Ұңғы өнімін жинау жүйесінде және кейін оны тасымалдауда, ұңғы өнімін жинауға және оны мұнайды дайындаудың орталық пунктіне (МДОП) жеткізу үшін салынған құбырөткізгіштің жабдығымен жүйесі түсініледі.
Ұңғы өнімін дайындаудың мақсаты келесідей:
- үрдістердің қауіпсіздігін жоғарылату;
- көмірсутектерді тасымалдауға дайындау;
- оларды тұтынушылар талабына сәйкестердіру;
- коррозия төзімділігін жоғарылату.
Бұларды орындау үшін ұңғы өнімін теңізде дайындау бойынша операциялардың минималды көлемі қажет. Жинау және дайындау жүйесі, әртүрлі кен орындарында басты элементтің өзара орналасуымен және жабдықталуымен ерекшеленеді. Жүйе ең алдымен кен орын ауданына, ұңғыма дебитіне, айдалатын сұйықтың физика-химиялық қасиеттеріне, аймақ бедеріне және табиғи жағдайларға тәуелді.
Газсұйықты ағын фонтанды арматура, сағалық штуцер және манифольд арқылы өтіп, төменде көрсетілген жүйелердің барлығын немесе олардың кейбірін қоса алатын технологиялық жабдықтың кешеніне келіп түседі. Жүйелер мыналар:
1. Сағалық жабдық және манифольд;
2. Айырғыштар;
3. Мұнайды дайындауға арналған жабдықтар:
- сутексіздеу;
- өлшеу;
- мұнай қоймалары.
Газды дайындауға арналған жабдықтар:
- сутексіздеу;
- күкіртсіздеу;
- компрессорлы;
- өлшеу.
Технологиялық кешеннің қосымша жүйелері:
- химиялық реагенттерді айдауға арналған жабдық;
- желдеткіш жабдықтар және жандыру құрылғылары;
- ілеспе өндірілетін суды жинау және өңдеуге арналған жабдық;
- ашық және жабық түрдегі дренаждық жүйелер.
Жалпы арналымдағы қосымша жүйелер:
- энергия генераторлары және апаттық энергиякөздері;
- бақылау-өлшеу құралдарына ауа беру жүйелері;
- гидравликалық жүйелер;
- қыздырғыш және желдеткіш жүйелер;
- бу қондырғылары;
- отын жүйелері;
- су жүйелері;
- жылыту жүйелері;
- салқындату жүйелері;
- өртке қарсы жүйелері;
- апаттық тоқтау жүйелері;
- бақылау-өлшеу жүйелері және басқару жүйелері.
Қабатқа әсер ету жабдығы:
- су айдау жабдығы;
- газ айдау жабдығы.
Тіршілік қамтамасыз ету жүйелері.
Мұнайды жинау және дайындау жүйелері. Жабдықтар келесі операцияны жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
- Мұнайды, газды және суды айыру (1. сурет);
- Мұнайды өңдеу және оны суасты құбырөткізгішпен айдау;
- Ілеспе өндірілетін суды тазалау және шығару;
- Отын ретінде қолдануға арналған мұнай газын айыру және сығу;
- Факел жүйесі арқылы атмосфераға артық газды шығару;
- Қабат қысымын қолдау мақсатында теңіз суын қабатқа айдау үшін өңдеу.
Факел жүйесі арқылы шығатын газды шығарындылар.
Алдымен өндірілетін сұйықтық қабаттан қабат қысымы есебінен көтеріледі. Бірақ, соңында оның көтерілуі батырмалы сораптар және газлифт көмегімен жүзеге асырылады. Шикі мұнай суасты құбырөткізгішке айдалады. Егер мұнайдың салқындау температурасы жоғары болса, онда депрессанттарды айдау қажет болады.
Ілеспе өндірілетін су айырғыштан кейін флотациялық немесе коалесцентті түрдегі тазалау қондырғыларына келіп түседі, онда судан мұнай қалдықтары алынып болған соң, су теңізге құйылады.
Айырғыштан газ отындық газ алу қондырғысына келіп түседі. Онда газ сығылып тазартылады, сүзіледі және газды турбиналарда отын ретінде қолдануға жарамды болады. Артық газ факел жүйесі арқылы атмосфераға шығарылады. Сығылғаннан кейін газды қабатқа айдауға болады, бірақ шағын кен орындарды бұл тиімді емес.
Мұнайды дайындауға мұнайды, газды және суды айыру, шикі мұнайды сусыздандыру, тауарлы мұнайды айдау және мөлшерін өлшеу жұмыстары кіреді.
Айыру (сепарация). Өндірілетін сұйықтық коллектор арқылы айырғыштық жүйесіне түседі. Айырудың бірінші сатысында қоспадан судың көп бөлігі алынады, кейін ол деңгей реттеуіші көмегімен су дайындау қондырғысына бағытталады.
Айырғыштан кейін газ компрессорға, ал мұнай айырғыштың екінші сатысына түседі.
Сурет 7.1- Мұнай ұңғыларының өнімін жинаудың принциптік блок-схемасы:
1- пайдалану ұңғылары; 2- коррозия ингибиторлары; 3- газлифт газы; 4- көбікке қарсы және деэмульгациялау агенті; 5- өлшеуіш айырғыш; 6- ұңғы өнімін айыру; 7- негізгі мұнай айдау сораптары. Сатылы айыру: 2-ші сатысы ─ 100∙ Рейд бойынша будың серпімділігі; 3-ші сатысы ─ 10∙ Рейд бойынша будың серпімділігі.
Айырғыштың 2-ші сатысында қоспаның әрі қарай суға және газға бөлінуі жүреді.
Өлшемді айырғыш. әрбір ұңғымадағы ағынды манифольд арқылы өлшемді айырғышқа бағыттауға болады. Бұл айырғыштан шығар кезде мұнайдың, газдың және судың мөлшерін тұрақты өлшеу жүргізіледі. Су деңгейді реттеуіш көмегімен суды дайындау қондырғысына, газ− компрессорға, ал мұнай деңгей реттеуіші көмегімен айырғыштың 1-ші сатысына бағытталады.
Депрессанттық присадка. Егер мұнай судың жоғары температурасымен сипатталса, онда мұндай мұнайды суасты құбырөткізгішпен тасымалдауда туатын проблемаларды жою үшін депрессанттық присадка айдау қажет. Бұл операция мұнайдың мұнай айдау сораптарына түспес бұрын, құбырөткізгішке кірер кезде жүргізіледі.
Мұнайды сорапты айдау. Айрғыштың 3-ші сатысынан шыққан шикі мұнай өлшеу жабдығы арқылы өтіп, құбырөткізгішке айдалады. Әрқайсысының берілісі құбырөткізгіш өткізуінің қабілеті 50%-н құрайтын үш бустерлі сораптың қорек көзі ─ магистральды құбырөткізгіште орнатылған және әрқайсысының қабілетінің 50%-н құрайтын үш сорап болып табылады.
Ілеспе өндірілетін суды тазарту. Ілеспе өндірілетін су айырғыштан құбырөткізгіш бойымен теңесу сыйымына беріледі, онда флотациялық қондырғының жүктемесін болдырмау мақсатында дербес мұнайды алу жүргізіледі. Мұнай деңгей реттеуіші арқылы теңесу сыйымынан алынып, екінші сатылы айырғышқа айдалады. Су деңгей реттеуіші көмегімен бірқалыпты 2 флотациялық қондырғыға беріледі.
Флотациялық қондырғыдан таза су теңіз деңгейіне дейін батырылған тізбекке шығарылады, ал мұнай айырғыштың екінші сатысына жүреді. Онда тізбектен айдалатын мұнай да келіп түседі.
Газды дайындау және жинау жүйесі.
Жалпы сипаттама. Газды дайындау мұнай дайындаудан едәуір ерекшеленеді, өйткені ол жоғары қысымда жүргізіледі. Сонымен бірге, тауарлық газдың қысымы тауарлық мұнай қысымынан жоғары болу керек, ол талаптарға сәйкес ерекшеліктерімен анықталады.
Сурет 7.2- Газ ұңғымасының өнімін жинаудың принциптік блок-схемасы:
1- өлшеу қондырғысы; 2- өндіру ұңғымалары; 3- коррозия ингибиторын айдау; 4- метанол айдау; 5- өндірілетін газды өңдеу; 6- ұңғыма өнімін айдау; 7- конденсатты өңдеу; 8- ілеспе өндірілетін суды өңдеу.
Газдың оқпан қабырғасындағы қозғалысының жылдамдығы газға қатты бөлшектердің енуінің себебінен болуы да мүмкін. Ол бөлшектер қысымы сағалыққа тең немесе шамамен тең (штуцердегі қысымның минимал түсуімен) болатын сағалық құмұстағыштармен алынуы мүмкін.
Технологиялық жабдық негізінен конденсатты алуға арналған бірсатылы айырғыштан тұрады. Газдың әрі қарай өңделуі әдетте сутексіздендіруге негізделеді, бірақ кейбір жағдайда көміртегі немесе күкіртсутек қостотығын алу жүргізіледі. өлшеуден кейін газ салыстырмалы жоғары қысымдағы (10,4 МПа) жүйеден шығарылады (4. сурет). Өндірудің соңғы сатысында қабаттағы қажетті қысым газды сығу есебінен ұсталады.
Айыру (сепарация). Дербес суды және конденсатты бөлетін бірсатылы айыруды жүргізер алдында қоспадан құмды алу қажеттілігі туу мүмкін.
Ұңғыма сағасында қысымның құлауы бойынша газ кеңеюіне негізделген Джоуль-Томпсонның салқындату эффектісі азаяды. Нәтижесінде газды сутексіздеу жүйесінің тізбекке жүктемесін минимумға түсіру мақсатында қосымша салқындату қажет болады. Жүйе сұйық жағынан жүктеме болу есебімен жобалануы керек, өйткені сығу кезінде бұл жүктеме максимумға дейін өседі. гликольді айдау және сутексіздендіру үшін қондырғыны орнатудан бұрын, жүйенің барлық бөліктерінде конденсат табиғатына сай, гидрат түзілу мүмкіндігін, парафин түзілімдерін бағалау керек. Себебі, жоғары қысым кезінде тіпті көміртек қостотығының шағын ғана құрамы едәуір коррозияға әкелуі мүмкін, сондықтан жүйе құрылысына материалдарды таңдауда мұқият болу керек.
Газды сығу. Компрессорды таңдаудағы қиыншылықтың болуы сору қысымының түсуіне және шығымның азаюына байланысты. Әдетте игерудің қандай да бір сатысында компрессорларды алмастырады немесе жаңартады (модификация).
Компрессорлы жүйеде сору, аралық, айдау клапандары, сонымен қатар салқындатқыш қосымша жабдығы жатқызылады.
Сутексіздеу. Сутексіздеу үшэтиленгликоль дәстүрлі нұсқасының есебінен жүргізіледі. Бұл жұмысшы қысымның толқуына байланысты проблемаларды жояды.
Сутексіздеу әдетте механикалық айыру немесе коалесценция есебінен жүзеге асырылады. Газдың аз мөлшерінің лездік бөлінуі мүмкін, бірақ оны ұстау экономикалық көзқарастан тиімсіз.
Газ өндіру платформасының технологиялық жабдығы мұнай өндіру платформасында қолданылатын жабдықтарға ұқсас. Қабатты таусылғанға дейін өндіру қысым түсумен жүреді, сондықтан теңіз суын айдау қажеттілігі жоқ.
Шағын платформаларда жандыру қондврғвсын орналастыру мен жобалауға байланысты проблемалар тууы мүмкін. Ол газды факелде жаққанда бөлінетін жылудың көп мөлшерімен түсіндіріледі.
Ұңғыма өнімін жинау және дайындаудың суасты жүйелері.
Ферма түрдегі тіректік блокты қолданылатын дәстүрлі игеру жүйелеріне үлкен кемшілік болып табылатын көлемді массалар тән. Сонымен қатар ферма түріндегі тіректік блок массасы құрылыс тәсіліне, жоғарғы құрылыстың массасына және су тереңдігіне күрделі тәуелділікте тұр. Жоғарғы құрылыстың массасының азаюының бірнеше түрлерін қарастыруға болады. Олардың бір түрі ─ ұңғымаларды алдын ала бұрғылау. Бірақ, ол платформаны игеру жүрісінде ұңғымаларға қызмет көрсету кезінде белгілі бір қиындықтар туғызады. Сонымен қатар, егер бағдарламада ұңғылардың көп санын бұрғылау қарастырылса, кен орынның жабдықталу мерзімдерінің ұзаруына әкеледі. Бұрғылау қондырғысына жоғарғы құрылыстың 3 мың тоннадан жоғары масса келеді. Бұл тұрақты жүктемелерге, химиялық реагенттер және бұрғылау құбырлар қорымен байланысты уақытша жүктемелерді қосу керек.
Технологиялық жабдықтаудың қондырғысы су астында жоғарғы құрылыс массасын едәуір азайтуы мүмкін. Егер суасты жабдық салыстырмалы қарапайым болса, онда оны басқару суасты бақылау және басқару әдістері көмегімен жүргізуге болады.
Сағалық жабдық және манифольдтар. Суасты және сағалық қондырғыларды игеру қазір мұнай өнеркәсіпшілігінде қолданылып жатыр. Суасты штуцерлерді өндіру аяқталуда.
Айырғыштар қысымды және сұйықтық деңгейін реттеуге арналған құрылғылармен жабдықталған резервуар түрінде болады. Олар суастында жұмыс істей алады, бірақ олар суасты игеруге толығымен бейімделген деп айтуға болмайды. Белгілі бір қиындықтар газ және сұйықтық қоспасының сапалы айрылуын қамтамасыз ету және қысым түсіру қажеттілігімен дайланысты.
Сурет 7.3 -. Мұнайды жинау және дайындаудың суасты жүйесінің блок-схемасы:
1- игеру манифольді; 2- өндіру ұңғымалары; 3- коррозия ингибиторлары; 4- газ және газлифт; 5- көбік басушы және деэмульгатор; 6- ұңғыма өнімін айыру; 7- сақтау сыйымы; 8- мұнай алу; 9- су айыру.
Айыру тиімділігі. Өнім буларының серпімділігінің талабын орындау қысымның және температураның төмендеуін бақылаумен жүзеге асырылады. Ағында жылуды сақтау қажеттілігі оқшаулау жүйесіне үлкен талаптар қояды. Сонымен қатар оған теңіз суының келмеуі керек екенін есте сақтаған жөн. Сұйық көмірсутектің парафин түзілімдегі тенденциясы кезінде немесе жылу азаю кезінде айырғыштың иммерсиялық электр қыздырылуын қажет етуі мүмкін.
Мұнайды және конденсатты сораппен айдау қиындықтар туғызбау керек, себебі батырмалы сораптардың модификациясы тереңдікте де жұмыс істеуі керек.
Ілеспе өндірілетін су қысымда болады және еріген бос көмірсутекті компоненттерден құралады. Ол кейбір уақыт су астында арнайы сыйымдарда сақтала алады, бірақ кейін тазалаусыз теңізге тасталуы мүмкін немесе сыйымда сақталғаннан кейін танкерлерге жүктедуі мүмкін.
Мұнайды және конденсатты тасымалдау.
Мұнайды тенкерлі немесе құбырөткізгішпен тасымалдауға дайындауда екі немесе үшсатылы айырудан кейін Рейд бойынша бу серпімділігі 100 немесе 10-ға тең сұйықтық алынады. Рейд бойынша бу серпімділігі 10-ға тең сұйықтықты танкермен тасымалдау үшін жүктеу ғимараты қажет. Мұндай ғимаратты салу кезінде, мұнай өңдеуі су астында жүргізу керек пе, әлде технологиялық жабдықтың минималды кешенін жүктеу тізбегінде не танкерде жобалау керек пе деген негізгі сұрақтар туады.
Конденсатты сусыздандыру суасты жағдайда гравитациялық бөлу көмегімен немесе коалесценция есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. Алайда суды тастау проблемасы болады.
Газды тазалау.
1. Мұнайлы газ.
Шағын кен орындардағы газ қоры оларды жеке өндіруде ұйымдастырылатындай көп емес. Айырылған газдың шығарындысы атмосфераға шығарылуымен немесе факелде жағумен жүзеге аспайды (11. сурет).
2. Газды және конденсатты кен орындарда өндірілетін газ.
Газды және конденсатты кен орындарды игеру кезіндегі басты есебі ─ газды, оны қолдануға болатындай етіп өндіру. Бұл кезде келесі проблемалар туындауы мүмкін:
- Кристалды гидраттардың түзілуі;
- Коррозия;
- Екіфазалы ағынның түзілуі.
Кристалды гидраттардың түзілуі коррозия пайда болуына септігін тигізетін еркін судың болуы есебінен көбейеді. Коррозия көміртегі әсіресе күкіртсутегі қостотығынан тұратын парциялды қысым әсерінен ұлғаюы мүмкін. Сұйық көмірсутектерінің пайда болуы құбырөткізгіштегі температураның түсуіне байланысты.
Қазіргі уақытта газды суасты өңдеу және суасты жағдайда компрессорлы қондырғыларды пайдалану мүмкін емес деп есептеледі. Газ өңдеудің проблемасын шешу коррозия ингибиторын қолдануға және кристалды гидраттар түзілуіне тәуелді.
Сурет 7.4 - Газды жинау және дайындаудың суасты жүйесінің блок-схемасы:
1- өндіру ұңғымалары; 2- игеру манифольді; 3- коррозияны ингибитрлеу; 4- метанол айдау; 6- коррозияны ингибитрлеу; 7- гликоль айдау.
Газды тасымалдау. Газды тасымалдау табиғи қысым есебінен жүзеге асырылуы керек деген болжам бар. Осыған байланысты жабдық жүйесіндегі жұмысшы қысым сағадағы қысыммен тең болу керек.
Мұнайды суасты жағдайында жинау және дайындау.
Судың астында орнатылған техникалық жабдықтың шағын кешені мұнайдың, газдың және судың айырылуын қамтамасыз ету керек, сонымен қатар оларды тасымалдауға дайындау керек. Бұл үрдіс қарапайым болмайды, сондықтан төменде нұсқаулар келтіріледі.
Саға және манифольд. Суасты жүйенің бұл компоненттері өндіріліп, қазір тиімді пайдаланылуда. Газлифтілі және сорапты өндіру тек қана жабдықтың суасты жүйесі көмегімен жүзеге асырылады.
Айыру (сепарация). Шағын кен орындарда мұнайды алудың максималды тиімділігіне суасты жабдықтың қарапайымдылығы есебінен жетеді. Суасты айыру шектелген жағдаларда қолданылады. Мұнай тасымалдауға дайындау үшін айыруды бірінші – екінші сатыға дейін қысқартуға болады. Бу қысымдарын қамтамасыз ету үшін иммерсиялық электр қыздыру қарастырылады. Барлық жүйелер жабық саға кезінде ұңғымадағы статикалық қысымға есептелген болуы керек. Күрт төмендеген жағдайлары қарастырылмайды.
Платформадан айырудың тиімділігін көбейту үшін эмульсиясыздандыратын және көбік басатын агенттер берілуін қамтамасыз етуге болады. Айырғыштардың жоғарғы тиімділігін сақтап, олардың көлемін және массасын азайту мақсатында ортадан тепкіш құрылысты немесе еңісті сөрелері бар құрылысты қолдануға болады.
Өндірілген газ. Айырудың минималды қысымын қамтамасыз ету үшін өндірілгенгаз мұнара түбінде шарнирлі бекітілген факел бойынша көтеріліп, факелде не жеке орнатылған жандыру құрылғысында жағылу керек.
Өндірілген газды, оның температурасы көмірсутектердің шық нүктесінен төмен болатындай етіп салқындату керек. Кристалды гидраттар түзілу проблемасын метанол айдау арқылы шешуге болады.
Қабат суы. Су астында арнайы сыйымдарда қабат суын сақтайтын жағдайлар жасалуы керек. Уақыттың сәйкес кезеңі өткенде және деэмульгаторларды қолданғаннан кейін су тікелей теңізге шығарылуы мүмкін варианты бар. Ал басқа вариантқа сәйкес, сәйкесті өңдеу болмаған кезде су танкерге тиелу үшін арнайы ғимаратқа келуі керек.
Беттік жабдықтар. Беттік жабдықтардың кешені келесі қызметтерді орындауға қажетті:
- Энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету;
- Химиялық реагенттерді айдауды жүзеге асыру;
- Факел қондырғысын орналастыру;
- Бақылау және басқару жүйелерін орналастыру.
Беттік жабдық өндіру ұңғымасынан қандай да бір арақашықтықта жатуы мүмкін.
Бұл кезде мұнайды тасымалдау су астында мұнай айдау сораптары орнатылған болса, құбырөткізгіш бойынша жүруі мүмкін.
Газды суасты жағдайында жинау және дайындау.
Сағалар мен манифольдтар. Суасты жүйенің бұл компоненттері бұрыннан пайдаланылып келеді, сондықтан бұл жерде олар қарастырылмайды.
Айыру (сепарация). Газды суасты кешендерге тасымалдау конденсатпен бірге бір құбырөткізгіш бойымен жүргізіледі. Газ ұңғыманың өнімдерін айыруды келесі мақсаттарда жүргізеді:
а) жабдық эрозиясының алдын алу үшін құмтазалауға;
б) коррозияның алдын алу үшін қабат суларын алу (жою).
Газды өндіру кезінде, оған ілесіп ұңғымадан мұнай өндіру үрдісіне қарағанда айтарлықтай аз мөлшерде су алынады, бұл қабат қысымы және температурасында коллектордың қанығу жағдайымен түсіндіріледі. Газ өндіретін спутник-платформаларында қабат суы көбінесе айырылмайды, ол негізгі өндіру ғимаратына бағытталады.
Суды төгу әдістері суасты мұнай өңдеу кезінде қолданылатын әдістерге ұқсас.
Суасты айырғыштары ─ бұл жоғары қысымды айырғыштар, ал сағалық штуцерде қысымның түсуі номиналды сипат алады.
Беттік жабдықтау. Газды суасты жинау және дайындау жүйесі беттік жабдықтау кешенінен мұнайды жинау және дайындаудың дәл осындай жүйесіне қарағанда, үлкен қашықтықта бола алады. Беттік жабдықтау аз дегенде, айыру жүргізуді, сонымен қатар газды және конденсатты сутексіздеуді жүргізуді қамтамасыз етеді. Газды және конденсатты тұрақтандыру қондырғыларының қалыпты жұмысы үшін көмірсутектердің шық нүктесін бақылау керек.
Энергия және химиялық реагенттер берілісі. Энергия және химиялық реагенттер (жабдықтың және құбырөткізгіштің қорғанысы үшін) суасты кабельдер және құбырөткізгіштер бойынша берілуі керек.
Суасты жағдайында конденсат жинау және дайындау.
Конденсатты кен орындарды қабатқа газ айдап, қысымды жасанды қолдаусыз игерген жөн деген тұжырым бар. Конденсатты суасты жинау және дайындау жүйесі, газды кен орындарда қолданылатын жүйелерге ұқсас. Конденсатты кен орындар өнімін жинау және дайындау жүйесін құру ─ күрделі инженерлік есеп. Жүйенің негізгі ерекшелігі: ол негізгі өндіру кешенінде спутник ролін атқарады.
Жер беті терминалдарының бірнеше түрі бар, олар арналымына байланысты әртүрлі құрылысты болып келеді:
- Газды коммерциялық ерекшелікке дейін конденсаттарды бөліп өңдеу (Норвегияның Корстё терминалы);
- Газды нарыққа танкермен тасымалданатын, қоюлатылған табиғи газды (ҚТГ) өндіру үшін қосымша жабдықпен өңдеу;
- Мұнайконденсатты әртүрлі өнім бөліп өңдеу (Ұлыбританиядағы Тисайд терминалы және Корстё терминалының жаңа бөлігі);
- Өнім ағымының өлшемін және құбыртазалау қырғыштары үшін қабылдау станциялары бар коммерциялық газдың қабылдау терминалы (Германиядағы Эдем газды терминалы және Бельгиядағы жаңа Зебрюге газды терминалы);
- Көпфазалы ағынды өңдеуге арналған терминал, яғни сұйықтықты су және конденсат бөліп өңдеу, газды коммерциялық газ ерекшелігіне дейін өңдеу. Сонымен қатар терминал құбыртазалаушы қырғыштары үшін қабылдау станциясы қызметін атқарады (Ойгардендегі Тролль терминалы);
- Мұнайды сақтау және тасымалдау (Стюре терминалы);
- Мұнай өнімдерін өңдеу, сақтау және тасымалдау (Монгстадтағы мұнай өндіру зауыты).Теңіз қойма-резервуарлары, бетонды платформалар және игеру кемелері мұнайды теңізде тасымалдаудың терминалы ретінде қызмет жасай алады.
Терминалда өңдеудің қажетті тәсілін таңдау теңіз өңдеуі өте қымбат екенін ескере отырып,едәуір тиімді әдіс анализіне негізделуі керек.
Терминалды құру өз алдына үлкен жоба болып табылады. Терминал салынатын жерлерді таңдау кезінде төмендегілерге аса назар аударылуы керек:
- Терминалға жақын жерде тұратын және терминалда тұратын персоналдың қауіпсіздігі;
- Алатын аймақ ауданының мөлшері және басқа да өндірістік кәсіпорындармен қарама-қайшылықтың пайда болу мүмкіндігі;
- құбырөткізгіштің жағалауға жақындауды қамтамасыз ету мүмкіндігі;
- өнімді нарыққа тасымалдау құралдарын және арақашықтықты бағалау;
- геотехникалық жағдайлар;
- инфрақұрылымды максималды қолдану (мысалы, сумен жабдықтау және электр энергиясы);
- салқындатуға арналған судың рауалылығы;
- құрылыс фазасының көліктік мүмкіндіктері (теңіз, темір жол, көлік жолы).
Сонымен қатар негізгі тіреу, экология сақталуына кепіл беретін үрдістерді таңдауға беріледі.
Бақылау сұрақтары:
1. Теңізде ұңғы өнімін жинаудың ерекшелігі неде?
2. Терминалдың атқаратын қызметі неде?
Әдебиет: Золотухин А.Б. «Основы разработки шельфовых нефтегазовых месторожений и строительство морских сооружений в Арктике» -М., Недра,2000г.
Лутошкин Г.С. « Сбору и подготовка нефти, газа и воды на промыслах»- М.; Недра, 1985ж.