Дарси заңы — сүзілу жылдамдығының су тегеуріні бәсеңдеуіне пропорционалдығы заңы.

Х1Х ғасырдың ортасында судың құм фильтрінен өту қозғалысын тәжірибелік зерттеуі нәтижесінде Дарси заңы немесе фильтрацияның сызықты заңы қабылданды.
Анри Дарси жүргізілген тәжірибесі бойынша мынадай формуланы ашты:
                             
                                   Q = F∙ΔH/L                          (1)

мұнда, Q - сұйықтықтың көлемдік шығыны, L - ұзындығы, F - көлденең қима ауданы,
∆Н =  -  фильтрдің үстінде және оның табанындағы су ағындарының айырмасы,
kф - фильтрация коэффициенті, фильтрацияланатын сұйықтың қасиетіне және кеуекті ортаның құрылымына тәуелді.
Фильтрация коэффициенті (kф) тек фильтрация сұйықтығы ретінде суды алатын гидротехникалық есептеулерде қолданылады. Мұнай, газ және олардың қоспаларының фильтрациясын зерттеу кезінде кеуекті ортаның қасиетін әсерін және сұйықты ескеру керек.
Бұл жағдайда Дарси заңы мына түрде қолданылады.
                         
                                  Q =  g F                         (2)                       
немесе
                                    =  •                                (3)

µ - динамикалық тұтқырлық коэффициенті, Па∙с;
P = ρgh, гидростатикалық қысым, Па.
k - өткізгіштік коэффиценті, м².   
Өткізгіштік(k) – түсірілетін қысым өзгерісі әсерінен, тау жынысының өзінен сұйықтықты, газды және олардың қоспаларын өткізу қабілеті.
(2) формулаларды салыстыра отырып, алатынымыз

                                   Kф = kρg/μ                                (4)
     
(3) формула Дарсидің сызықтық заңы деп аталады.
Дарси заңының қолданылу шегін зерттеу үрдісінде, керітартпа екі негізгі себеп пайда болады:
1)Фильтрация жылдамдығының үлкен мәнінде инерциялық күштердің пайда болуымен байланысты  (Дарси заңы қолданылуының жоғарғы шегі);
2)Фильтрацияның едәуір аз жылдамдығы кезінде, сұйықтықтың ньютондық емес реологиялық қасиеті пайда болып, ол кеуекті ортаның қатты қаңқасымен өзара әрекеттесу нәтижесінде пайда болатын ауытқулар (Дарси заңы қолдынудың төменгі шегі).