Ұңғының конструкциясы. Қалқымалы және тұрақты бұрғылау қондырғыларынан бұрғылау технологиясы. Қалқымалы және жартылай батпалы платформалардан, кемелерден бұрғылау процесі кезінде тұрақтандыру тәсілдері. Ұңғыны аяқтау.

        Ұңғыны бұрғылау процесі  жыныстарды бұзуға және саңылау жасау үшін қолданылатын энергияға негізделген. Жынысқа түсетін күш бұрғылау тізбегінің салмағы, оның бұралуы және гидравликалық күштердің нәтижесінде беріледі. Бұрғылау тізбегі сапасы жоғары шойыннан жасалған, тізбектің төменгі жағына орналасқан қашауды айналдыра алатын құбырдан тұрады. Бір мезгілде құбырға қашау арқылы түпке жоғары қысыммен берілетін бұрғылау ерітіндісіде айдалады. Әдетте бұрғылау қондырғысы жоғарыдан санағанда бұрғылау құбырынан, қалың бұрғылау құбырынан, тұрақтандырғышы бар ауыр бұрғылау құбырларынан және қашаудан тұрады. Тұрақтандырғыштар қашау диаметрімен салыстырғанда бірдей немесе одан да кіші диаметрлі қалақтардан тұрады. Олар бұрғылау тізбегінің тұрақты болуын және бағытталған бұрғылау кезінде көмектеседі. Әдеттегі роторлық бұрғылау кезінде бұрғылау тізбегі жыныстардың нәтижесінде болатын сығылудан сақтануы тиіс. Сондықтанда ауыр бұрғылау тізбегі бұрғылау тізбегінің төменгі бөлігіне орналасып, қашауға түсетін салмақты қамтамасыз етеді де тізбектің сығылуына мүмкіндік бермейді. Бұрғылау тізбегі бір-біріне резьбалық қосылыс нәтижесінде бекітіледі. 
      Түсіріп-көтеру жүйесі негізгі екі компоненттен – бұрғылау мұнарасы және лебедкадан тұрады.  Бұрғылау кезінде мұнараны ұңғыға құбырларды көтеріп-түсіру операцияларын жүргізуге арналған қондырғы ретінде қолданады.   
        Ұңғы диаметрі үлкен саңылауды бұрғылаудан басталады, әдетте оның диаметрі 914 мм құрайды, тереңдігі 40—60 м тұрады.Ұңғыға диаметрі  762 мм  құбыр түсіріліп, оны жынысқа цементпен бекітеді. Бұл құбырларды бағыттаушы деп атайды. Содан соң осы құбырдың ішіне диа-метрі 660 мм саңылау бұрғыланады. Оның тереңдігі әдетте 500—600 м құрайды. Содан соң саңылауға диаметрі 508 мм құбыр түсіріліп, сағаға дейін цементпен бікітіледі. Бұл құбырлар тізбегін кондуктор деп атайды.Бұл процес мұнай қабатына жеткенге дейін жалғасады. Мұнай қабатына дейін бұрғыланатын құбырлар тізбегін шеген құбырлар тізбегі деп атайды. Оны да сағаға дейін цементтеп, жынысқа бекітеді.Әдетте шеген құбырларының диаметрі 244 мм  құрайды, кейде одан да кіші болуы мүмкін. Шеген құбырының диаметрі мен тереңдігі қабаттың орналасу тереңдігіне, алынатын алым шамасына және бұрғыланатын жыныстар түріне, бұрғылау жағдайына байланысты болады. 
             Көптеген  мұнай ұңғылары құрлықта орналасқан. Оларға кететін қаржы шамасы бұрғылау жұмыстарының арзандығымен, анықталады. Құрлықтағы бұрғылау жұмысына жұмсалатын шығын теңіздегі жартылай батпалы бұрғылау қондырғысын жалға алу ақысының үштен немесе төрттен бір бөлігін құрайды.  Шельфте бұрғыланған ұңғыларды су астында орналасқан және платформада орналасқан деп бөлуге болады.  Платформадағы ұңғыларда орналасқан ұңғыларда сыртқы клапандар мен құбырлар платформада орналасқандықтан, онда жөндеу жұмыстарын жүргізу де, ұңғыларды пайдалану да оңай. Су астында орналасқан ұңғыларда да клапандар мен құбырлармен жабдықталғанымен платформаларға жалғанады. Осы платформаларда құбырлар мен клапандарды реттегіштер орнатылған. Су асты ұңғылары көмірсутектердің азғантай қоры бұрынғы инфроқұрылымға жақын орналасқан, алайда негізгі платформаға жету қиындықтар туғызатын болған кезде ғана тиімді болып саналады. Кейбір қазіргі кезде игеріліп жатырған кен орындарында қалқымалы өндіру қондырғысына бекітілген су асты ұңғылары қолданылады, өндірілген мұнай   S-түріндегі жоғары қысымды құбырдың көмегімен сақталады. Су асты ұңғыларында жөндеу жұмыстары кезінде қалқымалы бұрғылау қондырғыларын пайдалануға тура келеді. Мұндай кезде ұңғының жұмысы толығымен тоқтатылуы мүмкін, өйткені жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін келетін қондырғының бағасы өте жоғары келеді. Соңғы 15—20 жылда соңғы технологияны пайдалану нәтижесінде ұңғының оқпаны бағытын және қисайуын реттеуге мүмкіндік туды. Бұл бағытталған және көлбеу ұңғылардың көбеюіне әкелді. 
Көлбейте бағытталған бұрғылау технологиясы бұрғылау тәсілдеріне тәуелсіз ұңғыма оқпанын қисайтуға мәжбүр етуші геологиялық жағдайларға және ауытқытқыш аспаптар қолдануға негізделген. Роторлық бұрғылау тәсілінде ұңғыма оқпанын қисайту үшін сына тәріздес немесе шарнирлі ауытқытқыштар қолданылды. Сына тәріздес ауытқытқыш қашауға шрифт арқылы бекітіледі. Қашаудан жоғары тізбектің төменгі бөлігінің иілімділігін қамтамасыз ету үшін бір бұрғы құбыры қойылады. Тізбекті ұңғыма ішіне түсіріп сынаны азимутқа қойғаннан кейін сынаның үшкір жағын ұңғыма түбіне батырып кіргізіп шрифті қиып, қашауды баяу айналдыра отырып, жуу ерітіндісінің тұтыну мөлшерінің төмен мәнінде  3-4 м-дей бұрғыланады. Содан кейін ауытқытқышты бұрғылау тізбегімен бірге көтеріп, зениттік бұрыш пен азимуттық бұрыш өлшеніп, бұрғылау тізбегі қайта түсіріледі. Бұл операция ұңғыманы қисайтудағы бағытты алғанға дейін қайталанады. Содан кейін бұрғылау тізбегінің төменгі жинағы арнайы жабдықталып бұрғыланады.
Шарнирлі ауытқытқыш бұрғылау тізбегімен шарнир арқылы қосылған кеңейткіш тәріздес. Ол бұрғы құбырлары  тізбегінің төменгі бөлігін белгілі бұрышпен айналдыруды қамтамасыз етеді. Ауытқытқыш бұрғы тізбегімен түсіріліп, қажетті бағытты бағдарлайды да, бұрғы сорабы қосылып, аз өстік салмақ және жуу сұйықтығының тұтыну мөлшерінде тізбек айналмай, қашау басылады. Қашау көтеріліп, қайталанады. Осылай ұңғымада жаңа оқпан бағыты алынғанша қайталанады. Содан кейін тізбек айнала отырып (20-40 айн/мин) 4-6м бұрғыланып, тізбек көтеріліп, зениттік және азимуттық бұрыштар өлшенеді. Бұрғы тізбегі ауытқытқышсыз түсіріліп, ұңғыма бірнеше метрге дейін тереңдетіледі де, тізбек көтеріліп бұрыштар өлшенеді. Ауытқытқыш қайта түсіріліп, оның орны бағдарланады да, бұрғылау қайталанады. Мұндай сатылы бұрғылау ұңғыма оқпанының тіке бағытынан қажетті алынғанға дейін қайталанады. Содан соң бұрғылау тізбегінің арнайы жинағымен және режимімен бұрғылау жұмыстары жүргізіледі.

                                  а                                                                ә

4.1 – сурет. Көлбеу ұңғыманы роторлық тәсілмен бұрғылаған кезде қолданылатын ауытқытқыштар
а – сынамен жұмыс: 1 – сынаны орнату, 2 – оқпанды бұрғылау,
3 – сынаны шығару, 4 – оқпанды кеңейту.
ә - шарнирлі ауытқытқышпен жұмыс: 1 – ауытқытқышты орнату,
2,3 – көлбейтілген оқпанды бұрғылау, 4 – оқпанды кеңейту

Көлбейте бағытталған ұңғымалар жол қатынасы қиын акваториялар мен теңіз, мұхит шельфтерінде, ескі кен орындарын қайта игеруде, жер қойнауын қорғау сияқты мәселелерді шешуде қолданылады; өнімді қабатқа белгілі бір бұрышпен немесе бағытпен кіру мақсатында, сонымен қатар мұнай-газ фонтандарын сөндіру мақсатымен бұрғыланады.
Көлбейте бағыттап бұрғылау жұмыстарында ұңғыма профилін дұрыс таңдап алу мәні өте зор. Дұрыс таңдалынып алынған профиль ауытқытқыштармен атқарылатын жұмыс көлемін мүмкіндігінше азайтуға жағдай жасайды. Профиль ұңғыманы терең штангілі-сораптық тәсілмен пайдалануға мүмкіндік беретіндей болып қабылдануы тиіс. Бұрғылау практикасында көлбейте бағытталған келесі профильдер қолданылады.

                                      а
 
ә                          б                              в

4.2 – сурет. Көлбеу ұңғымалардың  профильдері
   1 – тік аралық, 2 – қисықтық арту аралығы,
   3 – қисық түзу, 4 – қисықтық азаю аралығы,
                  5 – тік аралық

Көлбейте бағытталған ұңғымалар профилін есептеу келесі мәліметтер бойынша жүргізіледі:
- геологиялық қима;
- ұңғыма тереңдігі;
- ұңғыма түбінің қажетті ауытқу мәні;
- қисаю азимуты.
Ұңғыма профилі техникалық орындалуы және экономикалық жағынан тиімді болуы тиіс.
Әртүрлі техника-геологиялық себептерге байланысты қосымша оқпан бұрғыланған ұңғымаларды көп оқпанды ұңғыма деп атаймыз (14-сурет). Кез келген  көп оқпанды ұңғыма көлбеу бағытталған болып есептеледі, себебі  қосымша оқпанды бұрғылау үшін оны бастапқы бағыттан ауытқыту керек болады.  Көлбеу тармақталған ұңғымалар – көп оқпандылардың бір түрі, тек бұрғылаудың соңғы аралығында зениттік бұрыш 900-қа дейін жеткізіледі.
Көп оқпанды ұңғымалардың құрылымына келесідей талаптар қойылады:
1. Ұңғыма оқпаны жаңадан бұрғыланатын оқпанға әртүрлі ауытқытқыштарды түсіруге мүмкін болатындай болуы керек;
2. Оқпанның барлық аралығында ұңғыманы максималды қарқындылықпен қисайту мүмкін болуы керек;
3. Ұңғыманың барлық аралығында қисайтылғын жерлерді шегендеу құбырларымен бекіту мүмкін болуы керек;
4. Ұңғыма оқпанында (мүмкіндігінше) геофизикалық зерттеулер жүргізу мүмкін болуы керек.
Көп оқпанды ұңғыма бұрғылау технологиясының мәні келесіде: өнімді қабатқа дейін немесе одан сәл жоғары тік ұңғыма бұрғыланады; осы негізгі ұңғымадан өнімді қабатта қосымша оқпандар бұрғыланады. Бірінші кезекте жобалық ауытқуы максималды оқпан бұрғыланады; келесі кезекте қосымша оқпандар біріншісінен төменнен жоғары бұрғыланады. Егер өнімді қабат борпылдақ жыныстардан құралған болса, онда көлбеу бағытта бір оқпан ғана бұрғыланады. Көп оқпанды ұңғыма бұрғыланып болғаннан соң, шегендеу тізбегіменбекітіледі.

     





4.3-сурет. Көп оқпанды   ұңғымалар сұлбасы.

Қазіргі кездегі соңғы бұрғылау технологиясына – ратациялық реттелінетін жүйелер (РРЖ) жатады. Бұл аспаптар бұрғылау қашауын бір мезгілде айналдыра отырып, кез-келген мақсаттағы ұңғыларды бұрғылауға мүмкіндік береді. РРЖ-ныңң бағдарламалық түрі де кездеседі, олар бұрғылау жұмыстарын оператордың көмегінсіз-ақ орындай береді. РРЖ-ны тәжірибеде кеңінен енгізіп, сынақтан өткізген соң оны пайдалана отырып бұрғылау жұмыстарын біршама жеңілдетуге болады. 
  Ұңғыны бұрғылау жұмыстары біткен соң, оны аяқтау жұмыстары жүргізіледі. Өнімді қабатты ашу жұмыстары сапалы жүргізілуі керек. Өнімді қабатты ашу технологиясының сапасы деп сәйкесінше операциялар жүргізілгеннен кейінгі өнімді қабаттың гидроөткізгіштігінің  өзгеру дәрежесін айтуға болады. Қабаттың өнімбергіштігі төмендеп кетуінің себептері көп, солардың ішіндегі негізгісі – қабатқа басқа сұйықтықтар мен жыныс бөлшектерінің енуі. Ұңғыманы бұрғылау барысында гидростатикалық қысым бағаны қабат қысымынан жоғары болатындай бұрғылау ерітіндісі таңдалынады.
Әдетте, ұңғыма оқпанының басқа аралықтарын бұрғылаған кезде қолданылатын технология мен жуу ерітіндісі өнімді қабатты ашуда да қолданылады. Өнімді қабатты ашуда жуу сұйықтығы ретінде суды негізді ерітінді жиі пайдаланылады. Бұндай ерітінді қолданылған кезде су қабатқа сүзіледі. Сүзілген судың көлемі ерітіндінің субергіштігіне, оның қабатпен әрекеттесу ұзақтығына, гидростатикалық және қабаттық қысым айырмашылығына байланысты.
Өнімді қабаттың коллекторлық қасиеттерінің төмендеуіне ықпал ететін себептердің барлығын жою мүмкін емес. Алайда олардың өнімді қабатқа кері әсерін келесі шараларды орындап, төмендетуге болады:
- өнімді қабатты бұрғылау барысында зерттеу жұмыстарын жүргізу, пайдалану тізбегін түсіру және цементтеуді алдын-ала дайындалған жоба бойынша тез жүргізу керек, себебі бұл кезде бұрғылау ерітіндісі мен ұңғыма қабырғасының әрекеттесу уақыты азаяды;
- өнімді қабатты ашқанда субергіштігі төмен, сапасы жоғары немесе  көмірсутек негізді бұрғылау ерітінділерін қолдану керек;
Қорыта айтқанда, өнімді қабат ұңғыманы ұзақ уақыт сусыз пайдалануды қамтамасыз ететіндей ашылуы керек
Қысымы төмен өнімді қабаттарды ашу барысында бұрғылау ерітіндісін мұқият таңдау керек: бұрғылау ерітіндісі қарқынды жұтылуы салдарынан мұнай ұңғыма түбінен ысырылады және түп аймақ жыныстарының сүзілу қасиеті айтарлықтай төмендейді. Қысымы төмен өнімді қабаттарды ашу үшін мұнай негізді, эмульсиялық, БӘЗ қосылған саз және аэрацияланған арнайы бұрғылау ерітінділері қолданылады.
Бұрғылау тәжірибесінде ұңғыны аяқтаудың келесідей негізгі тәсілдері қолданылады (15-сурет):
- өнімді қабат жабынына су жабушы тізбек орнатып, цементтеу және қабатты ашып, хвостовик немесе арнайы сүзгі түсіру;
- манжеталық құюға арналған аралас тізбек түсіріп, оның төменгі бөлігіне сүзгі орнатып, өнімді қабатты толығымен ашу;
- тізбек түсіріп және тұтастай цементтеп өнімді қабатты ашу.

                         
а              ә               б               в                  г
4.4-сурет. Ұңғыманы аяқтау кезіндегі түп аймақтың құрылымдық сұлбасы
а – тұрақты (берік) жыныстарда, ә - сүзгі немесе хвостовик түсіру арқылы, б – манжеталық құю мен қабатта сүзгі орнату арқылы, в, г – тұтас цементтеп, өнімді қабатқа қарсы саңылау тесу арқылы. 1-шегендеу тізбегі, 2-пакер, 3-сүзгі, 4-цемент тас, 5-перфорациялық саңылау, 6-өнімді қабат, 7-хвостовик.
       

          Өнімді қабатты сынау
Өнімді қабат бұрғыланып болған соң ұңғымада геофизикалық зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Алайда өнімді қабатты геологиялық және гаофизикалық зерттеу әдістері пайдаланатын аймақтың өндірістік маңыздылығын анықтауға мүмкіндік бермейді, себебі олар қабаттың мұнайбергіштігі туралы толық мәлімет бере алмайды, тек қана үлгі алу және сыналу аралығының таңдалу себебін негіздеуге қажетті мәлімет береді. Сынауға арналған арнайы механизмдер қабат сынағыштар деп аталады.
Қабаттан үлгі алуға қабаттан мұнай ағынын шақыру, қабат сұйықтығының сынамасын алу, қабаттың қаныққандығын анықтау және дебитін  мақсатымен жүргізілетін жұмыстар жиынтығы жатады. 
Қабатты сынауға қабаттан мұнай ағынын шақыру, қабат сұйықтығы мен газдың сынамасын алу, қабаттың мұнай-газдылығын анықтау, қабаттың негізгі гидродинамикалық параметрлерін (қабаттық қысым, сұйықөткізгіштік, өнімділік коэффициенті, т.б.) анықтауды қамтамасыз ететін жұмыстар жиынтығы жатады. Қабатты сынау ұңғыманы бұрғылау үрдісінде  және бұрғылау жұмысы аяқталып, пайдалану тізбегі түсірілгеннен кейін де жүргізіледі. Ұңғыманы сынау қабаттың кәсіпшілік мұнайгаздылығын орнату, оның өнімдік мінездемесін бағалау, мұнай-газ қорын есептеуге қажетті мәліметтер алу және кен орнын игерудің жобасын құру мақсатында жүргізіледі.
Ұңғыма бұрғылау үрдісінде қолданылатын қабат сынағыштардың үш түрі бар: ұңғымаға бұрғылау тізбегімен түсірілетін, кабельмен түсірілетін және бұрғылау тізбегі ішіне түсірілетін. Ең көп қолданылатыны – бұрғылау тізбегімен түсірілетін  құбырлық  қабат сынағыштар. Ағындылыққа құбырлық қабатсынағышпен сынау түпке тірек түсіріп және түсірмей жүргізіледі. Сондай-ақ аймақты селективті (бөлек-бөлек) сынауға болады.
Өнімді қабатты сынау (үлгі алу) жұмыстары нұсқауға сәйкес жүргізілуі керек. Әр сыналатын аралыққа жүргізілетін жұмыс жобасы жасалады. Жобада ұңғыма бойынша негізгі мәліметтер (тереңдік, соңғы тізбек диаметрі  мен оны түсіру тереңдігі, қабатқа түсірілетін депрессия көлемі, оның әрекет ету уақыты, т.б.) келтіріледі, сонымен қатар ұңғымаға түсірілетін сынау жабдығының түрі мен жинақталуы көрсетіледі. Бұрғылау үрдісіндегі сынау (үлгі алу) жұмыстарын бұрғылау кәсіпорнының тапсырысы бойынша, қоршаған ортаны қорғау шараларын сақтай отырып, геофизикалық ұйымдар немесе мамандандырылған  қызмет көрсету орталығымен жүргізілуі керек.

4.5 - Ұңғыларды пайдалану түрлері
а- бір көлбеу ұңғысы арқылы бірнеше қабатты бір мезгілде пайдалану;   
б- кеніштің мұнайға қаныққан бөлігі арқылы көлбеу оқпанды өткізу; проводка
в- теңіз платформасынан бұрғыланған бірнеше оқпанджы вариант. 

             4.6 суретте екі бүйір оқпаны бар көп оқпанды ұңғы берілген. Көп оқпанды көлбеу ұңғыларының түрі 4.7 суретте берілген. 
       «Ақылды» ұңғы деп аталатын ұңғылар ұңғы жұмысын басқарудың жаңа бағыты болып есептелінеді. Ондай ұңғыларды пайдаланудың ерекшелігі, ұңғы жұмысын үнемі бақылау аспаптар мен жабдықтардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай бақылау жүйесін енгізу бір ұңғының көмегімен бірнеше қабатты қатар игеру кезінде өте тиімді келеді. Өйткені мұнай өндіру операторы барлық ұңғылардағы мұнайды өндіру процесін толығымен бақылап отырады.  «Ақылды» ұңғы деп ұңғының жұмысын толығымен басқарып отыру мақсатында ұңғының жұмысы туралы мәліметтерді үнемі беріп отыратын телеметрикалық жүйелер мен түп датчиктерімен қамтамасыз етілген ұңғыны айтады. Мұндай тұрғыдағы ұңғының конструкциясы 4.8 суретінде берілген.


                    Сурет 4.6- екі бүйір оқпаны бар көп оқпанды ұңғы




Сурет 4.7- Көп оқпанды ұңғылар конструкциялары:
а — үш оқпанды; б — бір қабатқа бұрғыланған екі бүйірлі (Y-түріндегі ұңғы); в — екі қарама-қарсы жаққа бағытталған үш оқпанды ұңғы; г — бір қабатқа бұрғыланған үш оқпанды ұңғы; д — «гребенка»; е — «балық скелетті»; ж — көлбек бағытталған үш оқпанды ұңғы (U-түріндегі ұңғы); з — радиалды төрт бүйірлі ұңғы; и — бір оқпаннан бұрғыланған радиалды үш оқпанды; к — екі  радиалды төрт оқпанды, күрделі ұңғы (әрбір қабатқа төрт оқпан)


Сурет 4.5- Ақылды ұңғының  принципиалды сызбасы.

Ұңғыны суасты пайдалану тәсілі терең сулы кен орындарды игеру кезінде тиімді болып табылады. Бұл жағдайда сағалық арматура платформада емес, керісінше теңіз түбінде орнатылады. Сонымен қатар теңіз түбінде ұңғы -өнімдерін жинау және тасымалдау жүйесі, мұнай – газ құбырлары, қабат қысымын қолдау жүйесі, телекомуникация және бақару қондырғылары орнатылады. Суасты кәсіпшілігі дәрбес түрде жұмыс істеуі мүмкін. Ұңғы сағасы стационарлық платформада орналасқан игеру жағдайынан айырмашылығы және артықшылығы мынада:
1. жылжымалы бұрғылау қондырғылары арқылы алғашқы болып қазылған ұңғыларды пайдалануға ертерек енгізу арқылы кен орынды жобаланған қуаттылығына шығару.
2. Ұңғыларды пайдалануға арналған сағалық қондырғыларды тез арада ауыстыру мүмкіндігі, сонымен қатар суасты өндіру технологиясының тиімділігі.
3. Қатаң арктикалық жағдайда орналасқан кен орынды мұз жағдайларына қарамастан үздіксіз игеру мүмкіндігі.
Шетелде теңіз кен орындарын платформа арқылы пайдалану кезінде бір баррель өнім өндіруге 8,43 $, ал суасты жүйесі арқылы пайдалану кезінде бір баррель өнім өндіруге 4,05 $ қаржы жұмсалады. Бұл жағдайда соңғы көрсетілген пайдалану жүйесінің экономикалық тиімділігін көрсетеді (1 – график)
- Солтүстік теңіз

- Арктикалық теңіз









 
     
                        1 – жағдай                                                2 – жағдай
1- график.  Ұңғыларды платформадан (1 жағдай) және суасты (2 жағдай) пайдалану жағдайларының өзіндік құнын салыстыру.
1 – Солтүстік теңіз;  2 – Арктикалық теңіз.

Суасты пайдалануға арналған қондырғылар ылғал және құрғақ болып бөлінеді. Әлемде ұңғыларды суасты пайдалану жүйесінде кең тараған тәсіл - ылғалды тәсіл (суасты ұңғыларының 90 %). Суасты пайдаланудың мұндай жүйесінде дербес тұрған фонтанды арматуралармен қатар 12 – 24 ұңғылардың сағаларын біріктіретін  шоғырланған гидротехникалық құрылымдар, манифольдтар, энергия көздері және басқару жүйесі орналастырылуы мүмкін.

Сурет 4.6 – Шоғырлы ұңғыларды пайдаланудың суасты сұлбасы.
1 – Ұңғыларды бұрғылауға (жөндеуге) арналған жартылай батпалы платформа; 2 – иілмелі бағаналар; 3 – жартылай батпалы бұрғылау қондырғысы; 4 – мұнайды тасымалдауға арналған танкер;  5 – мұнайды құюға арналған терминал; 6 – экспорттауға арналған желі; 7,8 -   9 – ұңғылар шоғыры; 10 – фонтанды штуцерлердің орталығы (коллекторлар); 11 – лақтыру және басқару желісі; 12 – бұрғылау бағаны. 

Өндірілетін өнімнің параметрлерін анықтау үшін ысырмалардың және ажыратқыштардың автоматты түрде іске қосылуын бақылау үшін бірнеше бақылау жүйелері қарастырылған:
1. гидравликалық
2. Электрлік
3. комбинирленген
Бұл жағдайда басқару пульті платформада орналасады және ұңғы сағаларын шлангы кабель арқылы байланыстырады. Ұңғыны аяқтау және күрделі жөндеу жұмыстарды жүргізу жартылай батпалы қондырғысы арқылы жүргізіледі және техникалық қызмет көрсету сүңгуірлердің (водолаз)  немесе робот монипулятордың көмегімен жүзеге асырылады. Құрғақ жүйе алғашында «KAN OCEAN» фирмасы арқылы тағайындалған. Бұл жағдайда ұңғылардың сағалық қондырғылары атмосфералық ауамен толтырылған камерада орнатылады. Бұл жүйенің бір артықшылығы өте терең тереңдікте (800 – 900 м) қолданылу мүмкіндігінде. 
Бақылау сұрақтары:
1.!Ақылды» ұңғы дегеніміз не?
2.Ұңғыны аяқтау дегеніміз не?
3.Көп оқпанды ұңғылардың артықшылықтары қандай?
Әдебиет: Золотухин А.Б. «Основы разработки шельфовых  нефтегазовых месторожений и строительство морских сооружений в Арктике» -М., Недра,2000г.
Скрыпник С.Г. «Техника для бурения нефтяных и газовых скважин на море»- М., Недра, 1984ж.