Дедукция (лат. deductio — бөліп шығару) - сенімді сипатқа ие логика заңдары негізінде бір немесе бірнеше басқа тұжырымдамалардан (шарттар) бір тұжырымды (салдар) дәлелдеп, шығару.[1][2]
Дедукция — білімнің көбіне жалпыдан жекеге қарай көшуі, салдардың алғышарттардан шығарылуы; ғылыми танымда дедукция индукциямен ажырағысыз байланысты. Психология дедукциялық пайымдаулардың дамуы мен бұзылуын зерттейді. Білімнің көбінесе жалпыдан кемірек жалпыға қарай қозғалысы оның барлық психикалық процестермен, тұтас алғандағы ойлау қарекетінің құрылымымен шарттастылығында талданады. Дедукдиялық пайымдауларды эмпириялық зерттеулердің, мысалы, алғышарттарға және олардан шығатын қорытындыларға деген сенімнің талдануы болып табылады. Дедукция - жалпы білім негізінде белгілі бір объект туралы жаңа білім тұжырымдалатын ой қорытындыларын пайдалану. Мұнда материалға сәйкес логикалық процесс пен мазмұндау жолы жалпы қағидалардан басталып, оларды сол немесе басқа нәрсеге пайдаланумен аяқталады. Дедукция - жалпыдан жекеге қарай дамитын ой қорытындысы, логикалық ойлау формасы. Дедукциялық ойдың кең тараған түрі — силлогизм. Екі немесе одан көп пікірлердің байланысы нәтижесінде жаңадан бір пікір шығару.
Дедукция
Страница: 1
Сообщений 1 страница 3 из 3
Поделиться12016-10-20 14:17:26
Поделиться22019-03-10 03:35:38
очень интересно а то у меня не правильные представления были
Поделиться32019-04-02 18:50:17
теперь будем знать
Страница: 1