым болғасын болар.
- Алдағы уақытта тағыда альбом шығару ойда барма?
- Иә, бар. Бір орында тұрып қалмаймызғой.
- Сіздің өнеріңізге тікелей демеуші болып жатқан адам барма?
- Бауырларым әрине.
- Бейне клип түсіру ойда жоқпа?
- Жалпы бар, демеуші жоқ
- Егер демеуші табылып жатса алғашқы бейне клипті қай әуенге түсірілер еді?
- Ол жағын жоспарламаппын.
- Осы біздің Қазақстанда өз дәрежесін ойламай, қазақша рэп үшін адал еңбек етіп келе жатқан қай рэппер немесе қай ұйым деп ойлайсыз?
- Смерч а.к.а Жақау жәнеде Батысты Ақтау рэптің астанасы деп, ешкімге әліге дейін дес бермей келе жатқан Тайфун мен Миф бауырларым, әрине бұл өз ойым.
- Сіз касіби рэпперсіз бе? әлде, рэп сізге жай ғана хоббима?
- Әзірше хобби, уақытымен кәсіби болармыз, Иншаллах.
- Сіздің мақтап айтарлықтай қандай жетістігіңіз бар?
- Әуендерім мақтанышым мен үшін.
- Қазақстан шоу бизнесіне ену мақсатыңызда барма?
- Қазақстанда рэптен әлі шоу бизнес жоқ, рэптен бөлек былайда шоу бизнес дамымаған, сондықтан түсінікті болар.
- Ал, сол Қазақша рэп шоу бизнесінің дамыту сіздің ойыңызда және мақсатыңызда барма?
- Ойда бар, бір-ақ үлкен қаражат қажет етеді, ал менде қаражат жоқ. Болса шоу бизнеске апарар едім мүмкін.
- Сұхбатымыздың тізгінін аяқтай келе, біздің сайттың оқырмандарына және жоба ұйымдастырушысына қандай тілегіңіз бар?
- Біріншіден сайтқа рахметімді айтайын, Қазақша рэпте қазір осындай сайт жоқ, болсада көрмеппін. Біздің қазақи рэппімізді ақпараттандыратын ерекше сайт, сондықтан оқырмандарға айтарым, өзіңіңізге қажетті ақпаратты алыңыз.
Уайым, қайғы жоқ болсын,
Ақпараттар көп болсын,
Азықтанушы тыңдармандар,
Қарындарын тоқ болсын. - деп аз маз тілегімді айтайын, көп рахмет сұхбаттарыңызға, әрқашан мол табыс тілейм, Құрметпен МсМ
- Бізге өзіңіз жайлы, өз ойыңыз жайлы сұхбат бергеніңіз үшін мың алғыс білдіреміз. Алдағы мақсаттарыңызға сәттілік, табыс, қуаныш тілейміз.
- Рахмет және Құрмет.
МсМ: Осы жылда сүйгенімді таптым
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12012-03-26 04:41:07
Страница: 1