Дәуірдің ерекшеліктері: жануарларды қолға үйрету, дәнді дақылдар өсіру.

Неолит
Неолит (жаңа тас ғасыры) (б.з.б. 5-3 мың жылдықтар). неолит дәуірі тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірі болып саналады. Неолит дәуірінің аса маңызды белгісі табиғаттың дайын өнімдерін иемдену яғни терімшіліктің орнына келген өндіруші шаруашылыққа негіз болған мал шаруашылы мен егіншіліктің шығуы болып табылады. Шаруашылықтың жаңа түрлері шығуының адамзат қоғамының дамуы үшін орасан зор маңызды болды, адамның еңбек кәсібінің саласын кеңейтті, сонымен қатар оның сипатын сапасы жағынан өзгертті. Өндіруші шаруашылықтың шығыу «неолиттік революция» деп аталды. Тамақ өндіруге, жеуге жарайтын өсімдіктерді саналы түрде өсіруге, жануарларды қолға үйретуге, өсіруге және іріктеуге көшу адамзат тарихында адамның от жағу өнерін меңгергенінен кейінгі асқан зор экономикалық революция болды. Неолит дәуірінде еңбек құралдары жетілдіріліп, жаңадан бұрғылау, тастарды тегістеу ағашты арамен кесу сияқты жаңа технологиялық әдістері шықты, бірте-бірте қиын өнделетін тастар тұрмысқа, шаруашылыққа пайдаланылды, тас балталар, кетпендер, дән үккіштер, келілер, келсаптар жасала бастады. Неолит дәуірінде Қазақстан жерінде кен кәсібі мен тоқымашылықтың бастамалары шықты. Сонымен бірге керамикалық ыдыс жасау іске аса бастады. Әлеуметтік жағынан алғанда неолит дәуірі рулық қауым дәуірі болды: онда ұжымдық еңбек және өндіріс құрал-жабдықтарына ортақ меншік үстем болды. Осы кезде тайпа бірлестіктері құрылды. Тайпалар тұқымдас жағынан және шаруашылықтың түріне қарай біріккен бірнеше рулық қауымдардан тұрды. Ежелгі Қазақ жеріндегі тайпалар ақшылықпен, балық аулаумен, өсімдектерді жинаумен шұғылданды. Кейінректе (неолитте) олар мал өсіру, егіншілік және кен. өнеркәсібімен шұгылдана бастады. Адамдар мата тоқып, киім тігуді уйренді. Керамикалық заттарға геометриялық өрнектер сала білген.

Тұрақтар.
Арал өңіріндегі Сексеуіл тұрағында малшылар мен аңшылар тұрған. Себебі бұл жерлерде сиыр, қой, жылқы сияқты үй жануарлардың сүйектері табылған (Қостанай облысындағы Ботай тұрағы, Батыс Қазақстан Өңірінлегі Көктүбек, Темір тұрақтары және т.б.). Қазырғы уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім.

Андронов мәдениетінің кезі.
Толық мақаласы: Андронов мәдениеті
Қола дәуірі
Неолит дәуірінің өзінде-ақ байқалған шаруашылықтағы өзгерістер б.з.б. 2-ші мыңжылдықта малшылық-егіншілік экономикасының және жоғары дамыған металлургиясының қалыптасуына жеткізді. Өндіруші экономикаға көшу Қазақстан жеріндегі жағдайды түбегейлі өзгертті. Мал өсіруші тайпалар көлемді және қуатты бірлестіктер құрды; бұл бірлестіктердің құрылуына соғыс қақтығыстары да елеулі ықпал жасады. Қару-жарық жабайы аңдарды аулағанда ғана емес, сонымен бірге тайпа аралық қақтығыстарда да барған сайын жиі қолданылады. Қару-жарақ жасау біртіндеп металл өндірудің дербес саласына айналды. Андронов мәдениетіндей ескерткіштерді қалдырған даланы жайлаған малшы-егінші тайпалардың мәдениетінің орасан зор ортақтығы, біртұтастығы археологиялық материалдардан мәлім болып отыр. Кең байтақ жерге тараған бұл тайпалар, кейбір жергілікті өзгешеліктеріне қарамастан, неолит дәуіріні мәдениетінің ала-құлалығы орнына келген айқын мәдени біркелкілікті көрсетеді.