Инфекция — микро және макроорганизмдердің қарым-қатынасының бір түрі. Оның негізіне инфекциялық агенттің организмге кіруі мен онда өсіп-өнуі жатады. Инфекция көп түрлі болады. Оған ауру белгісі білінбей-ақ қоздырғышты тасымалдаудан бастап ауру белгілері толық көрінетін ауруларға дейін жатады. Инфекция барлық органикалық материяға тән. Ол бөлек торшаға да, тұтас организмге де тән. «Инфекция» деп жайшылықта жұқпалы аурулар тобын немесе олардың белгілі бір түрін атайды.

Инфекцияның спонтанды (табиғи) және экспериментальды (жасанды) болады. Спонтанды инфекция осы патогендік микробқа тән беріліс механизмі іске асқан табиғи жағдайда пайда болады және мал организмінде әлдеқашан мекендеген шартты патогендік микроорганизмдердің активтенуі арқылы болады. Жасанды инфекцияны патологиялық материалды немесе қоздырушының культурасын енгізу арқылы жасайды.

Фагоцитоз (фаг және грек. kytos — жасуша) — бір клеткалы организмдердің немесе кейбір көп жасушалы жануарлар жасушасының микроскопиялық бөтен тірі нысандар (бактериялар, т.б.) мен қатты бөлшектерді жұтып алып, қорытып жіберуі. Фагоцитоз процесі организмдердің қарапайым қоректенуінің негізінде жүзеге асады. Организмдердің бұл қабілеті эволюция барысында фагоциттерге ауысқан. Сондай-ақ кейбір жануарлардың ооциттері, ұрық жасушалары, дененің жазылғыш қуыстары және көздің пигментті эпителийлері де нысан бөлшектерін белсенді түрде жұтып, қорыта алады.

Фагоцитоз құбылысын және оның иммунол. маңызын И.И. Мечников ашқан (1882). Фагоцитоз осы процеске қатысатын нысандар мен фагоциттердің жақындасуы (хемотаксис) және аттракция (фагоцит бетіне микробтардың жабысуы), қармап алу, жасуша ішінде қорытылу сатыларымен өтеді. Кейбір микробтар (мысалы, алапесті қоздырушылар) организмдегі фагоциттердің ішінде орналасқанда ғана әрекет ете алады. Фагоцитоз процесі антиденелер, әр түрлі физикалық және химиялық факторлар әсерінен тез жандануы мүмкін. Мысалы, кальций тұздары мен магний бар жерде Фагоцитоз процесінің күшейетіні анықталды. Фагоцитоз процесі кезінде жасуша мембранасы белсенді рөл атқарады. Ол фагосома түзілу үшін қорытылатын нысандар бөлшектерін бүркеп алып, цитоплазманың түбіне қарай тартады. Лизосома жасушаларынан фагосомаға жұтып алған бөлшектерді қорытатын ферменттер түседі. Ал қорытылмаған бөлшектер жасушада ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Фагоцитоз қабыну, жараның жазылуы кезінде иммунитеттің арнайы емес түрінің факторы ретінде шешуші рөл атқарады.

Антигендер(antigen; көне грекше: anti — карсы; көне грекше: genesis — шығу тегі) - организмге әртүрлі жолдармен енген және оган қарсы жүретін иммундық реакциялар нәтижесінде адам мен жануарлар денелерінде қарсыденелер (антиденелер) түзілетін, табиғаты организмге жат ірі молекулалы протеиндік заттар және полисахаридтер; қанға еніп, ерекше антиденелерді қалыптастыруға қабілеті бар полисахаридті немесе ақуызды заттар. Барлық ақуыздарда өте ауыр дерттен қорғау қасиеті бар. Мысалға адам жұқпалы арулардың қоздырғышымен залалданғанда адам ағзасында оны осы ауру қоздырғыштарынан қорғайтын антиденелер түзіледі.

 

Антигендер — гендеp жағынан ерекше бөлек немесе олардың жасанды түрлері. Организмде арнайы иммундық (антидене, немесе әсерленген лимфоцит клеткаларын жасау) жауап туғыза алады. Антигендік қасиет барлық тірі организмдердің макромолекулаларына—белоктарға, полисахаридтерге, карбогидраттарға, липополисахаридтерге (табиғи антигендер) және бір қатар күрделі жасанды полимерлерге (жасанды антигендер) тән. Барлық табиғи Антигендер белгілі бір б и о л о- гиялық түрге тән, ал өзара олар тәнсіз, яғни әр түрге тән. Физико-химиялық қасиеттеріне қарай олар кор пускулдық (мысалы бактериялар), ерігіштік (мысалы токсиндер мен ферментер) болып бөлінеді. Антигендер қүрамында әрдайым иммундық жауаптың тәндігіне жауапкер детерминанттар болады. Бұл жауапкершілік Т-лимфоциттердің рецепторларына жабысу және қорғаныс жауаптарын тұрақтандырумен байланысты. Көпшілік Антигендер құрамында бірнеше тәнді және тәнсіз детерминанттар болады, сөйтіп олар к ө п немесе бір валентті бола алады. Егер мұндай антигендердің құрамында бөтен заттар болмаса, оларды д а р а Антигендер деп атайды. Антигендердің иммундық жауап туғызуын күшейту үшін оларды кейде минерал майына немесе басқа бір инертті қосымша әсерсіз заттарға қосады (депанентті Антигендер) Антигендердің тағы бір түрі — белгілі (енді) Антигендер. Олардың мо- лекулаларына радиоактивті изотоптар, ауыр металл атомдары, флюоресцентті бояулар енгізіледі, сондықтан олар морфологиялық және серологиялық зерттеулерде өте жақсы көрінетін болады.