Мау төрағаның сөздері

http://cs620324.vk.me/v620324432/2cf1/GcCG4TJHCw0.jpg

Мау төрағаның сөздері (жеңіл. қытайша: 毛主席语录; пинйін: Máo zhǔxí yǔlù), 1966 жылдан бастап қытай үкіметі шығара бастаған кітап. Ол Мау Жедөңның сөйлеген сөздерінен алынған үзінділерден тұрады. Бұл кітап маоизм саяси бағытының иманшарты және оны зерттеудегі маңызды дерек көзі болып саналады.
Осы кітаптың көптеген тілдерде шамамен 1 миллиардқа жуық данасы жарық көрген. Ол Қытайда 1966—1976 жылдар аралығында болған Мәдени төңкеріс кезінде зор маңызға ие болған. Оны әрбір қытай азаматы әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болған.

Алғысөзі

Мау төрағаның сөздері кітабын Үлкен секіріс науқанынан кейін қорғаныс министрі Лин Биао Халық-азаттық армиясының жауынгерлеріне саяси тәрбие беру құралы ретінде құрастырды.
Лин Биаоның екінші басылымға жазған алғысөзінен үзінді
Мау Жедөң жолдас — біздің заманымыздың ең көрнекті марксист-ленинисі. Мау Жедөң жолдас марксизм-ленинизмді кемеңгерлік, творчестволық және жан-жақты түрде мұра ретінде қабылдап алып, оны қорғап, одан әрі дамытты. Ол марксизм-ленинизмді жаңа сатыға көтерді. Мау Жедөң ілімі — империализм өзінің толық күйреуіне бет алып, социализм бүкілдүниежүзілік салтанат құрып жатқан заманның марксизм-ленинизмі. Мау Жедөң ілімі — империализмге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару, әрі ол ревизионизм мен догматизге қарсы күресте қолданатын қуатты идеологиялық қару. Мау Жедөң ілімі — бүкіл партияның, бүкіл армияның, бүкіл елдің бірлесе еңбек етуіндегі басты қағида…

Мазмұны

Бұл кітапша 33 бөлімге бөлінген, солардың әрқайсысында Мау Жедөңның шығармалары мен сөздерінен алынған 25 шақты үзінді топтастырылған.
Дәйексөздер 40 жыл аралығында айтылған сөздер мен жазылған шығармалардан алынған. Олардың басты тақырыптары — ҚКП, соғыс жүргізу өнері, революциялық тәрбие, тәртіп, өзін-өзі сынау, мәдениет және басқа да тақырыптар. Ол дәйексөздер бір ортақ тақырыппен біріктірілген және ешбір түсініктемелерсіз бір-біріне тізілген.
Кітапта келтірілген дйексіздердің ұзын саны 427, тақырып бойынша кітап 33 тарауға бөлінген .

http://cs620324.vk.me/v620324432/2cfa/q4RAsDVZGh8.jpg

http://cs620324.vk.me/v620324432/2d04/MQzXPLofvAc.jpg

Әсері

Басылып шығарылған даналарының саны 900 миллионнан астам. Кітаптың мұншалықты кең тарауының себебі, Мау билігінің соңғы он жылында Қытайдың әрбір азаматы оны иемденіп, оқып, әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болатын. Коммунист партиясы күдікті деп санайтын адамдар сол кітапты қалтасынан алып көрсете алмаған кезде оларды қызыл сақшылар дәл сол жерде ұрып-соғып, тіпті бірнеше жылға дейін еңбекпен түзеуге жібере алатын.
Мәдени төңкеріс кезінде кітапты мектептерде ғана емес, жұмыс орнында да зерттеу міндетті болып саналған. Өнеркәсіп, сауда, ауыл шаруашылығы, әкімшілік және әскери салаларда барлық қызметшілер жұмыс кезінде жиналып, осы кітапты оқып-зерттеуге уақыт бөлінетін. «Мау төрағаның сөздері» кітабынан алынған үзінділерді барлық шығармалар, тіпті ғылыми шығармалар да келтіруге тиіс болған.
1960-шы жылдары осы кітап бүкіл Қытай Халық Республикасы бойынша өте кең тараған болатын, тіпті Мау төрағаның бейнелерінен де көп тараған. Коммунистік партияның үгіт-насихат құралдарында бейнеленген барлық дерлік кейіпкерлер сол кітапты ұстап, жымиған немесе белді бекем буған күйде бейнеленетін.
1976 жылы мәдени төңкеріс біткен соң және 1978 жылы Дың Шәупін билік басына келген соң Мау төрағаның сөздері кітабының маңызы көп азайып, оны қолдану солшыл бұрмалаушылық және жеке басқа табыну деп қарастырыла бастады.

Мәдениет зор төңкерісі

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/fa/Flag_of_the_People%27s_Republic_of_China.svg/175px-Flag_of_the_People%27s_Republic_of_China.svg.png

Мәдениет зор төңкерісі (не Ұлы пролетарлық мәдени төңкеріс[1]) — Қытай Халық Республикасында орын алған, Қытай коммунистік партиясының ішіндегі билік үшін тартыс ретінде басталған, бірақ кейін бүкіл Қытай қоғамын қамтып, әлеуметтік, саяси және экономикалық бүліншілікке алып келген, бүкіл елді азаматтық соғысқа душар ете жаздаған тарихи кезең.
Ол 1966 жылғы мамырдың 16-сында Қытай коммунистік партиясының төрағасы Мау Зыдоңның пәрменімен басталды. Ресми түрде ол Қытайды «либералды буржуазиялық» элементтерден тазалау науқаны ретінде жарияланған болатын. Бірақ оның түпкілікті себебін Маудың бастаған үлкен секіріс науқаны сәтсіз аяқталып, оның билігі мен ықпалының төмендеп кетіп, оның бақталастары Лю Шаоци мен Дың Шаопинның күшейіп кетуінен көруге болады. Соның нәтижесінде ұлттық және жергілікті деңгейлерде топтардың арасында билік үшін талас басталды.
Маудың өзі мәдени төңкерісті бітті деп 1969 жылы ресми түрде жарияласа да, бұл ұғым 1969 жылдан 1976 жылы «төрт сыбайластың» тұтқынға алынғанға дейінгі кезеңді де қамтып қолданылады.

Әлеуметтік жағдайлары

Адамдардың қарсылығын басып-жаншу тәсілдерінің көбі одан ертеректе болған «Ян'ан жұмысты түзеу қозғалысының» кезінде дамытылған болатын. 1949 жылы коммунистер билік басына келгеннен кейін елде түбегейді әлеуметтік өзгерістер орын алды. Бұрынғы билеуші тап пен зиялыларға «оңшылдар», «қара ниетті элементтер» немесе «қара ниетті қарақшы элементтер» деген айдарлар тағыла бастады. Олардың үйлері тәркіленіп, Мау қолдайтын құндылықтарға сай келмейтін бұйымдардың бәрі жойылып отырды. Шығу тегі жағынан бір осалдығы бар ешкім қуғын-сүргіннен аман қалмады.[2]
Бастапқы кезеңде «Орталық баспа және хабар тарату бюросы» барлық мектептерде, әскери бөлімшелерде және барлық деңгейдегі қоғамдық ұйымдарда дыбыс зорайтқыштар орнатты. Орталық халық радиостанциясы осы саясатты жүзеге асырудың басты құралына айналды. 1960 жылдардың басына қарай ауылдық жерлерде тұратын 400 миллион тұрғын 70 миллион дыбыс зорайтқышпен қамтылды

1957 жылы Қытайдың алғашқы бесжылдығынан кейін Мау Зыдоң Қытайдағы «нағыз социализмді» құрудың жылдамдығын арттыруға шақырды. Осыны жүзеге асыру үшін ол ауылдарда коммуналар орнатып, Үлкен секірісті бастап жіберді. Жалпы бұқараны жұмылдыру ісі де осы кезден басталды. Үлкен секірістің нәтижесінде болат қорытудың және ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің көлемін 1957 жылмен салыстырғанда екі есе көбейту көзделді.

Шығыс қызарды

«Шығыс қызарды» (жеңіл. қытайша: 东方红; дәст. қытайша: 東方紅; пинйін: Dōngfāng Hóng) — 1960-шы жылдары Қытай Халық Республикасының бейресми әнұраны болған өлең. Өлеңнің сөзі солтүстік Шанси аймағының тұрғыны Ли Йоюанға телініп жүр, әні жергілікті халық өлеңіне негізделген. Ол осы өлеңді таңертең шығыстың қызарып, күннің көтеріліп бара жатқанын көргенде шабыттанып жазған деген әңгіме бар.
Бұл өлең барлық қалалар мен ауылдарда дыбыс зорайтқыштар арқылы таңертеңнен кешке дейін ойнатылған. Теле-радиохабарлар әдетте «Шығыс қызардымен» басталып, «Интернационал» әнұранымен аяқталып отырған. Оқушы-студенттер әр күні алғашқы сабағын осы өлеңді айтып барып бастауға міндетті болған. Мәдени төңкеріс кезінде Қытайдың ресми әнұраны Еріктілер маршының ауторы Тан Һан қуғын-сүргінге ұшырағандықтан, ресми әнұран орындалмайтын.
«Шығыс қызарды» деп коммунизмді, әсіресе маоизмді насихаттайтын «ән мен би жыры» да аталады. Ол Қытайда 1960-шы жылдардың басында шығарылып, 1965 жылы операның киноға түсірілген түрі де дайындалды. Онда Мау Зыдоңның жетекшілігіндегі Қытай коммунистік партиясының тарихы баяндалады. Операны қазір де копмакт-дискі мен бейнетаспада табуға болады.
1970-ші жылдардың екінші жартысында Дың Шаопиннің билік басына келуімен байланысты бұл өлеңнің Мәдени төңкеріспен байланысы күшті болғандықтан сирек орындалатын болды. Қазіргі Қытайда ол Маоның жеке басына табынуын еске түсіретін өлең ретінде қарастырылады. Әнұран ретінде онда не коммунистік партия, не Мау төраға туралы сөз қозғалмайтын Еріктілер маршы қайтадан қолданылып жүр.
«Дуңфаң һуң» («Шыңыс қызарды» немесе «Қызыл Шығыс» дегеннің қытайшасы) деп Қытайдың жер серіктерінің бір түрі аталған. Қытайдың ғарышқа ұшырған алғашқы жер серігі Dong Fang Hong 1 ұшырылған кезде оның ішіндегі арнайы радиоқұрылғы әуе толқындарына «Шығыс қызарды» әнұранын шығарып отырған.

Қытайша сөздері

东方红,太阳升,
中国出了个毛泽东。
他为人民谋幸福,
呼尔嗨哟,他是人民大救星!
毛主席,爱人民,
他是我们的带路人,
为了建设新中国,
呼尔嗨哟,领导我们向前进!
共产党,像太阳,
照到哪里哪里亮。
哪里有了共产党,
呼尔嗨哟,哪里人民得解放!

Пинійн

Dōngfāng hóng, tàiyáng shēng,
Zhōngguó chū liǎo ge Máo Zédōng,
Tā wèi rénmín móu xìngfú,
Hū ěr hei yo, tā shì rénmín dà jiù xīng!
Máo zhǔxí, ài rénmín,
Tā shì wǒmén de dài lù rén
Wèi liǎo jiànshè xīn Zhōngguó,
Hū ěr hei yo, lǐngdǎo wǒmén xiàng qiánjìn!
Gòngchǎndǎng, xiàng tàiyáng,
Zhào dào nǎlǐ nǎlǐ liàng,
Nǎlǐ yǒu liao Gòngchǎndǎng,
Hū ěr hei yo, nǎlǐ rénmín dé jiěfàng!

Өлеңнің мағынасы

Шығыс қызарды, күн көтерілді.
Қытайда бір Мау Зыдоң пайда болды.
Ол халықтың бақытын ойлайды,
Еһһһе-һе, ол халықтың ұлы құтқарушысы.
Мау төраға халықты сүйеді,
Ол біздің жол сілтеушіміз,
Жаңа Қытайды салу үшін,
Еһһһе-һе, ол бізді алға жетелейді!
Коммунистік партия күн сияқты,
Қайда нұрын түсірсе, сонда жарық.
Коммунистік партия қайда болса,
Еһһһе-һе, сол жерде халық азат болады!