Теңіз кен орындарын игеру кезінде қауіпсіздік шаралары, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
Дәріс мақсаты: қоршаған ортаны және еңбекті қорғау бойынша арнайы талаптарды үйрену және танысу.
Қажетті сөздер: ластану, лақтырылыс, атмосфера, төгілу.
Бұрғылау және барлау жұмыстары кезінде, шельф кен орындарын игеру және пайдалану кезінде, мұнай мен газды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау. Жағалаулардың және су бетінің ластануларын жою. Апаттар зардаптарын жою және оларды жинау техникасы мен технологиясы.
Практика көрсететіндей, көптеген апаттар:
- бұрғылау технологиясының бұзылуы;
- жерүсті қондырғыларының ақаулары;
- бұрғылау жұмысын жүргізетін жұмысшылар квалификациясының төмендігі;
- өндірістік процесті ұйымдастырудың қанағатсыздығы;
- өндірістік тәртіптің бұзылуы салдарынан болады.
Мұнай айлақтарында танкерге мұнайды тиеу және түсіру кезінде өнімнің ағып кетуі; балластық судың теңізге тасталуы, теңіз және суасты ұңғымаларындағы және мұнай құбырларындағы апаттар; өндірістік қалдықтардың теңізге тасталуы теңіздің мұнаймен ластануына және теңіз организмдерінің қырылуына әкеліп соғады.
Күрделі апаттарға бұрғылау кезіндегі фонтанның атқылауы мен лақтырылуы, ұңғыманы игеру және бұрғылау; суасты өнім құбырларының, магистральды мұнай құбырларының жарылуы, сонымен қатар су асты және су үсті мұнай сақтағыштарындағы жарылыстар мен апаттар жатқызылады.
Апаттар сонымен қатар суасты грифондардың салдарынан болады. Бұл грифондар флора мен фаунаға үлкен қауіп төндіреді. Мұнай теңіз түбінен көтеріле отырып, жоғары концентрациялы ластаушылары бар ерекше қауіпті зоналарды құрайды.
Ашық фонтандаудың алдын алу үшін тізбек басының, фонтандық арматураның, арматураның фланцеті және бұрандалы қосылыстарының және құбырлардың, саңылаусыздығын жүйелі түрде бақылап отыру керек.
Ал барлық ақауларды уақытылы түзету қажет.
Ұңғыма сағасы ағып жатқан сұйықты жинауға арналған табандықпен қамтылады. Бұл табандық өз кезегінде ақаба суларын жинауға арналған сыйымдылықпен байланыстырылады.
Ұңғымалардағы апаттар және оларды жою.
Ұңғымада күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудегі көп еңбекті қажет ететін және қиын жұмыстар, ол ұңғыма түбіндегі апаттар мен қиыншылықтарды жою жұмыстары.
Пайдалану ұңғымаларында жиі кездесетін апаттардың түріне мыналар жатады:
- екі қатар СКҚ – ның металл сальникпен немесе ұңғыманы пайдалану процесінде қалыптасқан құмды тығынмен қысылып қалуы;
- СКҚ – ның бір және екі қатарының ұшып кетуі;
- тереңдік сораптарымен, штангамен (немесе штагасыз) жабдықталған сору құбырларының ұшуы;
- батырмалы электр сорабының ұңғымада қалып қоюы;
- ұңғымаға бөлшек заттардың құлауы немесе қалып қоюы.
Қысылып қалған құбырларды жоғары көтеру. Әдетте тығынмен құбырдың төменгі бөлігі қысылып қалады. Кей жағдайда пайдалану ұңғымасының жоғарғы бөлігінде бұзылу салдарынан қысылып қалу жағдайы кездеседі.
Құбырларды қысылып қалу жағдайынан босатудың бір әдісі - әрлі берлі жүру. Әрлі – берлі жүруді құбырлар тізбегін керу арқылы жүргізеді. Керу кезіндегі жүктеме осы құбыр диаметріне арналған ажырау шарттарынан 60-70% төмен болуы керек. Бұл құбырлардың үзіліп кетуінен сақтайды.
Бұл процесті бірқалыпты жүргізген дұрыс, жүктемені әрбір 0,3-0,5м сайын қосып отыру керек. Керудің ұзақтығы түсірілген құбырлардың лифтік сұлбасына, ұңғыма тереңдігіне және қысып қалу сипатына байланысты болады. Жоғары көтеру техникасы төмендегідей түрде жүргізіледі. Мөр көмегімен құбырлардың орналасуын және ұштарының жағдайын анықтайды. Мөр – тұрқы төменнен және жанынан 8-10 мм қалыңдықтағы қорғасын қабықшасымен қапталған металл құрылғы. Тұрықтың центрінде су жүретін ұзына бойы созылған саңылау бар. Мөрдің жоғарғы бөлігінде сарапты – компрессорлық құбырларға немесе бұрғылау құбырына қосылатын бұрандалар орналасқан. Мөрді осы құбырлар арқылы ұңғымаға түсіреді. Аулау қондырғысын түсіру алдында, құбырлардың шетін фрезерлермен тік түсу: фрезер төменге (1-3м-ге) оңай түссе, құбырды аулау құрылғысымен ұстайды.
Құбырдың бүлінген соңын дұрыстаған кезде фрезер құбырдың жыртылған ұштарын қиып тастайды. Бұдан қалған бөліктер магнитті фрезер - өрмекші көмегімен шығарылады. Содан соң фрезер көмегімен бұзылған ұшын түзетуге кіріседі және қалған құбырлар жоғары көтеріледі.
Басқа жағдайларда құбырды, штанганы жоғары көтеру техникасы осы тәртіппен орындалады.
Штангалы сорап құбырлары ұшқан кезде, штангалар оңай майысады, осының нәтижесінде кейде майысқан штангалардың шумағы пайда болады.
Мұндай апараттардан кейін штангаларды көтеру қиынға соғады. Тығыз металл сальнигімен жабдықталған кезде, оны тік төселген фрезер арқылы қиып тастап, артынша аулау құрылғылары арқылы жоғары көтереді.
Бақылау сұрақтары:
1. Теңіз жағдайында күрделі апаттарға қандай апаттарды жатқызамыз?
2. Апаттар ненің салдарынан пайда болуы мүмкін?
3. Мөр деп қандай құрылғыны айтамыз?
Литература: Золотухин А.Б. «Основы разработки шельфовых нефтегазовых месторожений и строительство морских сооружений в Арктике» -М., Недра,2000г.
Акульшин А.И., Бойко В.С. «Эксплуатация нефтяных и газовых скважин»- М., Недра, 1989г