шельфті және мұнай кен орындарында мұнай және газдың ресурстарының  қазіргі кездегі жағдайымен таныстыру. 

  Континентальды шельфте мұнай және газ ресурстарын меңгерудің қазіргі кездегі жағдайы. Қазақстан шельфіндегі перспективалары бар кен орындары.
          Мұнай және газ табиғи байлыққа жатады, өйткені олар кез-келген елдің ауыл шаруашылығында маңызды рол атқарады. Мұнай мен газ тек қана қозғалтқыштар үшін  және жылу электр станциялары үшін жанар-жағар май ретінде ғана қолданылмайды, сонымен қатар химия өндірісі үшін де қажетті шикізат болып табылады. Соңғы он жылдықта өндірісі дамыған елдерде теңіз және мұхиттағы мұнай және газ кен орындарын меңгеруге деген сұраныс ұлғайып отыр. Бұл сұраныс, біріншіден, өндірістің барлық саласында және ауыл шаруашылығында мұнай шикізатының көп пайдалануынан, екіншіден, құрлықтағы көптеген мұнайгазды кен орындарының сарқылуынан туындап отыр. 
        Дүниежүзілік мұхиттың негізгі беті Жердің 71%-н құрайды, оның  7%-ы  мұнай мен газдың белгілі-бір қоры орналасқан континентальды шельфке жатады.
         Континентальды шельф немесе  материктік жағалау геологиялық және топографиялық қатынаста құрлықтың теңізге қарай созылған жалғасы болып табылады. Бұл аймақта теңіз түбі тайыз болып келеді де кейін тез тереңдеп кетеді. Бұл жер континентальды шельфтің шеті болып есептеледі. Әдетте шельф шеьі 200 м тереңдікте аяқталады, алайда кей жағдайда ондай тереңдеу бұрышы 400 м тереңдікте де болады. Кей жағдайда суы таяз аймақтарда да континентальды шельфке жатпайтын терең тұстар да кездеседі, оларды  "бордерленд" деп атайды.
     Континентальды еңес орташа 120 метрден басталады да 200-3000 м тереңдікке дейін созылады. Континентальды еңестің орташа еңкею бұрышы 5е құрайды, ал ең үлкені -30° (Шри Ланка аралының батыс жағалауы). Еңестің аяғында шөгінді тау жыныстары жатады, олардың еңкею бұрышы континентальды шельфке қарағанда төмен. Континентальды көтерілімнен бастап теңіздің тегіс бөлігі басталады. 
    Америкалық океанографтардың мәліметтеріне қарағанда континентальды шельф 0-ден 150 км аралығында жатады, орташа олардың ені 80 км-ді құрайды. 
     Континентальды шельфтің пайда болуы туралы генезиз те бар. 18-20 мың жыл бұрын материкте судың біраз мөлшері мұз болып қатып қалғаны әсерінен теңіздің бұрынғы деңгейі қазіргі деңгейінен де біршама  төмен болған. Сол кездерде континентальды шельф құрлықтың бір бөлігі болған. Мұздың еруі нәтижесінде шельф су астында қалған. Бір кездері шельфтерді толқындардың эрозиясы нәтижесінде пайда болған - терраса ден атаған.  Соңғы жылдарышөгінді жыныстардың өнімі ретінде қарастыра бастады.Алайда грунтық зерттеу нәтижелері бойынша ғалымдар бұл теориялардың екеуімен де келіспей отыр. Мүмкін, шельфтің кейбір аудандары эрозиялардың нәтижесінде пайда болуы да мүмкін, ал басқалары шөгінді жыныстардың  шөгуі нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Тіпті эрозия мен шөгінді жыныстардың шөгуі нәтижесінде да болуы мүмкін. Дүниежүзілік мұхиттың жағалауға жақын орналасқан аудандарында және континентальды шельфте мұнай және газға барлау-іздеу жұмыстарын жүргізу нәтижесі соңғы тұжырымның шындыққа жақын екенін меңзейді.     
80-ші жылдары басында континентальды шельфтегі аудандарда мұнай және газды іздеу теңізбен ұштасқан 120 елдің 100-інде жүргізілді, олардың 50 шақтысында мұнай және газ кен орындары игеріле бастады. Олардың ішінде ең ірісіне Мексика шығанағы, Маракайбо өзені (Венесуэла), Солтүстік теңіз және  Парсы шығанағы  жатады. Олардың үлесіне мұнайды өндірудің - 25 % және газды өндірудің - 85 % жатады. Акваторияларда терең іздеу-барлауға бұрғылау тайыз сулардағы жасанды аралдарда, 100 м тереңдікке дейін қалқымалы бұрғылау қондырғыларында (ҚБҚ), 300-600 м тереңдікте жартылай батпалы бұрғылау қондырғыларында (ЖББҚ) және үлкен тереңдіктерде қалқымалы бұрғылау қондырғыларында жүргізіледі. 
Барлық теңіз барлау іздеу ұңғыларының үштен бір бөлігі Солтүстік Америкада бұрғыланған, соның ішінде АҚШ үлесіне 35 - 40% жатады.Теңіздің неғұрлым терең учаскелеріде соңғы кезде меңгеріле бастады. Қазіргі кезде 300 м тереңдіктен мұнайды өндіріп жатыр. Барлау ұңғыларын 6000 м тереңдікке дейін кемелерден, 900 м тереңдікке тдейін жартылай бастпалы бұрғылау негіздерінен бұрғылайды. Солтүстік Америка деңгейіндегі шельф кен орындарында 300 астам теңіз кен орындары ашылған.
1980 ж бастап шет мемлекеттерде жылына орта есеппен 3500  ұңғы бұрғыланатын болса, оның 500-і барлау ұңғыларына, ал қалғандары пайдалану ұңғыларына жатады.
Мұнайгаз өндірісінің Солтүстік теңізде тез дамуы нәтижесінде Ұлыбритания және Норвегия секілді мемлекеттер мұнай мен газды шет мемлекеттерге экспорттауды және де мұнай және газдың біраз бөлігін импорттауды да тоқтатты.   
Мұнай мен газды барлау жұмыстары Еуропаның көптеген аудандарында да жүргізілді. Еуропа елдері ашылған Гроннген (Ирландия)  және По өзені (Италия) жазықтығына жататын ірі газ кен орындарының жалғасын табуға ұмтылуда. Мұнай 70-тен астам, ал газ 60-тан астам елдерде өндірілуде.
Қазақтстанның мұнайгазды кешені халықтың өмір сүруі мен өндірістің дамуы үшін жағдай жасайтын және еліміздің экономикалық тәуелсіздігін анықтайтын негізгі өндіріс саласы болып есептелінеді.
Қазақстанда табиғи байлық – мұнай және газдың қоры мол, сондықтан да олар республиканың экономикасында елеулі ролге ие және де қазіргі кезде оның басқы қозғалтқыш күші болып есептелінеді.Дәлелденген қоры бойынша елімізде мұнай қоры  30 млрд. баррелді (4 млрд.т) құрайды. Қазақстан қазіргі кезде көміртегінің қоры бойынша он үздік елдің қатарында тұр. Барланған табиғи газ қоры- 3 трлн.м3 . Сондықтан да еліміз дүние жүзі бойынша 15-ші орында тұр. Көмірсутектердің қорының көп болуы біздің республиканың соңғы 10 жылдықта дүние жүзі бойынша негізгі энергия ресурстарын экспорттаушы елдердің қатарына енуге мүмкіндік береді.   
  Мемлекеттік мұнай қорына 182 кен орны жатады, соның ішінде мұнай кен орны - 112, мұнайгазконденсатты - 36, мұнайгазды (газмұнайлы) – 34. 182 кен орнының 80-і игерілу үстүнде.   
Қазақстан Республикасында мұнайды өндіру 100 жылдан астам уақыттан бері өндіріліп келеді. 60 -шы жылдардың басына дейін мұнайды өндіру Атырау облысының Ембі ауданында жүргізіліп келді. Ақтөбе облысында Кенкияқ және Маңғышлақ облысында Жетібай, Өзен кен орындарының ашылуы нәтижесінде Қазақстанның мұнайгаз өндірісінің жаңа дауірі басталды. 
Мұнайдың барланған қорының негізгі көлемі Батыс Қазақстанға жатады.
   Маңғыстау облысының құрлығында қоры жөнінен:
    ірі кен орнына  (100-300 млн.т) - Өзен кен орны жатады, оның А+В+С категориялары бойынша мұнай қоры - 186,276 млн.т құрайды;
- ірі кен орнына  (30-100 млн.т) – 4 кен орны (Қаражанбас, Қаламкас, Жетыбай, Солтүстік Бозашы)  жатады, олардың А+В+Сi категориялары бойынша мұнай қоры - 303,740 млн.т құрайды; 
- орташа кен орнына  (10-30 млн.т) - 4 кен орны (Қарамандыбас, Тенге, Қаракұдык, Дунга) жатады, олардың А+В+Сi категориялары бойынша мұнай қоры - 48,598 млн.т құрайды;
- кішілеу кен орнына (3-10 млн.т) - 11 кен орны (Нсановское (Батыс Елемес, Елемес) Аққар, Солтүстік, Асар, Солтүстік Жетыбай, Солтүстік Қарагия, Оймашы, Тасболат, Комсомоль¬ское, Боранкұл, Алатөбе) жатады, олардың А+В+Сi категориялары бойынша мұнай қоры - 38,335 млн.т құрайды;
- кішігірім кен орнына (1-3 млн.т) А+В+Сi категориялары бойынша мұнай қоры - 23,735 млн.т құрайтын 17 кен орны жатады; 
- өте кіші кен орнына (1 млн.т)  А+В+Сi категориялары бойынша мұнай қоры - 6,751 млн.т құрайтын 17 кен орны жатады. 
Қазақстан территориясына жататын Каспий теңізінің бөлігінде барлау жұмыстары 60 жылдары басталды. 1993 жылға дейін 70 мың км2 ауданда сесмикалық барлау жұмыстары жүргізіліп, жүздеген құрылымдық ұңғылар дайындалды. Соның нәтижесінде Солтүстік Каспий акваториясында гигант Қашаған құрылымының бары анықталды. Орталық Каспийде  11 құрылымға 39 барлау ұңғысы бұрғыланды. Екі құрылымда мұнай мен газдың ағысы алынды.
1994-1997 жылдары Солтүстік Каспийде ОКИОК компаниясының акционерлері сейсмикалық зерттеу жұмыстарын жүргізді. Зерттеу мәліметтері бойынша ірі кен орнындарының бары анықталды. 
       1999 жылдың шілде айында ОКИОК Батыс Қашаған құрылымында «Сұңқар» баржысының көмегімен бірінші ұңғыны бұрғылауды бастады. Бұл ұңғы Атырау қаласының оңтүстік-батысында 75 км қашықтықта орналасқан. 2000 жылдың 24 шілдесінде ұңғының тереңдігі 5100 м-ге жеттіде, ОКИОК компаниясы Каспий қайраңында Қашаған мұнай және газ кенрының ашылғанын мәлім етті. Кен орны 4126 м тереңдікте палеозой кезеңіндегі карбонаттан  мұнай интервалы (интервалдың ұзындығы-61 м, ал барлық мұнай қабаты - 1026 м) ашылып, тәулігіне алымы 600 м3 шамасында мұнай және алымы 200 мың м3 газ алынды. Мамандардың бағалауы бойынша Батыс Қашаған кен орнында мұнайдың жалпы қоры- 7 млрд.тоннаны құрайды. Ал барлық Қазақстан территориясына жататын  Каспий қайраңындағы 100-ге жуық перспективасы бар құрылымдардағы мұнай қоры 10-12 млрд.тоннаны құрайды. Егер осы мәліметтер расталынатын болса, онда Қазақстан мұнай шикізаты қоры бойынша ірі жеті елдің бірі болып саналуы да мүмкін. 

Бақылауға арналған сұрақтар:
1.Континентальді шельф дегеніміз не?
2. Континентальды шельф генезисі туралы не айтасыз?
3.Қазақстан шельфіндегі перспективасы бар кен орындарын атаңыз

Әдебиеттер: Золотухин А.Б. «Основы разработки шельфовых  нефтегазовых месторожений и строительство морских сооружений в Арктике» -М., Недра,2000ж.
Карабалин У.С., Ермеков М.М. «Эксплуатация морских нефтегазовых месторождений»- Алматы, Эверо, 2004ж.