Ұңғыны бұрғылау процесі жыныстарды бұзуға және саңылау жасау үшін қолданылатын энергияға негізделген. Жынысқа түсетін күш бұрғылау тізбегінің салмағы, оның бұралуы және гидравликалық күштердің нәтижесінде беріледі. Бұрғылау тізбегі сапасы жоғары шойыннан жасалған, тізбектің төменгі жағына орналасқан қашауды айналдыра алатын құбырдан тұрады. Бір мезгілде құбырға қашау арқылы түпке жоғары қысыммен берілетін бұрғылау ерітіндісіде айдалады. Көлбейте бағытталған бұрғылау технологиясы бұрғылау тәсілдеріне тәуелсіз ұңғыма оқпанын қисайтуға мәжбүр етуші геологиялық жағдайларға және ауытқытқыш аспаптар қолдануға негізделген. Роторлық бұрғылау тәсілінде ұңғыма оқпанын қисайту үшін сына тәріздес немесе шарнирлі ауытқытқыштар қолданылды. Сына тәріздес ауытқытқыш қашауға шрифт арқылы бекітіледі. Қашаудан жоғары тізбектің төменгі бөлігінің иілімділігін қамтамасыз ету үшін бір бұрғы құбыры қойылады. Тізбекті ұңғыма ішіне түсіріп сынаны азимутқа қойғаннан кейін сынаның үшкір жағын ұңғыма түбіне батырып кіргізіп шрифті қиып, қашауды баяу айналдыра отырып, жуу ерітіндісінің тұтыну мөлшерінің төмен мәнінде 3-4 м-дей бұрғыланады. Содан кейін ауытқытқышты бұрғылау тізбегімен бірге көтеріп, зениттік бұрыш пен азимуттық бұрыш өлшеніп, бұрғылау тізбегі қайта түсіріледі. Бұл операция ұңғыманы қисайтудағы бағытты алғанға дейін қайталанады. Содан кейін бұрғылау тізбегінің төменгі жинағы арнайы жабдықталып бұрғыланады.
Көлбейте бағыттап бұрғылау жұмыстарында ұңғыма профилін дұрыс таңдап алу мәні өте зор. Дұрыс таңдалынып алынған профиль ауытқытқыштармен атқарылатын жұмыс көлемін мүмкіндігінше азайтуға жағдай жасайды. Профиль ұңғыманы терең штангілі-сораптық тәсілмен пайдалануға мүмкіндік беретіндей болып қабылдануы тиіс. Бұрғылау практикасында көлбейте бағытталған келесі профильдер қолданылады
Көлбейте бағытталған ұңғымалар профилін есептеу келесі мәліметтер бойынша жүргізіледі:
- геологиялық қима;
- ұңғыма тереңдігі;
- ұңғыма түбінің қажетті ауытқу мәні;
- қисаю азимуты.
Ұңғыма профилі техникалық орындалуы және экономикалық жағынан тиімді болуы тиіс.
Көп оқпанды ұңғымалардың құрылымына келесідей талаптар қойылады:
1. Ұңғыма оқпаны жаңадан бұрғыланатын оқпанға әртүрлі ауытқытқыштарды түсіруге мүмкін болатындай болуы керек;
2. Оқпанның барлық аралығында ұңғыманы максималды қарқындылықпен қисайту мүмкін болуы керек;
3. Ұңғыманың барлық аралығында қисайтылғын жерлерді шегендеу құбырларымен бекіту мүмкін болуы керек;
4. Ұңғыма оқпанында (мүмкіндігінше) геофизикалық зерттеулер жүргізу мүмкін болуы керек.
Ұңғыны бұрғылау жұмыстары біткен соң, оны аяқтау жұмыстары жүргізіледі. Өнімді қабатты ашу жұмыстары сапалы жүргізілуі керек. Өнімді қабатты ашу технологиясының сапасы деп сәйкесінше операциялар жүргізілгеннен кейінгі өнімді қабаттың гидроөткізгіштігінің өзгеру дәрежесін айтуға болады. Қабаттың өнімбергіштігі төмендеп кетуінің себептері көп, солардың ішіндегі негізгісі – қабатқа басқа сұйықтықтар мен жыныс бөлшектерінің енуі. Ұңғыманы бұрғылау барысында гидростатикалық қысым бағаны қабат қысымынан жоғары болатындай бұрғылау ерітіндісі таңдалынады.
Өнімді қабаттың коллекторлық қасиеттерінің төмендеуіне ықпал ететін себептердің барлығын жою мүмкін емес. Алайда олардың өнімді қабатқа кері әсерін келесі шараларды орындап, төмендетуге болады:
- өнімді қабатты бұрғылау барысында зерттеу жұмыстарын жүргізу, пайдалану тізбегін түсіру және цементтеуді алдын-ала дайындалған жоба бойынша тез жүргізу керек, себебі бұл кезде бұрғылау ерітіндісі мен ұңғыма қабырғасының әрекеттесу уақыты азаяды;
- өнімді қабатты ашқанда субергіштігі төмен, сапасы жоғары немесе көмірсутек негізді бұрғылау ерітінділерін қолдану керек;
Қорыта айтқанда, өнімді қабат ұңғыманы ұзақ уақыт сусыз пайдалануды қамтамасыз ететіндей ашылуы керек
«Ақылды» ұңғы деп аталатын ұңғылар ұңғы жұмысын басқарудың жаңа бағыты болып есептелінеді. Ондай ұңғыларды пайдаланудың ерекшелігі, ұңғы жұмысын үнемі бақылау аспаптар мен жабдықтардың көмегімен жүзеге асады. Мұндай бақылау жүйесін енгізу бір ұңғының көмегімен бірнеше қабатты қатар игеру кезінде өте тиімді келеді. Өйткені мұнай өндіру операторы барлық ұңғылардағы мұнайды өндіру процесін толығымен бақылап отырады. «Ақылды» ұңғы деп ұңғының жұмысын толығымен басқарып отыру мақсатында ұңғының жұмысы туралы мәліметтерді үнемі беріп отыратын телеметрикалық жүйелер мен түп датчиктерімен қамтамасыз етілген ұңғыны айтады. Мұндай тұрғыдағы ұңғының конструкциясы 4.8 суретінде берілген.
Суасты кәсіпшілігі дәрбес түрде жұмыс істеуі мүмкін. Ұңғы сағасы стационарлық платформада орналасқан игеру жағдайынан айырмашылығы және артықшылығы мынада:
1. жылжымалы бұрғылау қондырғылары арқылы алғашқы болып қазылған ұңғыларды пайдалануға ертерек енгізу арқылы кен орынды жобаланған қуаттылығына шығару.
2. Ұңғыларды пайдалануға арналған сағалық қондырғыларды тез арада ауыстыру мүмкіндігі, сонымен қатар суасты өндіру технологиясының тиімділігі.
3. Қатаң арктикалық жағдайда орналасқан кен орынды мұз жағдайларына қарамастан үздіксіз игеру мүмкіндігі.
Өндірілетін өнімнің параметрлерін анықтау үшін ысырмалардың және ажыратқыштардың автоматты түрде іске қосылуын бақылау үшін бірнеше бақылау жүйелері қарастырылған:
1. гидравликалық
2. Электрлік
3. комбинирленген