Пайдалану және су айдау ұңғымалары жүйесімен су айдау кезінде кеуекті қабатта байқалатын процестерді анықтайтын барлық табиғи және қолдан жасалған факторлардың жиынтығын қабат режимі деп атау қабылданған және ол келесі бес режимге бөлінеді:
- су арынды режим (табиғи және қолдан жасалынған);
- серпімді режим;
- газ арынды режим (газ шапкалы режим);
- ерітілген газ режимі;
- гравитациялық режим.
- Су арынды режимде мұнайдың сүзілуі жердің бетіндегі еріген қардың немесе жаңбыр суы есебінен немесе су айдау ұңғымалар жүйесі арқылы  суды үздіксіз айдау есебінен тұрақты қоректенуі бар шектері немесе нұсқа сыртындағы судың арыны әсерінен өтеді (14.2-сурет).
-    Су арынды режимнің пайда болу шарты:       
- Мұндағы   - орташа қабаттық қысым;
-      - қанығу қысымы.
- Серпімді режим кезінде мұнайдың ығыстырылуы, мұнай кенішін қоршап тұрған су мен  қабат қаңқасы әсерінен мұнайдың өзінің серпімділік кеңеюі әсерімен жүзеге асады. Бұл режимнің қолданылуының міндетті шарты қанығу қысымынан қабаттағы қысымның жоғары болуы  болып табылады. Қабат жабық, бірақ оның серпімді энергиясы мұнайдың негізгі қорларын алу үшін жеткілікті түрде өте үлкен болуы тиіс.
-    Ортаның серпімділігінің көлемді коэффициенті бірлік қысымның өзгеруі кезінде осы көлем өзгеретін осы ортаның бастапқы көлемінің үлесі ретінде анықталады, яғни   
- Мұндағы   - көлемнің ұлғаюы (серпімді кеңеюі есебінен),
-   - қысымның ұлғаюы,
-   - ортаның бастапқы көлемі.
- Газ шапкалы режимде қабаттағы энергия көзі болып геологиялық жағдайда газ шапкасында шоғырланған газдың серпімділігі табылады. Бұл үшін кен орны жағалай өткізбейтін жыныстармен немесе тектоникалық бұзылулармен оқшауланған болуы қажет. Егер нұсқа сыртында су болса, онда ол белсенді болмауы керек. Мұнай кеніші газды шапкасымен байланыста болуы тиіс (14.5-сурет). Мұндай шарттарда бастапқы қабаттық қысым қанығу қысымына тең болады, себебі кен орнын дренаждау газды шапканың үздіксіз кеңеюі кезінде өтеді және мұнай әрдайым газбен байланыста болады. Мұндай кен орнын игеру кезінде орташа қабаттық қысымның өзгеру қарқындылығы игеру қарқындылығына және газ шапкасының көлемдік қатынасына және кеніштің мұнайға қанығу бөлігіне байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
- Еріген газ режиміндемұнай кенішін үздіксіз мұнайдан газды айырумен және оның еркін күйге көшуімен, осының есебінен мұнай-газ қоспасының ұлғаюымен және осы қоспаның төмендетілген қысым нүктелерінде (ұңғыма түбінде) сүзілуі болады. Бұл режим кезінде қабаттық энергия көзі мұнай-газ қоспасының серпімділігі болып табылады.
-    Еріген газ режимінің пайда болу шарттары:
- -  (қабат қысымы қанығу қысымынан кіші);
- - нұсқа сыртындағы судың жоқ болуы немесе белсенді емес судың 
-           нұсқа  сыртында болуы;
- - газ шапкасының жоқ болуы;
- - геологиялық кеніш жабық болуы керек.
- Гравитациялық режимі – деп, ұңғыма түбіне сұйықтың сүзілуі «еркін жоғарғы беттің» бар кезінде өтетін режимді атайды.
- Еркін жоғарғы бет – деп, қысым барлық нүктелерде тұрақты болып қалатын сүзілудің қозғалмалы жағдайында пайда болатын сүзілуші сұйықтың бетін немесе мұнай-газ түйіскен шекараны атайды. Бұл режимді кейде қысымсыз деп атайды, дегенмен бұл дәл айтылған пікір емес. Гравитациялық режим кез-келген кен орнында оны игерудің соңғы сатысында еріген газ режимінің табиғи жалғасы ретінде пайда болуы мүмкін.