І нұсқа
1. Әдеби тілдің формаларын көрсет
а) жазбаша с) жазбаша, ауызша
в) ауызша д) формалары жоқ
е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс
2. Қазақ тіліндегі «әдеб» сөзі қандай сөздің негізінде жасалған?
а) мәдениет в) сөз әдебі с) әдебиет
д) сөз сөйлеу мәнері е) әдеп
3. Тіл қаруы - ... , сөз қаруы –ой
а) сөйлеу в) шешендік с) ойлау
д) сөз д) ақыл
4. Мәтіннің құрылымы
а) сөздерден, сөйлемдерден, абзацтардан
в) сөздерден, тақырыптардан
с) сөйлемдерден, әріптерден
д) жай және күрделі сөйлемдер
е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс
5. Мәтіннің құрамындағы сөздердің байланысу түрлері
а) тақырып бойынша, негізгі ой бойынша, айқын идея арқылы
в) тек тақырып бойынша
с) тек айқын идея арқылы
д) негізгі ой және тақырып бойынша
е) тақырып және негізгі ой бойынша
6. Мағына дегеніміз не?
а) сөздің сыртқы қабығы в) сөздің жалпы формасы
с) сөздің жасалу жолдары д) сөздің ішкі мазмұны
е) сөздің айтылу мәндері
7. «Елу» деген сөздің бастапқы түрі қандай болған?
а) леу в) елудей с) елліг д) оғл е) оғул
8. Лексикалық мағынасы бар сөзді көрсет
а) бар, ғой, ілк в) кел, мет, шырақ
с) хол, решд, бас д) бас, өмір, шырақ
е) шырақ, решд, өмір
9. «Малай» сөзінің қазақ тіліндегі мағынасын тап
а) бала в) қызметші, жалшы с) қызметкер
д) ұл, қыз е) қырқыл
10. Қазақ тіліндегі көкпар сөзінің құрамын көрсет
а) көк және ат в) көк тұлпар с) көк және жылқы
д) ат ойын е) көк және бөрі
11. Тура мағына дегеніміз не?
а) Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы
в) Сөздің затты я құбылысты тұспалдап білдіретін мағынасы
с) Сөздің затты я құбылысты атап, тұспалдап білдіретін мағынасы
д) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
е) Сөздің затты я құбылысты баяндайтын мағынасы
12. «Күннің көзі» дегендегі көз қандай мағынада қолданып тұр
а) тура мағынада в) тура және ауыспалы мағына
с) туынды мағына д) ауыспалы мағына е) тұспал мағына
13. Берілген тіркестер құрамындағы «терең сөзінің тура мағынада тұрғанын көрсет»
а) терең білім в) терең сезім с) терең ой
д) терең құдық е) терең ақыл
14. Сөздің екі я одан да көп мағынаға ие болуын не дейміз?
а) сөздің тура мағынасы в) сөздің көп мағыналығы
с) сөздің ауыспалы мағынасы д) сөздің бір мағынасы
е) сөздің жауаптарының бәрі дұрыс
15. «Білген кісі тауып айтады, білмеген кісі қауып айтады» деген мақалда ауыспалы мағынадағы сөзді көрсетіңіздер
а) тауып в) айтады с) білмеген
д) қауып е) білген
16. Біркелкі дыбысталып айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздердің тобы
а) синонимдер в) антонимдер
с) омонимдер д) көп мағыналы сөздер
е) тура мағыналы сөздер
17. Түбір не сөздерге жұрнақтар қосылу нәтижесінде пайда болған омонимдер
а) тура омонимдер в) омонимдер ұясы
с) түбір омонимдер д) жасанды омонимдер
е) туынды омонимдер
18. Омонимдерді тап
а) әдемі, көркем сұлу
в) ат болады деп Бұрылды, мақтады, оның аты Асан
с) қысқа, ұзын, ақ, қара
д) әдемі, ұзын, қысқа, көркем
е) тәтті, ащы
19. Мағыналары бір-біріне жақын, бірақ әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер
тобы?
а) синонимдер в) антонимдер
с) көп мағыналы сөздер д) омонимдер
е) тура мағынасындағы сөздер
20. Сын есімдерден болған синонимдерді көрсет
а) оң, сәлемдесу, түр, түс
в) тез, амандасу салмақты, шапшаң
с) салмақты сабырлы, байыпты, ұстамды
д) ұстамды, байыпты, ажар, кескін
е) түс, келбет, пішін рең, дидар
ІІ нұсқа
1. Зат есімдерден болған омонимдерді тап
а) амандасу, тез, жылдам
в) салмақты, сабырлы, тез
с) өң, түр, түс, келбет, пішін
д) амандасу, сәлемдесу, еселдесу
е) тез, жылдам, шапшаң
2. Етістіктерден болған синонимдерді көрсет
а) өң, қол, түс, келбет, пішін
в) салмақты, сабырлы, байыпты
с) тез, жылдам, шапшаң, лезде
д) амандасу, сәлемдесу, есендесу
е) тез, салмақты, есендесу
3. Үстеулерден болған синонимдерді көрсет
а) амандасу, сәлемдесу, есендесу
в) тез, жылдам, шапшаң, лезде
с) салмақты, сабырлы, байыпты
д) ажар, көрік, әлпет, кескін
е) пішін, жылдам, есендесу
4. «Ғажап» сөзінің синонимін табыңыз
а) сұлу в) ұсқымсыз с) өкінішті
д) керемет е) әдемі
5. Жаз бен қыс қасарысып, қарсыласып, айтысты.
Сөйлемдегі синонимдерді тап
а) жаз бен қыс в) қасарысып, қарсыласып
с) қарсыласып айтысты
д) қыс, қасарысып е) жаз, айтысты
6. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер тобы
а) антонимдер в) синонимдер с) омонимдер
д) көп мағыналы сөздер е) қос сөздер
7. Антоним сөздерді тап
а) көрікті, әлем в) ат, ажал с) үлкен-кіші
д) бай, дастархан е) үлкен, үлкендеу
8. Болымды-болымсыздық мағынадағы антонимді тап
а) жақсы-жаман в) ал-бер с) сулы-құрғақ
д) жақсы-жаман емес е) көңілді-қапалы
9. Биік сөзінің антонимін тап
а) аласа в) сары с) ақ д) биіктеу е) ұзын
10. Синонимдік қатарды көрсетіңіз
а) батыл, қорқақ, сыйлық, ала
в) амандасу, сұлу, дастархан
с) батыр, батыл, қаһарман, ер жүрек
д) ұзын, қысқа, ақ, қараша
е) әдемі, ажарсыз, адамның
11. Табу қандай ұғыммен байланысты?
а) этнографикалық в) этнолингвистикалық
с) лексикалық д) синонимдік
е) берілген жауаптардың бәрі дұрыс
12. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тиым салынған сөздер тіл білімінде қалай аталады?
а) эльфилизм в) синоним с) омоним
д) табу е ) антоним
13. Тіліміздегі дөрекі сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтуды не дейміз?
а) дисфемизм в) эвфемизм
с) табу д) синоним е) астарлап айту
14. «Мылжың» сөзінің эвфемизімін ата
а) қосып айту в) қолды болды
с) сөзуар д) ала жібін аттамау
е) өтірік айту
15. Әдепті сөзді дөрекі сөзбен жеткізу құбылысы
а) дисфемизм в) эвфемизм
с) табу д) синоним е) астарлап айту
16. Дисфемизм мағынасы жағынан қай құбылысқа қарама-қарсы келеді?
а) антонимдер в) синонимдер
с) эвфемизм д) омонимдер
е) берілген жауаптардың дұрысы жоқ
17. Тұрақты тіркестердің анықтамасын көрсетіңіз
а) Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы болып келетін сөздер
в) Біріккен дыбыстардан айтылатын, бірақ мағынасы басқа-басқа сөздер тобы
с) Мағынасы бір-біріне жақын, бірақ әртүрлі дыбысталатын сөздер
д) Берілген жауаптардың бәрі дұрыс
е) Екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін сөз тіркестері
18. Тас бауыр деген тұрақты тіркестің мағынасын табыңыз
а) ақылды в) мейірімсіз с) ақымақ
д) қорқақ е) батыр
19. Қорқақ деген сөздің фразеологизмін табыңыз
а) тас бауыр в) тайға таңба басқандай
с) қас қараша д) су жүрек
е) ит жүрісін басына қаптады
20. Тұрақты тіркесті құрайтын сөздерді ауыстырып немесе басқа сөзбен алмастыруға болады ма?
а) ия в) мүмкін
с) кейде болады д) болмайды
е) мағынасына қарай ауысады