Мұнай сілемді игерудің тиімділігін бағалау үшін мұнайбергіштік коэффициенті деп аталатын көрсеткіш пайдаланады.
Мұнайбергіштік коэффициент- өндірілген мұнайдың көлемінің қабатта бар мұнайдың көлеміне қатынасын сипаттайды.
Мұнайбергіштіктің ағымды коэффициенті – ол өндірілген мұнай көлемінің мұнайдың бастапқы көлеміне қатынасы болып табылады.
Мұнайбергіштіктің ақтық коэффициенті – ол алынған мұнай көлемнің мұнайдың жалпы көлеміне (балансты қорлар) қатынасы.
Мұнай өндірудегі дәстүрлі технологиялар қолдану арқылы мұнай бергіштіктің орташа пайызы әлемде барланған кордың 25-40 % құрайды. Бұл өз кезегінде технологиялар мен мұнай өндіру шарттарына сәйкес мұнай бергіштікті арттыруды (МУН) қолдану есебінде қосымша 5-35%-ға жоғарылауы мүмкін.
Мұнайбергіштіктің арттырудың әдістерінің бірнеше түрлері:
- Қабатқа беттік белсенді заттармен (ББЗ) қайта өңделген су айдау
- Полимерлермен қоюлатылған судың шебімен мұнайды қысып шығару
- Газды айдаумен қабат қысымын ұстау
- Қабатқа жылумен әсер ету әдістері
- Ерітінділермен мұнайды қабаттан қысып шығару
- Қабаттарды қышқылдың өңдеу
- Қабатты гидравликалық жару
- Гидроқұмдыағысты перфорациялау
- Жылуфизикалық әсердің әдістері
- Импульсты соққылы және дірілдеткіш тербеліс әсерлері
Қабатқа электрлі әсер ету технологиялары арқылы мұнай бергіштікті арттыру мұнай ұңғымаларындағы өндірілген мұнайдың сулануын төмендету,айдау ұңғымаларын қалпына келтіру үшін арналған.
Технологияны қолдану кезіндегі негізгі міндеттер:
- өндірілген сұйықтың сулануын төмендету (мұайбергіштікті арттыру);
- кольматацияланған ұңғыма сұйықтығының дебитін қалпына келтіру(интенсификация нефтедобычи).
Бұл технология басқа құрамды технологиялардан артықшылығы:
- Технологияның тиімділігі.
- өндірілген сұйықтықтың сулылығының біршама төмендеуі, негізінен шамамен дебиті аз ұңғымаларда 10-50% , жоғары дебитті ұңғымаларда 1-10 %
- мұнайдың орташа шығымының біршама өсуі, негізінен шамамен аз дебитті ұңғымаларда 1,3-3 есе және жоғары дебитті ұңғымаларда 10-30%
- сұйықтық бойынша орташа дебиттің өсуі: кольматацияланған жоғары дебитті және аз дебиттіұңғымаларда 1,01-2 есе.нәтиженің ұзақтығы 2-4 жыл
Электрлы әсер ету кезінде ұңғымаға жақын аймақтағы қабаттың өткізгіштігі артады. Бұл өз кезегінде ұңғымадағы мұнайдың дебитін қалпына келтіреді.
1. Жылулық әдістер: | 2. Газды әдістер: |
3. Химиялық әдістер:
• ПАВ ерітіндісімен мұнайды шығару;
• полимер ерітінділерімен мұнайды шығару;
• сілтілі ерітінделермен мұнайды шығару;
• қышқылмен мұнайды шығару;
• вхимиялық реагенттер композицияларымен мұнайды шығару(соның ішінде мицеллярды ерітінділер және т.б.;
• микробиологиялық әсер ету.4. Гидродинамикалық әдістер:
• интегрировалық технологиялар;
• қиын алынатын қорды игеруге шақыру әдісі;
• газдымұнай қабаттарда барьералық суландыру;
• стационарнлық емес суландыру (циклическое);
• Сұйықтықты форсировалық жинау;
• сатылы-термальды суландыру.