Қызылорда облысы – Қазақстанның оңтүстігіндегі əкімшілік-аумақтық бөлік. Ол
1938 жылы 15 каңтарда құрылған. Облыс орталығы – Қызылорда қаласы. Облыс
құрамында 7 əкімшілік аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы, Жалағаш, Сырдария,
Шиелі, Жаңақорған), 3 қала (Арал, Қазалы жəне республикалық мəндегі Байқоңыр
қаласы) бар.
Облыстың жер бедері, негізінен, жазық, құмды белестер, төбешік, шоқылар болып
келеді.
Аймақтың жер асты байлықтары толық зерттелмеген. Кен байлықтарынан ас
тұзы, сульфат, мирабилит, тенардит тұздарының өнеркəсіптік маңызы зор. Сондай-
ақ құрылысқа қажетті ұсақ қиыршық тастар, əйнек жəне шыны бұйымдар жасайтын
кварц құмы, қыш, гипс, алебастр, цемент балшығы, əктас, тақтатас, қоңыр көмір
кездеседі.
Қызылорда облысы түсті металл кені бойынша Қазақстанда 3-і орын алады. Сапалы
ас тұзының 60%-ы, мұнай мен газ конденсатының 21,4 %-ы, мырыштың 15,1 %-ы, уран
қорының 14 %-ы осы облыстың еншісінде.
Қызылорда облысында республикада жиналатын күріштің 70%-ы, бақша өнімдерінің
20%-ы, қаракөл елтірісінің біршама бөлігі өндіріледі.
Облыстың шаруашылығы, халықтың əл-ауқаты мен денсаулығына Арал апаты
зиянды əсерін тигізді.

ҚЫЗЫЛОРДА

Қызылорда – Қызылорда облысының əкімшілік, экономикалық жəне мəдени
орталығы (1938 жылдан). Сырдария өзенінің оң жағалауына орналасқан. Қаланың
іргетасы Қамысқала атты елді мекенде 1817 жылы салынған Қоқан хандығының
Ақмешіт бекінісі ретінде қаланды. 1853 жылдың тамызынан басқыншы, генерал В.А.
Перовскийдің атымен бекініс Перовск форты аталды. 1867 жылы Перовскіге қала
мəртебесі беріліп, уезд орталығына айналды. 1901 – 06 жылдары Орынбор – Ташкент
темір жолы салынған тұста қала халқы қарқынмен өсті. 1917 жылы 30 қазанда (12
қараша) Кеңес өкіметі Қазақстанда бірінші бо¬лып Перовскіде орнады. 1922 жылы
қаланың Ақмешіт аты қайтарылғанымен, 1925 жылдың сəуірінде Қызылорда деп
өзгертіліп, Қазақ АКСР-ның астанасы мəртебесі (1929 жылға дейін) берілді. 1938 жылы
Қызылорда облыс орталығына айналды.
ХХ ғасырдың 30-шы жылдары қалада электр станциясы, диірмен, наубайханалар,
балық өңдеу, күріш, кірпіш зауыттары жұмыс істеп тұрды. Екінші дүниежүзілік соғыстан
кейінгі жылдары аяқ-киім фабрикасы, ет комбинаты, астық өнімдері комбинаты, сүт
зауыты, целлюлоза-картон зауыты іске қосылды. 1956 жылы қала іргесіндегі Тасбөгет
кенті жанынан су бөгеті салынды.
Кейінгі жылдары қаланың архитектуралық келбеті жаңарып, тарихи орындар қайта
жаңғыртылды. Жаңа əуежай, аквапарк, Сарқырама каналы, жағажай, төрт жұлдызды
«Самал» қонақ үйі, «Еуразия» кешені салынды. Саяси қуғын-сүргін құрбандарына
арналған ескерткіш, Қорқыт Ата, Абылай хан, Амангелді Иманов, Мұхтар Əуезов
мүсіндері орнатылған.
Білім беру жəне мəдениет саласында қалада 30-дан аса жалпы білім беретін мектеп,
5 колледж, 3 кəсіптік-техникалық мектеп, Қызылорда мемлекеттік университеті,
Экономика, экология жəне құқық университеті, Гуманитарлық университет, облыстық
мемлекеттік архив, драма театры, филармония, көркемөнерпаздар шығармашылық үйі,
облыстық халық шығармашылығы мен білім беру жəне мəдени жұмыстардың ғылыми-
əдістемелік орталығы, т.б. бар.

БАЙҚОҢЫР

Байқоңыр – Қызылорда облысының Қармақшы ауданында орналасқан қала. Оның
іргесі 1955 жылы қаланған. Байқоңыр – ғарыш айлағы. Байқоңыр ғарыш алаңын салу
үшін таңдап алынған. Оның елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына
жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық нысандар үшін
қолайлы қону аймақтарының болуы, т.с.с. мəселелер ескерілді.
Байқоңыр алаңынан 1957 жылы 4 қазанда тұңғыш ғарыш ракетасы сəтті ұшырылды.
Ол дүние жүзіндегі ең бірінші Жердің жасанды серігін (ЖЖС) орбитаға шығарды. 1961
жылы 12 сəуірде адамзат тарихында
тұңғыш болып Ю.А. Гагарин «Вос-
ток» ғарыш кемесімен ғарышқа ат-
тан ды. Содан бері Байқоңыр ғарыш
кеңіс ті гін игеруде көптеген жаңашыл
бастамалардың старттық орнына ай-
налды. Күннің, Айдың, Шолпанның
алғашқы жасанды серіктері, «Восток»,
«Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш
кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық
станциялары, байланыс мақсаты үшін
пайдаланылатын жəне метеорология-
лық бақылаулар жүргізетін ЖЖС-і,
Айды, Марсты, Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары ұшырылды.
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Əубəкіров «Союз
Т-13» ғарыш кемесімен ғарышқа көтерілді. 1994 жылы Ресеймен бірлескен бағдарлама
бойынша Т.Мұсабаев ғарышқа аттанды.