Kladovka

Кладовка

Информация о пользователе

Привет, Гость! Войдите или зарегистрируйтесь.


Вы здесь » Кладовка » ЕНТ » Қазақ тілі


Қазақ тілі

Сообщений 1 страница 2 из 2

1

001
Баяндауыш қызметіндегі сөзді анықтаңыз.
Ана тілін қадірлеу - әр азаматтың перзенттік парызы.
A) Ана тілін.
B) Перзенттік.
C) Парызы.
D) Азаматтың.
E) Қадірлеу.
{Правильный ответ}=С
002
Күрделі етістіктен жасалған баяндауышты табыңыз.
A) Бір кішкентай қыз әкесінің шапанын жамап отыр екен.
B) Оларды әр бөлмеге үш-үштен орналастырдық.
C) Ақ басты Алатаудың Жамбылымын.
D) Өнер-білім бар жұрттар тастан сарай салғызды.
E) Көп қорқытады, терең батырады.
{Правильный ответ}=А
003
Баяндауыш қандай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.
Жамбылдың түнгі серігі – тәтті қиялы.
A) Сын есім.
B) Етістік,
C) Зат есім.
D) Туынды зат есім.
E) Үстеу.
{Правильный ответ}=С
004
Сын есім қай сөйлемде баяндауыш қызметін атқаратынын белгілеңіз.
A)  Ел тоқ.
B) Тары жеген – тарықпас.
C) Орманшы отынға жарымайды.
D) Оқу – инемен құдық қазғандай.
E) Береке көзі – бірлікте.
{Правильный ответ}=А
005
Есім сөзден болған баяндауышты табыңыз.
A) Дана ақыл сұрамас.
B) Заман өзгерген, білім күшейген.
C) Абырой – ар еңбегі.
D) Жұмысы жоқ ит ойнатар.
E) Өзіміз де жүргелі отырмыз.
{Правильный ответ}=С
006
Баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын табыңыз.
Медеуі – мен.
A) Етістік.
B) Зат есім.
C) Есімдік.
D) Сын есім.
E) Сан есім.
{Правильный ответ}=С
007
Сөйлемді аяқтап, ойды тиянақтайтын сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Толықтауыш.
D) Анықтауыш.
E) Пысықтауыш.
{Правильный ответ}=В
008
Қалау рай сөйлемнің қай мүшесінің қызметін атқаратынын анықтаңыз.
Ол үйіне аман-есен жетсе игі еді.
A) Бастауыш.
B) Баяндауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Толықтауыш
E) Анықтауыш
{Правильный ответ}=В
009
Баяндауышы есім сөзден болып тұрған сөйлемді табыңыз.
A) Ол кеше кешкісін келіп еді.
B) Дала тіршілігі енді басталды.
C) Ердің сыншысы – елі.
D) Ауыл әлі ояна қойған жоқ.
E) Елге баруға мүмкіндік болды.
{Правильный ответ}=С
010
Бастауыштың іс-әрекетін, жай-күйін, оқиғаның қай шақта болғанын білдіретін сөйлем мүшесін көрсетіңіз.
A) Анықтауыш.
B) Толықтауыш.
C) Бастауыш.
D) Пысықтауыш.
E) Баяндауыш.
{Правильный ответ}=Е
011
Баяндауыш қызметіндегі сан есімді табыңыз.
A) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
B) Ән айтатын өнерпаздар – осы үшеуі.
C) Сіз бірінші орынға адамзаттың қара күшін қойдыңыз.
D) Екеуіне сүйсінумен өтермін.
E) Екі жастың қуанышы тойланды.
{Правильный ответ}=В
012
Баяндауыш қызметінде тұрған сан есімді табыңыз.
A) Біздер сапқа он-оннан тұрдық.
B) Тоғыз – үшке қалдықсыз бөлінеді.
C) Менің алғаным жетеу.
D) Ақылмен мыңды, ақырумен бірді көндіресің.
E) Мұғалім дәптерді бес-бестен үлестірді.
{Правильный ответ}=С
013
Баяндауыштың қай сөз табынан жасалғанын табыңыз.
Ат – көлік, қамшы – қару.
A) Көмекші етістік пен еліктеуіш сөз.
B) Туынды етістік.
C) Есімдік.
D) Зат есім.
E) Тұйық етістік.
{Правильный ответ}=D
014
Бастауышпен жақ жағынан, шақ жағынан жекеше не көпше қиыса байланысатын сөйлем мүшесін белгілеңіз.
A) Толықтауыш.
B) Пысықтауыш.
C) Етістік.
D) Анықтауыш.
E) Баяндауыш.
{Правильный ответ}=Е
015
Сын есімнен жасалған баяндауышты анықтаңыз.
A) Айсыз, бұлтсыз қараңғы түн.
B) Оның бүгін келуі мүмкін.
C) Бүгін күн де бұлтты.
D) Зор денелі адам үйге алдымен кірді.
E) Дәркембай, Абылғазы,Тоқсан, Жұмыр да осында.
{Правильный ответ}=С
016
Есімдіктен жасалған баяндауышты табыңыз.
A) Бүгінгі заманның билігі – осыларда.
B) Бауыржан – білікті маман.
C) Өнер алды – қызыл тіл.
D) Қар жауса да тоңбайды бай баласы.
E) Кітап – білім бұлағы, білім – өмір шырағы.
{Правильный ответ}=А
017
Бірыңғай баяндауыш қандай сөз табынан, анықтаңыз.
Алыстағы жоталар мен айналадағы өлкелер де панасыз, жүдеу.
A) Етістік.
B) Сын есім.
C) Етіс.
D) Туынды сын есім.
E) Тұйық етістік.
{Правильный ответ}=D
018
Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.
Жақсының өзі де жақсы, сөзі де жақсы.
A) Зат есім.
B) Шылау.
C) Есімдік.
D) Етістік.
E) Сын есім.
{Правильный ответ}=Е
019
Баяндауыш қай сөз табынан жасалғанын анықтаңыз.
Білімді өлсе, қағазда аты қалар, Ұста өлсе, істеген заты қалар.
A) Туынды зат есім.
B) Болымсыз етістік.
C) Етістік.
D) Зат есім.
E) Сан есім.
{Правильный ответ}=С
020
Көсемше тұлғалы баяндауышты көрсетіңіз.
A) Көрмес түйені де көрмес.
B) Күнде кешке әжем ертегі айтатын.
C) Қораның төбесі ашылып қалыпты.
D) Күн батты да, тау бөктерін қара көлеңке басты.
E) Әке көрген оқ жанар, шеше көрген тон пішер.
{Правильный ответ}=С
021
Баяндауыш қызметіндегі бұрынғы өткен шақты белгілеңіз.
A) Мәдениет сарайына халық көп жиналыпты.
B) Ексең егін, ішерсің тегін.
C) Алтын көрсе, періште жолдан таяр.
D) Үлгі алсын деймін жас жігіттер.
E) Егер мал керек болса, қолөнер үйренбек керек.
{Правильный ответ}=А
022
Етістік шақ, рай тұлғаларында жіктеліп келіп, сөйлемде қандай қызмет атқаратынын анықтаңыз.
A) Бастауыш.
B) Толықтауыш.
C) Пысықтауыш.
D) Баяндауыш.
E) Анықтауыш.
{Правильный ответ}= D
023
Баяндауышы етістіктің қалау райынан болып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.
A) Шошынғаннан шешесі есінен танып қалыпты.
B) Мен бұл аттан күдерімді үзіп тұрмын.
C) Қазір балалардың бәрі де бизнесмен болғысы келеді.
D) Жаның сүйген еңбегің – жан рақаты.
E) Мен дәрігер боламын.
{Правильный ответ}=С
024
Баяндауыштың құрылысына қарай бөлінуін көрсетіңіз.
A) Негізгі, туынды.
B) Дара, күрделі.
C) Үйірлі, дара, негізгі.
D) Дара, күрделі, үйірлі.
E) Туынды, жанама, үйірлі.
{Правильный ответ}=D
025
Күрделі баяндауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Ердің атын еңбегі шығарады.
B) Ол телефон арқылы сөйлесті.
C) Жақсы лебіздер көп айтылды.
D) Оңтүстіктен жылы жел соқты.
E) Абай күрсініп қояды.
{Правильный ответ}=Е
026
Баяндауыш қызметіндегі есімшені табыңыз.
A) Жақсыға шаң жуымас, жаманға мал жуымас.
B) Білім – таусылмайтын кен.
C) Гүрілдеп келген жаудан күлімдеп келген қас жаман.
D) Кеңеспен пішілген киім кең де, кем де болмайды.
E) Ас қадірін тоқ білмейді.
{Правильный ответ}=А
027
Етістіктен болған күрделі баяндауышты табыңыз.
A) Қазақстан пайдалы қазбаға өте бай.
B) Сабақ оқығаннан басқа тірлігі жоқ.
C) Олжабек шалқасынан түсе жаздады.
D) Торғай жерге жақындай  ұшты.
E) Мылтықтың үні тарс етті.
{Правильный ответ}=С
028
Үйірлі баяндауышты табыңыз.
A) Қазынаның бәрі халықтікі.
B) Есті адамдарда бар қасиет – уайым жеу.
C) Бәріміз бір кісінің баласындай татумыз.
D) Бес жердегі бес – жиырма бес.
E) Ауылда қосақтағы қойлар маңырап жатыр екен.
{Правильный ответ}=В
029
Баяндауыштың жасалу жолын анықтаңыз.
Екеуі де жарытып, тіс жарып сөйлемейтін.
A) Көсемше арқылы.
B) Тәуелденген көсемше арқылы.
C) Тәуелденген есімше арқылы.
D) Жіктелген көсемше арқылы.
E) Жіктелген есімше арқылы.
{Правильный ответ}=Е
030
Үйірлі баяндауышы бар сөйлемді табыңыз.
A) Жалқаудың жауы – жұмыс.
B) Кітап – алтын қазына.
C) Қиыны бұл дүниенің – қолы тарлық.
D) Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің.
E) Ұлттық тілмен ұлттық рух қалыптасады.
{Правильный ответ}=С
031
Баяндауыш болатын сөз таптарын белгілеңіз.
A) Етістік, шылау.
B) Есімдік, етістік.
C) Зат есім, одағай.
D) Сын есім, шылау.
E) Сан есім, одағай.
{Правильный ответ}=В
032
Баяндауыштың қандай сөз табынан жасалғанын табыңыз.
Атадан – алтау, анадан – төртеу,
Жалғыздық көрер жерім жоқ.
A) Етістік.
B) Сан есім.
C) Есімдік.
D) Сын есім.
E) Шылау.
{Правильный ответ}=В
033
Баяндауыштың жасалу жолын анықтаңыз.
Менің іздегенім – сенсің.
A)  Ілік септігінің жалғауы.
B) Заттанған етістік.
C) Жіктелген есімдік.
D) Тәуелденген есімдік.
E) Туынды зат есім.
{Правильный ответ}=С
034
Баяндауыштың жасалу жолын анықтаңыз.
Ынтымақ – оқ өтпес сауыт.
A) ІІІ жақта тәуелденген зат есім.
B) Туынды зат есім.
C) Тәуелденген зат есім.
D) Туынды етістік.
E) ІІІ жақта жіктелген зат есім.
{Правильный ответ}=Е

0

2

2l

0


Вы здесь » Кладовка » ЕНТ » Қазақ тілі


Добро пожаловать на наш форум!!

Создай свой чат!

audio