Мұнай кенорындарын игеру дегеніміз жер қойнауынан көмірсутекті және олармен бірге шығатын пайдалы қазбаларды шығару процессі.Бұл процесске кенорынды бұрғылау мен мұнай және газ қорын өндіру жатады.
МКОИ - деп кен орнын бұрғылау және мұнай мен газ қорларын өндіру, яғни жер қойнауынан көмірсутектерді және олармен серіктес пайдалы қазбаларды алудың ғылыми негізделген процесінің жүзеге асуын айтамыз.
МКОИ теориясы мұнайкәсіпшілік геологиясы, гидрогеология, геофизика, қабат физикасы, жер асты гидромеханикасы және салалық экономикадан алған білімдерге негізделеді.
Мұнай кенорындарын игеру теориясы ең маңызды мәселе көптеген өткізгіштігі аз қабатшаларды бөліп тұратын және олардың көпқабатшалылығы, біртексіздігі, сонымен қатар мұнай қабатының біртексіздігінің өнімділігін қарайды. Сонымен қатар көлденең ұңғыларды қолдану және жылутасығыштар (бу, ыссы су) айдау жобаларында мұнай қабатының ең маңызды мәселесін ескермеген немесе толық ескермеген жағдайда, үрдістің тиімділігі тез арада тәжірибе жүзінде табылып отырған.
Мұнай кенорындарын игеру теориясы жерасты мұнай гидродинамикасынан және мұнайөндірістік геологиядан, механика және химиядан, жер асты гидромеханикадын, сонымен қатар экономикадан ерекшеленеді. Ол барлығын алғанда кең ауқымды болып келеді. Барлық құрамды бөліктерді қосып және оларды жалпы логико-математикалық тілмен көрсету талап етіледі. Мұнай игеруші маман – ол мұнай кенорындарын игеру және игеру үрдісін жүзеге асырумен қатар, біруақытта геолог, гидродинамик, технолог және экономист болу да керек. Ол - ол қандай да болсын- геологиялық, гидродинамикалық, технологиялық немесе экономикалық жалпы шешімнің тиімділігіне жауап береді.
Мұнай кенорындарын игеру теориясы – бұл біртексіз, жеткіліксіз және жетілмеген барлық фактілік мәндерді ескере отырып, мұнай өндірудің қиын динамикалық үрдістерін қолайландыру және жүргізу туралы ғылым.
Мұнай кенорындарын игеру теориясы – қиын динамикалық толық белгілі емес объектілермен айналысатын кибернетикалық типті ғылым.
Теорияның ең басты жетістігі болып мұнай және газ кенорындарын игеруде мұнай мен газдың ұңғы түбіне ағуы, яғни, мұнай және газ кенорындарының режимдері туралы ұғым. Бұл ұғымның қалыптасуына үлкен үлес қосқан ғалымдар И.М. Губкин, Л.С. Лейбензон, И.Н. Стрижов,А.П. Крылов, С.А. Христианович, Ф.А. Требин, Б.Б. Лапук, И.А. Чарный, В.Н. Щелкачев, Маскет, Виков, Ботсет, Леверетт.
Игеружүйесі – инженерлік шешімдердің өз ара байланысының жиыны: объектілерді сайлау және оларды игеру ретін белгілеу; негізгі және резерв фондыларынан пайдалану және айдайтын ұңғылардың санының, ара қатынасы мен орналасуын анықту; жерқойнауынан мұнай мен газдарды шығару мақсатымен, қабатқа ықпал жасау әдісін дәлелдеу; игеру үрдісін басқару (меңгеру), және бақылау әдістерін анықтау; жер қойнауын және айналадағы ортаны қорғау.
Жер қойнауынан мұнайды шығару технологиясы, қабат ішіндегі мұнай мен газдарды қозғалтатын механизмімен анықталады. Табиғи жағдайларда, бұл газ бүркембесіндегі немесе мұнайдан бөлінген газбен су мұнайды ығыстырады. Игеру технологиясының тиімділігі, мұнай қорының өндіру толықтығымен сипатталады. Қабаттың мұнай бергіштігін көбейту мақсатымен, оларға әртүрлі ықпал жасау әдістерін қолданады: су, газ, әртүрлі химияалық реагенттер, жылу тасушылар айдау, қозғалмалы жану фронтын тудыру ж. т. б.