«Абай» зерттеу еңбегі - қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасынан 1935 ж. жарық көрген зерттеу еңбек. Авторы - Ғ. Тоғжанов. Кітап Қазандағы «Кәмил Жақып» баспаханасынан латын алфавитімен жарық көрген. Автор өз зерттеуін шағын 10 тақырыпқа және қорытынды бөлімге бөліп, Абайдың ақындық жолына, ол өскен уақыт пен ортаға, ақынның жекелеген көзқарастарына, оған шығыс және орыс әдебиетінің ықпалы тақырыптарына шолу жасауды ниет еткен. Автор Абай шығармалары туралы кезінде келелі пікір айтқан А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, I. Жансүгіров, Т. Рысқұлов тұжырымдарын теріске шығаруға күш салып, әділ төрелік тізгінін әміршілдік-әкімшілік нұсқауларға ұстатып, елеулі қателіктерге ұрынған. Абайды байшыл-феодалшыл ақын ретінде көрсетіп, оның әйел теңдігіне, кедейлерге көзқарасы керітартпа діншілдік талаптардан аса алмады, ұлт ақыны емес, ұлтшылдық пиғылы басым болды деп айыптайды. Абай ақындығының қалыптасу жолындағы Шығыс классиктері шығармаларының маңызын теріске шығарып, оның шыншылдық сара жолын белгілеп берген орыс әдебиеті ғана деген сыңаржақ тұжырымға ұрынады. Күнбе-күнгі тұрмыстық көріністерді ғана сынап, үлкен әлеум. мәселелерді, жалпыхалықтық тақырыптарды көтере алмады, көп өлеңі қысқа үгіт, өсиет түріндегі нәрселер ғана деген қате тұжырымдар жасайды. Дегенмен кітап соңында «Абай – самородок, қарадан оқымай шыққан талант» деп мойындауға мәжбүр болады, оның шыншылдық, қазақ поэзиясындағы жаңашыл-дық қызметін, аудармашылық шеберлігін жақсы жағынан атап өтеді. Кітап соңында қосымша ретінде автордың «Ескі әдебиет мұраларын пайдалану жайында» деген мақаласы берілген. Кітап көлемі 10,5 б. т., 8000 дана болып басылған.
Абай зерттеу еңбегі
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12016-10-20 14:11:29
Страница: 1