Жартылай бұрғылау қондырғалары 60-тан 6000 м тереңдікке дейін бұрғылау жұмыстарын жүргізе алатын қалқымалы конструкциядан тұрады. Олар бір жерден екінші бұрғылау нүктесіне өздігінен винттердің көмегімен жетеді. ЖЖБҚ – ның ерекшелігі – орын ауыстыру барысында, бұрғылау нүктесіне орнату және демонтаж кезіндегі салыстырмалы жеңілдігі. Желдің, толқынның және ағыстың әсеріне қарсы тұрақты.

Қазіргі таңда буксирленетін және өздігінен жүзетін ЖЖБҚ құрастырылған. Бұрғылау барысында ұңғы үстінде бекітілу әдісі бойынша:
- якорлік;
- динамикалық позициялау;
- кермелі тіректер арқылы болып 3-ке бөлінеді.
Біртіректі негіздер деп, бір бағанадан тұрғызылған негіздерді айтамыз. Теңіз бұрғылау біртірегінің төменгі бөлігі нық орнығу үшін, теңіз түбінің тау жыныстарына 3-8 м тереңдікте енеді (свайлы түрі) немесе теңіз түбінде арнайы массивті фундамент (гравитациялық түрі) түрінде орналасады.