Дәріс мақсаты: шельф кен орындарын меңгеру ерекшеліктерін үйрену 
Қажетті сөздер: меңгеру кезеңдері және ерекшеліктері, техникалық – технологиялық және экономикалық есептеулер.   
Шельфтегі мұнай және газ кен орындарын меңгеру ерекшеліктері. Теңізде барлау жұмыстарын жүргізудің технологиясы мен техникасы. Кен орындарын меңгеру кезеңдері. 

  Мұнайгаз кен орындарын меңгерудің негізгі ерекшеліктеріне келесілерді жатқызуға болады:
  I. Қиын теңіз гидрометеорологиялық жағдайына арналған геологиялық, геофизикалық, геологиялық-іздеу жұмыстарына, теңізде мұнай өндірісі объектілерінің құрылысын салуға, оларды салу кезінде қызмет көрсету, бұрғылау, ұңғыларды пайдалану және пайдалану және өнімді жинау, тасымалдауға арналған арнайы гидротехникалық жабдықтармен жабдықталған жүзетін техникалық құрылғыларды (жүзетін кранды-монтажды кемелер, қызмет көрсететін кемелер, құбыр-төсегіш баржалар және де басқа да арнай кемелер) дайындау; 
  II.Арнайы тұрақты негіздерден,эстакадалық аудандардан, жасанды аралдардан, өздігінен көтерілетін және жартылай батпалы қалқымалы қондырғылардан және басқа да су үсті және су асты құрылымдарынан көлбеу - бағытталған ұңғылар шоғырын бұрғылау. 
      ΙΙΙ.Теңіздегі мұнай, газ және газконденсатты кен орындарын игеруді жобалау кезінде қосымша экономикалық және техникалық – технологиялық  есептеулерді  шешу. Оларға келесілер жатады:
   1.Мұнай өндірісі процестерінің ерекшеліктерін толығымен үйрену үшін аполитикалық әдістерді кеңінен пайдалану. Теңіздегі мұнайгазды өндіру процестерін басқару үшін кен орының белгілі бір нүктесі туралы мәліметтер аздық етеді, сондықтан да қабатты толық сипаттайтын интеральды көрсеткіштерді білу маңызды. Имитациялық моделдерді объектіні толығымен білу мақсатында жасайды. Осындай және басқа да матиматикалық әдістерді, сондай-ақ ЭВМ-ді қолдана отырып диагостикалаудың әртүрлі әдістерін қолдану арқылы теңіз мұнай және газ кен орындарын тиімді игеру процестерін жобалау және бақылау жолдарын шешуге болады. 
   2. Берілген кен орнын немесе ұңғы торы кенішін тиімді пайдалануды жобалау кезінде кен орнын орналастыру жүйесіндегі және су асты комнуникациясы желілерінде теңіз жағдайындағы қиыншылықтарға байланысты жаңадан ұңғыларды бұрғылауға арналған гидротехникалық құрылымдарды орналастыру мүмкіндігін қарастыруы тиіс.   
  3.Таңдалынатын тұрақты платформалар, жүзбелі эстакадалық палубалар және басқа да құрылымдар ұңғылардың бірнешеуін орналастыру (қабаттардың орналасу тереңдігіне, ұңғының қызмет көрсету кезеңіне, олардың сағаларының ара-қашықтығына, олардың алымдарына, мүмкін болатын саға қысымдарына және т.б. байланысты) мүмкіндігіне ие болуы тиіс.
  4.Қабаттардың мұнайгаз бергіштігін арттыру мақсатында мұнай мен газды өндіруді қарқындатудың әдістерін қолдану, алайда негізгі принцип-мұнайды өндіру қарқынынан қабаттың мұнайбергіштігін арттыру әдістерін қолдану қарқынын бірдей ұстау.
  5. Қабаттың өнімбергіштігін көбейту мақсатында шикізатты өндіру қарқынын қабаттың ауданы бойынша да, қалыңдығы бойынша да қолдану. Мұнайгаз кен орындарын игерудің техникалық – экономикалық есептерін тиімді шешу мақсатында көп қабатты кеніштерді қатарынан немесе жеке игеру әдістерін қолдану. 
  Бұл көп қабатты кен орындарын игеру уақытын азайтады және пайдалану ұңғылары санын азайтады. Соңғы кездері бір ұңғы сағасын пайдалана отырып бірнеше көлбеу оқпанды пайдалану әдісі көп қолдануда.   
   6.Мұнай және газ кен орындарын игеру мерзіміне гидротехникалық және басқа да жабдықтардың дұрыс таңдалуы және сенімді болуы, яғни кеніштерден немесе бүкіл кен орнынан мұнай мен газды толығымен өндіруге сай болуы қажет.   
  IV. Гидротехникалық ғимараттарды, техникалық кешендер мен олардың модулді түрлерін, жүзу құралдарын және бұрғылау, мұнай және газды өндіру объектілерін, теңіз мұнай өндірісіне қызмет көрсету және құрылыс объектілерін  тұрғызу 
V. Теңіз жағдайында ұңғыларды меңгеру, пайдалану және жөндеуге арналған техникалық жабдықтардың неғұрлым жетілдірілген жаңа түрлерін жасау.   
VI. Егер ұңғының құрылысының мерзімі ұзақ болатын болса, онда олардың сағаларының арақашықтығы  жақын болған кезде бір мезгілде ұңғыны бұрғылау, пайдалану және жөндеу жұмыстарын қатар жүргізуді ойластыру. 
VII. Теңіз жағдайына тән өндірілген өнімді жинау, тасымалдауға арналған платформаларды орналастыру, ұңғыларды бұрғылау, пайдалану және жөндеу объектілері құрылысын тездетуге арналған сенімді, қуаты жоғары, кішкентай модулдық түрдегі блоктық автоматты жабдықтарды жасау. 
VIII. Су астында орналасқан саға жағдайында ұңғыларды бұрғылау, пайдалану және жөндеуге арналған бұрынғы техника мен технологиядан өзге жаңа технологияны ойлап табу жөнінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру.
IX. Өте тиімсіз   гидрометеорологиялық жағдайларда: айсбергтер және ірі мұз көшкіндерінде, жиі болатын ураган желдерінде, қатты ағыстарда бұрғылау, мұнай мен газды өндіру, өнімдерді тасымалдауға арналған ғимараттарды тұрғызу шығыны өсе түседі. Осыған байланысты теңіздер мен шельфтерді меңгеру техникасы мен технологияларын жасау. 
X. Теңіз ортасын қорғауды қамтамасыз ететін қалқымалы қондырғыларды, арнайы техникалық және технологиялық процестерді жасау. Сондай-ақ мұнай кен орындарын игеру кезінде геологиялық, геофизикалық және бұрғылау жұмыстарын жүргізгенде, ұңғыларды пайдалану және жөндеу кезінде, олардың өнімдерін жинау және тасымалдау кезінде атмосфераны қорғау шараларын ұйымдастыру.
XI. Жұмысшылардың жұмысын қорғау бойынша арнайы шараларды қабылдауға және техникалық жабдықтарды жасау бойынша есептер жинағын шешу қажет. Өйткені шу, вибрация және басқа да зиянды жағдайларда белгілі-біршектелген кеңістікте, теңізде мұнайды өндірушілердің денсаулықтарын сақтау үшін санитарлық шаралар мен мәдени-тұрмыстық шараларды жасау қажет. 
      ХII. Теңіз жағдайында инженерлік-техникалық персоналды және жұмысшыларды физикалық және психикалық тұрғыда дайындау. Су асты кен орындарын меңгеру кезінде жүргізілетін жұмыстардың қауіпсіз жағдайда жүргізілуін теңізде мұнайды өндірушілерге үйрету. Осы кезде назарды сүңгуірлер мен акванавтарды дайындауға аудару қажет. Өйткені, олардың біліктілігіне байланысты үлкен тереңдіктегі кен орындарын меңгеру жұмыстары қауіпсіз және тез орындалады. 
      XIII. Теңіздегі мұнай өндірушілердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында жақын арадағы және болашақтағы ауа-райының өзгерістері туралы мәліметтермен қамтамасыз ететін бақылау орталықтары немесе  гидрометеорологиялық қызмет орталықтарын ұйымдастыру. 
    XIV.Теңіз жағдайында өрттер мен лақтырылыстарды өшіру және оның зардаптарын жою үшін арнайы техникаларды және өрт сөндірушілер тобын ұйымдастыру. 
    Мұнайгазды теңіз кен орындарын тиімді меңгеру мақсатында , әсіресе өте терең жағдайларда кен орнын игеру және меңгеру үшін қымбат құрал-жабдықтар мен ғимираттарды тұрғызатын кезде, осындай ерекшеліктер мен жоғарыдағы талаптарды есепке алу экономикалық жағынан тиімді меңгеруге мүмкіндік береді. 
         Барлау ұңғысының негізгі нәтижесі – жаңа мұнай және газ кен орындарын ашу болып табылады, сондықтанда Каспийдің терең акваторияларында м олардың қорының өсуін тездету үшін бұрғылау бір мезгілде жүзеге асатын аудандарды немесе әртүрлі аудандардағы бұрғылау қондырғылардың бір мезгілде жұмыс жасауын қамтамасыз ету қажет. Бұрғылау жұмыстарының  жоспарында ЖББҚ-да жүргізілетін бұрғылау жұмыстарын 9—10 есе көбейту, ал стационарлық платформалардан іздеу ұңғыларының өтімін  2—2,5 есеге қысқарту қарастырылған, бұл болашақта стационарлық қалқымалы бұрғылау қондырғыларының (СҚБҚ), жартылай батпалы бұрғылау қондырғыларының (ЖББҚ) паркінің өсуіне мүмкіндік береді. 
          Алайда СҚБҚ-дан, және ЖББҚ-нан барлау-іздеуге бұрғылаудың масшабының өсуіне қарамастан жақын болашақта стационарлық платформаларда барлау ұңғыларын бұрғылау көлемінің өсуі төмен болады. Осы жағдайларда ескере отырып, соңғы кезде стационарлық платформалардың автономды жұмыс істеуі үшін жобалар және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ  СҚБҚ-ның да автономды жұмыс істеуі де қарастырылады. Көп рет пайдаланылатын құрастырылатын платформалар жобалары да жасалып жатыр. 200 м-ге дейінгі   теңіз тереңдігінде бірден 12-20  және одан көп ұңғыларды бір мезгілде бұрғылап және пайдаланатын стационарлы платформалардың жобасы қарастырылуда, сондай-ақ стауионарлы платформалардың жоғарғы бөлігінің блок-модулдері жасалуда.   
Бақылауға арналған сұрақтар:
1.Теңіз мұнайгазды кен орындарын меңгеру ерекшеліктері.
2.Шельфті игерудің негізгі ерекшеліктері.
Әдебиет: Золотухин А.Б. «Основы разработки шельфовых  нефтегазовых месторожений и строительство морских сооружений в Арктике» -М., Недра,2000ж.