Мұнай сілемді игерудің тиімділігін бағалау үшін мұнайбергіштік коэффициенті деп аталатын көрсеткіш  пайдаланады.
Мұнайбергіштік коэффициент- өндірілген мұнайдың көлемінің қабатта бар мұнайдың көлеміне қатынасын сипаттайды.
Мұнайбергіштіктің ағымды коэффициенті – ол  өндірілген мұнай көлемінің мұнайдың бастапқы көлеміне қатынасы болып табылады.
Мұнайбергіштіктің ақтық коэффициенті – ол алынған мұнай көлемнің мұнайдың жалпы көлеміне (балансты қорлар)  қатынасы.
Мұнай өндірудегі дәстүрлі технологиялар қолдану арқылы мұнай бергіштіктің орташа пайызы әлемде  барланған кордың 25-40 %  құрайды. Бұл өз кезегінде технологиялар мен  мұнай өндіру шарттарына сәйкес  мұнай бергіштікті арттыруды (МУН) қолдану  есебінде қосымша 5-35%-ға жоғарылауы мүмкін.

Мұнайбергіштік — бұл өндірілген мұнайдың қабаттағы бастапқы қорға қатынасына тең.
Қазіргі мұнайбергіштік – қазіргі уақытқа өндірілген мұнайдың қабаттың бастапқы қорына қатынасына тең.
Соңғы мұнайбергіштік — игерудің соңына өндірілген мұнайдың көлемін бастапқы мұнай қорына қатынасына тең. «Мұнайбергіштік» терминінің орнына «мұнайбергіштік коэффициенті» терминіні қолдануға болады.
Жоғарыда айтылған ағымдық мұнайбергіштіктің анықтамасынан, оның уақыт бойынша қабаттан өндірілген мұнай көлеміне байланысты өзгеретіндігін және өсетінін байқауға болады. Сондықтан «мұнайбергіштік коэффициенті» терминін соңғы мұнайбергіштікке де қолдануға болады.
Ағымдық мұнайбергіштік әртүрлі факторларға тәуелді: суландыруды қолданғанда қабатқа айдалған судың көлеміне, осы көлемнің қабат кеуегінің көлеміне қатынасына, қабаттан өндірілген сұйықтың көлемінің қабаттың кеуектілік көлеміне қатынасына, өнімнің сулылығына және уақытқа тәуелді.

Мұнайбергіштік әртүрлі факторларға тәуелді. Әдетте факторларды, қабаттан мұнай өндіру механизміне байланысты бөледі, және қабатты игеруге толық енгізілуімен сипатталады. Сондықтан мұнайбергіштікті келесі туындымен де көрсетуге болады:
                                                                                               (10)
мұндағы   — қабаттан мұнайды ығыстыру коэффициенті;   — қабаттың игерумен қамтылу коэффициенті.
  шамасы қабаттан өндірілген мұнайдың игеруге енгізілген бөлігіндегі мұнай қорына қатынасына тең.
= Q извл./Nвов.                                                                                         

  шамасы игеруге енгізілген бөліктегі мұнай қорының қабаттағы мұнайдың жалпы геологиялық қорына тең.