Мұнайды  жер  қойнауынан  алу  процесінің  сипаттамасы  үшін  мұнайды,  суды  және  газды алудың  уақыт  ішінде  қарқындылығын  және  деңгейін  анықтайтын  көрсеткіштерді  қолданады.
Мұнай өндіру әдісін таңдау - негізінен игерілетін кешеннің геологиялық сипаттамасына байланысты, мұнай және газдың физика-химиялық құрамы бойынша анықталады. Оларға біріншіден қабаттың жату тереңдігі, қабат қысымы мен температурасы, игеру кешенінің гидродинамикалық сипаттамасы, қабат жағдайындағы мұнайдың тұтқырлығы және т.б. жатады.
Мұнай өндіруде фонтанды әдісті пайдалану ең тиімді әдістердің бірі болып табылады, және де сұйықты жоғарыға шығаруда қосымша энергия шығынын қажет етпейді, яғни қабаттың энергия қоры қолданылады.
Мұнайды  өндіру qн - негізгі  көрсеткіш, уақыт  бірлігінде  бұрғыланған  объектіге  келетін  барлық  өндіруші  ұңғымалар  бойынша  жиынтығы  және  орташа  тәуліктік  өндіру qнс  бір  ұңғымаға  келетін мөлшері.   Бұл  көрсеткіштердің  уақыт  аралығында  өзгеру  сипаты  тек   қабат  қасиеттеріне  және  оны  қанықтыратын  сұйықтықтарына  ғана  емес,  сонымен  қатар,  өндірудің  әр  түрлі  сатысында  кен  орында  жүзеге  асырылатын  технологиялық  операцияларға   да  байланысты.
Негізгі тезис: жеткіліксіз ақпарат – жеткіліксіз мұнай өндіру. Мұнайды өндірудің азаюына ақпараттың қандай көлемде жеткіліксіз екенін анықтау  қажет. 
Ақпараттың жеткіліксіз көлем және қанағаттанарлықсыз сапа кезінде жұмыстың нақты бағыты жоғалады, ал жұмыстың хаотиві қажетті қорытындыны тез арада азайтады.  Сонда жоспар бойынша атқырылудан, факт бойынша басқа нәтиже шығуы мүмкін, яғни қарама қарсы. Жұмыстың алдында әрқашанда ақпараттың болуы керек, бірақ интуитивті түсінік жеткіліксіз, сондықтан зерттеу кезінде пайлдануда экономикалық жоғалту және ұңғыны зерттеуге кететін экономикалық шығындарды есептеу үшін нақты математикалық қатынас керек.