Delphi ортасында әртүрлі деректер базасын құруға болады. Деректер базасы құрылымының қиындығына қарамастан, мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін негізгі механизм бар. Ол компоненттер триадасынан тұрады. Бұл компоненттер мыналар:
• Мәліметтерді енгізу компоненттері (Ttable, TQuery)
• DataSource компоненті
Мәліметтерді енгізу компоненттері DataAccess бетінде орналасқан. Ал мәліметтерді көрсету компоненттері DataControls бетінде орналасқан.
Қарапайым Деректер базасын құрудың күрделі Деректер базасын құрудан өзгешелігі шамалы. Формаға бірнеше компонентті қойып, олардың қажетті қасиеттерін өзгертсек, жұмыс істеп тұрған деректер базасын аламыз.
Мәліметтерді енгізу компоненттері мен көрсету компоненттерінің арасындағы байланысты қамтамасыз ететін DataSourse компоненті. Бұл компоненттердің деректер базасындағы өзара байланысын қарастырсақ:
Қосымша мен деректер базасының арасындағы байланысты қамтамасыз ететін BDE болып табылады. Процессорда сұраныстарды деректер базасына жіберетін драйвер орнатылған, сонымен қатар BDE –де деректер базасының псевдонимі тіркелген болуы керек. Ол деректер базасының файлдары қай жерде орналасқандығын және пайдаланатын драйвердің типін анықтайды.
Деректер базасының қосымшасын пайдалану механизмі
Қосымша Ttable – мен байланысатын компоненттер мәліметтермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін компоненттер болып табылады. Олар мәліметтерді инкапсуляциялайды және әртүрлі операцияларды орындау үшін BDE функцияларына жүгінеді. Мұндай компоненттердің санына шектеу қойылмайды.
TdataSource компонентінің тағы бір функциясы болып мәліметтерді енгізу және көрсету компоненттерінің жұмысын синхронациялау болып табылады. Мысалы, егер енгізу компоненттері «тек оқу үшін» (только для чтения) режимінде жұмыс істесе TdataSource мәліметтерді көрсету компоненттеріне мәліметтерді өзгертуге тиым салады. Бір ғана dataSource компонентімен бірнеше көрсету компоненттері байланыста болуы мүмкін. Бұл компоненттер мәліметтерді көрсету процесін басқарады.
Енгізілген мәліметтерді ашқан кезде деректер базасының қажетті кестесінің жолдарын енгізілген мәліметтерге жібереді. Меңзер бірінші жолға орналасады.
Пайдаланушы мәліметтерді көрсету компоненттері көмегімен мәліметтерді көру және өзгерту мүмкіндігіне ие болады. Өзгертулер алдымен TdataSource компонентіне, содан кейін деректер базасына жіберіледі.
Деректер базасы қосымшаның жалпы жұмысын қарастырғаннан кейін қосымша құруды кезеңдерге бөліп қарастырайық.
Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері деректер базасының негізі болып табылады. Жұмыс барысында бұл компоненттермен тығыз байланыста болады. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттері визуалды емес, яғни программаның жұмыс істеу барысында олар көрінбейді.
Деректер базасында пайдаланушымен байланыс жасау үшін форма пайдаланылады.
Жаңа форма құрып алған соң мәліметтерді көрсету компоненттерін формаға тасып мынадай әрекеттер жасау керек:
Деректер базасын компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторындағы Database қасиетін пайдаланамыз. Бұл жерде BDE – де тіркелген деректер базасының псевдонимін көрсету керек. Псевдонимді ашылатын тізімнен таңдап алуға болады.
Деректер базасының кестесін компонентпен байланыстыру. Ол үшін объектілер инспекторы терезесіндегі TableName қасиеті пайдаланылады. Бірінші кезеңді орындағаннан кейін берілген деректер базасының барлық кестелері тізімде көрінуі керек. Бұл тізімнің құрамы TableType қасиеті арқылы анықталады. Егер мәні ttDefault болса, онда таңдап алынған кестенің барлық файлдары кеңейтулерімен көрсетіледі. Кестені таңдап алған соң ол компонентпен байланысады.
Компоненттің атын өзгерту. Бұл міндетті емес, бірақ компоненттерге ойластырылған ат берген дұрыс. Көбінесе компоненттің аты онымен байланысқан кестенің аты мен Table сөзінің комбинациясынан тұрады.
Деректер базасы мен компонент арасындағы байланысты активтендіру. Ол үшін Active қасиеті пайдаланылады. Егер объектілер инспекторында True мәнін меншіктесек, байланыс активтенеді.
TdataSource компонентін баптау
Формаға TdataSource компонентін қойып, оны баптау керек. Баптау үшін мынадай әрекеттер орындау керек:
1. Мәліметтермен жұмыс істеу компоненттерін TdataSource –пен байланыстыру. Ол үшін DataSet қасиеті пайдаланылады. Бұл тізімде пайдалануға болатын компоненттердің тізімі көрсетіледі.
2. Компоненттің атын өзгерту. Бұл міндетті емес.
Мәліметтерді көрсету
Деректер базасы қосымшасын құруда мәліметтерді көрсету компоненттерінің көмегімен пайдаланушылық интерфейс жасау керек. Бұл компоненттер мәліметтерді көруге және өзгертуге арналған. Олар міндетті түрде TdataSource компонентімен байланысқан болуы керек.
Деректер базасының қосымшасында TDBGrid компонентінің мәні зор. Ол мәліметтерді кесте түрінде көрсетеді.
Мәліметтерді көрсету үшін мынадай әрекеттерді орындау керек:
1. Мәліметтерді көрсету компонентін TdataSource компонентімен байланыстыру. Ол үшін dataSource қасиеті пайдаланылады. Бұл жерде қажетті TdataSource компонентінің атын көрсету керек.
2. Мәліметтер өрісін (поле) көрсету. Ол үшін DateField қасиеті пайдаланылады.
Мәліметтерді көрсету компоненттерінің ішінде TDBNavigator компоненті ерекше орын алады. Ол кесте жолдарында орын ауыстыруға арналған. Ол әдетте TDBGrid компонентімен бірге жүреді.
Delphi ортасында деректер базасын құру және басқару
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12016-10-14 14:19:52
Страница: 1