Ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды дегеніміз – ұңғының бірінші жөндеуден екінші жөндеуге дейінгі нақты жұмыс істеген уақыты. Бұл ұзақтық бір уақыт периоды кезіндегі (квартал, жарты жылдық) ұңғы-күндердің санын осы уақыт периодында жүргізілген жер асты жұмыстарының санына бөлгенге тең. Жөндеуаралық период ұңғының қолдану уақыты, бұзылудың анықталу уақыты, жөндеуді күту уақыты және жер асты жөндеуге кететін уақыт бойынша анықталады. Сонымен бірге, бас тарту ретінде жабдықтардың бұзылуы ғана емес, тиісті регламентте немесе техникалық құжаттарда көрсетілген мұнай өндіру мөлшерінен төмен мұнай өндірілу де бас тарту ретінде қарастырылады. Бұл бас тартулар параметрлік деп аталады, олар тек қана тозған жабдыққа байланысты емес, сонымен бірге ұңғы жұмысының көрсеткіштерінің өзгеруімен де байланысты.
Ұңғының жөндеуаралық жұмыс периоды дегеніміз
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Страница: 1