1. Жақсы дайындықпен 1652ж. Қазақ хандығының жеріне баса көктеп кірді: .Жоңғарлар
2. Жоңғарлар Шығыс Түркістанға аттанып, Шалыш, Ақсу, Қашқарды басып алды: 1665ж.
3. Жоңғарлар Жаркентті кашан өзіне қаратты? .1670ж.
4. 1670 ж. Жоңғарлар Жаркентті өзіне қаратып, қай әулттен шыққан хандарға елді билетті: .Шағатай
5. Тәуке ханның билік құрған жылдары: 1680-1715 жылдар.
6. Тәуке хан тағына отырды: 1680 жылы.
7. Тәуке ханның кезіндегі Қазақ хандығының астанасы. Түркістан.
8. Тәуке ханның үш жүздің басын қосқан жиналысын (құрылтайын) шақырып отырған жер. Күлтөбе.
9. Тәуке ханның заңдар жинағы. «Жеті жарғы».
10. «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан билер: Ұлы жүзден-Төле би, Орта жүзден Қазыбек би, Кіші жүзден Әйтеке би.
11. Тәуке ханның кезіндегі билердің міндеті: Сот билігі, атқарушы билік.
12. «Жеті жарғы» бойынша хан: Барлық ру бірлестігінің басшысы.
13. «Жеті жарғы» бойынша хан: Бас қолбасшы болды.
14. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай кеңеске жіберілмей, дауыс беру құқығынан айырылған: Қарусыз келген адам.
15. Тәуке ханның кезінде жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылын уақытша бәсеңдеткен жағдай:
Тәуке ханның қырғыздар және қарақалпақтармен одақ құруы.
16. Жоңғарлар 1680 жылы Оңтүстік Қазақстанға шабуылдаған кезде аман қалған қала. Түркістан.
17. Тәуке ханның сыртқы саясаттағы әрекеті:
Көрші мемлекеттермен одақтасудың, бейбіт қатынас орнатудың жолын іздеді.
18. 1710 жылы қазақ жүздерінің өкілдерінің Қарақұм маңында бас қосып талқылаған мәселесі: Жау шабуылын тойтару.
19. 1710 жылы қазақ жүздерінің өкілдері бас қосып жау шабуылын тойтару мәселесін талқылау үшін жиналған жер.
Қарақұм маңы.
20. «Жеті жарғы» бойынша басқа елдермен білім, келісім жасауға, соғыс жариялауға, әскерді әскерді басқаруға кім құқылы болды?.Хан
21. «Жеті жарғы» бойынша ел ішінде тәртіпсіздікті болдырмау үшін, ауыр қылмысты адамға өлім жазасын беруге кім құқылы болды? Хан
22. «Жеті жарғы» бойынша құрылтай шақыртылды: .Жылына 1 рет
23. «Жеті жарғы» бойынша қылмысты істер қатарына: Христиан дініне өту, кісі өлтіру, ұрлық жасау, бүлік шығару, денеге зақым келтіру, әйелді еріксіз алып қашу.
24. «Жеті жарғы» бойынша қылмыстық жауаптылық неше жастан басталды? .13.
25. «Жеті жарғыда» некеге отырудың шарты ретінде неше жас белгіленді? .13.
26. XVII ғасырдың ортасында Жоңғар мемлекетінің күш-қуатының біршама артуына себеп болған қоңтайшы: Батыр.
27. Батыр қонтайшының тұсында қазақтар мен жоңғарлар арасында шайқас өткен жылдар: 1635, 1643, 1652 жылдар.
28. Аягөз маңында қазақтар мен жоңғарлар арасында үш күнге созылған күрес болған жыл. 1718 жыл.
29.Феодал шонжарлардың өкілдері мен билерден құралған «хандық кеңес» және «билік кеңес»
30.Қазақ хандығы қарақалпақтарды кім арқылы басқарды ? Сасық би
31. 1652 жылы қазақ жасақтары жеңіліс тауып, қаза тапқан қазақ ханы Жәңгір хан
32. 1653ж. Қаза болған Жоңғар қоңтайшысы: .Батыр.
33. Батыр қоңтайшының орнына келді: Қалдан-Бошоқты.( 1653-1670 жж.)
34. 1713 ж. Қазақ жерінде жасаған жорығы сәттсіз аяқталған Жоңғар қоңтайшысы Себан Рабдан
35. ХҮІІІ ғ. І ширегінде Қазақстанның тәуелсіздігіне мейлінше қауіп төндірген басты жауы Жоңғария
36. 1723 ж. Жоңғария қай елмен қарым-қатынасын ретке келтірді? Қытай
37. 1723 жылы Жоңғария барлық күш-қуатын қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі.
Цинь императоры Кансидің өлімі.
38. Аягөз шайқасында қазақтардың жеңілуінің басты себебі: . Әбілхайыр сұлтан мен Қайып сұлтанның соғыс қимылдарының келісіп жүргізбеуінен.
39. 1718 жылы Аякөз өзенінің бойында жоңғар әскерлерін женген шайқаста қазақ қолына басшылық жасады: Қабанбай мен Жауғашар батыр.
40. 1723 ж. Қазақ даласын шарпыған әйгілі жұт: . «Ақмешін»
41.Сансыз көп жоңғар әскерлері ХҮІІ ғасырдың 80-жылдары қандай жерге дейін келіп жетті? Сарысу өзеніне
42. 1724-1725 жылдары жоңғар феодалдары басып алып, талан-таражға ұшыратқан қала. Түркістан мен Ташкент.
43. Жоңғардың қалың қолының қазақ жеріне тұтқиылдан баса көктеп кірген жылы. 1723 жыл.
44. 1723 жылы жоңғарлардың соққысына төтеп бере алмаған Орта жүз рулары ойысқан өңір: Самарқан.
45. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» жылы. 1723 жыл.
46. 1726 жылы қазақ жасақтары жоңғар әскеріне күйрете соққы берге жер. Бұланты.
47. «Қалмақ қырылған» шайқасы қай жылы қай жерде болды? В.1726ж. Бұланты өзенінің жағасында
48. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған өңір Жетісу.
49. «Қара сиыр»деген жердегі шайқастағы қазақ-қырғыз және басқа халықтардың жасағының саны: 60 мың.
50. Қалмақ қырылған шайқасы барысында Қазақстанның қай өңірі азат етілді? . Солтүстік-батыс
51. Бұланты шайқасынан кейін қазақ жүздерінің өкілдері жауға қарсы күресті күшейту жөнінде шешім қабылдаған жер. Ордабасы.
52. Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздернің өкілдері барлық жасақтың бас қолбасшысы етіп сайлаған адам. Әбілқайыр.
53. Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресін ұйымдастыруда ерекше көзге түскен белгілі қолбасшы және мемлекет қайраткері: Әбілқайыр
54. Ордабасы тауы: Оңтүстік Қазақстанда.
55. Аңырақай шайқасы қай жылы болды? 1729ж (1730ж көктемде)
56. Аңырақай шайқасына белсене қатысқан Әбілқайырдың қарсыластары Әбілмәмбет пен Барақ
57. «Қалмаққырылған» шайқасынан кейін барлық қазақ жасақтары жиналған Қазақстанның оңтүстігіндегі тау. Ордабасы.
58. Қазақ жасақтарының Ордабасы тауының етегіне жиналу себебі. Жетісуды азат етуге аттануға жақын.
59. Ордабасы тауында қазақ жасақтары ұйымдастырылды: Жүздік негізде.
60. Аңырақай шайқасынан кейін жоңғарларды толығымен талқандауға кесірін тигізген жағдай:
Әбілқайыр мен Сәмекенің хан тағына таласуы.
61. Жәміш, Омбы бекіністері: . 1716ж. салынды
62. Железинск бекінісі: 1717ж. Салынды
63. Тәуке хан қай жылы қайтыс болды? . 1715ж. Күзде
64. Тәукенің орнын басқан тікелей мұрагері: Қайып сұлтан
65. 1715 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болды: Қайып.
66. ХҮІІІғ. Іширегінде ішкі саяси жағдайға айтарлықтай ықпал жасаған Әбілқайыр хан балалары: Нұралы мен Ералы
67. Аңырақай шайқасында қазақ жасақтарының жүздік негізде ұйымдастырылғанын айғақтайтын мәліметтер:
Топононимикалық
68. Жоңғарияның Қазақстанға жорықтар ұйымдастырудағы мақсаты:
Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, жерін өзіне қарату.
69. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шыққан әйгілі ән. «Елім-ай».
70. Бөгенбай батырдың руы. Қанжығалы.
71. Жоңғар шапқыншылығына қарсы қол бастаған батыр.
Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Қарасай, Жауғашар, Жәнібек, Райымбек.
72. Әбілқайыр ханның өмір сүрген жылдары: 1680-1748 жылдар.
73. Әбілқайыр ханның Ресей империясына үміт артудағы ең басты мақсаты:
Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті ойраттарға қарсы жұмылдыру.
74. Тәуке хан қашан Сібір губернаторы князь Н.П. Гагариннен қалмақтарға қарсы күреске көмек сұрады? 1716 ж.
75.1716 жылы не себептен Ресей қазақ-жоңғар тартысына араласа алмады? Ресей Швециямен соғысып жатты
76. 1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің жоғары ағысында аталған бекіністерді тұрғызған патша өкіметі қазақ жеріне ауыз сала бастады: Жәміш, Омбы, Колбасинск, Железинск,Семей,Коряков.
77. Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау туралы ұсыныспен жіберген елшілерін Анна Иоанновна қабыл алды: 1731 жылы ақпан айының 19-ы.
78. 1731 жылы Әбілқайыр ханның Кіші жүзді Ресей империясының құрамына қабылдау жөнінде ұсыныспен Анна Иоанновнаға жіберген елшілері. Сейітқұл Қойдағұлұлы, Құтлымбет Қоштайұлы.
79. Кіші жүзді Ресей империясына қабылдау жөнінде Әбілқайырдың ұсынысын қабыл алған императрица. Анна Иоанновна.
80. Әбілқайырдан ант алу үшін Қазақстанға жіберілген Анна Иоанновнаның елшілігін басқарған тілмаш, қабылетті елші. А.И.Тевкелев.
81. Әбілқайыр Ресейдің қоластына кіруге ант берді: 1731 жылы қазан айы.
82. 1731 жылы Ресейдің қоластына кіруге Әбілқайырмен бірге ант берген Кіші жүздің старшындар саны. 29.
83.1734 жылы орыс үкіметі жабдықтаған арнайы экспедицияны кім басқарды? Сенаттың бас хатшысы И.К.Кириллов
84. 1734 жылы орыс үкіметі жабдықтаған арнайы экспедиция қандай атпен белгілі болды? «қырғыз-қайсақ»
85. Орск бекінісінің негізі салынды: 1735 жылы.
86. Башқұрт халқының көтерілісін басуда орыс үкіметі Кіші жүз жасақтарын пайдаланды: 1735-1737 жылдар.
87. 1738 жылы тамызда Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған Орынбор комиссиясының басшысы. В.Н.Татищев.
88.Ресейге ант берген Орта жүз билеушілері. Абылай сұлтан мен Әбілмамбет хан
89.Ресейге адалдығын қуаттап,антқа бармақтарын басқандар. Әбілқайыр,оның ұлдары Ералы,Нұралы және 60-қа жуық Кіші жүз бен Орта жүз старшындары
90. Патша үкіметі қазақтарды өз шеңгелінде мейілінше қысып ұстауға тырысу себебі.
1740 жылғы башқұрт халқының екінші көтерілісі.
91. 1740 жылдары Кіші жүздің, Сырдария өңірі қазақтарының жағдайының қиындай түсуінің себебі.
Парсы әміршісі Нәдір шахтың Хиуаны талқандап,Сырдария өңіріне жақындауы.
92. Әбілқайырдың Ресеймен байланысын одан әрі нығайтуға мүдделі болуының себебі.
Парсы әмірінің шабуылы.
93.1743 жылы Орск қалашығын көшірген Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И.Неплюев
94. Орынбор қаласының негізі қаланды: 1743 жыл.
95. Жоңғар қонтайшысы Қалдан-Сереннің Орта жүз бен Кіші жүзге ұйымдастырған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» кем түспейтін шапқынышылық болған жылдар. 1741-1742 жылдар.
96.Орта жүз ханы Әбілмәмбет пен белгілі сұлтан Абылай және Әбілпайыздың ұлыстарын талқандаған жоңғарлар қазақтарды ығыстырды. Ор бекінісіне дейін
97. Ресей Сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөніндегі арнайы жарлық қабылдады: 1742 жылғы мамыр айының 20-сы.
98.Орынбор комиссиясының төрағасы И.И.Неплюев Қалдан-Церенге Ресейдің қарамағындағы қазақтарға қысымды тоқтатуды талап етті 1742 жылы қыркүйектің 2-сінде
99.Жоңғар елінде біраз тұтқында болған көрнекті қазақ сұлтаны Абылай
100.Қазақ жерінде Жоғарғы Ертіс бойында қосымша неше форпост салынды? 21
101.Ертіс пен Обь өзені аралығындағы бекіністер шебі қалай аталды? Колыван-Кузнецк
102.1734 жылдан Орта жүздің ханы болды. Әбілмәмбет
103. 1747 жылы Нәдір шахтың өлтірілуінен соң Әбілқайырдың бұл өңірдегі әсерін әлсіреткен жағдай.
Хиуа тағына Қайыптың сайлануы(Батыр сұлтанның ұлы).
104.Орыс үкіметі мен Әбіқайыр арасындағы орын алған ахуалды бірқатар жұмсартқан, Әбіқайыр мен Ресей дипломаттарының кездесуі. 1742 жылы Ор бекінісі маңында
105. Әбілқайырды Барақ сұлтан өлтірді: 1748 жылы.
106. 1748 жылы Әбілқайырды өлтірді: Барақ сұлтан.
107.Қазақстан тарихындағы өзекті оқиға Әбілқайыр ханның 1731 жылы Ресй билігін мойындауы
108.Әбілқайыр ханның тірегі болған шекті руы және қазақ халқының бір бөлігі хан деп таныды Батыр сұлтанды
109.Кіші жүздің оңтүстік-шығысы ықпалында боды. Батыр сұлтанның
110.Кіші жүздің солтүстік-батыс өңірі Нұралының ықпалында
111.1747 жылы императрица Елизавета Петровна үкіметінің Алтайдағы Демидовтар әулетінің қолында болған тау-кен кәсіпорындары туралы шешімі. Орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады
112.1755 жылы Орталық Азиядағы қуатты мемлекеттердің бірі болған Жоңғар хандығын әлсіреткен жағдай
тайпалар арасындағы талас
113.Жоңғарияда билікке таласушылардың бірі Әмірсана
114.Цянь-Лунның жарлығына сай бұрыңғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.
1755 жылы 19 шілдеде
115.Маньчжур-қытай әскерлері Іле өзенің бойлай Қазақстан шекарасына дейін жетті. 1756жылы наурыз
116.Жоңғария толық талқандалып,халқының оннан төрт бөлігі аурудан,қайыршылықтан қырылды. 1758 жылы
117. Бұрыңғы жоңғар жерінде 1761 жылы құрылған империялық әкімшілік бірлестік Шыңжаң(жаңа шекара)
118. ХҮІІІ ғасырдың 40-50 жж.Қазақстанның қай өңірі бекініс шептерімен қоршалды? Солтүстік-шығыс
119.Сібір редутынан Омбыға дейінгі бекіністер . Горькая шебі(553 верст)
120.Ұзындығы 1684 верст болатын екінші шеп-Ертіс шебі.
Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасынан Кіші Нарын бекінісіне дейін
121. 1735 жылы Башқұртстанда болған патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күреске қатысқандарды жазалау кезінде Қазақстанға қашқан башқұрттардың саны. 50000.
122. XVIII ғасырдың ортасында Жоңғарияда билікке таласып, Цинь империясына қарсы шыққан және Абылай арқа сүйеген: Әмірсана.
123. XVIII ғасырдың 40-50 салынған Өскемен бекінісінен Кузнецк шебіне дейін созылған, ұзындығы 723 верста болатын әскери шеп. Колыван шебі.
124.Есіл немесе Пресногорьковск шебіндегі ең ірі бекініс. Петропавл (Қызылжар) 1752 салынды.
125.Жайықтың құйылысындағы Гурьев(Атырау) қалашығынан Звериноголовск бекінісіне дейінгі аралықтың ұзындығы
1600 шақырым
126.ХҮІІІ ғасырдың ортасында белгілі бір дәрежедегі қазақ-орыс сауда айналымының орталығы Орынбор қаласы
127. 1745-1759 жылдары қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны. 1 миллион сом.
128. XVIII ғасырдың екінші жартысында қазақ-орыс саудасының белгі орталықтары.
Жәміш,Железинск,Омбы,Семей, Өскемен, Бұқтырма.
129. 1761 жылы негізі қаланған бекініс. Бұқтырма.
130.Ресейдің әскери тірегі ретінде қалыптасқан Ертіс бойындағы ,Шығыс Қазақстандағы бекіністер біртіндеп айнала бастады. Әскери сипатын жоғалтып,сауда орталықтарына
131. Қазақ-орыс сауда байланысының кеңейген кезеңі. XVIII ғасырдың 60-жылдары.
132.Семейде ХҮІІІ ғасырдың 60 жылдардың соңы-70 жж. Басында қанша қазақ көпестері сауда жасап тұрған. 330-ға жуық
133.1756 жылы 350 қазақ,соның ішінде Қаз дауысты Қазыбек пен Абылай жіберген 158 саудагер болған. Жәміш бекінісінде
134.Кереку тұз көлінен Ертіс өзені арқылы Тобылға жеткізілген тұз көлемі.
1768ж-169 405, 1769ж-297 187, 1770ж- 190 565 пұт
135.Кереку көлдерінен апарылатын ас тұзының мөлшері. 300 мың пұтқа жетті
136. 1766 жылы Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет хан императрица ІІ Екатеринаға хат жолдап Түркістан арқылы өтетін керуендерді аталған бекіністерде шек қоймай қабылдауға рұқсат алды:
Семей, Жәміш.
137.Бұхар саудагерлерінің өтінішімен Әбілмәмбет ханның императрица ІІ Екатеринаға хат жолдап Түркістан арқылы өтетін керуендерді Семей, Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алған жыл. 1766 жыл.
138. XVIII ғасырларда Ресейдің ішкі губернияларынан қазақ жеріне айырбасқа әкелген негізгі тауарлар: Шойын, темір қазан, шұға, қант.
139.Ташкент,Бұхар,Қоқан және Қашқар көпестері жиі келетін сауда орталығы. Қызылжар(Петропавл) қаласы
140.Шыңжаңмен жолға қойыла бастаған сауданың белгілі орталықтары. Семей,Өскемен және Бұқтырма
141.Қазақстанның көрші елдермен экономикалық байланыстарының кеңеюіне жол ашты. Қазақ-шетел саудасы
142.ХҮІІІ ғ. 50-60 жж. Патшалы Ресей үкіметі Қазақстанды тәуелді ете түсу үшін жүргізген әр қилы шараларының бірі
Жайық,Сібір,Орынбор казак әскерлерінің ұйымдастырылуы
143. Патша үкіметі Жайық жағасына жақын жерде қазақтардың мал жаюына алғаш рет ресми шек қойды:
1756 жылы қыркүйек.
144.Кіші жүз ханы Нұралыға тапсырылған орыс үкіметінің шешімімен қазақтарға Жайық өзенінен мал айдап өтуіне тиым салынды. 1757жылы желтоқсан
145. XVIII ғасырда патша үкіметінің қалыптасқан жағдайды одан әрі өршіту үшін:
Қазақ ақсүйектерінің арасындағы алауыздықты пайдаланды.
146. Кіші жүз ханы Нұралы мен Батыр сұлтан арасындағы кикілжіңді пайдаланған патша үкіметі жергілікті халықтан казактарға алып берген өңір. Каспий теңізі мен Жайық өңіріндегі жерлер.
147. Ресей үкіметі орыс-казактарының санын көбейту мақсатымен 1760 жылы Доннан, Башқұрт жерінен Қазақстанның солтүстік-шығысына әкеліп қоныстандырды: Казактарды.
148.Ең құнарлы жерлерді алған орыс помещиктері. Князь Юсупов пен граф Безбородко
149. 1799 жылы қараша айында Орта жүз қазақтарына 45000 отбасын Ертістің оң жағына қайтадан қоныстануына рұқсат берген патша. І Павел.
150.Орынбор өлкесін басқарған П.Рычков пен И.Тевкелев аманат алу арқылы қазақтарға Жайықтың оң жағасына өтуіне рұқсат берді. 1757-1758 жж.
151.Қазақтарға қысым көрсетуден таймаған Орынбор губернаторы А.Г.Давыдов
152. Патша үкіметі Ресей бекіністерінен қанша шақырымға дейін мал жаюға тиым салды?
Алғашында 10 шақырым,кейіннен 50 шақырым
153.Ресейдің әр түпкірінен қылмыскерлерді,жерсіз шаруаларды,алыстағы Доннан,Башқұрт жерінен казактарды әкеліп қоныстандырды. 1760 жылы
154. 1799 жылы І Павелдің жарлығымен Орта жүз қазақтарына қайтадан қоныстануға рұқсат етілді:
Ертістің оң жағына.
155. Абылай хан дүниеге келген жыл. 1711 жыл.
156.Абылай хан өмір сүрді: 1711-1781 жылдар.
157. Қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына келтіріп, елдің саяси-экономикалық дамуына түбегейлі өзгеріс енгізген атақты мемлекет қайраткер. Абылай хан.
158. Абылай ханның шын аты. Әбілмансұр.
159. Абылай ханның атасы билік құрған қала. Түркістан.
160. Абылай ханның атасының есімі. Абылай.
161. Абылай хан қашып жүргенде атын жасырып: Сабалақ атанды.
162. Он үш жасында жетім қалған Абылай хан келіп қосылған әкесімен ағайындас Орта жүз ханы. Әбілмәмбет.
163.Абылайдың өмірі мен ерлігін жырлаған. Бұқар жырау
164. Абылайдың жоңғар шапқыншылығына қарсы күреске қатыса бастады: 15 жасынан.
165. Әбілмәмбет пен Абылайдың Орскіге келіп Ресейдің билігін мойындаған жыл. 1740 жыл.
166.Орынбор комиссиясының төрағасы князь В.Урусовтың мақсаты. Бүкіл Орта жүзді Ресейдің құрамына қабылдау
167. Абылай жоңғар тұтқынына түсті: 1741 жыл.
168. Абылай жоңғар тұтқынынан босады. 1743 жылы тамыз
169. Абылайдың серіктері.
Қаракерей Қабанбай,шапырашты Наурызбай,қанжығалы Бөгенбай,тарақты Байғозы,Малайсары,Баян
170.Жоңғар қонтайшысы,көрнекті қолбасшы Қалдан-Серен қайтыс болды. 1745 жылы(азамат соғысы басталды)
171. Жоңғар тағына таласып және Маньчжур-Цин әулетінен қашып Абылайды келіп паналаған: Әмірсана.
172.Қалмақтардың Орта жүзге басып кіруі. 1752 жылы
173. Абылай кезеңіңдегі жоңғар билеушісі Лама Доржы
174.Жоңғарияның қиые жағдайын шебер пайдаланған Абылай ,ірі қолды басқарып жоңғар еліне шабуылға дайын еді.
1753 жылы
175.Лама Доржы қаза ьолғаннан кейін,оның орнына қонтайшы болған Әмірсананың одақтасы Дабашы қонтайшы
176.Әмңрсана бастаған Маньчжур-Цин қарулы күштері Жоңғарияға басып кірді. 1755 жылы көтемде
177.Цин әскерлерінің Қазақстанға мол қолмен басып кіру себебі.
Абылайдың Әмірсананы ұстап беруден бас тартқаны үшін.
178. Цин үкіметі мол қолмен Қазақстанға басып кірді: Абылайдың тұсында.
179. Фу Дэ, Чжао Хой бастаған қытай әскерлерінің Қазақстан шекарасына басып кірген жыл. 1757 жыл.
180. Қазақ елінің дербестігін сақтау мақсатында Абылай хан Пекинде Қытайдың билігін мойындады: 1757-1760 жылдары.
181. Орта жүздің ханы Әбілмәмбеттің қайтыс болған жылы. 1771 жыл.
182. Қытайлар Тарбағатай тауы маңында көшіп-қонып жүрген қазақ рулары батысқа қарай ығыстырып тастауға күш салды. 1760 жылы
183.Абылай Ресейге ант берді. 1740-1742 жж.
184. ХҮІІІ ғасырдың 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда соққы берді.
Ходжент әміршісі мен Ташкент бегіне
185.Абылай күшпен қайырып алып,қазақтардың билігіне қаратқан қалалар Түркістан,Сайрам,Шымкент,Созақ
186. Абылай хан болып сайланды: 1771 жыл.
187. 1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін Қазақ хандығында қалыптасқан дәстүр бойынша хан сайлануға тиісті адам. Әбілпайыз.
188. ІІ Екатерина Абылайды Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотаға қол қойды1778 жылы 24мамыр.
189. Абылай өзіне берілуге тиісті ханға лайықты символды қабылдауға барудан бас тартқан қалалар
Орынбор немесе Троицк
190. ІІ Екатерина Орта жүздің ханы етіп бекіту туралы грамотасын патша өкілдері арқылы жеткізді. Ханның туған ауылына
191. «Жеті жарғы» заңдарында хан билігіне қойылған шектеулерді Абылай: Мойындамады.
192.Абылай шек қойды билер қызметіне
193.Абылай хан кімдердің қолдауына сүйеніп,ойлаған жоспарын қиындықсыз іске асырып отырды. Халық батырларына
194. Абылай хан Ертіс пен Есіл бойында, Көкшетау, Тарбағатай өңірлерінде шаруашылықтың осы саласын дамытуды қолдады: Егін шаруашылығын.
195. Абылай ханның 1761 жылы ағаштан үй тұрғызу үшін бірнеше ұста және 200-300 пұт астық жіберуді сұрап хат жазды: ІІ Екатеринаға.
196. Абылайдың қыстақтары орналасты: Ертіс өңірінде.
197. Абылай хан қатты көңіл бөлген шаруашылық саласы. Егін шаруашылығы.
198. Абылайдың өте бір ұнатқан ақыны: Тәттіқара.
199.Абылай ханға жақын болған,халық поэзиясы тарихындағы ең ірі тұлғалардың бірі. Үмбетей жырау
200. Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына мейілінше әсер еткен дарынды адам, жырау. Бұхар жырау.
201. Абылай хан дүние салды: 1781 жылы.
202. Абылай хан жерленді: Түркістанда. (Ахмед Йасауи кесенесінде)
203. Абылай ханның бас мирасқоры. Уәли сұлтан.
204.Абылайдың ұрпақтарының саны. 30 ұл, 40 қыз
205. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысы болған жылдар. 1773-1775 жылдар.
206.1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысты:Кіші және Орта жүз қазақтары.
207. 1773-1775 жылдардағы Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қазақ шаруаларының қатысуына түрткі болған жағдай. Жер мәселесі.
208.Кіші жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуының І-ші кезеңі. 1773ж. қыркүйек – 1774 ж. наурыз.
209.Орта жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуының ІІ-ші кезеңі. 1774 ж. сәуір-маусым
210. Орта жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуының ІІІ-ші кезеңі. 1774 жылдың жазы- 1776 ж.
211. Патша үкіметі Жайық өзені бойында қазақтарға мал жаюға тыйым салды: 1742 жылы қазан.
212.Императрица Елизавета Петровна башқұрт көтерілісін жаншуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында малдарын жаюға уақытша рұқсат етті. 1756 жылы
213.Жер тапшылығын біршама бәсендеткен 30 мыңнан астам қалмақтар Жоңғарияға көшті. 1771 жылы
214.Пугачев бастаған көтерілісті қолдаған Кіші жүздің ірі ақсүйектері . Ералы,Досалы,Айшуақ
215.Пугачевке арнайы сыйлық табыс етті. Зәбір молда
216. 1773 жылы қараша айының 17-нен 18-не қараған түні Усиха өзенінің бойында Пугачевқа жолыққан Нұралының өкілі. Зәбір молда.
217.Кіші жүз феодалдарының қолдауына үміттенген Пугачев Нұралыға арнайы үндеу жолдады. Қыркүйек айының 20-сы
218.Ру-рудан жиналған қазақтардың қарулы топтары Жайық өзенінің бойындағы әскери шепке тиіп-қашты шабуылдар жасады. 1773 қазан
219.ІІ Екатерина қазақ ханы Нұралыға арнайы «грамота» жіберәп,талап етті. Пугачевті өзіне жақындатпауын
220.Орынбор губернаторы Петербургке қазақ руларының арасында қобалжу байқалады,деп хабарлады. 1773 ж 7 қазан
221. Пугачевқа көмек ретінде өзінің ұлы Сейдалыны бас етіп қарулы топ жіберген, шаруалар соғысын қолдаған сұлтан. Досалы сұлтан.
222. Қазақ жігіттерінің Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында қатысқан шайқас. Жайық бекінісін қоршауға, Кулагин бекінісін алуға.
223. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында қазақтар басты күш болды: Кулагин бекінісін алуда.
224. Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысында Орынборды қоршауға қатысқан қазақтардың саны. 200-ге жуық.
225.Қазақтар қарсылығының өошіп бара жатқандығын үкіметке үрейлене хабарлаған Жайық бекінісінің коменданты.
Подполковник Симонов
226. Пугачев көтерілісі кезінде патша үкіметінің алдында екі ұшты қимылын жуып-шаюға тырысқан Нұралы ақталды: Кіші жүз қазақтары маған бағынбады деп ақталды.
227.Орынбор қаласын қоршауда сәтсіздікке ұшыраған Пугачев күштері шегінуге мәжбүр болды. Троицк бекінісіне қарай
228.Пугачев өкілдері жеткізген үндеумен танысқан соң, өзіне жақын старшындармен келісіп, соғысты қолдауға шешім қабылдаған белгілі би. Дәуітбай.
229. Пугачев көтерілісі кезінде 1773 жылға қазан айында Орта жүз қазақтары топталып бекіністерге шабуыл жасауға талаптанды: Пресногорьковск маңында.
230.Звериноголовск бекінісі төңірегінде топтасқан қазақтар арасында Пугачев осы маңда тығылып жүр деген лақап тарады.
1774 жылы жазда
231.Ертіс өзенінің жоғарғы ағысында орналасқан бекіністердің қорғаныс қабілетін арттыру үшін бірқатар шараларды іске асырған Сібір губернаторы Чичерин
232.Патшаның жазалаушы топтарымен ашық қақтығыспай,қыр көрсетумен шектелген,Торғай өзенінің төменгі бойында шоғырланған шаруларды басқарған старшындар. Құдайменді мен Тайыр
233.1774 жылдың күзінде Сібір шептеріне шабуыл жасаған қазақтар патшаның тұрақты әскерінің қысымымен ауып кетті.
Сырдария бойына
234. 1774-1775 жылдары Пугачев көтерілісі кезінде үкімет қолдаған шаралардың арқасында Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскер саны. Үш жарым мың.
235. 1775 жылдың соңында бекіністердегі қосымша қызметке алынған адам саны. 626
236. Пугачев көтерілісі кезіндегі көтерілістің кесек басшыларының бірі, байбақты руынан шыққанСырым Датұлы.
237. Пугачев бастаған шаруалар соғысының басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы. А.В.Суворов.
238.Генерал Н.Рейнсдорп үкіметке «тыныштық» орнағанын қуана хабарлады. 1776 жылы сәуірде
239. Орыс-қазақ байланысындағы маңызды оқиға. 1773-1775 жж.шаруалар соғысына қазақ халқының белсене қатысуы
240.1773-1775 жж.қазақтардың шаруалар соғысына қатысуы кімнің бағытының әлсірегенің көрсетті? Нұралының
241.Нұралы ханның іңілері. Айшуақ,Ералы
242.Орынбор губерниясы таратылды. 1744 жылы
243.Кіші жүздің көпшілік бөлігі бағындырылды. Сібір және Уфа басқармасына
244.Қазақтардың Жайықтың сол жағасына өтуін бақылау үшін құрылған басқарма. Орал шекаралық басқармасы
245. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісі болған жылдар. 1783-1797 жылдар.
246. Сырым Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерілісінің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
247. Сырым Датұлы старшын болған Кіші жүз руы. Байбақты.
248. Сырым Датұлы бастаған көтерілісі қамтыды: Кіші жүзді.
249.Жалпы алғанда көтерілісшілер саны қанша болды? 3500 адам
250.Сырым,Барақ,Жианқұр,Жанболаттың қол астында Елек өзені ауданындағы көтерілісшілер саны. 200
251.Тополинск қорғанысына жақын 2-топта әрекет еткен көтерілісшілер саны. 300
252.Индер тауына жақын 3-топтағы көтерілісшілер саны. 800
253.Көтерілістің негізгі ошағына айналған Сағыз өзені ауданында шоғырланған сарбаздар саны. 2700
254.Сырым Датұлы басқарған көтеріліске қатысқан барлығы қанша адам деп көрсетуге болады? 5800
255.С.Датұлы бастаған көтерілістің бір себебі. Казактардың озбырлығы
256.Орал казактарының атаманы. Андрей Бородин
257.Нұралы хан қазақтардың ешқандай қиындықсыз Жайықтың оң жағалауына өтіп кеткендігін
атаман Бородинге мәлімдеді. 1762 жылы 10 ақпанда
258. Еділ қалмақтары айдап кеткен жылқы саны. 8 мың
259. Сырым Датұлының Орал казак әскерлерімен ашық арпалыс жолына түсуі басталды: 1783 жылы күзден.
260. Сырым Датұлы көтерілісі кезінде Айшуақ сұлтанның Назаровтың қолына түскен уақыт. 1785 жыл.
261. 1783 жылы желтоқсанда кездейсоқ казактардың тұтқынына түсіп қалған Сырым Датұлын босаттырды.
1784 жылы көктемде Нұралы хан
262.Сырымның Орал казактарымен кескілескен кұресі басталды. 1784 жылы маусым
263.Жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының төңірегінде шоғырланған көтерілісшілерге бас болған старшындар.Жантөре сұлтан,Барақ,Тіленші,Оразбай
264.1784 жылдың қараша айында Сағыз өзнеі бойында С.датұлы жеке топтарының қатарындаболды. 1000 адам
265.1785 жылы 17 ақпанда көтерілісті басу үшін арнайы аттандырылған генерал-майор Смирновтың тобында.
300ге жуық орынбор казагы,2 мыңнан астам башқұрт болды.
266.Смирнов тобы көтеріліске қатысы жоқ ауылдарды шауып ,тұтқындап әкеткен қазақтар саны. 70-ке жуық
267.Сырым арқа сүйеген көтерілісті мейлінше қолдаған рулар. Байбақты,табын,тама
268.1787 жылғы наурызда көтерілісшілерді талқандау үшін 1 мыңнан астам қаруланған басқарған Орал казак әскерінің старшиналары. Колпаков пен Пономарев
269.Майор Назаровтың басқаруымен 405 орал казактарынан тұратын топ наурыз айында шабуыл жасады. Табын руына
270.Ерлікпен соғысқан ,ұрыс даласында қаза болған Айшуақ сұлтанның баласы. Атақ
271.Нұралы ханмен оған қарсы старшындар арасындағы қайшылықты қадағалап отырған Симбирск,Уфа және Орынбор өлкесінің билеушісі. О.А.Игельстром
272. Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдаған Кіші жүз старшындарының съезі болған жыл. 1785
273. 1785 жылғы Нұралыны тақтан тайдыру жөнінде шешім қабылдағанда оны айыптауға қатысқан кіші жүз рулары. 20-ға жуық ру өкілдері.
274. Кіші жүзде хандық билікті жойып, жаңа билік орнату, әкімшілік реформа жобасын дайындады: Барон О.А.Игельстром.
275. Нұралы хан жер аударылды. 1786 жылы Уфаға
276.Нұралы хан дүние салды. 1790 жылы Уфада
277. Барон О.А.Игельстром реформасы бойынша Кіші жүзде хандық билік жойылып, оның орнына бар билік: Шекаралық сотқа бағынуға тиісті болды
278. Шекаралық соттың төрағасы. О.А.Игельстром
279. Кіші жүзде жүргізілген реформа бойынша Шекаралық сот бағындырылды: Генерал-губернаторға.
280.О.А.Игельстромның реформасын тоқтатуға себепші болған жағдай. Францияда король билігінң құлатылуы
281. Казак атаманы Д.Донсковтың қазақтарға деген қатыгездігі бейбіт ауылдар тарапынан қарсылық туғызды.
282.Төртқара руының қазақтары коллегия мүшесі граф Безбордкоға шағым жолдады. 1790жылы тамыз айында
283.ІІ Екатеринаның 1790 жылы қазан және қараша айларындағы бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқауларын өзінше түсінген,жаңа тағайындалған генерал-губернатор А.Пеутлинг
284.Жазалаудан бейбіт ауылдарды сақтау үшін Сырым батыр табын мен кердері руларын,мұғалжар тауларына қарай ойыстырды. 1791 жылы наурыз айында
285. Ералы Кіші жүздің ханы болып сайланды: 1791 жыл.(Орск қаласы маңында)
286. Сырымды табанды түрде қолдаған Айшуақ сұлтанның баласы. Жантөре
287.1794 жылы Ералы ханның өлімінен кейін хан болып сайланған Нұралы ханның ұлдарының бірі. Есім хан (1795 жылы)
288. Сырым Датұлы бастаған көтеріліс созылды: 14 жылға.
289. Сырым Датұлы басқарған көтерілістің қайта жандануына түрткі болды: 1796-1797 жылдардағы қысқы жұт,хан сарайының салықты күшейтуі.
290. 1797 жылы наурыз айының 17-сінде Сырым тобы хан сарайында тұтқиылдан шабуыл жасап өлтірді:
Есім ханды.
291. Патша үкіметінің Кіші жүзде хандық кеңесті құру себебі. Сырым батырды өзіне жақындатуға тырысты.
292. Төрт адамнан тұрған Хан кеңесінің төрағасы. Айшуақ сұлтан
293.Төменгі Жайық бойында көшіп жүрген Нұралыға жақын феодалдық топ ақ киізге отырғызды.
Нұралының ұлы Қаратайды
294. Хандық кеңесте Сырым ықпалының өсуінен қатты сескенген патша үкіметі Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: 1797 жылы күзде.
295. 1797 жылы барон Игельстромның ұсынысына сай патша үкіметі хан етіп бекіткен адам. Айшуақ.
296. 1797 жылы Қаратайдың өршеленген қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы: Хиуа хандығына өтіп кетті.
297. Сырым Датұлы қайтыс болды: 1802 жылы.
298. Сырым Датұлы бастаған көтерілістің тарихи маңызы: Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат етуі.
299. Патша үкіметінің Жайықтың оң жағына өтуіне, мал жаюына рұқсат беруге шешім қабылдады: 1801 жылы 11 наурыз.
300.Көтерілістің басты талабы. Жер мәселесі
301.Көтерілістің мақсатына жетуіне кедергі болды. Ру арасындағы қайшылықтар
302. Орыс экспедициясында болып «Жоңғария картасын» жасаған тұтқындағы щвед. И.Ренат
303.ХІХ ғасырдың 80-жж өлке тарихының белгілі зерттеушісі ,Жоңғария картасын алғаш рет орыс география қоғамы жазбаларында жариялаған. В.В.Веселовский
304.Жазбаларында сол кездегі Қазақстан туралы бағалы картографиялық мағлұматтар қалдырған.
Капитан Урусов,майор Лихарев
305.Зерттеген еңбегі үшін Сібір тарихының атасы атанған ,қазақ хандығы туралы зерттеп жүйеге келтірген. Миллер
306. «Сібір тарихы» авторы Миллер
307. Қазақ даласында болып, «Орынбор өлкесінің топографиясы», «Орынбор тарихы» атты еңбек жазды: П.И.Рычков.
308. Қазақстан туралы еңбегі үшін Ресей ғылым академиясының бірінші корреспондент мүшесі болған тарихшы. П.И.Рычков.
Қазақстан тарихы
Сообщений 1 страница 5 из 5
Поделиться12016-10-01 23:51:47
Поделиться22016-10-01 23:52:11
309.Орынборда әскери қызмет ете жүріп,1771 жылы «Қырғыз-қайсақ даласы туралы күнделік жазбалар»атты қызықты еңбек қалдырған. Н.П.Рычков
310.Қазақ халқының күнделікті өмірі,тарихы туралы нақты мәліметтер жазған. И.Муравин,Д.Гладышев,Я.Гуляев
311.Әбілқайыр,Нұралы хандардың ордасында бірнеше рет болып,Орск маңында (1738,1740,1742) қазақ хандарының сьезіне қатысқандар. И.Муравин,Д.Гладышев,Я.Гуляев
312.Орта жүз туралы мәліметтер жинақтағандар. И.Андреев,Я.Гавердовский
313.Қазақстанды зерттеуде сүбелі еңбек сіңірген ,осы өлкеде болған шетел саяхатшылары. П.Паллас,И.Фальк,И.Георги
314. «Россия мемлекетінің әр түрлі аймақтарына саяхат»атты еңбектің авторы. П.Паллас
315. Жоңғар тұтқынынан Абылайды босатуға қатысқан зерттеуші. К.Миллер.
316. XVIII халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі. Ақтамберді жырау
317. XVIII халық ауыз әдебиеті шығармашылығының көрнекті өкілдерінің бірі Ақтамберді жыраудың өмір сүрген жылдары. 1675-1768 жылдар.
318. Ақтамберді жырау шығармаларын арнады: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырларға.
319.Ақтамберді жырау жерленген жер. Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы
320. XVIII ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген танымал халық ақыны. Тәтіқара.
321. Қазақтың ұлы ханы, қазақ жерінен шыққан ерекше биік тұлға Абылайдың керемет қасиеттерін жырлаған ақын. Тәтіқара.
322. Белгілі жырау Үмбетейдің өмір сүрген жылдары. 1706-1778 жылдар.
323. Соңғы шығармалары Абылай кезіндегі қазақ қоғамының ішкі өмірі туралы маңызды мағлұмат көзі болып табылады: Үмбетей жырау.
324. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі болған жырау. Бұхар жырау.
325. XVIII ғасырдағы қазақ әдебиетінің алдыңғы қатардағы өкілдерінің бірі болған Бұхар жыраудың өмір сүрген жылдары. 1684-1781 жылдар.
326. Өмірінің соңғы жылдары Абылай ханның кеңесшісі болған: Бұхар жырау.
327. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі. Жанақ ақын.
328. XVIII ғасырдағы қазақ поэзиясының жарқын өкілдерінің бірі Жанақ ақынның өмір сүрген жылдары. 1775-1846 жылдар.
329. Жанақ шығармашылығының ең басты жетістігі, қазірге дейін сақталған поэма. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
330.Ақындар айтысында жеңісті қолдан бермеген суырыпсалма ақын. Жанақ
331.Жанақ ақынның біздің заманымызға дейін жеткен айтысы. Орынбаймен айтысы
332.Бөгенбай батырға арналған жоқтауды жазған ақын. Үмбетей жырау
333.үмбетей жыраудың тәрбиелік мәні бар арнауы кімге арналған. Бекболат биге
334.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қалыптасты: Жергілікті өнеркәсіп пен кәсіпшіліктің жаңалалары.
335.ХІХ ғасырдың ортасында Қазақстандағы кен орындарымен зауыттар қанша сомның тауарын өңдірді? 70 мың
336. Ауылдағы әлеуметтік жіктелудің барысында кедейленген, жалдама еңбекпен күн көрген топтар. Жатақтар
337.Тау-кен өндірісіне тартылған жатақтардың саны. 1820 жылы 6 мың,1824 жылы 8 мыңнан астам
338.Қазақстанның Орта Азия хандықтарымен ,Сібірмен,тіпті Қытай мемлекетімен өзара тиімді сауда байланыстарын кеңейте түскен кезеңі. ХІХ ғасырдың бірінші жартысы
339. Қазақ даласын басып өтетін керуендердің қауып сіздігін қамтамасыз ету үшін Ресей үкіметі 1803 жылы рұқсат берді: Көпестерге өздерін қорғайтын қарулы топ ұстауға.
340. ХІХ ғаысрда Қазақстан жерінде бірінші жәрмеңке ашылған өңір. Ішкі Орда.
341.ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстанның батысындағы ірі сауда орталығы Хан Ордасы
342.Семейде екі қалалық жәрмеңке ашылды. 1855 жылы
343.Орта Азиямен сауда байланысын дамытуда тең келетін елді мекен Петропавл қаласы
344. Сібір қазақтарының Жарғысы қабылданды: 1822 жыл.
345. Патша 1815 жылы Орта жүзге екінші хан етіп тағайындады: Бөкейді.
346.Орта жүзде хан тағайындалмады. 1819 жылы Уәли қайтыс болғаннан кейін
347. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы. М.М.Сперанский.
348. Сібір қазақтарының Жарғысының авторы-декабрист. Г.С.Батеньков.
349. Сібір қазақтарының Жарғысының басты мақсаты. Қазақстанның солтүстік-шығысын әкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту.
350. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша Орта жүзде орнаған басқару сатысы. Үш буынды.(ауыл, болыс, округ)
351. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауылға кірген шаңырақ саны. 50-70.
352. Сібір қазақтарының Жарғысы болыс: 10-12 ауылдан тұрды.
353. Сібір қазақтарының облысы (Орта жүз) бағындырылды: Батыс Сібір генерал-губернаторлығына.
354.Округтер бағынды. Омбы облыстық басқармасына
355.Округтерді басқару жүктелді. Округтік приказдарға
356.Сөз жүзінде округті билеу берілді. Аға сұлтанға (майор әскери шені)
357. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанды сайлады: Тек сұлтандар ғана.
358. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтанға он жылдан кейін берілетін атақ. Дворяндық.
359. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша аға сұлтандар сайланды: Үш жылға.
360. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша мұрагерлікпен берілді: Болыстық билік.
361. Сібір қазақтарының Жарғысы Ресейдің әкімшілік сатысындағы 12-класқа жататын шенеуніктерге теңестірілді: Болыстық сұлтандар.
362. Сібір қазақтарының Жарғысы бойынша ауыл старшыдары сайланды: Үш жылға.
363. 1822 жылғы «Жарғы» бойынша сот істері бөлінді. Қылмыстық істер,талап ету,болыстық басқармаға шағым айту
364. Сібір қазақтарының Жарғысы негізінде қылмыстық істер қаралды: Округтік приказда.
365.Кейін Сібір қазақтарын билеу жүктелді. Шекаралық басқармаға
366. Сібір қазақтарының Жарғысы шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына ие болды: Шекаралық басқарма төрағасы.
367. Сібір қ-ның Жарғысы бойынша Шекаралық басқарма төрағасы ие болды: Шетелдермен келіссөз жүргізу құқығына.
368. Қарқаралы, Көкшетау округтері қашан құрылды? .1824ж
369. Баян ауыл округі қашан құрылды?.1826ж
370. 1831 жылы құрылған округ..Аягөз
371. 1832 ж құрылған округ..Ақмола
372.Ұшбұлақ округі қашан құрылды? .1833ж
373. Аманқарағай округі қашан құрылды? .1834ж
374.Хандық билікті қолында сақтауға талпынғандардың бірі. Кіші жүз сұлтаны Арынғазы Әбілғазыұлы
375. «Орынбор қазақтарының жарғысы» кімнің қатысуымен дайындалды? Орынбор губернаторы П.К. Эссен
376.1822 жылғы дайындалған Жарғы бойынша Кіші жүзде неше хан тағайындау жоспарланды? Үш
377. Кіші жүзде хандық билік жойылды: 1824 жылы.
378. Бөкей Ордасында хандық билік сақталды: 1845 жылға дейін.
379. Кіші жүздің соңғы ханы. Шерғазы.
380. Орынбор қазақтарын басқару туралы Жарғысы қабылданды: 1824 жылы.
381. Бөкей хандығы қай жылдар аралығында өмір сүрді? 1801-1845жж
382. Ресей мемлекетіне соғыс қауіпі төніп келе жатқандығы туралы патшаның арнайы Манифест- үндеуі қашан қабылданды? 1812ж 6-шілде
383. 1804-1815 жж Кіші жүз қазақтарынан сатып алынған жылқы саны. 1 мыңнан астам
384. Кіші (Бөкей) ордасынан жылқы сатып алынды. 48 мыңнан астам
385.1799 жыл мен ХІХ ғасырдың 30-жж арасында Ресей жеріне Орта жүзден қоныс аударған шаңырақ саны. 1200
386. Орынбор шекраралық комиссиясының мәліметтеріне қарағанда ,1790-1815 жж өз қоныстарын тастап,башқұрт болып жазылған жергілікті қазақтар саны. 1226
387.Башқұрт болып жазылған қазақтардың қаншасының құқықтары теңестірілді? 68
388. 1812 жылғы Отан соғысында Орынбор губерниясында құрылды: 40 кавалериялық полк.
389. Ресей мемлекетіне қауіп төніп келе жатқаны туралы І Александр патшаның арнайы манифест-үндеуі қабылданды:
1812 жылы шілденің 6-сы күні.
390. Орныбор губернаторы Г.С.Волоконскийдің Ресей мен Франция арасында соғыс басталғандығы туралы хабары ауылдарға жетті: 1812 жылы қазан-қараша айларында.
391. 1812 жылғы Отан соғысында қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын: Байсақал Тілекұлы.
392. 1812 жылғы Отан соғысында қазақтар қаысқан ұлттық құрам. Башқұрт полкі.
393.Елтон тұз өндіру еңбеккерлері батыс майданға қанша тұз жөнелтті? Бір млн. пұт
394. 1812 жылғы Отан соғысы кезінде тұз өндіруші қазақтар орыс әскері пайдасына жинаған ақша көлемі. 22 мың сом.
395. Ертіс шебінің полктері қатысқан Бордино шайқасы қашан болды? 1812 жылы қыркүйек
396. 1812 жылы Бородино шайқасында күміс медальмен марапатталған қазақ жауынгері. Майлыбайұлы.
397. 1812 жылғы Отан соғысында жақсы рол атқарды: Атты әскер.
398. 1812 жылы Бородино шайқасында көгілдір ленталы медальмен марапатталған 1-ші тептяр полкінің старшыны.
Қарынбай Зындағұлұлы
399.1812 жылы 27-шілдеде Малаево Болото және Левиа деревнялары түбінде болған ұрыстарда айрыұша көзге түскен қатардағы жауынгер қазақтар. Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы.
400. Мұрат Құлшоранұлы, Еріш Азаматұлы айрықша көзге түскені үшін қандай атақ берілді. хорунжий
401. 1812 жылы жазда Романово деген жерде болған шайқаста ерлікпен шайқасқан атты әскер жауынгерлері
Боранбай Шуашбайұлы, Ықсан Әубәкірұлы.
402. 1812 жылғы Отан соғысында 3-дәрежелі «Қасиетті Анна» орденіне ие болды: Сағит Хамитұлы.
403. 1812 жылғы Отан соғысында башқұрт полкі құрамында шайқасқан қазақ. Нарынбай Жанжігітұлы.
404. 1812 жылғы Отан соғысында ерлігі үшін «Георгий» орденінің толық кавалері атанды: Нарынбай Жанжігітұлы.
405. Башқұрт полкі құрамында Веймар, Ганау және Майндағы Франкфурт қалалары түбінде болған ұрыстарға қатысқан қазақ жауынгерлері. Жанжігітұлы мен Байбатырұлы.
406. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, шоқынған қазақ. Яков Беляков.
407. 1812 жылғы Отан соғысына қатысқан, 1837 жылы Александр княздың қабылдауында болған қазақ жауынгері. Нарынбай Жанжігітұлы.
408. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар. 1837-1847 жылдар.
409. ХІХ ғ.20-жж.қарай Ұлыжүздің бір бөлігі,Кіші жүздің оңтүстік өңірі билігінде болды. Қоқан бектерінің
410.ХІХ ғ. 20-30 жж Хиуа хандығы қысым көрсеткен рулар. Шекті,табын,төртқара,байұлы
411Отаршылдық қанауға қарсы адунды қазақтардың күресін басқарған Абылайханның немерелерінің бірі
Саржан Қасымұлы
412. Саржан Қасымұлын 1836 жылы зұлымдықпен өлтіртті. Қоқан ханы
413.Патша үкіметінің Жаңа Елек (Илек) өзені бойында әскери шеп тұрғыза бастауы кімнің көтерілісіне себепші болды . Жоламан Тіленшіұлы
414. Қасым Абылайұлы Көкшетау бойынан Қоқан хандығының шекарасына қарай көшті. 40 мың шаңырақ.
415. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің негізгі мақсаты. Ресей империясының қазақ жерін отарлауды тежеу. Округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.
416.Кенесары туған ағасы Саржанның көтерілісіне қай жылдан қатысты? 1824 ж.
417.Қасымның 40 мың шаңырақпен Қоқан шекарасына көшіп кетуінің басты себебі.
Патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы
418.Кенесарының тағыда бір мақсаты. Қоқандықтар тепкісіндегі қазақтарды азат ету
419. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызған хандық. Хиуа хандығы.
420. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс созылды: 10 жылға.
421. Кенесарының атасы. Абылай хан.
422. Кенесарының көзқарасының қалыптасуына әсер етті. Қасым төре.
423. Кенесары Қасымұылының көтерілісі қамтыды: Бүкіл Қазақстанды. (Үш жүзді)
424. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің басты қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
425. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан сұлтан, би, старшындардың саны. 80-нен астам.
426. Кенесары әскерінің жеке отрядын басқарған Аманкелді Имановтың атасы. Иман батыр.
427. Қ.Қасымұлы көтерілісіне әр түрлі ұлт өкілдері қатысты Орыс, өзбек., қырғыз.
428. Кенесары әскерінің жеке отрядтарын басқарған батырлар. Ағыбай,Иман,Жоламан Тіленшіұлы,Бұхарбай,Бұғыбай,
Аңғал батыр,Жеке батыр,Байсейт батыр,Сұраншы батыр
429. Қ. Қасымұлы Петропавл қаласынан шыққан керуенді қорғайтын ақтау бекінісі қазақтарының тобына тұңғыш рет шабуыл жасады: 1837ж. Қараша айында
430. Кеңесары отрядтары 1838 ж мамыр айында қай бекініске шабуыл жасады Ақмола бекінісіне
431.Көтерілісшілердің патша жазалаушы қолдарымен қақтығыстары жиіледі. 1838 жылы көктем
432. 1841ж тамыз айында Кеңесарының қолы аттанды: Ташкентке
433. Ақмоланы қорғап қала алмаған,патша үкіметінің сойылын соққан бекініс гарнизонын басқарғандар.
Сұлтан Құдаймендіұлы және Карбышев
434. 1838 жылы Кенесары отряды басып алып өртеп жіберген бекініс. Ақмола.
435. Кейіннен жазалаушылар жағына шығып кеткен Баянауыл округының ірі өкілі Мұса шорманұлы
436. Кейіннен жазалаушылар жағына шығып кеткен Баянауыл округының сұлтандары. Бабатай,Елемес Жайнақұлы
437.Орта жүз қазақтарының негізгі бөлігі Кенесары туы астында шоғырланған уақыт. 1838 жылдың жазы мен күзі
438. Кенесары Қасымұлы көтерілісі кезіндегі Ресей императоры. І Николай.
439. 1841 жылға Ташкентке аттанған Кенесары жорығының жүзеге аспау себебі.
Сарбаздар арасында жұқпалы аурудың тарауы.
440.Көтерілісшілердің бір тобы қоршауға алған қоқан әскерлері орналасқан бекіністер.Созақ,Жаңақорған,Жүлек,Ақмешіт
441. Кенесары одақ жасауды ұсынған хандық. Қоқан хандығы.
442. 1842 ж В.А. Перовскийдің орнына Орынбор өлкесіне губернатор болып тағайындалған генерал . В.А. Обручев
443. 1843ж маусым айында войсковой старшина Лебедев бастаған 300 қазақ отрядын Кеңесары көтереілісінің жаншуға жіберуге келісімін берді. I Николай
444. 1843 жылы І Николай патша келісім беріп, Кенесары көтерілісін жаншуға жіберген отряд.
Старшина Лебедев басқарған отряд.
445. Сібір жағынан қысымды үдеткен,Батыс Сібір генерал-губернаторы. Князь П.Горчаков
446. 1843 жылдың тамыз айында Кенесарыға қарсы шыққан билеуші сұлтандар.
Ахмет Жантөреұлы,Баймағамбет Айшуақұлы
447. Көтерілісшілерге қарсы ешқандай тойтарыс бере алмаған полковник Бизановтың қарулы тобы Орынбор жағынан қимылға кіріскен уақыт. 1843 жылы 17 тамыз
448.Бизановтың қарулы тобы көтерілісшілерге қарсы ешқандай тойтарыс бере алмай қайтып оралған бекініс. Ор бекінісі
449. 1844 жылы шілде айының 20-сында болған Кенесары отрядымен шайқаста Ахмет Жантөреұлы тобынан қаза тапқан сұлтандар саны. 44.
450. Кенесарыға қарсы күресте дәрменсіздігі үшін Орынборға шақыртылып, орнынан тайдырылып, сотқа тартылған старшина. Лебедев.
451.Көтерілісшілердің рухын көтеріп,Кенесары туы астына жаңа қазақ ауылдарының тездеп шоғырлануына түрткі болған көтеріліс. 1844 жылғы күрес
452.Ақбұлақ округтік приказы төңірегіндегі Кенесары Қасымұлынан І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға бес өкілді жіберген уақыт. 1838 жылы желтоқсан
453. І Николай патшаға арналған хаттарды тапсыруға жіберіліп, тұтқынға түсіп жазаланған бес өкіл.
Қосымбай Қазанғапұлы,Майтөк Дөненұлы,Тобылды Тоқтыұлы, Жүніс Жанкүшікұлы, Малберді Қонысбайұлы
454.1844 жылдын аяғында көтеріліс басшысымен келіссөз жүргізу үшін Кенесарыға Орынбор губернаторы Обручевтің хатын табыс еткен шекаралық комиссияның өкілі. Би Баймуханбет Жаманшин
455. 1845 жылғы Кенесарының ауылына келген елшілік. Долгов, Герн елшілігі.
456. Патша үкіметі мен Кенесары арасындағы келіссөздердің тоқтап қалу себебі.
Жазалаушы отрядтардың бассыздығын жою, алым-салық жинау сияқты Кенесары талаптарының орындалмауы.
457. Кенесары Қоқан хандығының езгісіндегі қазақ руларына дербестік алуына көмектесу мақсатында бет алды: Сарыарқадан Ұлы жүзге.
458. Кенесары хандық билікті қолына алды: 1841 жылы.
459. Хандық билікті қолға алған Кенесары билер сотын жойып, оның орнына енгізді: Хандық сотты.
460. Кенесары Қасымұлының шаруашылық саласында көңіл бөлді: Егіншілікке.
461.Кенесары Қасымұлының басшылығымен іске асырылған өзгерістердің ішінде көңіл аударатыны.
Хандықтың жер саясаты
462.Өңірдегі экономикалық байланыстарға нұқсан келтірген жағдай. Сарбаздардың сауда керуендерін шабуылдауы
463.Опасыздық жасаған үшін қолданылған шара. өлім жазасы
464. Кенесарының жағдайын қиындатты: Бұхар мен Қоқан хандықтарының бірігіп күресу келісімі.
465.1845 жылы қазан,қараша айларында көтерілісшілер алған бекіністер. Созақ,Жүлек,Жаңақорған
466.Ресей билігін мойындаған Абылайдың баласы. Сүйік сұлтан
467. Кенесарының соңына ермеген өзіне белгілі белді тұлғалар.
Старшын Құнанбай Өскенбайұлы,Аякөз округының аға сұлтаны Барақ Сұлтанбайұлы
468. Кенесарының өзіне ермеген белді тұлғалардың ауылын ойрандауы:
Жетісудағы белді рулардың Ресейден көмек сұрауына себепші болды.
469.1846 жылы Шекаралық комиссияның төрағасы Н.Вишневскийдің Жетісу мен Орта жүзге әскери сапарының екі мақсаты.
1. Ресей билігін мойындаған ру басшыларымен кездесу. 2.Кенесарымен күреске Жетісу казактарын тарту
470. Кенесарыны және оның Қоқан бектеріне қарсы күресін барынша қолдаған батырлар.
Тайшыбек, Саурық, Сұраншы,Байзақ датқа,Медеу би
471. Қырғыз манаптары Кенесарының Қоқан хандығына қарсы бірігіп күресу жөніндегі ұсынысын: Жауапсыз қалдырды.
472.Кенесарының қырғыз жеріне басып кірген жыл. 1847 жылдың басы
473. Кенесары қаза тапты: 1847 жылы.
474. Кенесарының қолы қырғыздардан жеңілген жер. 1847 жылы.Майтөбе.
475.Көтерілістің тарихи маңыызы. Үш жүзді қамтыған ХІХ ғасырдағы ең ірі көтеріліс
476.Кеңесары көтерілісі барысында қай мемлекеттен көмек сұрау мәселелері талқыланды Қытайдан
477.1847ж. Қырғыздармен ұрыс қарсаңында жауынгерлер мен Кенесарыдан бөлініп кеткен:
Рүстем сұлтан мен Сыпатай би
478. Бөкей Ордасы құрылған жыл. 1801 жыл.
479. Бөкей Ордасының территориясы. Еділ мен Жайық аралығы.
480. ХІХ ғасырдағы Кіші жүздің алып жатқан территориясы. 850000 мың шақырым.
481. 1801 жылы 11 наурызда Жайық пен Еділ өзенінің төменгі ағысында Кіші жүз қазақтарының көшіп-қонуына рұқсат берген император. І Павел.
482. Патша үкіметінің Кіші жүз руларыныдағы қазақтардың жер үшін күресін біршама бәсеңдеткен шешімі.
Жайық пен Еділ арасында қайта қоныстануға рұқсат беруі.
483. Бөкей Ордасының патша үкіметінің қаржысына хан сарайын салған жер. Жасқұс.
484. Бөкей ордасында «Хандық кеңес» ұйымдастырылды: 1827 жылы.
485. Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылған «Хандық кеңестің» құрамына кірген билер саны. 12 би.
486. Бөкей Ордасында 1827 жылы ұйымдастырылды: «Хандық кеңес».
487. 1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісіне түрткі болған жағдай. 1833 жылы Жәңгір хан қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий өңіріне билеуші етіп тағайындауы.
488. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтеріліс: Үш кезеңге бөлінді.
489. 1836-1838 жылдардағы Ішкі ордадағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші. Қазақ шаруалары.
490. Орынбор генерал-губернаторының көрсетуі бойынша Исатайдың жала жабылып сотқа тартылған жылдары:
1817-1823 жылдар.
491. 1837 жылғы қазан айының 15-інде Исатай мен Махамбеттің қолы Теректіқұм деген жерде ауылын ойрандаған Жәңгірдің сыбайласы. Балқы Құдайбергенұлы.
492. 1837 жылы қазан айының аяғында ханның резиденциясын қоршаған Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер саны. Екі мың.
493. 1837 жылы қазан айының аяғында саны екі мыңға жеткен Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілер қоршады: Ханның резиденциясын.
494. 700 казак әскерінен, 400-ден астам хан-сұлтан жасақтарынан құралған жазалаушылар Исатай қолына қарсы тұрды: 1837 жылы қараша айының 9-ы.
495. Патша үкіметінің Исатайды ұстап тірідей әкелген адамға берілетін сыйы. 1000 сом.
496. Патша үкіметінің Исатай көтерілісін басу қажеттігін тездеткен жағдай.
Кенесары көтерілісінің Кіші жүз жерін шарпуы.
497. Исатай Тайманұлы қаза тапты: 1838 жылы.
498. Исатай мен Махамбет бастаған көтерілістің жеңілген жер. Ақбұлақ.
499. Исатай Тайманұлы қаза тапқан жер. Ақбұлақ.
500. 1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста казактар қылышпен шауып, атып өлтірді: Исатайды.
501. 1838 жылы Ақбұлақ деген жерде шайқаста көтерілісшілер тарапынан қаза тапты. 80-дей адам
502. Махамбет бір топ көтерілісшілермен Нұртазғали Өзбекұлы және Тобылды шерғазыұлы сұлтандарының ауылдарына шабуыл жасады. 1838 жылы шілде
503. Орынбор губернаторының тікелей араласуымен көтерілісшілердің басшыларына берілген жаза.
500 адам сапқа тұрып дүре соғу, 8 жылға жер аудару,деңсаулықтары нашарласа Иркутск қаласына жер аудару.
504. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі болды: 1836-1838 жылдары.
505. Исатай мен Махамбет бастаған Ішкі ордадағы шаруалар көтерілісі болды: ХІХ ғасырдың І жартысында.
506. 1836-1838 жылдардағы Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару тапсырылды: Гекеге.
507. Исатай көтерілісінен кейін Ішкі Ордададағы 1842 жылғы шаруалар көтерілісін басқарды:
Аббас Қошайұлы(ноғай руынан), Лаубай Мантайұлы(масқар руынан).
508.Қылмыскерлердің екінші тобына жатқызылғандарға Геккенің берген жазасы. 20-дан 50-ге дейін дүре соғу
509. . Махамбет Өтемісұлы өлтірілді: 1846 жылы.
510. 1843 жылы ақпан айынның ортасында Жәңгірдің озбырлығына қарсылық білдіру үшін Орынборға сапар шеккен. Лаубай Мантайұлы(1847 жылы түрмеде өлді)
510. ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Сыр бойындағы қазақ шаруаларының азаттық күресінің басшысы.
Жанқожа Нұрмұхамедұлы.
511. 1843 жылы халықтың қолдауымен Жанқожа батыр құлатқан бекініс. Хиуа бекінісі.
512. Жанқожа батыр бастаған Сыр бойындағы шаруалар көтерілісінің ошағы. Жаңақала.
513. Райым (Қазалы) бекінісі салынды: 1847 жылы.
514. Райым бекінісінің қазіргі атауы. Қазалы.
515. ХІХ ғасырдағы Жанқожа көтерілісі жаншылды: 1860 жылы.
516. 1856 ж. Жазында Жанқожаның қасына жиналған қарулы топтың саны . 2 мыңдай.
517. Жанқожа көтерілісіне қатысқан Арал теңізі маңындағы көшпелі ірі рулар: Шөмекей, төртқара, қарасақал.
518. Жанқожа бастаған көтерілісшілер Қазалы портын қоршауға алды 1856 ж. Желтоқсан
519. Жаңқожа бастаған көтеріліс бағытталды. Хиуа хандарының өктемдігіне
520. Жаңқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтерілістің тууының себебі.
Мұхаммед-Рахымның ұлы Аллақұлдың Жаңадария мен Қуандария аудандарында қамал тұрғызуы
521.Патша үкіметі көтерілісшілерді біріктірмеу үшін жіберілген топты басқарды. Генерал-майор Фитингоф
522.1856 жылы Жаңқожа батырдың туы астында болды. 1500 адам
523. 1857 жылы көтерілісшілердің саны. 5000 адамға дейін
524.Жаңқожа батырдың сенімді өкілдерінің бірі. Есет Көтібарұлы
525. ХІХ ғасырдың 50-жылдарындағы Арал бойындағы көтерілістің жетекшісі. Есет Көтібарұлы.
526. Орынбор әкімшілігі Есет Көтібарұлын ұстауды жүктеді: Арыстан Жантөринге.
527. 1855 жылы 8 шілдеде Есет тобы күтпеген жерден шабуыл жасап сұлтанды және сыбайластарын қырып салды: Жантөрин лагеріне.
528. 1858 жылы жазалаушылардың қыспағымен Есет батыр көтерілісті тоқтатып:
Орынборға барып патша билігін мойындады.
529.1857 жылы наурызда әскери дала сотының шешімімен тұтқынға түскендердің қаншасы атылды. 3 қазақ
530. 1857 жылы наурызда әскери дала сотының шешімімен тұтқынға түскендердің қаншасы жер аударылды. 18-і Сібірге
531. 30-40 жж. Жетісу және Оңтүстік Қазақстанның біраз аумағы кімдердің қол астында болды. Қоқан билеушілерінің
532.Қоқан ханы Мырза Ахмет бектің резиденциясы болды. Ташкент қаласында
533. 1858 жылғы наурыз айында басталған Қоқан езгісінде қарсы ең ірі көтеріліс болды: Әулиеата маңында.
534. 1858 жылғы қоқандықтар сәтсіздікке ұшыраған шайқас. Пішпек түбіндегі ұрыс.
535. ХІХ ғасырдың 50-жж мырза Ахметтің қосымша салығы. Қыздар мен тұрмыс құрмаған әйелдерге
536. Көтерілісті басуға жіберілген әскери топтардың бірін басқарды. Кенесарының ұлы Тайшық сұлтан
537. 1858 жылғы халық қозғалысының тегеуірінен сескенген қазақ феодалдары: Қоқан билеушілерімен ымыраға барды.
538. Қоқан ханы Худияр қазақ федалдарын қабылдап: Ішінара жеңілдіктерге келісім берді.
539. Қоқан әскерлерінің жақындауынан Ресей бақылауындағы Сарысу өзеніне қарай көшкен шаңырақ саны. 12 мың
540. Қоқан әскерлерінің жақындауынан Ресей бақылауындағы Перовск фортына қарай көшкен шаңырақ саны. 4700
541. Мырза Ахметтің орнына Ташкент билеушісі болды. Інісі Мұрат-аталық
542. 1858 жылғы қазақ шаруаларының Қоқан езгісіне азаттық күресінің тарихи маңызы.
Оңтүстік Қазақстанның Ресейдің құрамына кіруінің алғышарты пісіп-жетілді.
543. Өз естеліктерінде ол «Бұқтырмада көп емдеп, көп көмектестім», - деп жазды. М.И. Муравьев-Апостол
544. Қазақстанға жер аударылған декабристердің ішінде ерекше көзге түскен, Мәскеу университетін бітірген этикалық-саяси ғылымдар магистрі: С.Семенов
545. «Кіші жүз руларының картасын» кім жасады? В.Вольховский
546. Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларын зерттеген. Г.Карелин
547. Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан мұражай ашылды 1831 ж.
548. Орынбордағы Неплюев кадет корпусы жанынан ашылған мұражайды экспонаттармен жабдықтау ісіне қатысушылардың бірі. Бөкей хан Жәңгір
549. «Батыс Сібірді сипаттау» деп аталатын еңбектің авторы: . И.Завалишин
550. «Батыс Сібірді сипаттау» деп аталатын еңбек жарық көрді: 1867 ж. Мәскеуде
551. «Іле бекінісіне бару» деп аталатын очерктің авторы: А. Коровков
552. 1849 жылы М.Петрашевскийдің ісі бойынша тұтқындалып жер аударылған орыстың ұлы жазушысы. Ф.Достоевский
553. Семейде Шоқан Уалихановпен кездескен. Ф.Достоевский
554. Арал экспедициясын ұйымдастырып,өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған А.Бутаков
555. Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхаттың мән жайын түсіндірген. А.Бутаков
556.Көшпелі қазақтардың ауыр жағдайын суреттген. А.Макшеев
557. 1805-1806 жылдары Ресей үкіметі осы елмен қатынасты ретке келтіруге ұмтылды. Қытаймен.
558. 1805-1806 жылдары Ресей елшісі Ю.А.Головкин елшілігі осы елге жіберілмей жолдан қайтарылды:
Ургадан(Улан-Батор)
559. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда байланысының ірі орталықтары.
Семей, Петропавл қалалары.
560. Орта жүздің найман руының сұлтаны Құдайменді Қытаймен сауданы тұрақтандыру үшін және сауда керуендерін аттандырып тұруға рұқсат алу мақсатында өзінің ұлы Ғабдолланы Петербургке жіберді.
Жәміш бекінісінен Қытайға
561. ХІХ ғасырдың басында қытай көпестерінің жиі сауда жасайтын орталықтарының бірі. Бұқтырма.
562.1811 жылы Ресей үкіметінің шекаралық ауданға ерекше өкілдікпен жіберілген тілмашы. Н.Путимцев
563. ХІХ ғасырдың басынан Петропавл, Семей арқылы Қытайға баратын саудагерлерді қорғау жүктелді:
Қарулы казактарға.
564. ХІХ ғасырдың басында Ресей үкіметінің Шыңжаң жәрмеңкелеріне апарып сататын негізгі тауарлары.
Өнеркәсіптік дайын бұйымдар.
565. 1809ж Тара қалдасынан бес мың сомға әртүрлі тауарлар жеткізген көпес... Бұқтырманы басып өтіп, Қытайдың Шәуешек қаласында тауарларын сатып, сол бекініске қайтып оралды: Нерпин
566. 1812 жылы 1 млн сомға жуық тауарларын Құлжа базарларында тиімді сатып,пайдамен оралған Ташкент көпестері. Мирқұрбан Ниязов пен Ахмадий Аширов
567. 1796 жылы Стамбұлдан қымбат тауармен шыққан Бағдад көпестері,түрікмендердің жерін басып өтіп жетті. Семейге
568. 1824 ж.Құлжа мен Қытайдың қалаларында сауда-саттық жүргізіп, қайта оралған Ташкент көпесі:. Муминов
569. Ресейлік бұйымдарды Ақсу,Құлжа,Қашқар,қытайлық Жаркент қалаларында сатып, сол жылдары Ресей бодандығындағы бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: .С.Мадатов
570. 1801-1808 жж бір ғана Петропавл кедені арқылы Қытайға өткізуге рұқсат етілген әр түрлі тауарлар құны. 302 763 сом
571. Семей өлкесінің белгілі саудагерлері. Степан Попов,Дмитрий Кузнецов,өскемендік Андрей Попов
572. ХІХ ғасырдың бірінші жартысында Ресей үкіметінің Тибетпен Қазақстан арқылы байланыс орнату бастамасын іске асыруға тырысқан: Г.И.Глазенап.
573. Ресейлік бұйымдарды сатып «Үлкен Тибетке» алғаш рет жеткен грузин көпесі. Семен Мадатов.
574. Кашмиеде болып, Ресейде кең таралған 250 кашмир шәлісін тұңғыш рет Қазақстанға жеткізген грузин көпесі.
Семен Мадатов.
575.Семейден Қашқарға тікелей апаратын жаңа жолды ұсынған кабулдық ауған көпесі: Мехди Рафаил
576. Қазақстанның шекаралық бекіністері арқылы өтетін Қытай-Ресей сауда керуендеріне баж салығы көбейтілді:
ХІХ ғасыдың 30-жылдары.
577. ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Ресей мен Қытайдың арасындағы сауда байланыстарына кедергі болған жағдай. Мемлекетаралық келісімдердің жоқтығы.
578. Хиуа ханы Мұхаммед Рақымның қазақ қоныстарына зардабы жойқын болған, екі мыңға жуық ауылды қаңыратқан шайқас болған жыл. 1820 жыл.
579. 1820 жылы Хиуа ханы Мұхаммед Рақым қазақ қоныстарына шабуыл жасап, қаңыратып кеткен ауыл саны.
Екі мыңға жуық.
580. 1821 жылғы Орта Азия хандықтарының озбырлығына қарсы азаттық қозғалыстың басшысы. Тентектөре.
581. 1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстың сипаты. Азаттық.
582. 1821 жылғы Тентектөре бастаған қозғалыстағы көтерілісшілер саны. 10 мың.
583. Қазақтар менқырғыздардың ХІХ ғасырдың 20-30 жылдардағы Түркістан, Шымкен, Сайрам, Әулиеата және Пішпек маңындағы шайқасы бағытталды: Қоқан үстемдігіне қарсы.
584. 1817 жылы Сүйік сұлтан Абылайханұлының мәлімдемесі. Өзі қарамағындағы рулармен Ресей құрамына кіру.
585. 1817 жылы Сүйік Абылайханұлы бастаған 66 мың қазағы бар Ресей құрамына кірген ру. Жалайыр.
586. ХІХ ғасырда Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында салынған Ресей әскери бекіністері. Ақтау, Алатау, Қапал.
587. Патша үкіметі Қазақстанда саяси бағыттағы бірқатар әскери шараларды іске асырды: ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.
588. Ресейдің сыртқы істер министрлігі жанындағы «Азия комитетінің» құрылған уақыты. ХІХ ғасырдың 20-30 жылдары.
589. 1825 жылы жаңа әкімшілік билікті мойындап, өзі жерлерінен сыртқы окрук ашуға келісім білдірген Жетісудағы 50 мың адамы бар болыс. Үйсін.
590. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы.
591.Қызылағаш өзенінің боына орыс әскерлері келді. 1846 жылы жаз
592. Ресй билігіне мойынсұнған 40 мың қырғыз отбасыларын басқарған манаптар. Жантай,Жаңғар, Ормон
593. Ұлы жүзді басқару жөніндегі ресейлік пристав тағайындалған жыл. 1848 жыл.
594. 1848 жылы қантарда Ұлы жүзге тағайындалған ресейлік билік. Пристав.
595. Ресейдің экономикалық және саяси мүдделеріне орай алдымен көз тіккен аймақтар. Жетісу және Іле өңірі.
596. Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын біраз уақытқа дейін билігінде ұстады: Қоқан хандығы.
597. Ұлы жүз жеріндегі Қоқан хандығының тірегі болған бекініс. Таушүбек.
598. Капитан Гутковский бастаған 200 казактан және 50 жаяу әскерден құралған топ Капалдан шығып,Таушүбекке жақындады. 1850 жылы
599.Алматы өзенінде қырғыздар жасағымен қақтығысқан Гутковский қайда оралуға мәжбүр болды. Іле жағалауына
600.1851 жылы мамырда Капалдан Таушүбек бекінісін алуға аттанған топ. Подполковник Карбышев тобы
601.Бір батальон жаяу әскерден,төрт казак жүздігінен және 18 зеңбіректен тұрған күшті қолдады. Би Тәйнеке Дөсетұлы
602. Ресей үкіметіне Таушүбек бекінісі қантөгіссөз берілді: 1851 жылы 7 шілде.
603. 1853 жылы Ресейдің қоластына қараған бекініс. Ақмешіт.
604. Сырдария және Сібір әскери шептерін ұштастыру туралы ұсыныс жасаған Батыс Сібір генерал-губернаторы. Г.Гасфорт
605. 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекінісін тұрғызды: М.Д.Перемышельский отряды.
606. Верный бекінісінің негізі қаланды: 1854 жылы.
607. Верный бекінісін тұрғызған отряд. М.Д.Перемышельский отряды.
608. Верный бекінісі салынған жердің ертедегі атауы. Алматы.
609. 1854 жылдың күзінде бөренелі ағаш үйлерге және казармаларға қоныстанды. Іле отрядының 470 солдаты мен офицері
610. Ұлы жүз приставы резиденциясының Қапалдан Верныйға көшкен жыл. 1855 жыл.
611. 1855 жылы Ресейдің билігін мойындаған қырғыз руы. бұғы
612. Верныйға қоныстанушылар әсіресе көп болған Ресей губерниясы: Воронеж.(1856 жыл)
613. Верныйда сыра зауыты іске қосылды: 1858 жылы.
614. Татар слободкасы маңайында Верныйдағы тұңғыш су диірмені салынды. 1857 жылы
615.Верныйда болып,жергілікті халықтың тұрмыс-салтымен ,тарихымен танысқан белгілі ғалым-саяхатшылар.
П.П.Семенов-Тяншанский,Н.М.Прежевальский,И.А.Северцев
Поделиться32016-10-01 23:52:33
616. ХІХ ғасырдың 60-жылдары Верныйда тұрған ғалым. Ш.Уәлиханов.
617.іле өңірінде қазақтармен байланысты нығайту тапсырылған 800 орыс және 100 қазақтан тұратын күшті басқарған. Подполковник Шайтанов
618. Ресейдің күшін қоқандықтар озбырлығынан құтқарушы ретінде қарсы алып,қошемет көрсеткендер.
Сұраншы батыр,Шаян батыр,Жайнақ би
619. 1859 ж. Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстік шекаралық ауданында тұрғызылған бекініс Кәстек.
620 .Орыс әскерлері 1860ж. 26 тамызда қандай бекіністі алды? Тоқмақ
621. 60 ж. Қыркүйекте 5 күндік қоршаудан кейін құлаған Қоқанның Жетісудағы тіректерінің бірі. Пішпек
622. 1860 жылы болған Ұзынағаш шайқасының тарихи маңызы. Жетісудың Қоқан езгісінен құтылуына ықпал етті.
623. 1860 жылғы жылғы Ресей әскерімен Қоқан хандығының арасындағы шайқаста: Қазақ феодалдары екіге бөлінді.
624. 1860 жылы Ресей әскеріне қарсы қоқандықтармен бірге шайқасқан:
Кенесарының баласы Сыздық сұлтан бастаған топтар.
625. 1860 жылы орыс әскерлері мен Қоқан әскерінің арасында үш күндік шайқас болған жер. Ұзынағаш.
626. Ұзынағаш жеріндегі орыс әскерлерінінің Қоқан әскерін жеңген шайқас болған уақыт.
1860 жылы қазан айының 19-21 күндері.
627.Қай жылы 4 мың қоңырат жанұясы және 5мың Ұлы жүздің бес таңбалы рулары Ресейге қосылғанын мойындады? 1863 ж
628. ХІХ ғасырдың 50-жылдарының аяғы, 60-жылдардың басында Орта Азия үшін талас болды:
Ресей мен Англия арасында.
629. 1864 жылы Ресей үкіметінің Қоқан хандығына қарсы жіберген әскері басып алған бекініс. Түркістан.
630. 1865 жылы орыс әскерлері басып алған қала. Ташкент.
631. Орыс әскерлері Бұхар хандығының жеріне басып кірді: 1866 жылы.
632.1864 ж. 22 қыркүйекте Түркістан жағынан полковник М. Черняев, Әулиеата жағынан подполковник Лерхеннің әскери тобы басып кірді Шымкентке
633. Орыстар Орта Азияның ірі саяси, экономикалық орталығы Ташкентті қашан басып алды? 1865 ж. Шілде
634. 1866 жылы орыс әскерлерінің басып алуы нәтижесінде Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына кірді:
Бұхар хандығы.
635.Ресей үкіметінің Қоқан хандығына жіберген тобы бүкіл Шу алқабын,Мерке,Әулиеата,Түркістан бекіністерін басып алды. 1864 жылы көктем
636. Орыс әскерлеріне қарсылық ұйымдастыру үшін Хиуа,Бұқар хандықтарымен одақ жасауға тырысқан Қоқан билеушісі. Әлімқұл
637. 1868 жылы келісім бойынша Қоқан хандығына қарасты бірқатар жер, Қоқанға тәуелді қазақ жерлері бағындырылды: Түркістан генерал-губернаторлығына.
638.Қазақтардың Орта Азия феодалдық иеліктері Бұқар,Қоқан,сондай-ақ Хиуа хандықтарына тәуелділігі жойылды. 1873 ж
639.Қазақ –орыс байланыстарының жолға қойыла бастауы,қай орыс патшасы билік құрған кез деп қарастырған жөн.
ІҮ Иван
640. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі XVIII ғасырда басталып: Бір жарым ғасырға созылды.
641. ХІХ ғасырдың бас кезінде медреселерде оқытылған тіл. Араб тілі.
642. «Шариғат-ұл-иман» дегеніміз не? Мұсылман дінінің ережелері.
643. «Әптиек» дегеніміз не: Құранның жетіден бір бөлігі.
644. Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беруге негізінен тартылды. «мұғалімдікке»арнаулы куәлігі бар адамдар
645. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын жіберді: Бұхар мен Ташкентке.
646. Біртіндеп ірі медреселерде.......орыс тілін,арифметиканың төрт амалын үйретті,геграфия пәнінен мәлімет беретін болды
647. Қазақ жерінде тілмаштар дайындайтын Азиялық училище ашылды: 1789 жылы.
648. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынборда ашылған әскери училищелер негізінен айналысты:
Ресейлік билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлаумен.
649. Орынбордағы әскери училище 1844 жылы қайта құрылды: Неплюев кадет корпусы.
650. 1844 жылы Орынборда ашылған оқу орны: Неплюев кадет корпусы.
651.Орысша және татарша сауат ашатын мектептердің бірін ұйымдастырған Кіші орда ханы. Жәңгір
652.Кіші орда да Жәңгір хан ұйымдастырған мектеп қашан ашылды? 1841 жылы
653.1841 жылы Кіші ордада ұйымдастырылған мектепте молдалар татар тілінде,ал ұстаздар орыс тілінде сабақ берді.
654.Омбы облысының қоныстарында орысша білім беретін училищелер ашу ұйғарылды. 1831 жылы
655. 1831 жылы қыркүйек айының 18-і күні орысша білім беретін училище ашылды: Семей қаласында.
656. Қазақтар үшін интернаты бар Өскемен училищесі ашылды: 1836 жылы.
657.ХІХ ғасырдың бірінші жартысында қазақ халқының өмірі мен тарихына ,шығармашылығына көңіл бөлген орыс мәдениетінің ерекше орын алатын өкілдерінің бірі. В.И.Даль
658. В.И.Дальдың Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмыс жағдайын сипаттаған шығармасы. «Бөкей мен Мәулен» повесі.
659.Орынбор өлкесінде 8 жыл (1833-1841 жж) шенеунік қызметін атқарған орыс мәдениетінің өкілі. В.И: Даль
660. 1831-1840жылдары орыс әскері қатарында Хиуа жорығына қатысқан. В.И.Даль
661. Қазақ жерінде болған А.С.Пушкин шығармашылығына арқау болған көтерліс.
1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысы.
662. А.С.Пушкиннің Орынборда (Қазақстанда) болған жыл. 1833 жыл.
663. А.С.Пушкиннің Орынбор жерінде болғанда қазақтардың шаруалар соғысына қатысқаны туралы жазған еңбегі.
«Пугачев бүлігінің тарихы».
664. А.С.Пушкиннің Орал жерінде танысқан поэмасы. «Қозы Көрпеш – Баян сұлу».
665.Орыс демократиялық топтарында Орта Азия мен Қазақстан туралы құнды мәліметтердің тарауына септігін тигізіп,қазақ,башқұрт және басқа халықтардың өиірі мен тарихына қызыға қараушылықты күшейтіп,олардың тағдырына терең үңілуіне жол ашты. «Капитан қызының», «Пугачев бүлігінің» баспадан шығуы
666. 1848-1849 жылдары Каспий теңізіне жасаған экспедицияны басқарды: Г.С.Карелин.
667.1848-1849 жж. Арал теңіщіне экспедиция жасады: А.Бутаков.
668. Қазақ халқының өмірін зерттеп, арнайы тарихи еңбек жазған тарихшы:
Э.Мейер, А.Левшин, Н. Красовский, В.Витевский
669. ХІХ ғасырдың І жартысында Қазақстан туралы құнды еңбек жазды: А.Левшин.
670. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары. 1804-1846 жылдар.
671. Махамбетті Жәңгір хан өзі Зұлқарнайынмен қосып оқуға жібереді: Орынборға.
672. Махамбеттің Орынборда тұрған жылдары: 1824-1829 жылдар.
673. Махамбеттің шаруалар толқынына қатысқаны үшін Калмыков бекінісінде қапаста отыран жыл. 1829 жыл.
674. Халық мүддесіне мейілінше берілген Махамбет өлеңдеріндегі негізгі тақырып.
1836-1838 жылдардағы Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі.
675. Махамбеттің Бөкей Ордасы билеушілеріне өшпенділігін ашық білдірген өлеңі. Баймағамбет сұлтанға арнаған өлеңі.
676. Махамбет Өтемісұлы қапыда қаза болды. 1846 жылы қазанның 20-сында
677.Махамбет Өтемісұлының туған жері. Батыс Қазақстан облысының Орда ауданы.
678. Махамбет Жәңгір ханның қай ұлына ағалық ақылын аямай, аталық жасады? Зұлқарнайынға.
679. Шернияз Жарылғасынұлының (1807-1867жж.) туған жері Ақтөбе облысы Ойыл ауданы
680. 1836-1838 жж. Көтеріліске қатысқан ақын. Шернияз Жарылғасынұлы
681. Шернияз Жарылғасұлының әдебиет саласына қосқан үлкен жаңалығы: Суырыпсалмалық өнерді жетілдірді.
682.Шөже Қаржаубайұлының (1808-1895 жж.) туған жері Көкшетау облысының Қызылту ауданы
683. Жастайынан екі көзінен айырылған, ХІХ ғасырда өмір сүрген ірі эпик ақын. Шөже Қаржаубайұлы.
684. «Қозы Көрпеш Баян сұлу» ең көркем нұсқасы тараған. Шөженің айтуымен.
685. Шөже Қаржаубайұлының суырыпсалма өнерін жоғары бағалаған: Ш.Уәлиханов.
686. Шөженің айтуымен тараған жыр. «Қозы Көрпеш Баян сұлу».
687. Сүйінбай Аронұлы өмір сүрді: 1822-1895 жылдары.
688. Сүйінбай Аронұлы дүниеге келген жер. Алматы облысы Жамбыл ауданы ,Қаракәстек.
689.Өнерімен халыққа жағымды болғандарға қосылып айтылатын құрметті атақ. Сал,сері
690. Қазақтарды басқару жүйесін өзгерту үшін И.И.Бутков бастаған комиссия құрылды: ХІХ ғасырдың 60-жылдары.
691. ХІХ ғасырдың 60-жылдары құрылған И.И.Бутков бастаған комиссия қазақ даласын :
Батыс және Шығыс екі облысқа бөлуді ұсынды.
692. .Комиссия ұсынысы тапсырылған Орынбор генерал-губернаторы . А.П.Безак
693 .А.П.Безак Орынбор қазақтарының облыстық басқармасына қажетті мәліметтер жинастыруды тапсырды.
1864 жылы 29 қыркүйек
694.1865ж.А.П.Безактың отставкаға шығуына байланысты оның орнына тағайындалған жаңа губернатор: Н.А.Крыжановский.
695. 1865 жылы Қазақ өлкесін басқару ісін өзгертуді дайындау жүктелді: Гирс басқарған «Дала комиссиясына».
696. 1865 жылы 5 маусымда Қазақ өлкесін зерттеп білу мәселелерін дайындауға әмір берді: ІІ Александр патша.
697. Қазақстанды билеуді халықтың өзін-өзі басқару неізінде қайта құруды талап еткен ғалым. Ш.Уәлиханов.
698.Сібір генерал-губернаторлығында комиссия кімдерден жиналған мәліметтерге сенім артты.
Бай Мұса Шорманұлы,сұлтан Шыңғыс Уалиханұлы,аға сұлтан Сейдәліұлы
699. ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті:
1867 жылы 11 шілде.
700. ІІ Александр патша «Орынбор және Батыс Сібіргенерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті: 1868 жылы 21 қазан.
701. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері әкімшілік жағынан бөлінді: Үш генерал-губернаторлыққа.
702. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазақ жері құрамына кірген генерал-губернаторлықтар.
Түркістан, Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтар.
703. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына қараған облыстар.Жетісу,Сырдария
704. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Орынбор генерал-губернаторлығына қараған облыстар.
Орынбор және Торғай облыстары.
705. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Батыс Сібір генерал-губернаторлығына қараған облыстар.
Ақмола, Семей облыстары.
706. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде 1872 жылдан Бөкей хандығының жері қарады: Астрахан губерниясына.
707.Маңғыстау приставтығы Кавказ әскери округының басқаруына енгізілді. 1870 жылдан
708. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде Маңғыстау приставтығы кейіннен бағындырылған облыс. Закаспий облысы.
709. 1867-1868 жылдардағы реформа генерал-губернатордың қолында шоғырланған билік. Әскери және азаматтық билік.
710. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қытай және Иран сияқты елдермен дипломатиялық келіссөз жүргізуге рұқсат берілген генерал-губернаторлық. Түркістан генерал-губернаторлығы.
711. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Түркістан генерал-губернаторлығына дипломатиялық келіссөздер жасауға рұқсат етілген елдер: Қытай, Иран.
712. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыс басында тұрды. Әскери губернатор.
713. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша әскери губернатор жанындағы облыстық басқармалар үшке бөлінді: Шаруашылық, сот істері және жарлықты жүзеге асыру.
714.Облыстық басқарма істерін қадағалау тапсырылды. Вице-губернаторға
715. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша облыстар бөлінді: Уездерге.
716. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша уезд бастықтарын тағайындап отырды: Генерал-губернаторлар.
717.1867-1868жж «Ереженің» ең негізгі түйінді жері:
Әскери және азаматтық биліктің генерал-губернатор қолына шоғырлануы.
718.1867-1868жж. реформа бойынша Қазақстанда қандай облыстар құрылды?
Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Сырдария, Жетісу.
719. 1867-1868жж. реформа бойыншаСырдарияоблысынаҚазалы, Перовск, Түркістан, Шымкент, Ходжент, Жизақ уездері.
720. 1867-1868жж. реформа бойынша Батыс Қазақстан облысына: Орал, Атырау, Калмыков, Жем, (Темір( уездері.
721. 1867-1868жж. реформа бойынша Торғай облысына: Елек, Қостанай, Ырғыз, Торғай уездері.
722. 1867-1868жж.реформа бойынша Ақмола облысына: Көкшетау, Омбы, Петропавл, Сарысу уездері.
723. 1867-1868жж. реформа бойынша Семей облысына: Баянауыл, Зайсан, Көкпекті, Қарқаралы уездері.
724. 1867-1868жж. реформа бойынша Жетісу облысына: Сергиополь, Қапал, верный, Ыстықкөл, Тоқмақ уездері
725.1867-1868жж. реформа бойынша полиция, әскери бөлімдер, уездегі мекемелер, бекіністер кімге бағынды? Уезд бастығына.
726.Уездер бөлінді. Болыстарға
727. болыстар бөлінді. ауылдарға
728. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша бір ауылдағы шаңырақ саны. 100-200 шаңырақ.
729. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша салықтардан босатылып, өмірлік зейнетақымен қамтамасыз етілді:
Шыңғыс тұқымы – сұлтандар.
730. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша елді мекендерді басқару билігі ақсақалдарға берілген облыс. Сырдария.
731. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Сырдария облысында елді мекендерді басқару билігі берілді: Ақсақалдарға.
732. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша қазылар соты сақталған облыс. Сырдария.
733. Ақсақалдар арнайы өкілдер жиындарында неше жылға сайланды? 3
734. Ақсақалдарға ауылдық және болыстық старшындар сияқты не тапсырылатын?
Қоладан құйылған арнайы белгі және мөр
735. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақстандағы сот жүйесінің ең төменгі буыны. Билер мен қазылар соты.
736. 1867-1868 жылдардағы реформа бойынша сот жүйесінің ең төменгі буыны билер мен қазылар сотын бекітті:
Әскери губернатор.
737. Әрбір болыста қанша билер сайланатын еді? 4-тен 8-ге дейін (шаңырақ санына қарай)
738.. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы 1868-1869 жылдардағы азаттық күрес өткен облыстар. Орал, Торғай облыстары.
739. 1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген салық түрі. Шаңырақ салығы.
740. Қазақ шаруаларының басым көпшілігін ауыр жағдайға душар еткен земство салығын қосқандағы салық мөлшері.
3 сом 50 тиын
741. 1868-1869 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша енгізілген шаңырақ салығының көлемі. 1 сомнан 3 сомға дейін.
742. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереженің» көшпенділер үшін ауыртпалығы.
Жерді патша үкіметінің меншігі деп жариялауы.
743. 1868-1869 жылдардағы Орал, Торғай облыстарындағы халық қозғалысын басқарғандар.
Жеңілдіктерінен айырылған рубасылар.
744. 1869 жылы мамырдың 6-ы күні пон Штемпель басқарған 200 атты және бір рота жаяу әскеріне 20 мыңға жуық көтерілісшілер шабуыл жасаған жер. Жамансай көлі маңы.
745. 1869 жылдың наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында жалпы саны 3 мың болған көтерілісшілердің феодалдық топтарға қарсы шабуыл жасады: 41 рет.
746. 1869 жылы наурыз, маусым айларында Орал, Торғай облыстарында феодалдық топтарға қарсы шабуылға қатысқан көтерілісшілер саны: 3 мың.
747.Орал облысындағы азаттық күресті жаншуға жіберілген күшті басқарды. Подполковник Рукин
748.Орал облысындағы көтерілістің жеке құрамаларына басшылық еткендер.
Сұлтан Ханғали Арсланұлы,билер Дәуіт асауұлы,Мұнайтпасұлы,молдалар Рысқұлұлы,Досұлы
749. 1867-1868 жылдардағы «Уақытша Ереже» бойынша 40 мың шаңырақтан тұратын адай руының екі жыл ішінде төлеуге тиіс салық мөлшері. 160 мың сом.
750. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары: Досан Тәжіұлы, Иса Тіленбайұлы.
751. 1870 жылы Бозащы түбегінде болған жазалаушылар мен көтерілісшілер арасындағы шайқаста:
Жазалаушылар талқандалып, Рукин атылып өлді.
752.Қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасады. 1870жылы 5 сәуірде
753. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін әскери құрама әкелінді: Кавказдан Апшерон полкі.
754. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілісті басу кезінде көтерілісшілер жайында «бұларды келістіріп жазалау керек» деп нұсқау берген әскери министр. Милютин.
755. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісін басқан кезінде жазалаушылардан ығысып Хиуа хандығына өтіп кеткендер саны. 3000-ға жуық шаңырақ.
756. 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің жеңілу себебі. Адайлықтардың өзге аймақтардан алшақ орналасуына байланысты рулық-патриархалдық құбылыстың күшін жоймауы.
757. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісінің басты ерекшелігі. Көтеріліске қазақ жалдама жұмысшыларының қатысуы.
758. 1870 жылғы Маңғыстау көтерілісі басылғаннан кейін соғыс шығыны ретінде адайлықтар өкіметке:
90 мың қой өткізуге міндеттелді.
759. Ресейдің орталық аудандарынан шаруаларды Қазақстанға қоныс аударту басталған уақыт.
ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасы.
760. Жетісу облысының губернаторы Г.А.Колпаковскийдің ұсынысына сай «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» жаңа Ереже қабылданды: 1868 жылы.
761. 1868 жылы қабылданған «Жетісуда шаруаларды қоныстандыру туралы» Ереже бойынша жан басына берілетін жер көлемі. 30 десятина.
762. 1883 жылғы жаңа ереже бойынша қазақ жеріне қоныстанушы орыс шаруалары салық пен міндеткерліктен босатылды: Үш жылға.
763..»Село тұрғындары мен мешандардың қазыналық жерлерге өз еркімен қоныс аударуы және олардан бұрынғы қоныс аударғандар жағдайын қарастыру» жөніндегі заң қашан қабылданды? 1889 жылы 13 шілдеде
764. 1891 жылғы «Ереже» бойынша жан басына берілетін 15 десятина жер берілетін болып шешілді:
Бұрын қоныстанған шаруаларға.
765.1855 жылдан 1893 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысында орыс шаңырағы жайғасқан: 24 село
766.1855 жылдан 1893 жылға дейінгі аралықта Ақмола облысы қазақтарының пайдалануынан тартып алынған жер көлемі.
250 мыңнан астам десятина
767.Семей облысынан осы кезде қазақ шаруаларынан тартып алынған жер көлемі. 33 мыңнан астам
768. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында қоныс аударушылар көп шоғырланған өңір. Жетісу өлкесі.
769. ХІХ ғасырдағы қоныстандыру саясаты қамтыған облыс. Сырдария.
770. Шымкент, Ташкент, Әулиеата уездерінде 1884-1892 жылдар аралығында орыс, украин шаруалары құрған қоныстар саны. 37.
771. Қазақ жеріне капиталистік қарым-қатынастар тарала бастаған уақыт. ХІХ ғасырдың ортасы.
772. ХІХ ғаысрда қазақтар арасында отырықшылықтың кең таралуына себеп болған жағдай.
Орыс, украин шаруаларын көптеп қоныстандыру.
773. 15 мың десятина жерді суландыру әдісімен өндегенде қазақ шаруалары қанша астық өндіретін? 1 млн пұтқа дейін
774.ХІХ ғ. аяғында Қазақстан жұмысшылары негізінен жұмыс істеген өндіріс саласы: Тау-кен өнеркәсібінде
775.Ауылдық пролетариаттың әлі қалыптасып үлгірмеген тобы. Қазақ жатақтары
776.Ауыл шаруашылығы шикізаттарын өндейтін кәсіпорындар. Тері, май кәсіпорындары
777. ХІХ ғ. соңғы он жылында өлкеде тартылған темір жол көлемі 482 верст
778.ХХ ғасырдың басындағы бес жылда темір жолдың ұзындығы қаншаға жетті? 1818 шақырым
779.300-400 жұмыскері бар,салыстырмалы ірі деп атауға келетін өндіріс орындары.
Успен кеніші,Қарағанды көмір алабы,Екібастұз,Риддер өндірістік орындары
780. 1867 жылы Басқұншақ кәсіпорынында қанша тұз өндірілді? 55 мың пұт
781. 1900 жылы Басқұншақ кәсіпорынынан тұз өндіру көрсеткіші қанша болды? 20 млн пұт
782. Акциялары АҚШ,Германия,Бельгия,Щвеция,т,б,елдер өнеркәсібі иелерініңқолына көшкен акционерлік қоғам.
Спасск мыс кеніші
783.ХІХ ғасырда Ресей Мемлекеттік банк бөлімшелері ашылған қалалар.
Орал(1876), Петропавл(1881), Семей(1887), Омбы(1895), Верный(1912).
784.Сібірлік 57 сауда бөлімшесінің қаншасы Қазақстанда қызмет етті? 7
785.ХІХ ғасырдың 80- жж Ақмола,Сарысу,Қарқаралы уездері арқылы Ресейдің орталық аудандарына жеткізілетін.
60 мың ірі қара,200 мыңға жуық қой
786.Петропавлдан Қорған және Щадринск арасындағы мал айдайтын жолмен жыл сайын айдалатын мал саны.
340 мың ірі қара,550-600 мың қой,ешкі
787.Қазақ даласында малмен сауда жасау арқылы әйгілі болған ірі көпес: Скажутин, Ботов, Колосов, Жиряков.
788.Қазақ-орыс сауда байланыстарын дамытуда ерекше орын алды. Жәрмеңкелер
789. 1832 жылы қазақ жерінде тұңғыш жәрмеңке ашылды: Бөкей (Ішкі) ордасында.
790. Бөкей ордасында қазақ жеріндегі тұңғыш жәрмеңке ашылған жыл. 1832 жыл.
791.Қазақстанда ХІХ ғасырдың 80-жж қанша қалалық,далалық жәрмеңкелер ашылды ? 70-тен астам
792. ХІХ ғасырдағы Қазақстан аудандарындағы жәрмеңкенің басты дамыған өңірі. Ақмола облысы.
793.Ең ірі жәрмеңкелердің бірі Тайыншакөл орналасты: Петропавл уезінде
794.1875 жылы Тайыншакөл жәрмеңкесінде сатуға түскен қой саны. 78 мың
795. 1875 жылы Константиновка жәрмеңкесінде сатуға түскен қой саны. 77 мың
796. 1875 жылы Петровка(Атбасар станицасында) жәрмеңкесінде сатуға түскен қой саны. 2 мыңға жуық
797. 1848 жылы Қарқара уезінде ірі жәрмеңке ашылған жер. Талды-Қоянды(көпес Варкав Ботов).
798. ХІХ ғасырдағы Қазақстанның Ресеймен саудасындағы негізгі тауар. Мал.
799.Айырбас саудасында қазақтардың есебі. «тоқты» немесе бір жасар «ісек» қой
800.Орталық аудандарда 6-7 сомға сатылатын самауырынға қанша қой берілді ? 20-25 қой
801.ХІХ ғ мен ХХ ғ. басында қазақ жерінде жаңа қала пайда болды: 19
802. ХІХ ғасырдың соңындағы (1897 жылғы санақ) Қазақстандағы халық көп қоныстанған ірі қалалар.
Орал (36 446), Верный(22 744).
803.Ақмола облысындағы ұсақ қалалардың саны. 20
804.ХІХ ғасырдың соңында тау-кең өнеркәсібіндегі жұмысшылар саны. 19 мыңдай
805. 1902 жылға қарай тау-кең өнеркәсібіндегі жұмысшылар саны. 30 мыңға жуық
806. 1851 жылға дейін Ресей мен Цин империясы арсындағы сауда-экономикалық байланыс тек төмендегі қала арқылы жүзеге асырылды: Кяхта.
807. Ресей мен Қытай үкіметінің арасында Құлжа келісіміне қол қойылды: 1851 жылы шілде айының 25-і.
808.Құлжа шартына сай сауда құқықтары кеңейтілген Қытаймен ертеден керуен саудасын дамытудағы белгілі орталықтар. Троицк,Орынбор,Семей,Өскемен кедендері
809.Қазақстанмен іргелес Жаркент,Ақсу,Шәуешек қалаларының сыртқы саудасында қазақтардың тұрмысына қажетті тауарлар . шай,жібек,қант
810.1852 жылы Шәуешек қаласы арқылы қазақтардың бұйымдарын айырбастауға жеткізілді. 15 пұттан артық жібек мата
811.Орта Азия және қазақтар үшін әсіресе қажет,басты тауар. Шай
812.ХІХ ғ. 40-жылдарының аяғында Батыс Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейге орташа есеппен жеткізілген шай.
140 пұтқа жуық
813.Құлжа шартының бекітілуіне орай кейінгі жылдары жылына шамамен сатып алынатын шай мөлшері. 3000 пұт
814. 1855 жылдан бастап Қазақстан мен Шыңжаң арасындағы байланыстың уақытша тоқтау себебі.
Шәуешектегі орыс көпестерінің сауда орындарын жергілікті тұрғындардың тонауы.
815.Ресей көпестерінің саудасы шектелген қала . Құлжа
816.Шәуешек қайшылығын шешуді тездетіп,Сібір комитетіне сауда байланыстарын кеңейтуге жол ашуды талап етті.
1856 жылы І Александр патша
817.Жетісу мен Солтүстік Қырғызды отарлауда маңызды тірек болған Қытаймен сауданы кеңейтуде ерекше орын алды. Верный қаласы мен уезі
818. Қазақстан арқылы дамыған орыс-қытай сауда байланыстарының біршама құлдырап кеткен кез.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарының екініші жартысы.
819.Шыңжаңдағы көтерілістің барысында дербес Іле өлкесінде Іле сұлтандығы құрылды: 1864 ж.
820.1864 жылы Қашқарияда құрылған мемлекет. Жетіашар мұсылман мемлекеті
821. 1881 жылы ақпан айында Ресей мен Қытай арасында қол қойылған келісім. Петербург шарты.
822. Ресей мен Қытайдың Қазақстан арқылы сауда байланысына кең жол ашқан келісім. Петербург шарты.
823. 1860 жылы екі ел арасындағы келісім шарт (Ресей-Цин имп) Пекин шарты
824. Шәуешек хаттамасы жасалынды. 1864 жылы
825.Қытаймен экономикалық байланыста басты орын алды. Петропавл және Семей қалалары
826.1880 жылы шыңжанмен сауда байланыстары. 255 мың сомнан астам
827.1882 жылы шыңжанмен сауда байланыстары жетті. 337 мың сомға
828.1881 жылы 12 ақпанда ғы Петербург шартына сай орыс-қытай шекарасынан 60-65 шақырым жерге дейінгі қашықтықта сатуға рұқсат берілді. Шайды баж салығынсыз
829.ХІХ ғ.соңғы ширегінде Шыңжан қалаларынан Қазақстанға шығарылатын басты тауар қытай шайының бір қадағы орташа есеппен қаншаға сатылды ? 43-55 тиынға
830.Дербес Жетісу облысы құрылды. 1867 жылы
831.ХІХ ғ. 80-жж басында Жетісу арқылы өтетін орыс-қытай саудасының көлемі қаншаға жетті ?
5 млн сомға(экспорт 3 млн)
832. ХІХ ғасырдағы Іле су жолының соңғы нүктесі. Сүйдін бекінісі.
833. 1882 жылы Англиядан кеме алдырып, Іле су жолымен тұңғыш рет жүрген көпес. Вали Ахун Юлдашев.
834. 1883 жылы мамыр айының 4-інде Вали Ахун Юлдашевтің астық тиеген кемесі жеткен Қытай бекінісі. Сүйдін бекінісі.
835. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы орыс-қытай қарым-қатынасындағы белді оқиға. Іле су жолының ашылуы.
836. ХІХ ғасырда Қытаймен саудада белді орын алған Жетісудағы жәрмеңке. Қарқара.
837. Орталық Қазақстандағы ерекше көзге түске жәрмеңке. Қоянды (Ботов)
838. 1890 жылы маусым айында Шыңжаңмен сауданы ұйымдастыру үшін құрылған сауда округі. Семей сауда округі.
839. Ресей үкіметінің ерекше мән берген кеден қызметкерлеріне қанша қаржы жұмсалынды ? 70 мың сом
840. Қазақ саудагерлерінің Қытайға шығаратын басты тауары. мал
841. Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы.
842. Қазақстанның Қытаймен саудасын жаңа сатыға көтерген Сібір темір жолы іске қосылды: 1894 жылы.
843. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: Жиырма жылдан артық уақытқа.
844. 1886 жылы маусым айының 2-күні бекітілген Ереже.
«Түркістан өлкесін басқару және жер-салық өзгерістерін енгізу туралы».
845. 1886 жылғы Ереже бойынша Түркістан өлкесіне кірген облыстар. Сырдария, Ферғана және Самарқан.
846.«Ақмола, Семей, Жетісу, Орал және Торғай облыстарын басқару туралы» Ереже бекітілді. 1891 ж. 25 наурызда
847. 1891 жылғы Ереже бойынша Дала генерал-губернаторлығының құрамына кірген облыстар.
Ақмола, Семей және Жетісу.
848. 1891 жылғы Ережеге сай Дала генерал-губернаторлығының орталығы. Омбы қаласы.
849.Түркістан өлкесінің негізгі басқару орталығы. Ташкент
850. қазақстандағы облыстық басқару сатылары теңестірілді. Губерниялық басқармаларға
851.Жетісу және Орал әскери губернаторлары есептелінді. Казак атаманы
852.Орал,Петропавл және Семей сияқты ірі облыстық орталықтарда құрылған тәртіп сақтау мекемелері.
Полиция басқармалары
853.Уездік қалаларда құрылған тәртіп сақтау мекемелері. Полицейлік приставтық
854.Түркістан өлкесінде Ресейдегі үлгімен жаңа сот жүйесі құрылды. 1886 жылғы «Ережеге»сай
855. 1886-1891 жылғы «Ережеге» сай мұсылман тұрғындарының ісін жүргізетін ең төменгі сот буыны. «Халық соты».
856. 1886-1891 жылғы «Ережеге» сай уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселелерді шешетін сот жиыны. Соттардың төтенше съезі. (әскери губернатордың рұқсатымен)
857.Облыстық,уездік билеушілердің мүддесін қорғайтын сот. Бітістіруші сот
858. ХІХ ғасырдың екінші жартысында әр түрлі ауыр еңбекке тартылған кейбір өндіріс орындарындағы қазақтардың үлесі. 60-70%.
859. Техникадан хабары болмаған қазақтар аталды. «сары»
860.Қазақстанның алтын өнеркәсібінде әйелдер үлесі жалпы жұмысшылар санының қанша пайызын құрады ?
1-ден 4-ке дейін
861. 1873 жылы алтын өндіріс орнындағы әйелдердің үлесі. 12 %.
862.1893 жылы алтын өндіріс орнындағы әйелдердің үлесі. 17,8%.
863. ХІХ ғасырдың 90-жылдарындағы кен орнындағы 16 жасқа дейінгі балалардың жұмысшылар арасындағы үлесі. 14%.
864.Жұмысшылардың Қазақстан жағдайындағы таптық қарсылықтарының бірі. Өндіріс орындарын тастап кету
865.1880 жылы Семей облысы кәсіпшіліктерінде еңбектің адам айтқысыз ауыр жағдайларына шыдамай ,өндіріс орындарынан қашып кеткен жұмысшылардың үлесі. 2,7%.(1890ж-4,7%, 1896 ж-.6,4%.)
866.Қазақстанда қолданылған таптық қарсылықтың тағы да бір түрі. Ереуіл
867. ХІХ ғасырдың соңғы жылдарынан бастап өндіріс орындарын өзі еркімен тастап кеткендерге қолданылған жаза.
Үш айға дейін абақтыға қамау.
868.Алғашқы бас көтерулердің бірі Көкшетау кен округінде өтті. 1849 жылы қазанда
869. 1888 жылғы Өскемен уезіндегі кен өндірісінде ереуілге шыққан қазақ жұмысшыларының орындалған тілегі.
Жалақы арттырылды.
870.1890 ж. Қандай кен орнының басқарушысы өлтірілді? Алтайдағы Асташево
871.1891 жылы Өскемен уезіндегі біршама ұйымдасқан түрде өткен ереуіл. Владимирск алтын кенішінде
872. ХІХ ғасырдың соңындағы қазақ жұмысшыларының саяси қозғалыстарының әлсіздігін байқатты:
Өндіріс орындарының ұсақтығы, жұмысшылар санының аздығы.
873.Батыс Сібір темір жол торабының жұмысшылары,Омбы теміржолшылары ереуілге шықты. 1893,1895 және 1899 жж
874. ХІХ ғасырдағы ұйғырлар мен дүнгендердің Жетісуға қоныс аударуының басты себебі.
Цинь үкіметінің қысым көрсетуі.
875. 1881-1884 жылдары Шыңжаңдағы ұйғырлар мен дүнгендердің басты қоныс тепкен өлкесі. Жетісу.
876. ХІХ ғасырдың аяғында Жетісу жеріне қоныс тепкен ұйғырлар саны. 45 мыңнан астам ұйғыр.
877. ХІХ ғасырдың аяғында Жетісу жеріне қоныс тепкен дүнгендер саны. 5 мыңдай дүнген.
878. ХІХ ғасырдың аяғында қоныс аударған ұйғырлар есебінен қазіргі Алматы облысы жерінде ұйымдастырылған болыс саны. Алты ұйғыр болысы.
879. ХІХ ғасырдың соңында қоныс аударған әрбір дүнгенге берілген жер көлемі. Үш десятина.
880.1862-1872 жж. ұйғыр, дүнген халықтарының азаттық күресіне қатысты: Торғауыт, қырғыз, өзбек, қазақ.
881.Ұйғыр халқы негізінен егін шаруашылығына қолайлы өзеннің бойында орын тепті: Шелек, Шарын, Талғар, Үсек
882.1905 ж. Қазан қаласында басылып шыққан Мусса бен Айса Сайрамидің еңбегі: «12 мұқам»
883. Ұйғыр халқының ауыз әдебиетінің тамаша ескерткіші: «Он екі мұқам».
884. ХІХ ғасырдың ІІ жартысында Алтай бойына, Жетісу мен Орта Азияға саяхат жасап, жан-жақты зерттеу жүргізген ғалым. П.П.Семенов-Тяньшанский.
885. ХІХ ғасырда Іле алқабын, Жетісуды зерттеп, халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырған шығыстанушы, академик. В.В.Радлов.
886.«Сібір қырғыздарының облысы» деп аталатын еңбектің авторы: М. Красовский
887.Қазақ жерінің Ресей құрамына қосылу дәуірін біршама толық зерттеген А.Добросмысловтың еңбегі қалай аталады? «Торғай облысы. Тарихи очерк»
888. Кіші жүз тарихын жан-жақты сипаттаған «Орынбор ведомоствосындағы қырғыз даласы» атты еңбектің авторы. Л.Мейер.
889. ХІХ ғасырда қазақ халқы тақырыбы шығармашылығында белгілі орын алған украин халқының ұлы ақыны. Т.Г.Шевченко.
890. Украин халқының ұлы ақыны Т.Г.Шевченконың қазақ жерінде айдауда болған жылдары. 1847-1857 жылдар.
891. Т.Г.Шевченконың қазақ және украин халықтарының өмірін салыстыра жырлаған өлеңі. «Менің ойларым».
892. Орыс географиялық қоғамының Орынбор, Омбы, Семейдегі бөлімшелері ашылды: 1845 жылы.
893. Шоқан Уәлихановтың шын ксімі. Мұхаммед-Қанапия.
894. Шоқан Уәлихановтың туған жері. Құсмұрын бекінісі.
895. Шоқанның сана-сезімінің ерте оянуына ықпал жасады: Әжесі Айғаным
896.Шоқан неше жасында орысша оқуға барды? 12
897. Шоқан Уәлихановтың оқыған Омбы қаласындағы оқу орны. Сібір кадет корпусы.
898. Шоқан Уәлихановтың Омбыдағы Сібір кадет корпусында оқыған жылдар. 1847-1853 жылдар.
899. Шоқан Уәлихановтың Сібір кадет корпусын бітірген кездегі жасы. Он сегіз.
900. Шоқанның досы, көрнекті ғалым, географ. П.П.Семенов-Тяньшанский.
901.Ш. Уәлиханов Ыстықкөлдің көлемін топографиялық және картографиялық деректерде сипаттады: 1856 ж.
902. Ш. Уәлихановтың Құлжаға барған жылы: 1856 ж.
903. Шоқан Уәлихановтың П.П.Семенов-Тяньшанскиймен бірге Құлжаға барып қайтқан жылы. 1856 жыл.
904. Шоқан Уәлихановтың ата-тегі. Ақсүйек Шыңғыс тұқымы.
905. Шоқанды әлемге әйгілі еткен сапаты. Қашқар саяхаты.
906. 1858-1859 жылдары Шоқан барып қайтқан сапары. Қашқар саяхаты.
907. Шоқанның досы, аса көрнекті орыс жазушысы. Ф.М.Достоевский.
908. 1864 жылы Шоқан Уәлиханов генерал М.Г.Черняевтың әскери экспедициясы құрамында басып алу үшін әскери қимылдарға қатысқан бекініс. Әулиеата.
909. Әулиеата бекінісіндегі алудағы генерал М.Г.Черняевтың әділетсіздігіне налыған Ш.Уәлихановтың Верныйға қайтқан жылы. 1864 жыл.
910. Ш.Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы «Русский инвалид» газетіне өзінің ақырғы еңбегін жариялаған жыл. 1865 жыл.
911. Шоқан Уәлиханов қайтыс болған жер. Алтын Емел.
912.Ш. Уәлихановтың Қытайдағы дүнгендер көтерілісі туралы соңғы еңбегі қашан жарияланды? 1865 ж.
913. Түркістан статистикалық комитеті құрылған жыл. 1868 жыл.
914. Семей облыстық статистикалық комитетінің белді мүшелерінің бірі, ақын. Абай Құнанбайұлы.
915. 1883 жылы қоғамдық кітапхана ашылған қала. Семей.
916.Семейдегі қоғамдық кітапханада алғашқы кезде кітап қоры қанша болды ? 260 том
917.Халықтың сауатын көтеруді басты мақсат еткен арнайы комиссия Ташкентте ұйымдастырылды. 1876 жылы
918.Қазақ жастарын қамтуға тырысқан Троицк қаласында,Торғай маңайындағы Орынбор бекінісінде ,қазалыдағы № 1 фортта орыс-қазақ мектептері ашылды. 1861 жылы
919.Қазалы және Перовскідегі мектептер кейіннен қайта құрылды. Қалалық училище болып
920. 1867-1868 жылдардағы Ережеге сай ағарту ісін дамыту үшін қазақтарға берілген құқық.
Өзі еріктерімен қаржы жинауға.
921. Исламдық метептерге шек қоюға бағытталған Орынбор губернаторы Крыжановскийдің «Ресейдің шығыс бөлігінде мұсылмандықпен күресу жөніндегі шаралары» бекітілді: 1867 жылы.
922. 1883 жылы тұңғыш қазақ мұғалімдік мектеп ашылған қала. Орск.
923.Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалған ағартушы. Ы.Алтынсарин
924. ХІХ ғасырда теңізде жүзу ісін үйрететін мектеп ашылған қала. Атырау.
925. ХІХ ғасырда қолөнер мектептері ашылды. Торғайда
926. ХІХ ғасырда қолөнер кәсіпшілігіне шәкірттер даярлайтын арнайы мектеп ашылған қала Орал
927. ХІХ ғасырда механикалық-техникалық училище ашылған қала Омбы
928. 1872 ж. Қай қалада Ресейдегі оқу орындары жүйесінің бір бөлігі болған мұғалімдер институты ашылды? Омбыда.
929. Ташкентте мұғалімдер институты ашылған жыл. 1879 ж.
930.ХІХ ғасырдың соңына қарай Верный қаласында ашылған оқу орны. 8 сыныпты әскери гимназия
931. ХІХ ғасырдың соңына қарай реалдық училищенің 6,7 және 8 сыныпты ер балалар гимназиясы ашылды. Оралда
932. ХІХ ғасырдың соңына қарай 4 сыныпты ерлер ,5 сыныпты қыздар гимназиясы ашылды. Семейде
933. ХІХ ғасырдың соңына қарай шіркеу приход мектептерімен қатар қандай метептер болды.
Жексенбілік сауат ашатын мектептер
934.. ХІХ ғасырда Сырдария және Жетісу облыстарындағы оқу орындарының қызметін қадағалау тапсырылды:
Түркістан генерал-губернаторлығына.
935. ХІХ ғасырда Қазақстанда халық-ағарту ісінің дамуына кедергі болған негізгі себеп. Білімді ұстаздардың жетіспеуі.
936. Ресей империясындағы мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы мәселе алғаш рет үкімет шешімінде бекітілді: 1870 жылы.(орыс тілін оқыту міндетті)
937.Торғай хәне Орал облыстарындағы қазақ және басқа тілдерде білім беретін оқу орындары бағындырылды.
Орынбор оқу округіне
938.Ақмола және Семей облыстарындағы оқу орындары бағындырылды.Батыс Сібір оқу округіне
939.Әр түрлі сипаттағы оқу орындарындағы өзгерістерді ретке келтіріп отыру кеңсесі бағындырылды.
Томск қаласындағы шенеуніктерге
940.ХІХ ғ.аяғында Қазақстанда ағарту ісінде жан басына шағылытын шығын мөлшері.
Торғай облысында -19,5 тиын,Орал-16,2,Ақмола-11,3, Сырдарияда- 9,7 ,Семей- 7, Жетісу-5,5 тиын.
941.жан-жақты білім беруге негізделді. Медресе
942. ХІХ ғасырда медресені бітіргендер өзі білімдерін жалғастырды: Бұхара мен Ташкенттегі медреселерде.
943. ХІХ ғасырда «Ереже» бойынша оқу орнына қабылданатын оқушылар жасы. 16-ға дейін.
944. «Ереже» бойынша Қазақстанда медреселердің оқу жылы: Мамырда басталып тамызда аяқталған.
945.1870 ж. 26 наурыздағы «Ережеге» сәйкес «Мұсылмандар көп тұратын барлық орыс қалаларында бекітілді»:
Орыс сыныптары
946. Семей облысының 13 қалалық мектебінде 1887 ж. 605 ұл бала оқыған.
947. Әскери губернатор мектепті не медресені қандай жағдайда жауып тастады? Орыс тілі жүрмесе
948. «Ереже» бойынша оқушы жастар медресеге неше жасқа дейін қабылдануы керек болды? 16-ға дейін
949. Ақтөбе облысы Бөртін болысының қазақтары құрған ағартушы қоғам «Джамагияти Магариф»
950. «Джамагияти Магариф» ағартушы қоғамының құрылтайы болды: 1917 ж. 10 қаңтарда
951. Петропавл қалалық мұсылмандар кітапханасы думаның қаржыландырумен жұмыс істеді: 1910 жылға дейін.
952. 1888 жылғы мағлұмат бойынша Түркістан өлкесіндегі медреселер саны. 206 медресе.
953. 1896 жылы Торғай облысынан Ресейдің әр түрлі оқу орындарында білім алған қазақ студенттерінің саны. 50-ге жуық.
954.Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы Розенбахтың 1888 ж. 8 қыркүйектегі халық ағарту министрлігіне берген мағлұматында өлкеде барлығы . 206 медресе және 3660 мектеп.
955. Бастауыш оқу орнына қайсысы жатады?
Орыс-қазақ аралас мектебі, прогимназия, қалалық училище, ерлердің және әйелдердің приходтық училищесі
956. Петербург университетінің заң факультетін бітірген, Семей облысынан шыққан алғашқы кәсіпқой қазақ заңгері.
Жақып Ақбаев.
957. 1897 жылғы қазақ халқының арасында сауатты қазақтардың үлесі. 10%.
958.ХІХ ғ. аяғындағы есеп бойынша шамамен қанша қазақ оқуға тартылған? 49 мың
959. 1897 ж. Санақ бойынша қазақтардың жалпы саны 4 млн.-5млн.-ға дейін
960. Ыбырай Алынсариннің өмір сүрген жылдары. 1841-1889 жылдар.
961. Көрнекті ағартушы, қоғам қайраткері, жаңашыл педагог. Ыбырай Алтынсарин.
962. Әкесінен айрылған Ыбырай Алтынсарин қамқорлығында болды: Атасы Балқожа бидің.
963.Ы.Алтынсарин Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітірді. 1857 жылы
964.Жасынан жаңалыққа құштар Ыбырай жақын болған Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы,шығыстану ғылымының көрнекті өкілі. В.Григорьев
965.Ы. Алтынсарыұлы Орынбор бекінісінде ашылған қазақ балаларын оқытуға арналған мектепте оқытушы болды? 1864 ж.
966.Мектепті үздік бітірген Ыбырай өзінің атасы Балқожа бидің хатшысы ретінде атқарған қызметі. Тілмаш
967. 1879 жылы Ыбырай Алтынсарин мектеп инспекторы болып тағайындалған облыс. Торғай облысы.
968. Ыбырай Алтынсарин қазақ қыздарына арнап мектеп-интернат ұйымдастырған қала. Ырғыз.
969. Ыбырай Алтынсаринның орыс-қазақ мектептеріне арнап жазған негізгі еңбегі.
«Қырғыз хретоматиясы»,«Қырғыздарды орыс тіліне үйретуге негізгі басшылық».
970.Ы. Алтынсарыұлының ісін жолға қоюдағы терең із қалдырған жарқын істерінің бірін атаңыз:
Қолөнершілік, ауылшаруашылық мектептерді ұйымдастырды.
971. Ы. Алтынсарыұлы қазақ тарихына қандай еңбегімен енді? Алғашқы қыздар мектебін ашты.
972. Ы.Алтынсарыұлының «Қырғыз христоматиясы» жазылған алфавит Орыс
973.Алтынсарыұлының педагогикалық көзқарасына әсері тиген Қазақстанда миссионерлік қозғалыстың рухтандырушысы. Н.Ильминский
Поделиться42016-10-01 23:52:48
974. Ыбырай Алтынсарин өзінің «Қыпшақ Сейтқұл» атты әңгімесі арқылы уағыздаған шаруашылық түрі. Егіншілік.
975.Қыпшақ Сейітқұл», «Талаптың пайдасы», «Байлық иеде» шығармаларының авторы Ы.Алтынсарыұлы.
976. Абай Құнанбайұлының өмір сүрген жылдары. 1845-1904 жылдар.
977. Абай Құнанбайұлының қазақ әдебиетінде алатын орны. Жазба әдебиетінің негізін салушы.
978.Абайдың туған жері: Семей облысы, Шыңғыстау өңірі
979. Абайдың Семейде оқыған оқу орны. Ахмет Риза медресесі.
980. Құнанбайдың Абайды Семейдегі оқу орнын аяқтатпай елге алып кетуінің себебі. Ел билеу ісіне тартқысы келді.
981.Абайдың ақындық шығармашылығының демократиялық бағытта қалыптасуына себепші болған,Ресей азаттық қозғалысының Семейде айдауда болған белгілі өкілдері. Михаэлис,Леонтьев,Гросс,Долгополов
982.Абай өзі аударып,ән шығарған Пушкиннің шығармасы. «Евгений Онегин»
983. Абайдың ұлы Әбдрахманның Петербургте бітірген оқу орны. Артиллерия училищесі
984.Петербургте Михайлов артиллерия училищесін бітірген, кейін жастай дүние салған Абайдың ұлы. Әбдірахман.
985. Абай Құнанбайұлының білімді де талантты ұлы Әбдірахман дүние салды: 1895 ж.
986. Абайдың сүйікті баласы Мағауия құрт ауруынан дүние салды: 1904 ж.
987. Абайдың өсиетке толы шығармасы. «Ғақлиялар».
988. Құнанбай тоғыз жыл басқарған болыс. Шыңғыс болысы.
989.. «Лепсі өлкесін қоршаған таулар» атты картинаның авторы. В.Верещагин.
990.«Көш», «Мал айдау», «Отынға бару» секілді шығармаларымен танымал суретші. С. Н.Хлудов
991. 1896 жылы жергілікті ұста, шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдардың көрмесі өткен қала. Петропавл.,Көкшетау
992. 1868 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған қазақ қолөнер бұйымдары.
Зергерлік өнер заттары, ұлттық киімдер.
993. 1872 жылы қазақ музыка аспаптары көрмеге қойылған қала. Мәскеу.
994. Шертпе күй негізін салушылардың бірі, күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы(1815-1862).
995.«Саржайлау», «Былқылдақ», «Балбырауын» күйлерінің авторы: Тәттімбет
996.Лирик сазгер. Тәттімбет
997. Тәттімбет Қазанғапұлының халықты қыспаққа алып, жәбірлеп жатқан төрелерді сынауға арналған күйі. «Бестөре».
998. 1855 жылы Петербургке барып, күміс медальға ие болған күйші. Тәттімбет Қазанғапұлы.
999.Аса көрнекті күйші, сазгер, аспапты музыканың классигі. Құрманғазы Сағырбайұлы(1818-1889)
1000. Құрманғазы Сағырбайұлы дүниеге келді: Бөкей ордасында.(Жиделі)
1001. Құрманғазы Сағырбайұлының алғашқы ұстазы. Ханбазар.
1002. Құрманғазы Сағырбайұлының шаруалар көтерілісінің жетекшісі Исатай Тайманұлына арналған күйі. «Кішкентай».
1003. Құрманғазы Сағырбайұлының туған жерді, кең-байтақ даланы, халықтың қажымас қайратын сипаттайтын күйі. «Сарыарқа».
1004.Азат өмірді аңсаған халықтың үміті,өмір тартысын суреттеген күйлері.
«Ақбай»,»Ақсақ киік», «Көбік шашқан», «Түрмеден қашқан», «Адай».
1005. Құрманғазы Сағырбайұлының би күйі. «Балбырауын», «Қызыл қайың»
1006. Үстем тап өкілдерінің «ұры», «қарақшы» деп жала жабуы салдарынан Орал мен Орынбор абақтысында отырды: Құрманғазы
1007. Иркутск түрмесінің азабын басынан кешірген қазақ күйшісі: Құрманғазы
1008.Құрманғазы Астрахань маңындағы Сахмаға біржола қоныс аударды 1880 ж. Аяғында
1009. Аспаптық музыка өнерінің алыбы, аса көрнекті күйші Құрманғазының 60 күйі бізге жетті.
1010. Құрманғазының шәкірті. Дина Нүрпейісова
1011. Домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы, күйші. Дәулеткерей Шығайұлы.(1820-1887 жж)
1012. Дәулеткерей Шығайұлының көзқарасын қалыптастырула ықпал етті:
1836-1838 жылдардағы Бөкей ордасындағы көтеріліс.
1013.«Желдірме», «Қосалқа», «Тартыс» күйлерінің авторы: Дәулеткерей.
1014. Дәулеткерей шығармашылығының тамаша үлгілері: «Ысқырма», «Ақбала қыз», «Құдаша», «Жұмабике» .
1015. Күйші, сазгер, домбыра өнеріндегі лирикалық бағыттың негізін салушы Дәулеткерей Шығайұлының:
40-қа жуық әндері бізге жеткен
1016.Дәулеткерей қарым-қатынасын үзбеген Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша кеңестің төрағасы. Г.Ващенко
1017.Дәулеткерейдің орыс музыкасындағы әскери марштар әсерімен шығарған күйлері.
«Ващенко», «Қос ішек», «Топан», «Қоңыр».
1018.Атақты сазгер, әнші, ақын Біржан Қожағұлұлының өмір сүрген жылдары: 1834-1897жж.
1019. Біржан Қожағұлұлы дүниеге келді: . Көкшетау маңында
1020.Біржан неше жасында ән шығара бастады ? 20
1021. Біржанның сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті: Абаймен кездесуі.(1865ж)
1022.Біржан Қожағұлұлы шығармасындағы шоқтығы биік туындылар: «Ғашығым», «Айтбай», «Біржан сал»
1023. Біржанның ыза-кекке толы, сол заманның азулы өкілдерін түйреуге бағытталған өлеңі. «Жанбота».
1024.Б. Қожағұлұлының бізге жеткен әндерінің саны: 40-қа жуық.
1025.Біржан мектебінен тәлім алып,қанат қаққан дарынды дара тұлғалар. Ақан сері,Үкілі Ыбырай,Балуан Шолақ
1026.Біржанның суырыпсалма ақындық талантын елге танытқан айтысы. Сарамен айтысы
1027.Атақты халық сазгері, әнші Жаяу Мұса Байжанұлы өмір сүрді: 1835-1929жж.
1028. Жаяу Мұса Байжанұлы дүниеге келді: Баянауылдағы Жасыбай көлінің жағасында.
1029. Жаяу Мұса 4 жасында арабша сауатын ашып,қолында оқыды. Байжанның ағасы Тайжанның қолында
1030. Жаяу Мұса Петропавл қаласына келіп орысша оқу,жазуды,гармоньда және скрипкада ойнауды үйренді. 1851 жылы
1031. Ы. Алтынсарыұлының өлеңіне ән шығарған, Ш. Уәлихановпен бірге жүрген, Абайға өлең арнаған сазгер: Жаяу Мұса.
1032. Қуғын-сүргінге көп ұшыраған ХІХғ. ІІж. Қазақ сазгері, әрі әншісі: Дәулеткерей Шығайұлы.
1033. Жаяу Мұса 1852 жылы Омбыға кліп,орыс мектебіне түсті. 1854 жылы
1034. Баянауыл өңірінде өмір сүрген сазгер, әнші Жаяу Мұсаны Шорман балалары қай жылы Тобылға жер аударды? 1860ж.
1035. Генерал М. Г. Черняев отрядының құрамында Шымкент, Әулиеата жорықтарына қатысқан атақты халық сазгері, әнші: Жаяу Мұса.
1036. Жаяу Мұса қуғынға ұшырап,жиһан кезіп,Польша,Латвияда болып,кейіннен біраз уақыт тұрақтайды.
Қазан қаласында
1037. «Ақ сиса», «Хаулау», «Толғау», «Шорманұлына» әндерінің авторы: Жаяу Мұса.
1038. Жаяу Мұсаның ауыл табиғатын бейнелеген әндері. «Баянауыл», «Сұршақыз»
1039. Өзі шығарған 70-ке жуық әндерінің барлығына дерлік сөзін жазған ХІХғ. ІІж. Сазгер, әнші: Жаяу Мұса.
1040. ХІХғ. ІІж. әрі сазгер, әрі публицист болған кім еді? Жаяу Мұса Байжанұлы.
1041. 1860 жылыЖаяу Мұса Шорман балаларының жаласымен: Тобылға жер аударылды.
1042. 1843-1913 жылдары өмір сүрген ақын, сазгер, дарынды күйші. Ақан сері Қорамсаұлы.
1043.Ақан сері (Ақжігіт( Қорамсаұлы дүниеге келді: Көкшетаудағы Үлкен Қоскөлдің маңында.
1044. Сері атанған Ақан неше жасынан өнер жолына түскен. 16-17
1045.Ақан серінің көңіл-күйі, ашу-ызасы, үміт сезімі тебірене жырланады: «Құлагер» туралы өлеңінде.
1046. 1905-1907 жж Ресей революциясының лебін сезінген Ақан серінің сықақ өлеңдері.
«Шоғырмаққа», «Сұрағанға», «Смағұлға»
1047. Ақан серінің әндері. «Маңмаңкер», «Сырымбет», «Балқадиша».
1048. Күйші, қобызшы, сазгер Ықылас Дүкенұлы өмір сүрді: 1843-1916жж.
1049. Ықылас Дүкенұлына алғаш қобыз үйретуші, әрі оның күй шығаруға бейімділігін қолдаған: . Әкесі.
1050. Ықылас Дүкенұлының аса белгілі туындылары: . «Ықыластың күйі», «Қоңыр күйі».
1051. Ы. Дүкенұлының баласы Жүсіпбек әкесінің қай туындысын кеңінен насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді? «Қорқыт»
1052. Қазақтың көне аспабы қылқобызда ойнаудың асқан шебері: Ықылас
1053. Ықылас Дүкенұлының тәкаппар патша шенеуніктері мен менменсіген байларды кекейтін күйі. «Жарым патша».
1054. 1863-1864 жылдардағы Польшадағы ұлт-азаттық қатысқандардың ішінен жер аударылғандардың бірқатары жіберілген өлке. Сібір.
1055.Ақмола және Семей облыстары құрамында болған Батыс Сібір генерал-губернаторлығына айдалған поляк азаматтық өкілдерінің жалпы саны: 10 мың
1056. Польшадан Қазақстанға жер аударылған Густав Зелинскийдің поэмасы. «Қырғыз» («Қазақ»).
1057. Польша азатық күресінің 60-жылдарда Қазақстанда болған өкілдері ішінен ерекше көзге түскені: С.С.Гросс.
1058. Польша азаттық күресінің Семей жерінде болған белгілі өкілі. С.С.Гросс.
1059.ХІХ ғ. 40-ж. Абайдың әкесі Құнанбаймен жүзбе-жүз кездескен поляк халқының өкілі А.Е. Янушкевич
1060. Ұлы Абаймен шынайы достық байланыста болған поляк перзенті: С.Гросс
1061. Семей облыстық статистикалық комитеті арқылы «Қырғыздардың заң әдет-ғұрыптары үшін материалдар» деген тақырыпта құнды зерттеу дайындаған Польша азаттық күресінің өкілі. С.Гросс
1062. Қазақстанда дәрігерлердің жетіспеуінен жергілікті халықты емдеумен айналысқан поляк қозғалысының өкілдері. С.И.Тераевич, Я.С.Домашевич
1063. Польша азаттық күресінің өкілі Адам Бяловский Семей облысында айналысты:
Өскемен уезінің геологиялық картасын жасаумен.
1064.Далалық генерал-губернаторлыққа саяси жер аударуды тарату туралы арнайы шешімді Ресей үкіметі қашан қабылдады? 1881 ж. 29 тамыз
1065. 1882 ж. Семей облысына саяси жер аударылған қанша революционер қоныстанды? 54
1066. 1883 ж. Ақмола облысына саяси жер аударылған қанша революционер қонысталды? 23
1067. ХІХ ғасырдың соңында Ресейден саяси жер аударылғандардың біршама шоғырланған өңірі.
Шығыс және Орталық Қазақстан.
1068. Қазақстанда өлкені зерттеуде ерекше орын алған облыстық статистикалық комитеттер құрылды:
ХІХ ғасырдың 80-жылдарында.
1069.1871-1874 жж Орынбордағы астыртын үйірменің белсенді мүшелері,саяси жер аударылғандар. О.Орлов,И.Амтов,М.Муравский,С.Галаушев
1070.Семей облыстық статистикалық комитеті құрылды: 1878 ж.
1071. ХІХ ғ. ІІ ж. қазақ ағартушыларының ішінде, қазақ жеріне саяси жер аударылғандардың ұсынысымен 1884 ж. облыстық статистикалық комитеттің мүшесі болған кім?. Абай Құнанбайұлы
1072. Абайдың 1900 жылы статистикалық комитеттің басылымында жарияланған «Орта жүз қазақ ордасы руларының шығу тарихы туралы жазбалар» еңбегінде көтерген мәселе. Семей облысы қазақтарының рулық құрамын анықтау.
1073. Жер аударылғандар бастамасымен ХІХ ғасырдың 80-90 жж. көпшілікке арналған кітапханалар ашылды. Верный,Орал,Омбы,Семей
1074.«Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» атты өте құнды зерттеудің алғашқы томы жарық көрді: 1898 ж.
1075. «Қырғыздардың жер иеленуі бойынша мәліметтер» атты еңбекке қажетті деректерді жинап, мәтінін жазуға белсене қатысқан қазақ ғалымы: Әлихан Бөкейханов
1076. Қазақстандағы жер мәселесінің жағдайын анықтауға келген топтың жетекшісі: Ф.А: Щербина
1077.Заң,әдет-ғұрып саласындағы еңбектерді жазған . А.Леонтьев,А.Блек
1078. Тарбағатай таулары мен Қалба жотасын зерттеген: Е.П.Михаэлис.
1079. ХХ ғасырдың басында Қазақстанда негізінен дамыған өндіріс: Кен өндірісі.
1080.1893-1895ж. салынған ұзындығы 3138 шақырым болатын шойын жолдың 178 шақырымы қазіргі Қазақстан шекарасын басып өтетін: Сібір шойын жолы.
1081. 1893-1897ж. салынған шойын жолдың 194 шақырымы Қазақстанның батыс аудандарын басып өтті:
Рязань -Орал шойын жолы.
1082. 1893-1897ж. салынған Рязань-Орал шойын жолының 194 шақырымы Қазақстанның қай аудандарын басып өтті: Батыс.
1083. Ұзындығы... шақырым Орынбор-Ташкент шойын жолының салынуы өте маңызды оқиға болды: 1656 шақырым.
1084. 1902ж. Қазіргі Қазақстанның шекарасындағы өндіріс орындарының саны: 8887.
1085. Орынбор-Ташкент темір жолы пайдалауға берілді: 1906 жылы.
1086. 1905-1907 жылдардағы революция қарсаңындағы 300-400 жұмысшы шоғырланған ірі өнеркәсіп орны. Успен кеніші.
1087.1902-1904ж. Орынбор-Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандар саны: 30 мыңға дейін
1088.1853-1905 жж көшпенді қазақтардан тартып алынған жер көлемі. 4 млн десятина
1089. 1906-1907 жылдар аралығында қазақтардан тартып алынып, қоныс аударған шаруаларға бөлініп берілген жер көлемі. 17 миллион десятина.
1090. ХХ ғасырдың басында 15 десятинаға дейін жері барлар жатқызылды: Ауқатты орта шаруаға.
1091. ХХ ғасырдың басында егістік жері 15 десятинадан асқандар жатқызылды: Кулакқа
1092.Келімсек шаруалардың арасында мүліктік айырмашылық күннен-күнге байқалды: 1 десятина егістік жері бар: Батыраққа жатты.
1093. Келімсек шаруалардың арасындағы мүліктік айырмашылық күннен-күнге байқалды: 4 десятинаға дейін егістік жері бар:. өте кедей шаруаға жатты.
1094. Келімсек шаруалардың арасындағы мүліктік айырмашылық күннен-күнге байқалды: 5-8 десятинаға дейін жері бар: Кедей.
1095. Келімсек шаруалардың арасындағы мүліктік айырмашылық күннен-күнге байқалды: 10 десятинаға дейін жері бар:Шамалы орта шаруа.
1096.Шымкент уезінде батырақтар мен кедейлер орта шаруалары. 40 пайызын құрады
1097.Жетісу өңірінде кедейлер мен батырақтардың үлесі. 28,3%.
1098. ХХ ғасырдың басындағы Жетісу өңіріндегі орыс шаруаларының арасында кулактардың үлесі. 25%.
1099.1902ж. тұңғыш маркстік құпия ұйымдардың бірі құрылды: Орынборда.
1100.ХХ ғ басында кімдердің революциялық қызметі Қазақстанда жалғасты ? М.Фрунзе, В.Куйбышев
1101. Отарлық ұлт аудандарының «сілкініп оянуына» әсер еткен оқиға. «Қанды жексенбі» (1905 жылы 9 қаңтар).
1102. 1905 жылы Қарқаралыда өткен саяси ереуілге белсене қатысқан ақын. Міржақып Дулатұлы.
1103. 1905 жылы қазан айының 15-інде жарияланған жұртты алдаған патша манифесін Алаш қозғалысы: Әшкереледі.
1104. ХХ ғасырдың басында құрылға қоныстану қоры айналысты: Қазақтардан жерді тартып алумен.
1105.1905ж. 18-19 қазанда «Демократиялық республика жасасын!», «Самодержавие жойылсын» деген айқын саяси ұрандармен өткен шеру қай қалада болды? . Орынбор.
1106. Батыс Сібір әкімшілігін қатты сескендірген Омбыдағы саяси бой көрсету қашан болды? 1905ж. 25 қазан.
1107. Семей қаласындағы қандай ереуілді тарату үшін облыс губернаторы Галкин Қарқаралыдан әскери бөлімді шақыртты? Пошта-телеграф қызметкерлерінің ереуілі.
1108. Верныийдағы Батыс Сібір батальоны салдаттарды патша үкіметінің жаншу, жазалау саясатына қарсылық білдірді: 1905ж. 5-7 қарашада.
1109. 1905 жылы қараша айының 16 – 25-і аралығында Семейде өткен ереуіл. Пошта-телеграф қызметкерлері ереуілі.
1110. 1905 жылы қараша айының 21-інде гарнизон солдаттары патша үкіметінің саясатына қарсылық білдірген қала. Жаркент.
1111. 1905-1907 жылдардағы буржуазиялық-демократиялық революция кезіндегі қазақ-орыс еңбекшілерінің біріккен интернационалдық ірі бой көрсетуі оқиғаыс болды: Успен (Нілді) кенішінде.
1112.1900. 300-ден астам жұмысшысы бар Успен (Нілді) кеніші қай облыста болды? Ақмола.
1113. Ақмола облысындағы Успен (Нілді) кен өндірісіндегі 300-ден астам жұмысшының: 265-і қазақ.
1114. Успен (Нілді) кеніші кімнің меншігі болып саналады? Француз рпезидентінің жиені Карноның.
1115. 1905ж. Успен кенішінде құрылған ереуілге басшылық еткен ұйымы қалай аталды?
Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы».
1116. 1905 жылы желтоқсан айының 2-інде Успенде құрылған ұйым. «Орыс-қырғыз одағы»
1117.Нілді кен өндірісінің 360 жұмысшысы қатысқан, қазақ және орыс жұмысшыларының тізе қосқан ереуілі неше күнге созылды? 12 күнге
1118.ХХ ғасырдығ басындағы өлкедегі революциялық оқиғалардың ішінен ерекше көзге түседі. Успен кенішіндегі оқиға
1119. 1906ж. Шілде Қазақстандағы басты саяси оқиға ретінде саналды: Семей қаласындағы жаппай ереуіл.
1120. 1906ж. Қазақстан шаруалар қозғалысының да өрістеген кезі. Семей облысының қай уезінде қазақ шаруалары отаршыл жер саясатына ашық қарсылық көрсетті? Қарқаралы.
1121. Ішкі істер министрі Дурнов қазақ өлкесіндегі қарсылықтарды жаншуға арнайы тапсырма берді:
1906 жылы қаңтар айының 10-ы.
1122.Қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауға ,талаптпрын түсіндіруге аянбай күрес жүргізген зилы ұлттық қауымның белгілі өкілдері. Ә.Бөкейханов,(Семей),А.Байтұрсынов(Торғай),Б.Қаратаев(Орал),М.Тынышпаев,Б.Сыртанов(Жетісу)
1123.Ақмола облысынан Мемлекеттік Думаға сайланған большевик. А.Виноградов
1124.Торғай облысындағы шаруаларды қоныстандыру басқармасының қызметкері. И.Голованов
1125. Жетісу облысынан Мемлекеттік Думаға сайланған ірі көпестің ұлы,Қазан университетін бітірген. М.Гаврилов
1126. Сырдария облысынан Мемлекеттік Думаға сайланған еңбек партиясының өкілі. Колендзян
1127. Мемлекеттік думаға патша үкіметінің «түземдік» халық арасынан Ақмола облысынан сайланған өкілі. Ш.Қосшығұлов.
1128. Мемлекеттік думаға қазақтар арасынан Жетісу облысынан сайланған. М.Тынышпайұлы.
1129. Семей облысынан Мемлекеттік думаға сайланған, кейіннен сайлаушылар мүддесінен ауытқып кеткен тұлға. Н.Я.Коншин
1130.Мемлекеттік Думаға Оралдан сайланған: А. Бірімжанұлы.
1131. Мемлакеттік Думаға Семейден сайланған: Х. Д. Нұрекенұлы.
1132. «Семипалатинский листок» газетінің редакторы, қазақ өлкесінің тарихи жөніндегі тамаша еңбектердің авторы:
Н. Я. Коншин.
1133. 1906 жылғы қараша және 1910 жылы Столыпин үкіметі қабылдаған аграрлық саясат бағытталды:
Революцияны тұншықтыруға.
1134.Ресейдің орталық губерниялардан қоныс аударған шаруалардың мейлінше жиі орналасқан аудандары. Семей,Ақмола,Орал және Жетісу облыстары
1135. 1917 жылғы Қазан революциясы қарсаңында жергілікті халықтан тартып алған жер көлемі. 45 миллион десятина.
1136.1870-1906 жылдар аралығында Қазақстанда Ресейден келіп орналасқандар саны. 521 023 адам
1137.1907-1914 жылдар,9 жыл ішінде қоныс тепкендер саны. 714 395 адам
1138.1913-1915 жылдар аралығында Қазақстанға келіп қоныстанған шаруалар санының көбейіп кетуінің салдары.
Еділ өзені бойындағы аштық
1139.. 1914 жылы Қазақстанда қоныстанған әр тілдес халықтар саны көтерілді: 211 есеге.
1140. Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Ақмола облысындағы қазақтардың үлесі. 36,6%. (орыстар-56,7%.)
1141. Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Семей облысындағы қазақтардың үлесі. 73 %. (орыстар-24 %.)
1142. Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Сырдария облысындағы қазақтардың үлесі. 62,3 %. (орыстар-6,2%.)
1143. Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Жетісу облысындағы қазақтардың үлесі. 60,5 %. (орыстар-23,5%.)
1144. Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Торғай облысындағы қазақтардың үлесі. 58,7 %. (орыстар-37,5%.)
1145. Столыпин аграрлық саясаты қарсаңындағы Орал облысындағы қазақтардың үлесі. 56,9%. (орыстар-40,8%.)
1146. «Атбасар мыс кендері» акционерлік қоғамы өндіріс жұмыскерлерінің ереуілі өтті: 1911 жылы мамыр
1147.Жұмысшылар ереуілі тегеуріңді болған Өскемен уезіндегі алтын өндіретін кеніштер
Николай»және «Основательный».
1148. 1912 жылғы қазан айының 2 – 6-ында саяси ереуіл өтті: Байқоңыр көмір өндірісінде.
1149.Доссордағы Орал-Каспий мұнай қоғамының және Ембі өндірісі жұиысшыларының ереуілінің нәтижесі.
Жалақы 26 %.өсті
1150. «Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі» ереже бекітілді. 1915 жылы 25 маусым
1151.Жұмысшыларды өндіріс иелеріне байлап берген ереже.
«Бұратаналарды мемлекеттік қорғаныс ісіне пайдалану жөніндегі» ереже
1152. Талаптары жағынан саяси бағыт алған Екібастұз көміршілерінің ереуілі қашан өтті? 1915ж. мамыр.
1153. Саяси күрестің өрлеуінің көрінісі болған Қарсақбай мыс кенішіндегі ереуіл қашан өтті? 1916ж. тамыз.
1154. Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрді: 1873-1937жж.
1155. 1909ж. шілде айында Семей түрмесіне қамалды: А. Байтұрсынұлы.
1156. Ахмет Байтұрсынұлы 1909 жылға дейін: Қарқаралыда мұғалім болды.
1157. Ахмат Байтұрсынұлының Орынборда тұрған уақыты. 1910-1917 жылдары.
1158.1913ж. наурыз айынан бастап ұйымдастырылған «Қазақ»атты апталық газеттің редакторы: А. Байтұрсынұлы.
1159. Міржақып Дулатұлы өмір сүрді: 1885-1935жж.
1160. 1910ж. Қазан қаласында жарық көрген «Бақытсыз Жамал» романының авторы: М. Дулатов.
1161. 1909ж. Уфада, кейін 1911ж. Орынборда жарық көрген «Оян, қазақ!» жыр-жинағының авторы: М. Дулатұлы.
1162. 1913ж. Орынборда жарияланған «Азамат» атты өлеңдер жинағы авторы: М. Дулатұлы.
1163. Міржақып Дулатұлының 1915 жылы жарық көрген әдеби-публицистикалық туындысы. «Терме».
1164.Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірінде ерекше орын алған белгілі қайраткер. А.Байтұрсынов
1165. 1914-1916жж. аралығында тек Түркістан өлкесінен майдан мұқтаждығына жіберілді: Үш жүз мың пұт ет.
1166. 1914-1916жж. аралығында тек Түркістан өлкесінен майдан мұқтаждығына жіберілді: Жетпіс мың жылқы.
1167. 1914-1916жж. аралығында тек түркістан өлкесінен майдан мұқтаждығына жіберілді: Он үш мыңға жуық түйе.
1168. 1914-1916жж. аралығында тек түркістан өлкесінен майданға жіберілді: Он төрт мыңға жуық киіз үй.
1169. 1914-1916жж. аралығында тек түркістан өлкесінен майданға жіберілді: 2 089 мың тонна мақта
1170.Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен малшаруашылығыөнімдерінің құны: .отыз төрт млн.
1171. Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі болған шаңырақ салығының көлемі. 600 мың сом.
1172. 1917 жылға қарай шаңырақ салығының көлемі ұлғайды . 1 млн. 200 сомға
1173. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарындағы жұмыс мерзімінің ұзақтығы. 12-14 сағат.
1174. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі 12-14 жастағы балалардың біркүнгі еңбекақысы. 20 тиын.
1175.Соғыс кезіндегі жұмыскерлердің хал-жағдайын төмендетіп жіберген қымбатшылық артты.
Ұн-70%, қант- 50%,сабын-200%
1176.1914ж. тамыз айында Омбы қаласында шоғырланған әскери тұтқындар саны: 20 мыңға дейін жетті.
1177.1915 жылы ақпан айында жүргізілген санаққа қарағанда Зайсан,Павлодар,Өскемен және Семей қалаларында орналастырылған тұтқындар саны. 7 490 адам
1178.Ақмола облысының ауылдық қоныстарында тіркелген әскери тұтқындар саны. 8 612 адам
1179.Әскери тұтқындардың алғашқы топтары өлкеге әкеліне бастады. 1914 жылдың тамыз айынан
1180.Отаршылдық жергілікті әкімшілікті қауіптендірген әскери тұтқындардың қанша пайызы қатардағы әлеуметтік топтан шыққан ? 97,8 %
1181. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Семей, Ақмола облыстарда майданға тартылған жұмысшылардың үлесі. 50%.
1182.Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдары Орынбор өлкесінен майданға тартылған жұмысшылардың үлесі. 40%.жуық
1183.Жетісу облысында еңбек адамдарының қаншасы әскерге шақырылды ? 1/3-і
1184.1916 жылы жалдама жұмысқа тартылған Австрия-Венгрия және Германия одағы тұтқындарының саны көбейген уез. Ақмола облысының Петропавл уезі
1185.Ақмола облысында ауыл шаруашылығына пайдаланылған тұтқындар саны. 14 мың
1186. 1915 жылы Австрия-Венгрия әскери тұтқындардың ереуілі өткен кәсіпорын. Риддер кен байыту орны.
1187.ХХғ. Басынан Қазан революциясына дейін Қазақстанның қай қаласында кітап басып шығару ісі нақты қолға алынды: Орынборда, Семейде, Оралда, Омбыда.
1188. ХХ ғасырдың басында жолға қойылып, қоғамдық өмірден белгілі орын плды. Баспа ісі
1189.Қазақ кітаптарын басып шығару ісін жолға қоюда үлес қосқан баспалар. Петербург, Ташкент,Қазан қалаларының
1190. Абай Құнанбайұлының шығармалар жинағының ресми баспадан шықты: 1909 жылы.
1191.«Шәкірт ойы», «Бір адамға», «Адасқан өмір» т. б. өлеңдердің авторы: С. Торайғыров.
1192. Б. Майлиннің шығармасы: «Шұғаның белгісі».
1193. Спандияр Көбеевтің шығармасы: «Қалың мал».
1194. Сұлтанмахмұт Торайғыровтың шығармасы: «Қамар сұлу».,
1195. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Жиған-терген» өлеңдерінің авторы: А. Байтұрсынов.
1196.1917 жылдың шілде айынан бастап «Алаш» партиясының ресми басылымына айналды. «Қазақ» газеті
1197. ХХ ғасырдың басындағы ұлттық әдебиеттің аса белгілі өкілдерінің бірі. Ш.Құдайбердіұлы
1198. Абайдың талантты шәкірті Ш. Құдайбердіұлы өмір сүрді: 1858-1931жж.
1199. 1911ж. шыққан «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты кітаптың авторы:. Ш. Құдайбердіұлы.
1200. «Мұсылмандық шарты» кітабы мен «Қазақ айнасы» өлеңдер жинағының авторы: Ш. Құдайбердіұлы.
1201. «Қалқаман –Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмаларының авторы: Ш. Құдайбердіұлы.
1202. ХХ ғ. басында ағарту ісін дамыту мен уағыздауда белгілі орын алды:
«Киргизская степная газета», «Айқап» журналы, «Қазақ» газеті, «Степной край»
1203. 1911 жылы Орынборда басылған Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдер және аударма, мысалдар жинағы. «Маса».
1204. 1913-1917 жылдар аралығында «Қазақ» апталық газетінің редакторы болған: А.Байтұрсынұлы.
1205. ХХ ғасырдың басында ағарту идеяларын уағыздаған басылым. «Айқап»журналы.
1206. Халық дастандарын ел арасында уағыздауға, жыршылық өнерді жаңа тарихи жағдайда дамытуға үлкен үлес қосқан қазақ халқының ұлы ақыны. Нұрпейіс Байғанин.
1207. ХХ ғасырдың басындағы халық мәдениетіндегі жан-жақты дамыған сала. Музыка мәдениеті.
1208. ХХ ғасырдың басында қазақтың бұлбұлы атанған әнші. Майра Шамсутдинова.
1209. «Майдақоңыр» әнінің авторы. Естай.
1210. «Гәкку» әнінің авторы. Үкілі Ыбырай
1211. Ғасырлар бойы жасайтын,қазақтың музыкалық мәдениетінің дамуына мейлінше әсер еткен Динаның туындысы. «Көңіл ашар»
Поделиться52017-10-22 16:18:09
Могу ли я скачать это?