Қабат және игеру процессінің моделі.
Мұнай-газ және газ-конденсатты кенорындардың қасиетіне геологиялық-физикалық мәліметтер негізінде, болашақтағы игеру технологиясы мен жүйесіне қатысты игерудің өзара байланысының сандық көзқарасы жасалады. Кенорынды игеру жайында өзара байланысты сандық көрсеткіштерін – оны игерудің моделінен байқауға болады, ол қабат моделінен және кенорынды игеру процессінің моделінен тұрады.
Қабат моделі — бұл кенорынды игеруді есептеуде қолданылатын, оның геологиялық-физикалық қасиеттерінің сандық көрсеткіштерінің жүйесі. 
2. Қабат моделінің түрлері.Қабат моделі детерминацияланған және мүмкін-статистикалық болып бөлінеді.
Детерминацияланған модель – бұл, қабат қасиеті мен құрылымын толықтай көрсету арқылы жасалатын моделдер.

1— мұнайлылықтың шартты контуры; 2 —жыныстың miкеуекті және kiөткізгіштікті қабат бөлігі; 3 — кеуектілігі және өткізгіштігі әртүрлі қабат бөліктерінің шекарасы.
Сурет 19 - Кеуектілігі және өткізгіштігі әртүрлі қабат бөліктері бар қабаттың детерминацияланғанмоделі.

   Мұнай кенорнын игеру тәжірибесі мен теориясында ең көп қолданылатын мүмкін-статистикалық моделіне келесілер жатады:
1. Біртекті қабаттың моделі. Бұл моделде әр нүктеде өзгеретін қабаттардың негізгі көрсеткіштерін (кеуектілік, өткізгіштік) орташалайды. Изотропты және анизотропты қабат түрлері бар. Изотропты қабат дегеніміз - өткізгіштігі барлық бағытта бірдей қабаттарды айтамыз. Анизотропты қабат дегеніміз – тігімен жазықтығында өткізгіштігі әртүрлі қабаттарды айтамыз.
2. Қабатшалы қабаттың моделі. Бұл модель өткізгіштігі ki және кеуектілігіmi болатын қабатшалардың жиынтығынан тұратын қабат құрылымы. Бұл жағдайда ∆mi кеуекті аралықпен өткізгіштігі ∆ki аралығындағы қабаттың барлық қалыңдығы h,∆hi қабатшаларынан құралады.

Сурет20 – Қабатшалы қабаттың моделі.

3. Жарықшалы қабаттың моделі.Жыныстың кеуекті және кеуексіз блоктары бөлетін қабаттардың жарықшаларында мұнай жатса, мұндай қабат моделі қабырғаларыl*, ені b* шелдермен бөлінген өткізгішсіз кубтар жиынтығынан құралатын қабат моделі жасалады. Нағыз қабаттың бұл жағдайда өлшемдері әртүрлі жыныстардан және де жарықшаларының ені де әртүрлі блоктардан тұрады.
а) б)
Сурет 20 – Нағыз жарықшалы қабаттың қимасы (а)
және жарықшалы қабаттың моделі (б).
4. Жарықшалы-кеуекті қабаттың моделі. Нағыз қабатқа сай келетін бұл моделде өнеркәсіптік мұнай қоры тек қана жарықшаларда емес, сонымен қатар, кеуекті және өткізгішті блоктарда да болады. Бұл модель орташа ені b* мен бөлінген қабырғасының ұзындығы l* кубының жиынтығы түрінде көрсетілуі мүмкін. Жарықшалы-кеуекті қабатты қанықтырушы сұйық пен газдың фильтрациясы жарықшаларда ғана емес, сонымен қатар, блоктарда да жүреді.