Түсіру-көтеру операцияларын (ТКО) орындауға арналған жабдықтар өздігінен жүретін немесе стационарлы лебедкалардан, көтергіштер мен агрегаттардан тұрады.
Көтергіш лебедка ұңғыма сағасының жоғарғы жағына орналасады және стационарлы немесе жылжымалы мұнараларда жұмыс істеуге арналған. Мұнара арқанның тартылу күшін азайту мақсатында тальдік жүйемен қамтылған және ол қозғалмайтын ролик-кронблокпен және қозғалатын – тальдік блокпен, күршекпен және арқанмен жарақталған.
Мұнараның жоғарғы жағында кронблок (12) монтаждалады, тальдік арқанға тальдік блок (10) ілінеді. Тальдік блокка күршек (9) бекітіледі және оған штропалар (8) мен элеватордың (7) көмегімен СКҚ тізбегі немесе штангалар бекітіледі. Болаттан жасалған тальдік арқан (2) лебедкадан (1), мұнараның (11) астыңғы жағында орналасқан тарту ролигі (5) арқылы және кронблоктың ролигі (12) мен тальдік блок (10) арқылы және кері қарай сол тәртіппен өткізіледі. Арқанның қозғалмайтын бөлігі мұнараның негізіне бекітіліп, ал қозғалатын бөлігі – барабанның лебедкасына бекітіледі. Тарту ролигі (5) құбырлар тізбегін көтеру немесе түсіру кезінде мұнараның аударылып кетуінен сақтайды.
Көтеріп–түсіру механизмдер жинағы төмендегідей жұмыстарды атқарады: 1) ағытылған свечаларды орналастыру;
2) ағытылған свечалардың жоғарғы ұшын, элеватор мен тәл блогын қоса жоғары жұмысшыға қарай тарту:
3) ағытылған свечаны саусаққа кіргізу және ұңғы ортасына шығару;
4) бұрғылау және шегендеу құбырларын бұрап қатайру.
Түсіру-көтеру операциялары
Страница: 1
Сообщений 1 страница 1 из 1
Поделиться12014-06-03 10:12:05
Страница: 1